- •5.6.2. Интерферондар
- •Ifn препараттары
- •Ifn препараттарың кейбір вирустық инфекциялар кезінде клиникалық пайдаланудың
- •5.6.3. Интерферондардың индукторлары (ии)
- •Ifn индукторлары
- •6 Тарау.
- •6.1.2. Су микрофлорасы
- •6.1.3. Ауа микрофлорасы
- •6.1.4. Тағам онімдерінің микрофлорасы
- •6.1.5. Өсімдіктекті дәрі-дәрмектік шикізат микрофлорасы, фитопатогенді микробтар
- •6.1.6. Өндірістік, тұрмыстық және медициналық зерзаттардың микрофлорасы
- •6.1.7. Табиғаттың заттар айналымындағы микробтар рөлі
- •6.2.1. Адам организмінің микрофлорасының маңыздылығы
- •6.2.2. Дисбактериоз
- •6.2.3. Қоршаған орта факторларының микробтарға әсері
- •6.3. Қоршаған ортада микробтарды жою
- •6.3.1. Стерилизация
- •6.3.2. Дезинфекция
- •6.3.3. Асептика және антисептика
- •Шығу тегі бойынша:
- •Химиялық құрылымы бойынша:
- •Стерильдеу, дезинфекциялау және ирофилактикалық антисептиканың айырмашылықтары
- •6.4. Санитарлық микробиология
- •6.4.1. Су, топырақ, түрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау
- •6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау
- •6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау
- •6.4.4. Дәрілік заттарды микробиологиялық бақылау
- •7 Тарау. Инфекция туралы ілім
- •7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру
- •7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері
- •7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
- •7.2. Инфекциилық процесс қоздырғыштары - микробтардың қасиеттері 7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік
- •7.3. Патогенді микробтардың қасиеттері
6.3.3. Асептика және антисептика
Ауруханаішілік және әсіресе хирургиялық жүқпалардың алдын-алуда асептика және антисептика қолданылады.
Асептика - емдік, диагностикалық процедуралар және операция кезінде науқас ағзаларына, жараға жүқпа қоздырғышын түсірмеуге бағытталған шаралар кешені. Д.Листер (1867) негізін қалаған. Асептика тәсілдерін инфекция көзі науқастар мен бактериятасымалдаушылар болып табылатын экзогенді індеттермен күресуде қолданылады.
Жарамен жанасатын барлық заттар, қолғаптар, операциялық киім, таңу материалы, инструменттерді стерильдеу және стерильдігін сақтау, хирург қолын дезинфекциялау, операциялық алаң, аппаратура, арнайы киім, бетпердені (масканы) өндеу асептикаға жатады. Операциялық бөлменің орналастыру жоспарын жасау да (этаж, бокстау, вентиляция, ауаны кондиционерлеу және т.б.) асептика шараларының біріне жатады.
Асептика тәсілдері микробиологиялық өндірістерде, тағам онеркэсібінің мекемелерінде қолданылады.
Антисептика- қабыну процесін жою немесе алдын-алу үшін, организмде немесе патологиялык ошақта, жарада микробтарды жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Антисептиканың алғашқы элементтерін 1847 ж И.Земмельвейс үсынған.
Антисептика тәсілдері: механикалық (бөгде денелерді, инфицирленген некрозды тіндерді жою т.с.с.). физикалық (жараны дренаждау, тампон енгізу, гигроскопиялық таңу салу), химиялық (антисептиктерді қолдану), биологиялық (антибиотиктер, бактериофагтар қолдану, тіршілікке қабілетсіз жасушаларды лизистеу үшін протеолитикалық ферменттер қолдану). Әдетте осы тәсілдерді кешенді түрде қолданады (6.3-кесте).
__________________________________________________________135
Антисептиктердің жіктелуі
Шығу тегі бойынша:
бейорганикалық заттектер
биоорганикалық заттектер және олардың синтетикалық аналогтары -органикалық қосылыстар (синтетикалық)
Химиялық құрылымы бойынша:
галогендер
органикалық және бейорганикалық қышқылдар
альдегидтер
спирттер
ауыр металл тұздары
бояғыштар
Фенол
8-оксихинолондар
сутегінің асқын тотығы және калий перманганаты
4-хинолондар
нитрофуранды антисептиктер
сульфаниламидты антисептиктер
жоғарғы сатылы май қышқылдары
антисептиктік ретінде қолданылатын антибиотиктер
Әсер ету нысанына қарай:
бактерияларға қарсы
вирустарға қарсы
саңырауқұлақтарға қарсы
паразиттерге қарсы
Әсер ету механизмі бойынша:
құрылымын бұзатындар (деструктивтілер)
тотықтырғыштар
мембранаға шабуылдайтындар
антиметаболиттіктер жэне антиферменттіктер
Әсер ету спектрі бойынша:
эмбебаптар(универсал)
кең спектрлілер
спектрі шамалылар
тар спектрлілер
Ақырғы тиімділігі бойынша:
микробңидтілер
микробстатиктіктер
табиғи- микробстатиктіктер
микроб популяңиясының санын азайтатындар
Құрамы бойынша:
монопрепараттар
кешенділер (комплекстілер)
көп компонентті дэрі-дэрмектер
Мақсаты бойынша:
профилактикалық
емді
к____________________________________________________________________________________136
емдік- профилактикалық
бинарлылар (антиеептик + химиятерапиялық дэрмектер)
бинарлылар (антисептик + дезинфектант)
кең мақсатта қолданылатындар 9.Аппликациялайтын (жағатын) орнына қарай:
жарақаттық
сүйектік
пероральдық (ауыз арқылы)
офтальмологиялық (көзге жағатындар)
оториноларингологиялық (қүлақ-мұрын-көмейге жағатындар)
урологиялық (несеп-жыныс жолддарына жагатындар)
стоматологиялық (ауыз қуысының шырышына жағатындар)
ингаляциялық (тыныс алу жолдарына енгізетіндер)
Кесте 6.3.
