- •5.6.2. Интерферондар
- •Ifn препараттары
- •Ifn препараттарың кейбір вирустық инфекциялар кезінде клиникалық пайдаланудың
- •5.6.3. Интерферондардың индукторлары (ии)
- •Ifn индукторлары
- •6 Тарау.
- •6.1.2. Су микрофлорасы
- •6.1.3. Ауа микрофлорасы
- •6.1.4. Тағам онімдерінің микрофлорасы
- •6.1.5. Өсімдіктекті дәрі-дәрмектік шикізат микрофлорасы, фитопатогенді микробтар
- •6.1.6. Өндірістік, тұрмыстық және медициналық зерзаттардың микрофлорасы
- •6.1.7. Табиғаттың заттар айналымындағы микробтар рөлі
- •6.2.1. Адам организмінің микрофлорасының маңыздылығы
- •6.2.2. Дисбактериоз
- •6.2.3. Қоршаған орта факторларының микробтарға әсері
- •6.3. Қоршаған ортада микробтарды жою
- •6.3.1. Стерилизация
- •6.3.2. Дезинфекция
- •6.3.3. Асептика және антисептика
- •Шығу тегі бойынша:
- •Химиялық құрылымы бойынша:
- •Стерильдеу, дезинфекциялау және ирофилактикалық антисептиканың айырмашылықтары
- •6.4. Санитарлық микробиология
- •6.4.1. Су, топырақ, түрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау
- •6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау
- •6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау
- •6.4.4. Дәрілік заттарды микробиологиялық бақылау
- •7 Тарау. Инфекция туралы ілім
- •7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру
- •7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері
- •7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
- •7.2. Инфекциилық процесс қоздырғыштары - микробтардың қасиеттері 7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік
- •7.3. Патогенді микробтардың қасиеттері
6.3. Қоршаған ортада микробтарды жою
Медицинада, тұрмыста, тағам өндірісінде қолданылатын әртүрлі заттар мен материалдардағы микробтарды (бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдарды) жою үшін 2 эдіс қолданылады: стерилизация және дезинфекция.
6.3.1. Стерилизация
Стерилизация (лат. sterilis- ұрықсыз)- өңдеуге жататын нысандардағы микробтарды толық жою.
Стерилизацияның негізгі 3 тәсілі бар: жылулық, сәулелік, химиялық.
Жылулық стерилизация микробтардың жоғары температураға сезімтал-дығына негізделген. 60° С - та жэне су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклейн қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар жэне онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170° С-де жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.
Өңдеу келесі манипуляциялардан тұрады:
Жарақатпен, қанмен және инфекциялық бөлінділермен жанаспаған медициналық заттарды дезинфекциялап, екі рет шайып алады.
2. Жогарыда аталған заттармен жанасқанда стерильдеуден бұрын алдын - ала жақсылап өндеуден өткізеді.
Сынама. қойған кезде бақыланып отырған затқа екі реактивтен де тамызады. Қан немесе жуу заттарының қалдықтары бар болған жағдайда ондай заттарды қайта өнцеу керек болады. Стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылауға тәулігіне өнделген затгардың әр түрінің 1%-зы алынады.
Құрғақ ыстықпен стерилизациялау- ауалы стерилизаторда (бұрынғы аты - кұрғақ ыстық шкафтар немесе Пастер пеші деп аталады) жүргізіледі.
Ауалы стерилизатор -термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 160° С - та 120 минут жүргізіледі, басқа да тэртіп (200° С -та 30 минут, 180° С - та 40 мин.) қолданылуы мүмкін.
Қүрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және т.б. шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.
____________________________________________________________________________________________125
Іріңді опперация иемесе жұқпалы аурулар кезінде қолданылатын заттарды алдымен дезинфекциялап, тазалап, стерильдеуге жібереді.
Шыныдан, металдан, термотөзімді полимерлерден, резинкадан жасалған заттарды стерилизаторда 30 мин. қайнатады, содан соң стерильдейді.
Шыныдан, металдан жасалған жэне стоматологиялық аспаптарды 120- 130°С-та 15 мйнөндейді.
Стерильдеу алдында дезинфекциялау үшін төмендегі химиялық ерітінділердің біреуіне салып
залалсыздандыруга болады:
0,5% хлорамин ерітіндісі - 30 мин.
3% сутектің асқын тотығы + 0,5% жуу заты - 30 мин.
0,1% дезоксон ерітіндісі - 20 мин.
Медицинада қолданылатын заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту
Осы мақсатта стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады.
Қолмен тазартқанда келесі ретпен жасалынады:
Қанмен ластанған аспаптарды 0,14%натрий олеатының (таттану ингибиторы) ерітіндісіне 22 °С, 60 минутқа салу керек.
Су ағымымен 0,5 мин. жақсылап шайады.
"Биолот" жуғыш затына - 15 минутқа, (50 °С) батырады.
0,5 минут сумен жуады.
Ағымды және дистилдещен сумен 3 мин шайады.
Ыстық ауалы стерилизаторда 80 °С - 85 °С та кептіреді.
Стерилъдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау. Медициналық аспаптарды , шприцтерді,. инелерді, және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен, майдың кетпегенін судан 3 - пен сынама қойып анықтайды.
Амидопириндік сынама - 5% амидопириннің спирттік ерітіндісін + 30% сірке қышқылын + 3% сутектің асқын тотығын бірдей мөлшерде араластырады. Нәтижесі оң болғанда - көгілдір -күлгін түс береді
Азопириндік сынама
Бақылау:
Термиялық - камераның ішіне термометр салып бақылау
Химиялық тест арқылы, аталған байланыстардың біреуін пайдаланып жасалады: гидрохинон, шарап қышқылы, тиамочевина, левомицетин. Стерили-зациялану тиімділігі орындалғанда тест түсін өзғертеді.
Бактериологиялық - биотесттер ретінде 160 °С температурада 1-1,5 сағат үстағанда олмейтін шөп немесе картоп таяқшаларының спораларымен жүқтырылған, пробиркалар қолданылады.
Стерильдеуші заттардың көпшілігі мүндай өңдеуге шыдамсыз, сондықтан оларды булы стерилизаторда залалсыздандырады.
Булы стерилизаторларда қысымды бумен өңдеу (бүрынғы аты- автоклав) - стерилдеудің эмбебап
тәсілі.
Булы стерилизатор - қабырғасы мықты, герметикалық жабылатын, су буы және стерилдеуші камерадан түратын металды цилиндр. Аппарат манометр, термометр жэне басқа да бақылау- өлшеу қүралдарымен жабдықталған. Автоклавта жоғары қысым қайнау температурасын арттырады (6.2 - кесте)
___________________________________________________________________________________________127
Кесте 6.2.
Судың қайнау температурасының атмосфералық қысымға тәуелділігі
0,5 атм |
80° С |
1 атм |
100° С |
2 атм |
121° С |
3 атм |
136° С |
Микробтарға жоғарғы температурамен бірге бу әсер ететіндіктен, споралар 120° С-та жойылады. Булы стерилизатордың кең таралған жұмыс тэртібі: 2 атм -121° С (15-20минут). Атмосфералық қысым мен температура жоғарылаған сайын (136° С 5мин.) стерилдеу уақыты азаяды. Микробтар бірнеше секундта жойылғанымен, материалды өңдеу уақыты ұзағырақ , себебі, жоғары температура стерилденетін материалдың ішіне енуі керек.
Автоклавта таңу материалдарын, төсек, коррозияға -төзімді металды құралдар, қоректік орталар, ерітінділер, инфекциялық материалдарды және т.б. стерилдейді.
Автоклавтың жұмысын бақылау.
Химиялық бақылау.а) Автоклавтағы будың температурасына (120 - 121°С) жақын балқу нүктесі бар қүрамында фуксині бар бензой қышқылын 30 - 40 мм - лік үзындықтағы шыны түтүкшеге салып, екінші үшын балқытып дәнекерлеп тастайды (балқу нүктесі 121-122°С).б) күкүрт немесе пирокатехинді пробир- каға салып, бикске салады, күкүрттің балқу температурасы - 112, °С, пирокатехиндікі - 102°С. в) Д+ маннозаны үзындығы 115 мм болатын шыны түтүкшеге себеді, екінші үшын дәнекерлейді. Балқу температурасы - 132°С.
Бактериологиялық бақылау - топырақтағы споралы сапрофитті микробтар 120°С температурамен 3-5 мин әсер еткенде олмейді. Топырақтан сынама алып 3 пакетке салады, біреуін бикстің ішіне, ал қалған екеуінің бірін стерильденетін заттардың үстіңгі жағына, ал екншісін астыңғы жағына қояды. Стерильдеп болғаннан кейін топырақ сынамаларын бактериологилық зертханаға жібереді. Егерде үш сынаманың біреуінен тірі микроб себілсе қайтадан бақылау жүргізеді. Екінші рет стерильдеудің нэтижесінде бір сынамада микроб өссе, автоклавты пайдалануға тиым салынады.
Булы стерилизаторлардың жүмысына бақылау орталықтандырылған стерилизаңиялық бөлімдерде кварталына 1 реттен кем емес жасалады. Емханаларды, клиникалық зертханаларды (иммунологиялық, серологиялық, биологиялық және т.б.) жылына екі реттен кем емес қадағалап отырады. Инфекңиялық, хирургиялық диспансерлерде, перзентханаларда, балалар бөлімдерінде, стоматологиялық мекемелерде және қан қүю орталықтарында, жедел жәрдем станңияларында бақылау жүргізу кварталына 1 реттен кем емес, басқа да ЕПМ - де жылына 1 реттен кем болмауы керек.
Сонымен бірге булық стерилизаторлар қойылган мекемеде жүмыс жасайтын қызметкерлер стерильдік камераның бақылауын химиялық индикаторлардың біреуін салып кристалдық заттың балқуы бойынша бақылайды. Олар белгілі температурадан асып кеткен жағдайда балқиды.
Булы стерилизаторда стерилдеу тиімділігі заттарды орау, дүрыс орналастыруға (будың еркін өтуіне) байланысты.
Жоғарғы температурамен стерилдеудің бір түрі, бөлшекеп стерильдеу - 100° С-тан жоғары температураға шыдамайтын материалды өндеуге, мысалы, желатин, көмірсу қосылған қоректік орталарды стерилдеу үшін қолданылады. Су моншасында оларды 80° С-та 30-60 минут бойына қыздырады, нәтижесінде бактериялардың вегетативті түрлері жойылады. Бүл проңедураны 3 күн қатарынан қайталап, арасында қоректік орталарда споралардың бар-жоғын байқау үшін термостатта үстайды.
Қазіргі уақытта сүтті арнайы стерильдеудің тағы бір тәсілі- ультра жоғарғы температурамен өндеу (УЖТ): 130-150° С-та сүтті бірнеше секунд өңдейді.
______________________________________________________________________________________128
Жылулық стерилизация- тиімді, экологиялық қауіпсіз, арзан және жақсы бақыланатын тәсіл. Бірақ та заттар жоғары температурада бұзылатын болса, оны қолдану мүмкін емес. Мүндай жағдайда басқа тәсіл қолданылады.
Стерилъдеудің уммиялық тәсілі- токсикалық газдарды, этилен оксидін, ОБ қоспасын (этилен тотығы мен бромды метилдің қоспасы 1:2.5 көлемдік қаты-насында) жэне формальдегидті қолдану арқылы жүргізіледі. Бүл заттар алкилдеуші агент ретінде микроорганизмдердің ДНҚ, РНҚ-ын, ақуыздарын, ферменттерінің активті топтарының белсенділігін жояды.
Газдармен стерилдеу арнайы камерада 18—80° С температурада бумен жүргізіледі. Ауруханаларда формальдегид, түрмыстық жағдайда-этилен тотығы және ОБ қоспасы қолданылады.
Химиялық стерилдеудің алдында, барлық өнделінетін заттар кептірілуі керек. Бүл стерилдеу түрі қызметшіге, қоршаған ортаға және науқасқа қауіпті (көптеген стерилдеуші агенттер сол заттарда қалады).
Кейбір обьектілер қыздырганда бүзылады, мысалы, оптикалық қүрал, радио- және электронды аппаратура, термиялық төзімсіз полимерлер, ақуызды заттар т. б., олар үшін химиялық стерилдеу қолданылады. Мысалы, өте дәл аппаратурамен жабдықталған ғарыштық кеме, жер серіктерін газды қоспалармен залалсыздандырады.
Соңғы кезде медициналық пратикада оптикалық қондырғылармен жабдықталған термолабилді материалдардан жасалған қүралдар кеңінен қоданылатындықтан, мысалы эндоскоптар, олардві химиялық ерітінділер комегімен залалсыздандырады. Тазалап және дезинфекцияланған приборлар белгілі уақытқа (45-60 мин) стерильдеуші еріитіндіге салынып, кейін стерилді сумен жуылады. Одан соң стерильді сүрткішпен қүрғатып, стерильді ыдысқа салады. Барлық манипуляция асептикалық жағдайда, стерильді қолғаппен жүргізіледі. Бүл заттарды 3 тәуліктен аса сақтамайды.
Сәулемен стерилдеу- гамма сәулелермен немесе жеделдетілген электрондар көмегімен жүргізіледі.
Гамма – сәуле көзі - арнайы гамма - қондырғылардан алынатын радоактивті изотоптар болып табылады, мысалы 60Со, І37Сз. Электронды сәулелнуді алу үшін электронды жылдамдатқышты қолданады (жоғарғы энергия деңгейі 5-10 МеУ.)
Гамма - сәуле мен жылдамдатқыш электрондардың әсерінен микробтардың жойылуы, ондағы нуклеин қышқылының зақымдануымен байланысты. Көпжасушалы организмдерге қарағанда, микробтар сәулеленуге төзімділеу болады.
Сәулемен стерилдеу ондіріс жағдайында газбен стерилдеудің альтернативі түрі, және де стерильденетін зат жоғары температураға төзімсіз болғанда қолданылады. Сэулемен бір мезгілде заттарды көп молшерде өңдеуге (мысалы, бір реттік шприцтер, қан қүю жүйелері) болады.
Стерилдеудің тағы бір эдісі -сүзгіден өткізу (фильтрлеу). Әр түлі сүзгілер (керамикалық, асбестті, шынылық), әсіресе нитроцеллюлозаның коллоидты ерітінділерінен дайындалған мембранды ультрасүзгілердің көмегімен сүйықтықтагы (қан сарысуы, дәрілер) бактерия, саңырауқүлақ, қарапайымдардан (тіптен вирустардан) арылуға болады. Сүзу процесін жеделдету үшін, сүзілінетін сүйықтығы бар ыдыста қысымды жоғарылатады.
Қазіргі кезде жаңа технологияға негізделген, озон, плазма қолданып стерильдеудің жаңа тәсілдері кең пайдаланылады.
Күнделікті практикада стерилденген обьектіге микробиологиялық бақылау жүргізілмейді. Ол жанама бақылау- стерилизатор жүмысын бақылау арқылы бірнеше тәсілмен атқарылады. Біріншіден микробтарды жоюға арналған стерилдеу тэртібін қүжаттауды қызметкер қатал түрде бақылау керек. Екіншіден, тиісті темгіератураның үсталуы, стерилденуші обьектінің тереңіне және беткейіне салынган химиялык индикаторлардың (индикаторлық қағаз немесе үнтақ, дәнекерленген ампуладағы бензой қышқылы, мочевина сүйықтықтары) бояуын өзгертуі бойынша бақылайды. Үшіншіден, аппаратураны тиісті қызмет _ көрсету мекемесі уақытылы техникалық бақылау жүргізуі керек. Төртіншіден, жылына 3 рет биологиялык бақылау, яғни стерильдеуші аспапқа термотөзімді бацилладан (Вас. зіеагоіһегторһііиз) дайындалған биосынама жасау арқылы тексереді.
___________________________________________________________________________________129
Микробиологиялық бақылау үшін, стерильдеуші заттан шайынды немесе бір бөлшегін алып аэробты, анаэробты бактерияларды, саңырауқүлақтарды анықтау үшін тиісті орталарға (қантты сорпа, тиогликольді орта, Сабуро ортасы) себеді. Термостатта 14 күн инкубациялағанда өсу болмаса зат стерильді деп бағалана- ды. Өндіріс жағдайында стерильдікті нақты бақылауға кездейсоқ тәсілмен бірнеше үлгілер алынады.
Стерильділік сақталу үшін заттарды полимерлі үлбір, қағаз, фольгамен орап қояды, бикстер және арнайы қораптарда сақтайды.
1983 жылы Европалық Фармакопея қабылдаған стерилизацияның барлық түріне арналған жалпы стандарт бойынша: стерилдегеннен соң емдеу материалында 10 6дәрежедегі микроорганизмдерден біреуі тіршілікке қабілетті болуы мүмкін.
