Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 148.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.29 Mб
Скачать

__________________________________________________________________________________100

Анти - АИВ (ВИЧ) препараттар. Қайтымды транскриптаза ингибиторлары бас ауыру, лоқсу, іш өту, ұйқышылдық, теріде бөртпе, миалгия, парастезия, гипертермия, қалтырау, жөтел, депрессия қоздыруы мүмкін. Протеаза ингибиторлары (индинавир) бауыр қызметінің бұзылуын, диабет (сусамыр), гемолитикалық анемия, дизурия қоздыруы мүмкін.

5.6.2. Интерферондар

Интерферондар ашылғаннан бергі уақытта оның физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттері туралы ауқымды ақпараттар жинақталды: (интер-ферон) жүйесінің негізгі феномендері анықталды, интерферондық және реттеуші гендердің орналасуы зерделенді, ІFN-ң негізгі типтері және субтиптерінің нуклеотидтік және ақуыздық реттіліктері анықталды, қалыпты жағдайда және әр түрлі патологиялардағы ІFN-ң рөлі белгілі болды. Атап айтқанда, гендік-инженерлік тәсіл арқылы прокариоттармен синтезделетін эукариоттардың алғашқы функңионалды белсенді ақуыздары ІFN болды. Бұл биопрепараттардың жаңа түрлерін жасаудың бірінші кезеңі туындағаны туралы мәлімет биология мен медицина саласындағы әйгілі уақиға болды. ІҒИ жүйесінің қызмет атқаруы бірінен соң бірі ілесетін, бөгде агенттің енгеніне жауап ретінде организмнің ерекше тізбекті реакциясының кезеңдерінен тұрады.

Бұл тізбеқтің 4 звеносын ажыратуға болады (1-сызбанүсқа):

  1. Индукция (немесе «қосылу»)- IFN гендерін депрессияға әкелетін, олардың ақпараттық РНҚ-н транскрипциялайтын және оларды кейіннен трансляциялайтын жүйелер.

  2. Продукция (өнімдену)- жасушалармен IFN-ң б, в, г- типтерінің синтезделуі және олардың қоршаған ортаға секрециялануы (шығуы).

  3. Әсер ету- жаңадан пайда болған IFN-мен бөтен агенттерден (вирустар, бактериялар ж.б.) айналасындағы жасушаларды қорғау.

  4. Нәтижелері (эффектілері)- антивирустық, иммундымодуляциялаушы, антитуморогендік, радиопротективті (олар негізгілері) әсер ету.

1-сызбанүсқа. Интерферондар жүйесінің қызмет атқаруы

IFN-ң негізгі биологиялық эффектілеріне яғни нәтижелі әсерлеріне жатады: вирустық және вирусты емес табиғаты бар жасушадан тыс және жасушаішілік инфекциялық агенттердің (хламидиялар, риккетсиялар, қарапайымдылар, бактериялар) өсуін тоқтату; антипролиферативті, антитоксигенді, протективті белсенділік; антитуморогенді белсенділік, антимутагендік әсері; АД өндірілуін тежеу немесе күшейту; макрофагтарды стимульдеу; фагоцитозды күшейту; сенсибилирленген лимфоциттердің нысана - жасушаға цитотоксикалык әсер етуін белсендіру; табиғи киллерлік жасушаларды белсендіру; простагландин Е синтезделуін индукциялау; гистиосәйкестіктің басты комплексі антигендерінің экспрессиясын күшейту; бірқатар жасушалық ферменттердің белсенділігін күшейту немесе тежеу; екі жіпшелі РНҚ-ң цитотоксикалық әсерін күшейту; жоғарғы сезімталдықтың баяу типін тежеу; жасушалық мембраналардағы көптеген өзгерістерге қатысу; адгезиялық факторлар мен молекулалардың өндірілуін стимульдеу; эффекторлық лимфоциттер мен макрофагтардың дифференциациялануын және пролиферациялық процесін индукциялау.

____________________________________________________________________________________101

Интерферон препараттарының классификациясы. Қазіргі кездегі IFN-ң медициналық препараттары активті компонентінің типі бойынша- б, в, г-ға, ал жасалған уақытына және қолданылуына байланысты - адам лейкоциттерінен алынған табиғи IFN (бірінші буын) жэне рекомбинантты IFN (екінші буын)- қазіргі заманғы биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған (5.8- кесте) деп бөлінеді.

IFNб және IFNв вирустық ақуыздардың синтезделуін және олардың репродукциялануының басқа да кезеңдерін тосқауылдай отырып, айқын антивирустық әсер етеді. IFNб иммуноциттерге (NK - жасушалар, Т-лимфоциттер, моноциттер, макрофагтар және гранулоциттер) белсенді әсер етеді, және де гистосэйкестіктің басты комплексінің I және ІІ-кластық мембрандық антигендерінің экспрессиясын күшейтеді (НLА)

Кесте 5.8.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]