- •Жүйке жүйесінің патофизиологиясы Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
- •Қанайналымның бұзылыстарынан болатын мый бүліністері
- •Жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістері
- •Нейрон мембраналарының бұзылыстары
- •Аксон қызметтерінің бұзылыстары
- •Дендриттердің бүзылыстары
- •Түйіспелер қызметтерінің бұзылыстары
- •Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері
- •Тежелудің тапшылығы
- •Сезімталдықтың бұзылыстары
- •Тітіркендіргіштің қарқынын түйсінудің бұзылуы
- •Тітіркендіргішке сезімнің сәйкессіздігі
- •Сезімталдық бұзылыстарының жалпы тетіктері
- •Ауыру сезімінің патофизиологиясы
- •Сүлде ауырулық синдромдардың түрлері және даму жолдары
- •Соматогендік ауырулық синдромдардың даму тетіктері
- •Бастапқы гипералгезияның пайда болу тетіктері
- •Салдарлық гипералгезияның даму тетіктері
- •Нейрогендік ауырулық синдромның даму тетіктері
- •Дерттік (сүлде) ауыру сезімін емдеу негіздері
- •Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары
- •Қимыл-қозғалыс бұзылыстарының түрлері
- •Гиперкинезиялар
- •Шабан гиперкинезиялар
- •Атаксиялар
- •Жүйкелік нәрленістің бұзылыстары және нейродистрофиялық үрдістер
- •Жүйке жүйесінің бұзылыстарында екіншілік эндогендік себепкер ықпалдар қалыптасуының маңызы
- •Эпилепсия (қояншық ауруы)
- •Тырыспа-селкілдек ұстамасының түрлері
- •Нейрожұқпалар
- •Менингиттер
- •Мый қанайналымының бұзылыстары
- •Мый қанайналымы бұзылыстарының түрлері
- •Оңжақ және солжақ мый жартылары инсультінің ерекшеліктері Мыйдың солжақ жартысының бүлінуі
- •Оңжақ мый жартысының бүлінуі
- •Инсульттің зардаптары
- •Мый қанайналымының өткінші бұзылыстары (мқөб)
- •Мыйға қан құйылу – геморагиялық инсульт
- •Ишемиялық инсульт (мый инфаркты)
- •Жоғары жүйке әрекеттерінің бұзылыстары. Жүйке тозуы (невроздар)
- •Невроздардың жіктелуі
- •Невроздық жағдайлардың жалпы көріністері
- •Вегетоневроздар туралы түсінік
Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары
Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары қимылдың саны, қарқыны және үйлесімі дерттік өзгерістерге ұшырауымен көрінеді.
Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары:
● гипокинезиямен немесе ерікті қозғалыстардың мөлшері мен жылдамдығы шектелуімен;
● гиперкинезиямен немесе еріксіз қозғалыстардың артықтығымен;
● гиподинмиямен қозғалу кезінде бұлшықеттердің жиырылу күші және қимылдық әрекеттердің аздығымен;
● атаксиямен немесе қимылдық әрекеттердің үйлесімділігі бұзылыстарымен – көрінеді.
Қимыл-қозғалыстың реттелу жүйесіне пирамидалық және пирамида сыртылық, солармен қатар қимылдық әрекеттердің үйлесімділігін реттеуге жауапты жүйке құрылымдары жатады. Шеткері бағытталған жүйкелердің аксондары жұлынның мотонейрондарына аяқталады.
● пирамидалық жүйе:
√ қыртыс-жұлын аралық алдыңғы жол (алдыңғы пирамидалық жол, tractus corticospinalis) мый қыртысының қимылдық аймағы (gyrus precentralis) нейрондарының аксондарынан құрылады. Бұл аксондар ішкі қапшық және алдыңғы бау арқылы өтіп, әрбір сегмент сайын қиылысып, жұлынның алдыңғы мүйіздерінде аяқталады.
√ қыртыс-жұлын аралық бүйірлік жол (бүйірлік пирамидалық жол, tractus corticospinalis lateralis) мый қыртысының орталық алды қатпарында басталып ішкі қапшық арқылы өтеді және сопақша мыйда қиылысқаннан кейін бүйірлік бау өтіп, жұлынның алдыңғы мүйіздерінде аяқталады.
Бұлшықеттердің қызметтерін және ерікті қозғалыстарды реттейтін пирамидалық жүйе құрылымдарында:
√ мый қыртысының орталық алды қтпарында орналасқан қимылдық талдағыштың пирамидалық нейрондарының денесінде;
√ қыртыс-ядролық және қыртыс-жұлындық жолдарда;
√ пирамидалық нейрондар жұлынның алдыңғы мүйіздерінің мотонейрондарына және бассүйек жүйкелеріне әсер етуіне қатысатын жұлынның аралық жасушаларында;
√ жұлынның алдыңғы мүйіздерінің мотонейрондарының денесінде және бассүйек жүйкелерінің қимылдық ядроларында, мотонейрондардың аксондарында, жүйкелік-бұлшықеттік түйіспелерде - бүліністер ең жиі орналасады.
● пирамида сыртылық жол:
√ қызыл ядро-жұлын аралық жол (tractus rubrospinalis) ортаңғы мыйдың қызыл ядросынан басталып мый бағанасы және бүйірлік бау арқылы өтеді де жұлынның алдыңғы мүйіздерінде аяқталады;
√ ретикулоспиналық жол (tractus reticulospinalis) сопақша мыйдың торлы құрылымдарынан басталып жұлынның алдыңғы мүйіздерінде аяқталады. Бұл жолмен бұлшықеттердің межеқуаты және ішкі (мәселен, тыныстық) ағзалардың қимылдық әрекеттері реттелінеді.
Еріксіз қимыл-қозғалыстарды қамтамасыз ететін экстрапирамидалық жүйкелік құрылымдардың бүліністері:
√ мый қыртысының, қыртыс асты құрылымдардың, мыйшықтың, жұлынның нейрондарында;
√ қызыл ядро-жұлын аралық және ретикулоспиналық жолдардың өткізштігі бұзылыстарында – байқалады.
● қимыл-қозғалыстың үйлесімділігінің бұзылыстары:
√ мый қыртысының маңдай және самай аумақтары нейрондарының денесі және мыйшық ядролары бүліністерінде;
√ мый қыртысы мен мыйшық нейрондарынан серпіндердің гипоталамустың, отраңғы мыйдың қызыл ядросы нейрондарына, вестибулалық ядроларға, мый бағанасының торлы құрылымына өткізілуі бұзылғанда;
√ синапстық құрылымдардың қызметтері бұзылғанда – көрінеді.
