- •Иммундық жүйенің бұзылыстары
- •Иммундық тапшылықты жағдайлар
- •Туа біткен (біріншілік) иммундық тапшылықтар
- •Салдарлық (жүре пайда болған) иммундық тапшылықтар
- •Жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдром (житс)
- •Аутоиммундық үрдістер
- •Трансплантатты тойтару
- •Аллергия
- •Аллергиялардың жіктелуі
- •Аллергиялық серпілістердің патогенезі
- •Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші түрі
- •Аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік III-түрі
- •Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV-ші түрі немесе баяу дамитын жоғары сезімталдық (бджс)
- •Дереу және баяу дамитын аллергиялық серпілістердің айырмашылықтары
- •Жалған аллергиялар
- •Жұқпалар патофизиологиясы. Сепсис
- •Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының түрлері
- •Жұқпалар пайда болуына әкелетін жағдайлар
- •Микроорганизмдердің жасушаларды бүліндіру тетіктері
- •Жұқпалы үрдістердің патогенезі
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Жұқпа қоздырғыштарынан организмнің қорғану тетіктері
- •Бейспецификалық тетіктеріне:
- •Арнайыланған қорғаныстық тетіктер
- •Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері
- •Өспе өсу патогенезі
- •Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы.
- •Өспе жасушаларының қатерлі өспелердің қасиетін қабылдап, қарқынды өсіп-өнуінен бастапқы өспе түйіні пайда болуы (промоция)
- •Өспе алды жағдайлар.
Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV-ші түрі немесе баяу дамитын жоғары сезімталдық (бджс)
БДЖС-ты алғаш 1890 жылы Р. Кох ашты. Ол туберкулезбен ауыратын адамның тері астына туберкулин енгізгенде 24-48 сағаттан кейін сол жерде қызару, домбығу пайда болатынын көрсетті. Демек, туберкулездің микобактерияларымен организмнің түйісуі нәтижесінде оның сезімталдығы жоғарылайды, сенсибилизация дамиды. Осыған Пирке реакциясын қою негізделген.
БДЖС тек XX ғасырдың 40 -50 жылдары зерттеушілердің назарын аударды. Өйткені ағзалардың басқа организмге ауыстырылып отырғызылуына байланысты тін үйлесімсіздігін зерттеу кездеріеде трансплантациялық иммунитет деген түсінік қалыптасты. Бөтен қондырымды тойтарудың негізгі жолы жасушалардың қатысуымен болатыны белгілі болды.
Иммундық серпілістер сатысы. Аллерген болып нәруыздар мен гликопротеиндер және тін нәруыздарымен байланыса алатын химиялық заттар есептеледі. Бұл серпілістер молекулалық массасы кішкене және антиденелер өндірілуін сергітетін қабілеті (иммуногендік қасиеті) аз нәруыздарға дамиды. Содан оларға:
● микробтардың (туберкулездің микобактериялары, қызылшаның, шешектің, сарыптың, мерездің, көкжөтелдің, туляремияның т.б. қоздырғыштары), майда саңырауқұлақтардың нәруыздары;
● вирустардың нәруыздары;
● химиялық заттар (динитрохлорбензол, никель тотығы, бояулар, дәрі-дәрмектер, өсімдік улары т.с.с.);
● өндірістік және тұрмыстық (әсемдік бұйымдар, кір жуғыш ұнтақтар) заттар;
● ауыстырылып қондырылған, тін нәруыздары т.с.с.– жатады.
Жасушалық иммундық жауап Т-жасушаларымен қамтамасыз етіледі. Олар цитотоксиндік және баяу дамитын жоғары сезімталдық (БДЖС) түрлерінде болады. Цитотоксиндік түрі CD8+ корецепторлары бар Тк-лимфоциттерінің, ал БДЖС – CD4+ корецепторлары бар Тх-лимфоциттердің және макрофагтардың қатысуларымен дамиды.
Организмге сырттан енген немесе өзінде құрылған аллергендер макрофагтармен байланыстырылып, өңдеуден өткеннен кейін, интерлейкин-12 және γ-интерферон өндіріп, жәрдемші Тх0 жасушаларынан Тх1 лимфоциттері өсіп-өнеді. Бұлар интерлейкин-2 өндіріп, БДЖС-қа жауапты сезімталдығы көтерілген Т- эффектор лимфоциттеріне, цитотоксиндік Т-жендет және Т-жады жасушаларының өсіп-өнуін сергітеді. Организмге аллерген қайталап түскенінде жедел иммундық жауап қайтаруда Т-жады жасушаларының маңызы өте зор. Сезімталдығы көтерілген Т-эффекторлар мен Т-жендет жасушалары аллерген (бактериялар, дәрілер, химиялық заттар) орналасқан немесе аутоаллергендері бар ағзалар мен тіндерге немесе ауыстырылып отырғызылған ағзаға жабысады. Содан олар аллергенмен байланысады.
Патохимиялық өзгерістер сатысы. Аллергені бар жасушаларға жабысқан сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттері және макрофагтар аллергияның осы түрінің медиаторларын - цитокиндерді өндіріп шығарады. Мәселен, макрофагтар интерлейкин 1, 8, интерферондар, өспелерді жоятын фактор, гистамин бөліп шығаратын фактор, өсу факторларын, простагландин Е2 өндіреді. Т-лимфоциттер интерлейкин 2, 3, 4, 5, гистамин бөліп шығаратын фактор, базофилдерді өсіретін фактор, сүйек кемігінде колония құрылуын сергітетін фактор, макрофагтардың белсенділігін арттыратын фактор, макрофагтардың миграциясын тежейтін фактор, хемотаксистік фактор, лимфотоксин, ауыстыру факторын т.с.с. көптеген цитокиндер өндіреді.
Артынан интерлейкиндердің әсерлерінен нейтрофилдердің, эозинофилдердің, лаброциттердің , базофилдердің әсерленулері болып, олардан простагландиндер Е2 , Д2, лейкотриендер С4, Д4, Е4, В4 және тромбоциттердің агрегациясын туындататын фактор, гистамин босап шығады,
Бұлар қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, жасушалардың қимыл-қозғалыстарын өзгертеді, қабынуға қатысатын жасушалардың белсенділігін арттырады, жасушалардың өсіп-өнуі мен жетілуіне ықпал етеді, иммундық қабілетті жасушалардың бірігіп өзара әрекеттесуін реттейді. Олар макрофагтарға және нейтрофилдерге, лимфоциттерге, фибробластарға, сүйек кемігінің бағаналы жасушасына, өспе жасушаларына, ауыстырылып отырғызылған ағза жасушаларына, аутоаллергені бар ағза жасушаларына т. б. әсер етеді.
Патофизиологиялық бұзылыстар сатысы. Цитокиндердің әсерлерінен аллерген орналасқан жерде бірнеше сағаттың ішінде макрофагтар, лимфоциттер, моноциттер жиналып қалады, қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, қабыну дамиды. Жасушалар мен тіндердің бүліністері цитокиндердің, Т-жендет жасушаларының, макрофагтардың лизосомалық ферменттерінің әсерлерінен дамиды. Осыдан жасуша өзінің қозғалысын жоғалтады, бөлінуін тоқтатады, бір ядролы жасушалардың тіндерге шығуынан оларда тығыз сіңбелер қалыптасып, аллергиялық түйіршіктелген (гранулематоздық) қабыну дамиды. Осы жолмен ауыстырылып отырғызылған қондырым тойтарылады, аутоаллергиялық аурулар, жанаспалы дерматиттер т.с.с. аурулар дамиды.
Қорыта айтқанда дереу дамитын жоғары сезімтадықтар (ДДЖС) мен баяу дамитын жоғары сезімталдықтың (БДЖС) арасында біршама ерекшеліктер бар (- кесте).
-кесте
