Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАЛА ДАМУЫНЫН ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.29 Кб
Скачать
  1. Бұл кезеңде кезкелген дерттік процесс ұрықта әлі толық нақтыланбаған тіндер мен ағзалардың бұзылыстарын туындатады;

  2. Жұқпалар бір жерге тұрақталмай бүкіл денеге тарап кетеді;

  3. Регенерация процесстері тым қарқынды өтетін болғандықтан ағзаларда дәнекер тіндер артық өсіп-өніп кетеді, фиброз дамиды.

Құрсақ ішінде ұрық дамуы бұзылыстарының пайда болу және даму механизмдерінде ұрықтың бүліндіргіш әсерлерге жоғары сезімталдығының маңызы зор. Ол ұрық дамуына қарай біртіндеп төмендейді де, жүктіліктің соңында туған бала организмнің деңгейіне келеді. Сол себептен ұрық бүлінуінің түрі бүліндіргіш әсердің спецификалық түріне байланысты болмай, оның ұрық даму сатыларына қарай әсер ету мезгіліне байланысты болады. Кезкелген дерттуындатқыш ықпал ұрық дамуының белгілі сатысында әсер еткенде біртектес бұзылыстар дамиды. Бұл кезде бүліндіргіш ықпал әсер еткен мезгілде ең жоғары сезімталдығы (қатерлі кезеңі) болған құрылымдардың қалыптыдан ауытқулары байқалады. Екінші жағынан бүліндіргіш ықпал ұрық даму сатыларына қарай әсер еткенде сол саты кезінде жоғары сезімталдық жағдайында (қатерлі кезеңде) болған әртүрлі ағзалардың бұзылыстарын туындатады.

Туар алдындағы кезеңде бала организмі бүліністерінің дамуында бүлдіргіш ықпалдың әсер ету күшінің маңызы үлкен. Тым күшті әсерлердің нәтижесінде, ұрықтың өліміне әкелетін, оның дамуы қатты баяулайды немесе бала туғаннан кейін тіршілікке өте қауіпті ауыр даму акаулары байқалады. Күші бойынша орташа ықпалдардан кейін жүктемелерге икемделуге қатысатын ұрықтың функциялық жүйелері тым жетіліп кетеді де, басқа жүйелері жетілмей қалады. Бұндай жағдайды «физиологиялық жетілмеуң дейді. Әлсіз ықпалдар әсер еткенде, ұрықтың бейімделу қабілетін жаттықтыратын, «физиологиялық стрессң дамиды.

Ұрық пен ана организмінің иммундық өзарақатынастарының бұзылуы.

Ұрықтың дұрыс дамуына, өсуіне және тіндердің нақтылануына қажетті анасы мен баласының арасында күрделі иммундық өзара қатынастар болады. Осыдан иммунитет дамуын сергітетін және иммундық шыдамдылық (толеранттық) қалыптасатын механизмдер дамиды.

Бұл сұрақ әлі толық ашылмаған. Соған қарамай оның бұзылыстары құрсақ ішінде ұрық дамуының көптеген дерттерінің патогенезінде негізгі орын алады. Содан баланың шала тууы, жаңа туған нәрестелердің иммундық тапшылықты жағдайлары және даму ақаулары байқалады.

Ұрық әкесінен алған тегіне қарай анасының организміне бөтен текті трансплантат болады. Оның тіндік үйлесімдік антигендері анасының антигендерінен ерекшеленіп тұрады. Соған қарамай ол құрсақ ішінде дамудың аяғына дейін анасының ішінен шығарылмай, ыдыратылмай сақталып тұрады. Жүктіліктің барлық мезгілінде ана-ұрық жүйесі біріккен түрде қызмет атқарады.

Босануда иммундық реакцияға жатпайды. Гендік таза буындағы жануарларды өзара шағылыстырғанда да, олардың антигендік айырмашылығы болмауына қарамай, оларда да жүктілік болып, ұрпақ өрбітеді. Жатыр жүктілік болмаған кезде басқа ішкі ағзалар сияқты, өзіне ауыстырып қондырылған бөгде тінді әдеттегідей ыдыратып, тойтарып тастайды. Осыдан жатырдың ерекше иммундық реактивтілігі бар деуге негіз жоқ. Ал, антигендік ерекшеліктің болуы ұрық дамуына жағымды әсер етеді. Анасы мен ішіндегі баласының арасында тіндік үйлесімдіктің антигендері неғұрлым алшақталған болса, соғұрлым бала жолдасының қалыңдығы мен көлемі де үлкен болады. Жақын туыстардың өзара некелесуі кездерінде анасы мен баласының тін үйлесімділігінің антигендері ұқсас болуынан жүктілікке жағымсыз әсер етеді және тұқым қуалайтын аурулар мен туа біткен ақаулар жиі кездеседі.

Сонымен, анасы мен баласының иммундық жүйелерінің арасында бала жолдасы иммундық шиеленісті болдырмайтын арашалаушы міндет атқарады. Ол арқылы жүктілік кезінде анасы мен баласының арасында, иммуногендік қасиеті бар, қан жасушаларымен (эритроциттер,лейкоциттер) алмасу болып тұрады. Соған қарамай иммундық шиеленіс өте сирек кездеседі. Оның негізінде анасының организмінде белгілі бір иммундық өзгерістердің нәтижесінде баланың бөтен текті антигендеріне иммундық шыдамдылық (толеранттық) қалыптасуы жатады. Мәселен, буаз емес жануарларға ұрықтардан және еркек жануарлардан тін ауыстырып отырғызғанда олар тез ыдыратылып, тойтарылып тасталады. Ал, бұл тіндерді буаз немесе жаңа ғана босанған жануарларға ауыстырып отырғызғанда олар біршама уақыт осы жануарлардың денесінде сақталып қалады. Бұндай анасының организмінде иммундық шыдамдылық жағдай қалыптасуының механизмі, әлі толық зерттелмеген. Дегенмен жүктілік кезінде ұрық жасушалары мен баланың әкесінің лимфоциттеріне анасының лимфоциттерінің жауап қайтару қасиеті қатты төмендейтіні дәлелденген. Ұрық антигендеріне қарсы жасушалық реакциялар анасының бауырында өндірілетін ұрықтық нәруыз-альфа-фетопротсинмен және анасының қанында болатын G-иммундық глобулинмен тежеледі.

Анасының иммундық глобулиндері (антиденелері) ұрық лимфоциттерінің сыртқы беттеріндегі бала жолдасы арқылы өтетін антигендерді бөгейді. Альфа-фетопротеин бейспецификалық әсер етеді. Иммундық жүйенің тежегіш заттары бала жолдасының өзінде де өндіріледі. Бала жолдасының трофобласт жасушаларының қабығы анасының иммуноглобулиндерімен сыртынан қапталып тұрады. Бұл иммуноглобулиндер баласына әкесінен ауысқан, анасы үшін бөтен, антигендерді байланыстырып, бала жолдасын антиденелер мен лимфоциттердің жасушаға уытты және цитолиздік әсерлерінен қорғап тұрады. Сонымен қатар, бала жолдасы мен трофобласт жасушаларын фибрин тәріздес қабат қаптап тұрады. Оның қалыңдығы анасымен баласының тіндік үйлесімділігі антигендерінің айырмашылықтарынан байланысты және ол айырмашылық неғұрлым алшақ болған сайын көрсетілген қабаттың қалыңдығыда үлкен.

Бала жолдасында оның тосқауылынан өтіп кете алатын анасының ұрыққа қарсы бағытталған антиденелері де бейтарапталады. Бала жолдасында иммуноглобулиндердің Fс-бөлшегіне көптеген рецепторлар болады. Солар арқылы антиденелерді байланыстырып, оларды бала организміне өткізбейді. Осындай жағдай ұрықты қоршаған сұйықта да болады. Бала жолдасында иммундық процестердің әртүрлі тізбектерін тежейтін біршама медиаторлар өндіріледі, ал трофобласттар бөгде заттарды фагоцитоздық жолмен жойып жібереді.

Жүкті әйелдердің организмінде иммундық шыдамдылықтың (толеранттықтың) қалыптасуы мен ұсталып тұру патогенезінде кортикотропин, кортикостероидтық гормондар мен прогестеронның артық өндірілуінің маңызы өте зор.

Анасы мен баласының арасында иммундық шыдамдылықтың әлсіреуі мен иммундық шиеленістің пайда болуы бала жолдасының тосқауылдық қызметі бұзылудан анасының организмі үшін бөтен, баласының әкесінен алған, антигендері көптеп түсуінен байқалады. Бұл антигендерге анасының организмінде сенсибилизация дамып, оларға қарсы антиденелер мен сезімталдығы көтерілген лимфоциттер өндіріледі. Бұлардың әсерлерінен іштегі ұрық пен жаңа туған нәрестелерде гемолиздік ауру,лейкоцитопения және тромбоцитопения т.с.с. дерттер дамиды. Анасы мен іштегі ұрықтың иммундық арақатынастары бұзылуына шешесінің организмінде иммундық жауаптың реттелу механизмдерінің өзгерістері, жатыр мен бала жолдасы арасындағы тосқауылдың бүлінуі және анасының организмінде кортикотропин, глюкортикоидтар мен прогестерон аз өндірілуі қолайлы ықпал етеді. Әсіресе құрсақ ішінде жұқпалар дамығанда бұл арақатынастар өте шиеленісе түседі. Жұқпалар бала жолдасының тосқауылдық қызметін бұзып, антигендер мен жасушаларды бүліндіру мүмкіншіліктері бар антиденелердің іштегі ұрыққа өтіп кетуіне әкеледі. Сондықтан ұрық қана емес, бала жолдасыныңда жасушаларының бүліністері болуы мүмкін. Осыдан ұрықтың созылмалы гипоксиясы дамиды, оның құрсақ ішінде дамуы баяулайды, бала шала тууы ықтимал.

Құрсақ ішіндегі ұрық дерттері дамуында анасының дұрыс қоректенбеуінің маңызы үлкен. Іштегі баланың дамуы үшін шешесі тамақтың құрамы мен мөлшері бойынша дұрыс қоректенуі керек. Шешесінің тамағында әсіресе нәруыздар мен витаминдердің тапшылығы ерте түсік тастауға, баланың өлі тууына немесе эмбрион дамуының дерттеріне әкеледі. Жүкті әйелдердің тамағында нәруыздардың жетіспеуі құрсақ ішінде ұрық дамуының барлық кезеңдерінде оның өсуі мен сақталуына қажетті жаңа құрылымдар қалыптасуын тежейді. Нәруыздар анасының организмінде эндокриндік бездердің қалыпты секрециясы үшін қажет. Сондықтан олар тағамда аз болуынан анабездерде прогестерон түзілуі азаяды,бластоцистердің жатыр қабырғасына бекуі нашарлайды. Шешесінің организмінде нәруыз-тапшылықты анемия, іштегі ұрықта гипоксия дамиды. Жүкті әйелдердің тамағында нәруыздардың жалпы мөлшерімен қатар, алмастырылмайтын аминқышқылдарының арақатынасы толығынан дұрыс болуы қажет. Олардың біреуі болмай қалғанның өзінде ұрық дамуына қажетті нәруыздардың түзілуі қатты бұзылады. Жүкті әйелдердің ішетін тамақтарында A, E, B6, B2 витаминдерінің қатты тапшылықтары өз беттерінше құрсақ ішінде бала дамуын баяулатып, даму ақауларының пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар витаминдердің жетіспеуі шешесінің организмінде, ішетін тамақпен олардың аз түсуімен бірге, антиметаболиттердің жиналып қалуынан да байқалады. Антиметаболиттер-деп химиялық құрамы бойынша табиғи зат алмасу өнімдеріне ұқсас заттарды айтады. Олар организмдегі биохимиялық белгілі тізбектерде метаболиттерді ығыстырып, орнын алады да, зат алмасу процестерін бұзады. Мәселен, тәжірибедегі жануарларға нуклеин қышқылдарының пуриндік негіздерін түзуге қажетті фолий қышқылының антиметаболитін-аминоптеринді енгізгенде, оның әсерінен фолий қышқылының редуктазасы тежеліп, бұл қышқыл өндірілмейді. Буаз егеуқұйрықтарға жүктіліктің 8-күнінде аминоптерин енгізуден олардың ішіндегі балаларында жүрек-қан тамырларының бұзылыстары байқалады. Аминоптеринді буаз егеуқұйрықтарға жүктіліктің 9-10 күндері енгізгенде олардан туған төлдерінде егеуқұйрықтарда қоянжырық дамиды. В-тобының витаминдері ұрық өсуіне өте қажет. Олардың жетіспеуінен жатырдың қабырғасына бекіген ұрықтың өлімі болады. B2,A,E-витаминдерінің жетіспеуінен іштегі баланың қол саусақтарының сүйектері дұрыс қалыптаспайды,көзінде, терісінде, жүрегінде қалыптыдан ауытқулар байқалады. Е-витамині жетіспеуі қалыптасқан ұрықтың өліміне әкелуі мүмкін. Жүкті әйелдердің емдәмдеріне витаминдердің, кальций, фосфор қосындыларын қосу арқылы ұрықта қоянжырық, тесік таңдай сияқты даму ақауларынан алдын-ала сақтандыруға болады. Сонымен бірге гипервитаминоздарда ұрықтың даму ақауларының себептері бола алады. Мәселен, буаз жануарларға А-витаминін шамадан тыс артық енгізуден таңдайдың даму ақауы болатыны байқалған.

Іштегі бала организмі дамуында микроэлементтердің маңызы өте үлкен. Жүкті әйелдердің ішетін тамағында олардың арақатынасының өзгеруі, сонымен бірге бір микроэлементтің болмауы, іштегі ұрықтың қалыпты дамуының бұзылыстарына әкеледі. Әйелдердің жүктілігі кезінде, босану және босанудан кейінгі кезеңдерде микроэлементтердің алмасуы бұзылады. Мәселен, ұрық құрсақ ішінде даму кезінде оның бауыры мен бүйрегінде молибден жиналады. Осылай ұрық организмінде молибденнің қоры жинақталып, туғаннан кейін баланың мұқтаждығына пайдаланылады. Өйткені анасының сүтінде молибден аз болады. Сондықтан бала организімінің ана сүтіндегі молибденмен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болады. Сонымен қатар ұрық тіндерінде молибденнің тым артық жиналып қалуы,анэнцефалия, жүректің туа біткен ақаулары сияқты,әртүрлі ұрық даму ақаулары дамуына әкелетіні жануарларда өткізілген тәжірбиелерде байқалды.

Құрсақ ішінде ұрық дамуында жүктілік үстемділігі (доминанттығы) немесе гестациялық доминанта (үстемділік) қалыптасуының маңызы өте зор.

Жүктілік үстемділігі -деп ұрық дамуының барлық ішкі механиздерінің қызмет атқаруына қажетті оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ететін ана организмі гомеостазының ерекше жағдайын айтады. Бұл жағдай ана организмінде белгілі гормондардың (прогестеронның) басым өндірілуімен, кортикотропин мен глюкокотикоидтардың қалыптыдан көбірек болуымен және қышқылдық-сілтілік үйлесімінің (ҚСҰ) сілтілік (алкалоз) жағына ығысуымен сипаттталады. Прогестерон болмаса жатырдың ішкі қабатының (эндометрийдің) бездерінің секрециясы болмайды да, оның шырышты қабығы қанмен қамтамасыз етілмейді. Кортикотропин мен глюкокортикоидтық гормондар аз түзілсе ана организмінің ұрық тіндеріне иммундық шыдамдылығы (толеранттығы) қалыптаспайды.

Жүктілік үстемділігі немесе гестациялық доминанта кезінде көптеген ықпалдарға ОЖЖ сезімталдығы төмендейді. Оның негізінде қорғаныстық доминанта дамуына бағытталған барлық реакциялардың тежелуі жатады. Сонымен бірге ана организмінің бейспецификалық төзімділігі көтеріледі, комплемент және пропердин жүйелерінің белсенділігі артады,қанда протромбин мен гамма-глобулиндердің мөлшері көбейеді.

Тым күшті дерттуындатқыш,соның ішінде психогендік, ықпал әсер еткенде жүкті әйелдің ОЖЖ-інде жаңа доминанта қалыптасып,гестациялық доминантаның қалыптасуын жартылай немесе толығынан бөгеп тастауы мүмкін. Осыдан қышқылдық-сілтілік үйлесімдік ацидоз жағына ығысады, гормондардың арақатынасы өзгереді, сары денешіктің кері дамуы және бала жолдасының қалыптасуы бұзылуы байқалады. Егер бұл жүктілік үстемділігінің тежелуі жүктіліктің бастапқы кезеңінде болса, онда ұрықтың жатыр қабырғасына бекуі (имплантациясы) бұзылып, оның әрі қарай дамуы тоқталады. Егер ол органогенез немесе ағзалардың қалыптасу кезеңіне келсе, онда бала жолдасының қалыптасуын бұзады. Осыдан эмбрион тіршілігін жоғалтады немесе оның дамуы бұзылады .

Құрсақ ішінде бала дамуына арақ-шараптың әсері.

Маскүнем әйелдерден туған балалардың 30-50%-ында алкогөлдік эмбрио-,фетопатиялар байқалады. Мастық кезінде біткен балалардың мектеп жасына келгенде ақылы толмаған болады, оларда невроздар,энурез,көз көруінің және құлақ естуінің қалыптыдан ауытқулары жиі байқалады. Болашақ ата-аналарының арақ-шарапты ұдайы қабылдауынан олардың жыныстық жасушаларында дегенерациялық өзгерістер болып, гаметопатиялардың дамуына әкеледі. Жүктіліктің бірінші аптасында арақ-шарап ішкен әйелдерде этанол мен оның уытты өнімі-ацетальдегид баласының ең алдымен бас миының қалыптасуына қажетті нәруыздар,оның ішінде ферменттер мен ДНК молекуласының түзілуін тежеп,эмбриоуытты әсер етеді. Бұл өнімдер ұрықта фолий қышқылының,цинк иондарының, простагландин Е жеткіліксіздігін туындатып, майлардың асқын тотығуын арттырады, бала жолдасында қанайналымды бұзып, ұрықта гипоксия дамуына әкеледі. Олар бала жолдасы арқылы ұрыққа тез және жеңіл өтіп кетеді. Сондықтан ұрықтың қанында этанолдық мөлшері анасының қанындағы деңгейінің 70-80%-ын құрайды.

Бұл кезде анасының шамалы ғана масайған кезіндегі қанындағы этанолдың мөлшері ұрық бүліністерін туындатуға жеткілікті болады. Маскүнем әкелерден туған балалардың физикалық даму көрсеткіштері қанағатанарлықтай болғанмен, олардың психикалық дамуы кешеуілдеп қалады. Бұл балалардың ақыл-есі дамуы кемдігінің дәрежесі әкесінің маскүнемдігінің ұзақтығы мен ауырлығынан тікелей байланысты. Тек анасы арақ-шарапты көп қабылдауынан өздігінен түсік тастау, мезгілінен бұрын босану жиілейді, жаңа туған нәрестелердің туа біткен гипотрофиясы және психикалық дамудың кемістігі байқалады. Маскүнем ата-аналардан туған балалардың арасында қояншық т.б. психикалық аурулар жиі кездеседі, жоғары аурушаңдық және балалардың ерте шетінеуі байқалады. Бұл шетінеген балаларды жарып көргенде бас миының ауыр даму ақаулары: ми қыртысының,ми қарыншаларында қан тамырлары торларының, мишықтың толық дамымауы, мида жасуша қабаттарының қалыптыдан ауытқып орналасуы т.с.с құбылыстар көрінеді.

Құрсақішінде ұрық дамуына ата-анасының

шылым шегуінің әсері.

Әйелдердің шылым шегуі ішіндегі баласына теріс ықпал етеді. Бұл әйелдер жиі түсік тастайды. Оларда жүктіліктен уыттану, босану кезінде қан кету, бала жолдасының жатырдан ерте ажырауы және оның бала туылу жолдарын жауып бітуі, мезгілінен бұрын босану т.с.с. құбылыстар жиірек байқалады. Темекі шегетін әйелдерден туған балаларда құрсақ ішінде гипоксия дамуынан, гиповитаминоздардан

(фолий қышқылы, цианкобаламин т.б), ұрықтың қанында карбоксигемоглобин,никотин, канцерогендік заттар жиналып қалуынан ұрықтың құрсақ ішінде дамуы баяулайды, гипотрофия дамиды. Сонымен қатар ұрықта қоянжырық, тесіктаңдай сияқты даму ақаулары, босану кезінде баланың асфиксиясы, туылғаннан кейінгі балалардың аурушаңдығы мен шетінеуі жоғары деңгейде болады. Шылым шегу аналарының сүтін азайтады, никотин т.б темекі түтінінде болатын уытты заттар анасының сүтімен балаларына беріледі.

Бұл уытты заттар мен никотин бала жолдасы арқылы ұрыққа жеңіл өтіп кетеді де, оған тікелей бүліндіргіш әсер етеді. Сонымен бірге бала жолдасына да теріс ықпал етеді. Никотин қан тамырларын тарылтып, қоректік заттар мен оттегінің бала жолдасы арқылы ұрыққа өтуін қиындатады, қанда көміртегі тотығының (СО) көптеп болуынан ұрық қанының оттегімен қанығуы бөгеледі. Осыдан іштегі балада гипоксия және гипотрофия дамиды. Никотин бала жолдасындағы тосқауылды бұзып, шылым шегетін әйелдердің организмінде пайда болған биологиялық белсенді уытты заттардың бала организміне жағымсыз ықпалдарын күшейтеді. Сонымен қатар темекі түтінінде 3,4-бензпирен, мышьяк, кадмий т.б. канцерогендік заттар болады. Олар бала жолдасы арқылы ұрыққа өтіп, туған балаларда өспелер дамуына әкеледі.

Құрсақ ішінде бала дамуына химиялық және дәрілік заттардың әсері.

Жүктілік кезінде әйелдердің организміне көптеген әртүрлі химиялық заттармен қосындылар түседі. Екі қабат әйелдер әртүрлі өндірістер мен ауыл шаруашылықтарда жұмыс істеуімен қатар,үй тұрмысында қолданылатын химиялық заттардың әсерлеріне душар болады. Бұл заттар әйелдердің организміне тыныс алу жолдарымен, қабылдайтын тамақпен, сонымен бірге тері, шырышты қабықтар арқылы жанасудан енуі мүмкін. Химиялық зат бала жолдасы арқылы ұрыққа жеңіл өтіп кетеді. Сондықтан бұндай заттарға эмбрион мен ұрықтың сезімталдығы өте жоғары болады және, анасының организмінде ол заттардың әсерінен елеулі өзгерістер болмағанына қарамай, эмбриопатиялар дамиды. Бала жолдасы арқылы анасынан ұрығына жеңілде, тез өтіп кететін және соңғысының дамуына теріс ықпал ететін 600-ден астам химиялық заттар белгілі. Олардың қатарына қорғасын, сынап, фосфор т.б. ауыр металлдар және олардың қосындылары, бензол,бензин,фенол,көміртегінің сыңар тотығы,никотин,этанол т.с.с. заттар жатады.

Бұл химиялық заттардың ұрыққа тікелей бүліндіруші әсерлерінен басқа жанама әсерлері де болуы мүмкін. Олардың бұндай жанама әсері анасының организмінде алғашқы әсер еткен заттан да уытты өнімдердің пайда болуынан болады. Химиялық заттардың эмбриоуыттық әсерінен ұрық организмінде тіндердің, ағзалардың және жүйелердің тікелей бүлінуінен және анасының организмінде пайда болған өзгерістердің нәтижесінде күрделі бұзылыстардың тізбегі дамиды.

Көпшілік химиялық заттардың әсерлерінен дамитын эмбрио-және фетопатияларың көріністері арнайыланбаған бейспецификалық түрде болады және олардың әсерлері ұрық даму сатыларына мерзімдері анасы мен ұрық организмдеріндегі мөлшерлеріне байланысты. Кейбір химиялық заттар мутагендік әсер етеді. Олардың әсерлері анасы мен ұрық организмдерінде көрінеді. Мутагендік заттарға фенолдар, ауыр металлдар, спирттердің барлық түрлері, нәруыздардың ыдырау өнімдері,пуриндер ,асқын тотықтар жатады.

Көптеген дәрі-дәрмектер ұрық үшін зиянсыз болып, жүкті әйелдермен кеңінен қолданылады. Кейбір дәрі-дәрмектер анасының ауыр дерттері нәтижесінде ұрық дамуына жағымды әсер етулері мүмкін. Бұларға: туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер, жүрек гликозидтері, инсулин, витаминдер,антианемиялық дәрілер, кейбір антибиотиктер т.б. жатады. Сонымен бірге көптеген дәрі-дәрмектерді жүкті әйелдерге қабылдауға қатаң шектеу немесе тіпті тиым салу қажет. Олар эмбриоуыттық,тератогендік және фетоуыттық әсер етеді.Барбитураттар,салицилаттар,әртүрлі антиметаболиттер,сульфаниламидтер,никотин,кейбір антибиотиктер т.б. дәрі-дәрмектер эмбриоуыттық әсер етеді. Тератогендік әсер-ұрықтың 3-10-шы апталарындағы қалыпты дамуының бұзылуы.

Даму ақауының түрі қай ағзаның ең белсенді дамуы кезінде анасының дәріні қабылдау мезгілінен байланысты болады. Дәрі-дәрмектердің бүліндіруші әсерінде олардың бала жолдасы арқылы ұрыққа өту қабілетінің маңызы үлкен. Ол төмендегі келтірілген жағдайлардан байланысты:

  • Жүкті әйелдің организміне дәрінің ену жолдары мен мөлшерінен;

  • Анасы мен баласының денелерінде дәрінің алмасу (метаболизм) жолдарынан;

  • Дәрінің организм нәруыздарымен байланысу және жинақталу мүмкіншіліктерінен;

  • Дәрі молекуласының мөлшерінен (молекулалық массасы 1000

дальтоннан артық дәрілер бала жолдасы арқылы нашар өтеді);

  • Дәрі иондарының электр зарядынан;

  • Майларда дәрінің еру қабілетінен.

Кейбір жағдайларда дәрі-дәрмектер, ұрыққа бала жолдасы арқылы өтпей-ақ, жатырда қан айналымда,гормондық, витаминдік, электролиттік тепе-теңдіктерді бұзу арқылы эмбриопатиялардың дамуына әкелулері мүмкін. Қауіптілігі бойынша тератогендік заттарды үш топқа ажыратады: ең қауіпті, аз қауіпті және аралық топтар. Толығырақ фармакология оқулығынан қараңыз. Дәрілердің толық қалыптасқан ұрыққа уытты әсерін фетотоксиндік деп атайды. Бұл кезде ұрық организмі анасынан ауысқан дәрі-дәрмектерге белгілі жолмен, ересек адамдардың организміндей, немесе дерттік өзгерген түрде жауап қайтарады. Дәрі-дәрмектер ұрықтың организміне кіндік көктамыры арқылы түседі және олардың 60-80%-ы ғана бауырға жетеді, ал қалған мөлшері аранциев өзегі арқылы төменгі қуыс венаға түседі. Осыдан ұрықтың қанында дәрінің өзгертілмеген түрлерінің концентрациясы жоғары болады. Дәрі-дәрмектерді ұрық бала жолдасы арқылы сыртқа шығарады.

Ал,бүйрек қызметі дамуына байланысты оларды ұрық несеппен қағанақ сұйығына шығарады. Соңғыны ұрық жұтып қоюы да мүмкін. Осыдан дәрі-дәрмек ұрыққа қайталап түседі. Көпшілік дәрілердің эмбриоуыттық және тератогендік кең тараған әсер ету жолдарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Дәрі-дәрмектердің ұрық организмінде табиғи метаболиттермен

бәсекелесіп, биохимиялық процесстердің белгілі тізбектерін бөгеуі.

Осылай нуклеин қышқылдарының түзілуін бұзады, жасушалардың

бөлінулік қабілеті мен АТФ түзілуін өзгертеді.

  • Олар әйелдердің ішкі сөлденіс бездерінің қызметіне әсер етіп,ұрық

ағзаларының даму бағыты мен үйлесімділігін бұзады.

  • Олар анасының бауырында глюкурон қышқылын

байланыстырып,бауырдың усыздандыру қабілетін төмендетеді.

  • Анасы мен баласының қан плазмасында әлбуминдермен

байланысып, олардың көптеген басқа қызметтерін әлсіретеді.

  • Олар витаминдердің, әсіресе В-тобының алмасуын бөгеп,

ферменттердің түзілуін, белсенділігін және ферменттік

реакциялардың өту бағытын бұзады.

Құрсақ ішінде ұрық дамуына

биологиялық ықпалдардың әсері.

Жаңа туған нәрестелердің шетінеуінде құрсақ ішінде дамитын жұқпалардың маңызы зор. Құрсақ ішінде дамитын дерттердің пайда болуында әртүрлі жұқпалардың маңызы әртүрлі. Бұл кезде анасының жұқпалы аурулары мен сырқаттану жиілігіне ұрықтың бүліну жиілігі бірдей болмайды. Мәселен, анасында жиі кездесетін тұмау ұрықтың бүлінуіне сирек әкеледі. Ал, жүктіліктің ерте сатыларында қызамық 60-70% жағдайларда ұрық дамуының бұзылыстарын туындатады.

Құрсақ ішіндегі ұрыққа жұқпалардың ауысуы, бала жолдасының тосқауылдық қызметі бұзылуынан, трансплаценталық жолмен болады. Осындай жолмен анасынан іштегі баласына вирустар,кейбір бактериялар өтеді. Вирустар ұрыққа бүлінбеген бала жолдасы арқылы өтуі мүмкін. Ал басқа жұқпалы аурулардың қоздырғыштары тек өткізгіштігі жоғарылаған бала жолдасы арқылы өтеді. Сонымен бірге ұрық организміне микроорганизмдер анасының организмінен жыныстық жолдардан (ұзаққа созылған босану кезінде,қағанақ суының мезгілінен бұрын шығуында, вагинит,цервицит т.б. дерттері кездерінде) ауысады.

Ұрықтың жұқпалармен бүліністерінің түрлері мен дәрежелері жұқпа ауысу кезіндегі құрсақ ішінде ұрық даму сатысынан көп байланысты. Осы себептен байланысты инфекциялық эмбриопатиялар мен фетопатияларды ажыратады. Инфекциялық эмбриопатиялар ұрықта ағзалардың дамуы мен бала жолдасы қалыптасуы кезеңдерінде пайда болады. Бұл кезде жұқпа қоздырғыштардың енуіне ұрық қорғаныстық реакциялармен жауап қайтара алмайды. Сондықтан инфекциялық эмбриопатияның патогенезінде ағзалар мен жүйелердің қалыптасуы мен нақтылануы, хорионның тамырлануы бұзылыстарының маңызы үлкен.

Анасының вирустық жұқпасы ұрық үшін үлкен қауіп төндіреді. Өйткені, бала жолдасы вирустарға қарсы тосқауыл бола алмайды, вирустар жасушалардың ішінде өсіп-өнетін болғандықтан олар әсіресе ұрық тіндерінде жақсы дамиды. Бұл кезде вирустар енген мезгілде ең алдымен белсенді нақтылану сатысындағы тіндерде бүліністер байқалады. Вирустың нуклеин қышқылдары жасуша геномына енуінен жасушаның гендік ақпараты бұзылады. Осыдан ұрықтың тіршілігін жоғалтуы немесе даму ауытқулары пайда болуы ықтимал. Сонымен қатар ұрық дамуы кезінде вируспен зарарланудан туған баланың организмінде бұл вирустық ақпараттарға иммундық толеранттық қалыптасуы болады. Сондықтан артынан бұл адамдардың организміне осы вирус қайталанып түскенінде оған организм қорғану- бейімделу жолдарымен жауап қайтармайды.

Құрсақ ішінде ұрық дамуының соңғы сатыларында вирустардың енуі әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылыстарымен сипатталады. Бұндай жағдайларда жаңа туған нәрестелердің толық жетілмеушілік белгілері, қоршаған ортаның жағымсыз ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерінің жеткіліксіздігі, ақыл-есі мен дене құрылымдары дамуының кешеуілдеуі байқалады.

қызамық, цитомегалия,ұшық, қызылша, қарамық, паротит, полиомиелит және инфексиялық гепатит вирустарының әсерлерінен, Құрсақ ішінде ұрық дамуының, бұзылыстары жақсы зерттелген. Қызамық туындатқыш вирустың тератогендік әсері болатыны белгілі болды. Оның әсерінен ұрық тіршілігін жоғалтуы мүмкін немесе жүректе,мида,көру,есту ағзаларында ауытқулар пайда болады.Сондықтан әйелдерде бұл дерт жүктіліктің 12-16 апталарында болғанда іштегі ұрықты жасанды түрде түсік тастауға ұсыныс жасау қажет.

Бактериялар мен майда саңырауқұлақтар ұрыққа еніп, оның жасушаларын бүліндіреді. Сондықтан егер вирустардың әсері ықпал еткен мезгілінен байланысты болса, бактериялардың әсері одан байланысты болмай, әсер еткен жеріне байланысты болады. Листериоз, цитомегалия,токсоплазмоз сияқты жұқпалы аурулар ұрықпен анасының организміне бірдей бүліндіргіш әсер етеді. Ұрыққа жұқпалардың әсері бірнеше ерекшеліктермен сипатталады. Олардың бүкіл денеге тарап, жайылып кетуге мүмкіншілігі жоғары болады.

Жұқпалар қан кетуге,мезенхималдық тіндердің артық өсіп-өніп кетуіне,ұрықтың сыртқы пішіні қалыптасуының бұзылыстарына әкеледі. Құрсақ ішіндегі жұқпалардың клиникалық көріністері қоздырғыш жұқпаның түрінен байланысты. Мәселен,ұшық (герпес) және цитомегалия жұқпалары геморрагиялық синдромға, листериоздың қоздырғышы-спецификалық гранулема дамуына,мерездің қоздырғышы-сүйектің бүліністеріне, қызамық пен токсоплазмоз жұқпалары-көз бен құлақтың бұзылыстарына, цитомегалия, созылмалы гепатит-гемолиздік анемияға, жүктілік кезінде анасының Боткин ауруымен ауруы-өт жолдарының бітеу тууына т.с.с. әкеледі.

Іштегі ұрыққа иондағыш сәулелердің әсері.

Иондағыш сәулелердің іштегі ұрық жасушаларымен тіндеріне әсер ету жолдары туғаннан кейінгі әсерлермен бірдей болады. Бірақ ұрықпен жаңа туған нәрестелердің оларға сезімталдығы өте жоғары болады. Өйткені жасушалардың бөлініп көбеюі (митозы) және зат алмасу қарқыны өте жоғары деңгейде өтеді.

Жүктіліктің ерте сатыларында анасына иондағыш сәулелер әсер еткенде дамитын радиациялық эмбриопатия арнайы белгілермен көрінбей, бейспецификалық түрде өтеді. Бұл кездерде үлкен мөлшердегі сәулелер ұрықты бүліндіріп, микроцефалия, гипоплазиямен көрінетін эмбриопатия дамытады, артынан баланың ақыл-есі мен дене құрылымының ауыр ақаулары байқалады. Ересек адамдарға қарағанда туар алдындағы барлық кезеңдерде сәулеленуден нерв жүйесі дамуының бұзылыстары болады. Тіпті аз мөлшердегі иондағыш радиация гаметалардың өндіруін азайтпай, оларды,әсіресе аналық жасушаны, бүліндіреді. Фетогенез кезеңінде сәулелену даму ақауларына, ең алдымен нерв жүйесінің дамуы бұзылыстарына әкеледі. Бала туғаннан кейінгі өмірінде лейкоздармен, қатерлі өспелермен жиі ауырады. Ондай адамдардың ұрпақ өрбіту қабілеті болмайды. Хиросимадағы атом бомбасын жарудан кейін балалардың даму ақауларымен тууы және Жапония тұрғындарының арасында лейкозбен ауыруы 4 есе өскені байқалады.

Анасында эндокриндік бездердің қызметінің бұзылыстары.

Анасында ішке сөлденіс бездері қызметтерінің бұзылуы жыныстық (аналық) жасушаның, эмбриогенез бұзылуының, ұрық дамуы кешеуілдеуінің себебі болады. Ұрықтың қалыпты дамуы үшін тиреоидтық гормондар мен инсулиннің маңызы өте зор. Сонымен бірге анасында соматотропин мен андрогендердің жеткіліксіздігі де оған белгілі мөлшерде әсер етеді. Гипофиз бен гипоталамус ядроларының бүліністері гонадотропин өндірілуін бұзып, жыныстық жасушалардың өндірілуін азайтады. Ұрықта еркектерге немесе әйелдерге тән гипоталамустың түрі қалыптасуы құрсақ ішінде ұрық дамуы кезеңінде оның миына гормондардың әсерлерімен анықталады. Егер бұл кезде жүкті әйелге тестостерон енгізілсе, онда ол іштегі қыз баланың гипоталамусының оралымдық секрециясын біржола басып тастайды. Сол сияқты жүкті әйелге эстрогендерді енгізгенде іштегі ұл балалардың қалыпты жыныстық дамуын бұзады.

Жүкті әйелдерге қалқанша бездерінің қызметін тежейтін дәрілер енгізгенде, ұрықта гипотиреоз дамиды және миының дамуы бұзылады. Екі қабат әйелдер кортикостероидтық гормондар қабылдаса ұрық өлі тууы немесе оның бүйрек үсті бездерінің аплазиясы және басқа даму ақаулары пайда болады. Андрогендерді көп мөлшерде енгізуден ұрықтың жатыр қабырғасына бекуі (имплантациясы),оның дамуы тоқтап қалуы немесе өлімі байқалады.

Анасында гипотиреоз дерті болғанда іштегі баланың пішін қалыптастыруы және туған балалардың ақыл-есінің дамуы бұзылады. Өйткені анасында тиреоидтық гормондар жетіспеуінен іштегі баланың қалқанша бездері артық қызмет атқарады.Артынан олардың қалжырауынан гипотиреоз дамиды.

Гипертиреозы бар әйелдерде жиі жүктіліктен уыттану, іштегі баланың өлімі байқалады, тірі туған балаларында эндокриндік,әсіресе қалқанша бездерінің қызметтері бұзылады. Анасының организмінде тиреотропин көп болса, ол бала жолдасы арқылы ұрыққа өтіп, оның қалқанша бездерін сергітуден жаңа туған нәрестелерде гипертиреоз дамиды. Бұндай балаларда негіздік алмасу артып,тотығу процессімен фосфорланудың ажырауы, катаболизімдік (ыдырау) процестерінің басымдығы байқалады.

Емделмеген гипо- және гипертиреозы бар буаз жануарларда іштеріндегі ұрықтың өлімі немесе оның тіршілікке қауіпті даму ақаулары дамитыны тәжірбиелерде дәлелдеген. Буаз жануарларға көп мөлшерде адреналин енгізгенде іштеріндегі ұрықтың аяқтары жетілмей туатыны белгілі болды. Буаз қояндарға көп мөлшерде инсулин енгізгенде олар жиі түсік тастайды.

Қантты диабетпен ауыратын әйелдердің 1/3-нде жүктілік өте ауыр өтеді, туған балалар ерте шейіт болады. Бұндай жағдайда кейбір балалар гидроцефалия,анофтальмия,омырқаларының даму ақаулары сияқты дерттермен туады. Бұл әйелдерден туған балалардың дене массасы үлкен болады, олардың ағзаларының құрылымдық нақтылануы кешеуілдейді. Туған балаларда артынан көмірсулары алмасуының бұзылыстары, қандарында глюкозаның деңгейі өте қатты толқып, жиі гипогликемия байқалады.Ол анасының организмінде инсулин жетіспеушілігінен ұрықтың ұйқы бездерінде гиперплазия дамуынан болады. Бұндай балалардың ұйқы безінде Лангерганс аралшықтарының альфа-және бета-жасушаларының арақатынасы 1:5 жетеді, ал қалыпты балаларда ол 1:1-ден аспайды. Осыдан бұл балаларда инсулин көптеп өндіріледі, гликогенің, нәруыздардың және майлардың түзілуі жоғары деңгейде болады. Инсулинің әсерінен көмірсуларының майларға ауысуы көбейеді. Сондықтан бұл балалардың терісінің астында шелмай көптеп жиналады. Қантты диабетпен ауыратын әйелдерден туған балалар артынан осы аурумен жиі ауырады және оларда семіздікке бейімділік байқалады.

Құрсақ ішіндегі ұрықтың гипотрофиясы

Ұрық пен жаңа туған нәрестелердің дене мүшелері мен ағзаларының дамуы кешеуілдеуімен, ОЖЖ қызметінің, зат алмасу процестерінің бұзылуымен, иммундық реактивтілігінің төмендеуімен сипатталатын олардың нәрленісінің бұзылуын құрсақ ішінде ұрықтың гипотрофиясы деп атайды.

Құрсақ ішінде ұрық дамуы мен өсуінің бұзылыстарына көптеген жағымсыз ықпалдар әкеледі:

  • Гендік ықпалдар (хромосомалар мен гендердің мутациясы);

  • Анасының көптеген жұқпалы (тұмау,қызамық, гепатит, токсоплазмоз т.б) және жұқпалы емес (жүрек қақпақшаларының ақауы,гипертензиялық ауру, қантты диабет, тиреотоксикоз т.б.) аурулармен сырқаттануы;

  • Жүктіліктен уыттану, әсіресе жүктіліктің соңғы кезеңдерінде;

  • Анасының жатырының даму кемістігі, бала жолдасы мен кіндіктің дерттері;

  • Анасының асқа жарымауы,сапасыз қоректенуі;

  • Жүкті әйелдердің дәрі-дәрмек қабылдауы,шылым шегуі,арақ-шарап ішуі,қоршаған ортаның жағымсыз ықпалдары;

  • Жиі қайталанған жағымсыз стрестік (эмоциялық) жағдайлар.

Бұл ықпалдардың тіпті аз мөлшерлерінде әсер етуі сол уақытта нақтыланып келе жатқан ағзалар мен мүшелерінде зат алмасу процестерінің бағыты мен қарқынын өзгертуі мүмкін. Ұрық дамуы бұзылыстарының патогенезінде созылмалы гипоксияның, жатыр мен бала жолдасы арасындағы тосқауылдың қызметі өзгеруінің, ұрықтың қоректік заттармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуінің, организм уыттануының, сонымен қатар анасымен баласының арасында имундық шиеленістің маңызы өте зор.

Құрсақ ішіндегі ұрықтың гипотрофиясы өз бетінше бөлек дерт болуы мүмкін немесе ол жаңа туған нәресте мен ұрықтың әртүрлі дерттерінің (хромосомалардың аберрацияларының, туа біткен эмбриопатиялар мен фетопатиялардың, құрсақ ішінде жұқпалардың дамуының т.с.с.) нәтижелерінен дамуы ықтимал. Ол шала туған және мезгілінде немесе мезгілінен кеш туған балаларда бірдей кездеседі.

Құрсақ ішіндегі ұрықтың гипотрофиясы туған дене массасының аздығымен, тері астында шелмайдың жұқалығымен,терінің болбырлығымен, қол-аяқ, дене терілерінде көптеген қатпарлардың болуымен, қабырғалары, жауырыны,буындары жақсы айқындалуымен көрінеді. Тері мен шырышты қабықтарында нәрленудің бұзылуынан, олар бозарады, құрғайды және қабыршықтанады. Бұндай балаларға функциялық және зат алмасулық бұзылыстар,нервтік-рефлекстік қозымдықтың көтерілуі, бұлшық еттерінің дистониясы, жылу реттелуінің бұзылыстары, гипогликемияға бейімділік тән.