Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patfiz_esep_zhauaby.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.38 Mб
Скачать

Есеп № 21

8 жасар К. деген науқас ешқандай себепсіз пайда болатын, жиі дамитын ұстамалы тұншығу сезіміне шағымданады. Ұстама кезінде тыныс алу қиындайды, жөтелмен, аздап тұтқыр қақырықтың бөлінуімен жүреді. Тыныс шығару кезінде ысқырықты сырылдар естіледі.

Анамнезінде 5 жасынан бронх демікпесімен ауратындығы анықталды.

  1. бұл патология үшін ентігудің қандай түрі тән?

  2. тұншығу ұстамасы кезінде өкпе вентиляциясының қандай бұзылыстары байқалады?

Есеп № 22

56 жасар науқас 20 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға кома алдылық жағдаймен түскен: бас ауыруы, әлсіздік, лоқсу, айқын ентігу байқалған.

Қолданылған шараларға қарамастан науқастың жағдайы үдемелі нашарлап, диабеттік кома дамыған. Науқас есінен айырылған, пульсі жиілеген, әлсіз, қан қысымы төмендеген.

Коматоздық жағдайда ентігу сақталады ма?

Есеп № 23

56 жасар науқас неврологиялық бөлімге ми инсульті бойынша түскен. Түскен кезде жағдайы өте ауыр болған және Чейн-Стокс кезеңдік тынысы байқалған. Ал екінші күні ол тыныс Биот тынысына ауысқан.

1. Биот тынысының пайда болуына қарап, науқас жағдайының жақсарып келе жатқандығын жобалауға болады ма?

2. Кезеңдік тыныс патогенезінде қандай фактор негізгі болады?

Есеп № 24

54 жасар науқасты уремия жағдайында ауруханаға әкелген. Науқас есенгіреген, қозғалысы шектелген. Терісі құрғақ, көптеген тырналанған іздер бар. Ырғағы жиілеген, тыныс алу және тыныс шағару фазаларының қиындауымен жүретін ентігу байқалады.

Ауруханадағы 4-ші күні қолданылған емдік шараларға қарамастан жағдайы қиындап, кома дамыды. Ерекше шулы жиілеген тыныс пайда болып, терең тыныс алулардың біртіндеп үлкен тыныс шығаруларға ұласуы байқалды.

Науқаста тыныс алу бұзылыстарының қандай түрі дамыды?

Несептік-жыныстық жүйе Есеп № 1

39 жасар В. есімді науқас үнемі болатын бас ауруына, көруінің нашарлауына, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне, жүрек тұсының ауырсынуына, жүрек айну, қатты шөлдеу, терісінің қышуына, таңертеңгілік бетінің әсіресе көз айналасының ісінуіне шағымданып терапия бөліміне түсті. Анамнезінде – жиі баспамен ауырғаны анықталған. Науқастың осындай жағдайы бір жылдан астам уақыт байқалған.

Тексеріс кезінде: науқас бозарған, терісі құрғақ, тургоры төмендеген. Жүрек шекарасы солға қарай кеңіген, АҚ – 190/100, тыныс алу жиілігі – минутына 25 рет. Қанда: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,2х1012/л, лейкоциттер – 6,2х109/л, рН -7,3, плазманың осмолярлығы 290 мОсм/кг жоғарлаған. Тәуліктік диурез – 4л, никтурия. Зимницкий сынамасы бойынша зәрдің салыстырмалы тығыздығы барлық порцияларда – 1010-1012, концентрация-лық индекс -1,1. Креатинин клиренсі – 40 мл/мин., қандағы мочевина концентрациясы – 17 ммоль/л, креатинин – 0,5 ммоль/л. Зәрде: белок – 1-1,92 г/л, молекулалық массасы 70000 астам, (селективтілік индексі – зәрдегі IgG/трансферрин қатынасы 0,1 астам), лейкоциттер – көру аймағында 2-3, эритроциттер – көру аймағында 5-6 (олардың 75% астамы өзгерген пішінде және көлеңке түрінде), цилиндрлер – көру аймағында 2-4 (гиалиндік және эритроцитарлық).

  1. Бүйректің фильтрациялық, экскрециялық, реабсорбциялық, секрециялық және инкрециялық қызметтерін бағалаңыз. Болжамдап диагноз қойыңыз және аурудың сатысын көрсетіңіз.

  2. Бүйректік және бүйректен тыс симптомдар және синдромдардың механизмін түсіндіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]