Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patfiz_esep_zhauaby.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.38 Mб
Скачать

Есеп № 47

Науқас К., 24 жаста, ауыр жағдайда, үдемелі әлсіздік, дене температурасының 39,5ºС дейін жоғарлауымен, жедел жәрдем қызметкерлерімен ауруханаға жеткізілген. Екі жақты пневмония, терісінде ұсақ нүктелі бөртпелер анықталған. Бауыр мен көкбауыры аздап ұлғайған.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 1,2х

Гемоглобин 40 г/л

Түсті көрсеткіш 1,0

Лейкоциттер 2,4х

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 0

Сегменттік ядролы 21%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфобласты 16%

Моноциттер 6%

Бласты жасушалар 57%

Лимфоциттер 12%

Тромбоциттер 89х /л

Қан жұғындысында: ірі, үлкен ядролы, пішіні өзгерген бласттық жасушалар. Негізгі цитохимиялық белгілері бойынша бласттық жасушалар моноцитарлық қатар жасушаларына жатады.

  1. Осы қан анализі қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?

  2. Бұл жағдайдағы шеткері қанда бласттық жасушалардың пайда болуы лейкопоэздің қандай өзгерістерін дәлелдейді?

  3. Науқастағы гранулоцитопенияның механизмі қандай?

Есеп № 48

4 жастағы Лена деген қызда баспамен ауырғаннан кейін үдемелі әлсіздік, анорексия, бозғылттық байқалып, соған байланысты қан анализі зерттеуге алынған.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 2,9х /л

Гемоглобин 89 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 5,9х /л

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 1%

Сегменттік ядролы 16%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфобласты 31%

Моноциттер 2%

Бласты жасушалар 50%

Тромбоциттер 120х /л

Қан жұғындысында: аралас популяциялық бласты жасушалар, бласты жасушалар морфологиялық және цитохимиялық белгілері бойынша миело-бластарға да, сондай ақ лимфобластарға да ұқсайды.

  1. Шеткері қан құрамында анықталған өзгерістер қандай қан патологиясын дәлелдейді?

  2. Бұл қан патологиясы кезінде бласттардың көзі болып қандай жасуша саналады?

Есеп № 49

Науқас В., 15 жаста, балтыр және шынтақ жұмсақ тіндерінің ауырсынуына шағымданады. Терісі және аяқ-қол конфигурациясы жағынан объективтік өзгерістер жоқ.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 2,3х /л

Гемоглобин 60 г/л

Түсті көрсеткіш 0,8

Лейкоциттер 137х /л

Лейкоцитарлық формула

Миелоциттер 4%

Метамиелоциттер 1%

Таяқша ядролы 1%

Сегменттік ядролы 12%

Эозинофилдер 0,5%

Базофильдер 0

Лимфоциттер 18%

Моноциттер 6,5%

Бласты жасушалар 57%

Тромбоциттер 140х /л

Қан жұғындысында: үлкен көлемді, цитоплазмасы вакуолизацияланған, пішіні өзгерген, ірі түйіршіктері бар бласты жасушалар. Негізгі цитохимия-лық белгілері бойынша бласты жасушалар миелойдтық қатар жасушаларына жатады.

  1. Берілген анализ қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?

  2. Қызыл қан жүйесі жағынан анықталған өзгерістердің механизмі қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]