Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patfiz_esep_zhauaby.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.38 Mб
Скачать

Есеп № 41

Науқас Д., 9 жаста, тексеру үшін ауруханаға жатқызылған. Соңғы жылдары тұмау ауруларымен, пневмониямен жиі ауырған. Көбнесе сульфаниламидтік препараттармен, сирек антибиотиктармен емделеді.

Түскен кездегі қан анализі

Эритроцит 4,3х

Гемоглобин 130 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 3,0х

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 2%

Сегменттік ядролы 27%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфоциттер 60%

Моноциттер 11%

Тромбоциттер 260х

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,6%. Науқастың сары суында лейкоагглютининдер анықталған.

  1. Бұл қан анализі қандай патологияның дамығанын дәлелдейді?

  2. Бұл жағдайда лейкоагглютининдердің пайда болу себебі қандай?

  3. Жиі тұмаурату жағдайы мен анықталған қандағы өзгерістердің арасында байланыс бар ма? Бар болса, қандай?

Есеп № 42

Науқас В., 34 жаста, дәрігер-психиатр. Артериялық қысымның жоғарлауына және басының ауырсынуына байланысты 7 күн бойы анальгин, аминазин және резерпиндердің 60 таблеткасын қабылдаған. Осыдан жағдайы күрт нашарлап – қызба, жалпы әлсіздік, жұтынған кезде ауырсыну байқалған. Қанын зерттеген кезде анықталғаны:

Эритроцит 3,9х 1мкл

Гемоглобин 130 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 0,9х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 0

Сегменттік ядролы 12%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфоциттер 73%

Моноциттер 15%

Тромбоциттер 210х 1мкл

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,6%.

Науқастың сары суын лейкоагглютининге тексерген кезде реакция теріс болған.

  1. Бұл жағдайда қан түзілудің қандай өсіндісінің тежелуі байқалады?

  2. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?

  3. Анықталған өзгерістердің даму механизімі қандай?

Есеп № 43

Науқас Г., 34 жаста, дәрігерге жалпы әілсіздікке, тез шаршағыштыққа, тершеңдікке, сол жақ қабырға астында ауырлық сезімінің болуына шағымда-нып келген.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 3,1х

Гемоглобин 88 г/л

Түсті көрсеткіш 0,85

Лейкоциттер 93х

Лейкоцитарлық формула

Миелобластар 1%

Промиелоциттер 6%

Миелоциттер 20%

Метамиелоциттер 20%

Таяқша ядролы 13%

Сегменттік ядролы 12%

Эозинофилдер 9%

Базофильдер 4%

Лимфоциттер 10%

Моноциттер 5%

Тромбоциттер 390х

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,4%.

  1. Науқастың лейкоцитарлық формуласында қандай өзгерістер бар және олар лейкопоэздің қандай бұзылыстарын дәлелдейді?

  2. Бұл жағдайдағы дамыған анемияның сипаты қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]