Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patfiz_esep_zhauaby.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.38 Mб
Скачать

Есеп № 32

Науқас К., 54 жаста, соңғы 6-8 ай бойы артериялық қысымның жоғарлауына байланысты дамитын бас ауырсынуына шағымданады. Гипертониялық ауру бойынша диспансерлік есепке алынған. Санаторлық-курорттық картаны толтыру барысында қаны тексерілген:

Эритроцит 6,4х 1мкл

Гемоглобин 178 г/л

Түсті көрсеткіш 0,85

Лейкоциттер 14з 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Жас жасушалар 2%

Таяқша ядролы 6%

Сегменттік ядролы 62%

Эозинофилдер 6%

Базофильдер 1%

Лимфоциттер 14%

Моноциттер 2%

Тромбоциттер 460х 1 мкл

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 1,6 %. Артериялық қанның оттегімен қанығуы 95% құрайды.

  1. Бұл өзгерістер қан жүйесінің қандай патологиясына тән?

  2. Науқас қанының оттегімен қанығуы қандай мақсатта тексерілген?

  3. Бұл жағдайдағы артериялық қысымның жоғарлауына ықпал етіп отырған себеп қандай?

Есеп № 33

Науқас Д., 56 жаста, ауруханаға миокард инфарктымен түскен.

Түскен кездегі жалпы қан анализі

Эритроцит 8,5х 1мкл

Гемоглобин 170 г/л

Түсті көрсеткіш 0,6

Лейкоциттер 23х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 3%

Таяқша ядролы 14%

Сегменттік ядролы 56%

Эозинофилдер 5%

Базофильдер 1%

Лимфоциттер 18%

Моноциттер 3%

Тромбоциттер 550х 1мкл

Қан жұғындысында: гипохромия, полихроматофилия, анизо- және пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 2,1 %

  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?

  2. Анықталған қан патологиясының табиғаты қандай?

  3. Бұл жағдайдағы коронарлық тамырлар тромбозының дамуына әкелген себеп қандай?

Есеп № 34

Науқас Р., 6 жаста, ауруханаға жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, жүдеуге, ішінің тұйықталып ауырсынуына, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, сан аймағында қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданып келген.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 4,4х 1мкл

Гемоглобин 128 г/л

Түсті көрсеткіш 0,87

Лейкоциттер 13,6х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Жас жасушалар 0

Таяқша ядролы 4%

Сегменттік ядролы 47%

Эозинофилдер 18%

Базофильдер 1%

Лимфоциттер 23%

Моноциттер 8%

Тромбоциттер 210х 1мкл

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,7%

  1. Балада шеткері қанның құрамының қандай өзгерістері дамыған?

  2. Осындай қан өзгерістері қандай патологиялық жағдайға тән?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]