Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patfiz_esep_zhauaby.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.38 Mб
Скачать

Есеп № 29

Витя С., 4 жаста. Ата-анасы балаларының туылғаннан терісінің бозғылт болуына, үнемі тәбетінің төмендігіне, аз қозғалатындығына, тұйықтығына және физикалық дамуы жағынан артта қалғандығына шағымданады.

Қан анализі

Эритроцит 1,66х 1мкл

Гемоглобин 55 г/л

Түсті көрсеткіш 1,0

Лейкоциттер 3,8х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 1%

Сегменттік ядролы 21%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфоциттер 72%

Моноциттер 6%

Тромбоциттер 120х 1мкл

Қан жұғындысында: анизоцитоз макроцитоздық тенденциямен, пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 0,2%

  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?

  2. Анықталған патология тұқым қуалаушылық сипатта болуы мүмкін бе?

Есеп № 30

Созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі дамыған 37 жасар М. деген науқастың жалпы қан анализінде анықталғаны:

Эритроцит 6,0х

Гемоглобин 180 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 7х

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 2%

Таяқша ядролы 8%

Сегменттік ядролы 60%

Эозинофилдер 2%

Базофильдер 0,5%

Лимфоциттер 23%

Моноциттер 45%

Тромбоциттер 200х

Қан жұғындысында: аздап анизоцитоз, ретикулоциттер - 3,4%.

  1. Бұл жағдайдағы шеткері қан құрамының өзгеру сипатын анықтаңыз?

  2. Бұл өзгерістердің патогенезі қандай?

Есеп № 31

Тиреотоксикозбен ауыратын 29 жастағы Н. деген науқастың қанның тексергенде анықталғаны:

Эритроцит 5,7х 1мкл

Гемоглобин 171 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 4,9х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 1%

Сегменттік ядролы 45%

Эозинофилдер 3%

Базофильдер 1%

Лимфоциттер 47%

Моноциттер 3%

Тромбоциттер 220х 1мкл

Жұғындыда: нормохромия, ретикулоциттер - 2,1%.

  1. Бұл жағдайдағы шеткері қан құрамының өзгеру сипатын атаңыз?

  2. Анықталған қызыл қан өзгерістері мен негізгі ауруы арасында патогендік байланыс бар ма?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]