Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patfiz_esep_zhauaby.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.38 Mб
Скачать

Есеп № 26

Б. деген нәресте өз уақытымен, 2950 г салмақпен, бірінші жүктілік жағдайында туылған. Туылғаннан кейін 16 сағат өткен кезде терісінің, шырышты қабаттарының аздап сарғаюы байқалған.

Қан анализі

Эритроцит 4,2х 1мкл

Гемоглобин 140 г/л

Түсті көрсеткіш 1,0

Лейкоциттер 16,2х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 2%

Таяқша ядролы 6%

Сегменттік ядролы 61%

Эозинофилдер 3%

Базофильдер 1%

Лимфоциттер 20%

Моноциттер 7%

Тромбоциттер 327х 1мкл

Қан жұғындысында: анизоцитоз, пойкилоцитоз, полихроматофилия, ретикулоциттер - 17%. Ана қаны: Rh-; бала қаны: Rh+;

1. Бұл анализ көрсеткіштері қан жүйесінің қандай потологиясы дамығаның дәлелдейді?

2. Анықталған патологияның патогенезінде қандай фактор негізгі болып саналады?

Есеп № 27

Науқас Г., 19 жаста, студент. Ауруханаға жалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүрген кездегі ентігуге шағымданып түскен. Ешқандай дәрі-дәрмектер қабылдамаған. Нақтылап сұрастыру барысында, 1 ай бұрын, ауыл шаруашылық жұмыстарында жүргенде, таныстарының берген кеңесі бойынша, ішек инфекцияларының алдын алу үшін, ұзақ уақыт бойы левомицетин қабылдағаны анықталған.

Түскен кездегі қан анализі

Эритроцит 1,8х 1мкл

Гемоглобин 54 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 3,2х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Таяқша ядролы 0

Сегменттік ядролы 26%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфоциттер 63%

Моноциттер 11%

Тромбоциттер 94х 1мкл

Қан жұғындысында: айқын емес анизо- және пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 0,2 %.

  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясы дамығаның дәлелдейді?

  2. Анықталған қандағы өзгерістер левомицетинді қабылдауға байланысты болуы мүмкін бе?

Есеп № 28

Науқас С., 27 жаста, мамандығы бойынша рентгент-лаборант. Жедел лейкоз жағдайына күдік туындап, ауруханаға жатқызылған. Ауруханаға жатқызылғаннан 1 ай бұрын үдемелі әлсіздік, жоғарғы қанағыштық байқалған.

Түскен кездегі қан анализі

Эритроцит 1,46х 1мкл

Гемоглобин 42 г/л

Түсті көрсеткіш 0,85

Лейкоциттер 3,1х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 2%

Сегменттік ядролы 18%

Эозинофилдер 1%

Базофильдер 0

Лимфоциттер 68%

Моноциттер 11%

Тромбоциттер 97х 1мкл

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,1 %.

  1. Науқастың шеткері қан құрамының қандай өзгерістер бар?

  2. Анықталған өзгерістер жедел лейкозға тән бе?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]