Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patfiz_esep_zhauaby.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.38 Mб
Скачать

Есеп № 9

Науқас К., 34 жаста, асқазаннан қан кету күдігімен ауруханаға түскен. Қанын тексеру кезінде анықталғаны:

Эритроцит 3,0 х

Гемоглобин 100г/л

Түсті көрсеткіш 1,0

Лейкоциттер 3,4х /л

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 1%

Сегменттік ядролы 50%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфоциттер 40%

Моноциттер 9%

Тромбоциттер 120х

Жұғындыда: нормохромия, ретикулоциттер - 0,7%.

  1. Алынған қан анализінің нәтижесі жедел қансырауға тән бе?

  2. Шеткері қандағы тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі неге негізделген?

  3. Жедел қансыраудан кейін қанша уақыттан соң гидремиялық реакцияның клиникалық белгілері байқалады?

Есеп № 10

54 жастағы Н. деген науқасқа операция жасалғаннан кейін 5 күн өткенде тексеруге қаны алынған.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 3,6х

Гемоглобин 95г/л

Түсті көрсеткіш 0,78

Лейкоциттер 16х

Лейкоцитарлық формула

Миелоциттер 1%

Метамиелоциттер 2%

Таяқша ядролы 8%

Сегменттік ядролы 64%

Эозинофилдер 3%

Базофильдер 1%

Лимфоциттер 18%

Моноциттер 3%

Жұғындыда: айқын емес анизацитоз, пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 3,8%.

  1. Науқастың шеткері қанындағы анықталған өзгерістерді сипаттаңыз.

  2. Қандай өзгерістер қан түзу жағынан компенсациялық механизмдердің іске қосылғандығын көрсетеді?

  3. Бұл жағдайда гемопоэзді ынталандыру қандай факторлардың әсерінен жүзеге асады?

Есеп № 11

Науқас И., 42 жаста, ауруханаға ішінің ауырсынуына, шырыш және қан араласқан үлкен дәреттің жиі (тәулігіне 3-4 рет) болуына, жүдеуге, әлсіз-дікке шағымданып келген. Бұл белгілердің пайда болғанына 1-жылдай уақыт болғанын және жағдайының бірде жақсарып бірде нашарлап отырғаның айтады.

Ауруханаға түске кездегі қан анализі

Эритроцит 2,9 х

Гемоглобин 63г/л

Түсті көрсеткіш 0,7

Лейкоциттер 14х

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 1,5%

Таяқша ядролы 8%

Сегменттік ядролы 52%

Эозинофилдер 2%

Базофильдер 0,5%

Моноциттер 6%

Тромбоциттер 220х

Жұғындыда: нормоцит, аздаған микроциттер, пойкилоцитоз, аздап полихроматофильдер, ретикулоциттер - 2,6%.

  1. Бұл гемограммада шеткері қан құрамының қандай өзгерістері берілген?

  2. Қан жүйесінің қандай патологиясына бұл өзгерістер тән?

  3. Қан анализінде қанның регенерациялану белгілері бар ма?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]