Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patfiz_esep_zhauaby.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.38 Mб
Скачать

Есеп № 22

65 жасар әйел адам есте сақтау қабілетінің өршімелі бұзылыстарымен ауруханаға түскен. Соңғы үш ай ішінде науқас қалыпты тіршілік ету үшін біреудің көмегіне сүйенетін болған және кіші дәретін ұстай алмайтын жағдайға жеткен.

Неврологиялық тексеру кезінде айқын уақыттық және кеңістіктік дезориентация, афазия (сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылысы), апраксия (нақты бір қимыл-қозғалыс жасай алмауы), патологиялық жармасу рефлексі, қолы мен аяғында сіңірлік рефлекстердің жоғарлауы байқалған. Компьютерлік томография жасағанда бас миы қарыншаларының кеңеюі және қыртысының диффуздық атрофиясы анықталған. Ауруханаға түскеннен соң 5 ай өткенде науқас өледі. Бас миы қыртысы мен гиппокамптың кесінділерін гистология-лық зерттеген кезде амилоидтардың жасуша сыртылық көптеген жинақталу ошақтары, жасуша ішілік нейтрофибрилдік шумақтар анықталған.

  1. Жоғарыда келтірілген симптомдармен сипатталатын нерв жүйесінің ауруын атаңыз.

  2. Бұл аурудың патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Симптомдардың механизмін түсіндіріңіз.

  4. Патогендік терапия принциптерін атаңыз.

Есеп № 23

42 жасар науқас оң жақ қолының өршімелі әлсіздігіне шағымданып ауруханаға түскен. Соңғы 5 жыл ішінде оң жақ қолында ауырсыну сезімінсіз жарақаттанған аймақтар, іріңдеген жарықтар пайда бола бастаған. Кейінгі жарты жылда қою тағамдарды жұту қиындаған және дауысының мұрындық тембрі пайда болған.

Дәрігер-невролог тексерген кезде анықталғаны: қабағының түсуінен оң жақ көз саңылауының тарылуы; бетінің оң жағының ауырсыну сезімталды-ғының төмендеуі; жұмысақ таңдайдың салбырауы; жұту рефлексінің жойы-луы, дауыс байламдарының оң жақты парезі; оң жақ қолы саусақтарының сүйек аралық бұлшық еттерінің атрофиялық өзгерістері; оң жақ қолында сүйектік рефлекстердің болмауы; оң жағында ауырсыну және температура-лық сезімталдықтың жойылуы; аяқтарында сіңірлік рефлекстердің сақталуы.

  1. Науқастағы дамыған симптомдарға қарап қандай қорытынды жасауға болады?

  2. Симптомдардың механизмін түсіндіріңіз.

  3. Науқаста сезімталдықтың, қозғалғыштықтың бұзылуына әкелген патологиялық үрдістер нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік жүйелерінің қай деңгейінде дамуы мүмкін?

  4. Аурудың динамикасы мен нерв жүйесі қызметтерінің бұзылу ерекшеліктерін ескере отырып, осы бұзылыстарды туындатып тұрған себептер мен патологиялық үрдістер туралы не айта аласыз?

ЭНДОКРИНДІК жүйе

Есеп № 1

Иттің ұйқы безін алып тастағаннан кейін қантты диабет ауруы дамиды.

Егре иттің ұйқы безін алмай, бірақ оның шығатын түтігін байлап, кесіп тастаса қантты диабет ауруы дамиды ма?

Есеп № 2

Эксперимент жүзінде қантты диабет үлгілерін ұйқы безін экстирпациялау (сылып алып тастау) жолымен, жануарларға аллоксан, соматотроптық гормон, глюкагон енгізу арқылы алуыға болады.

1. Осы келтірілген жағдайлардың қайсысында шыңай, ал қайсысында салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігі дамиды?

2. Қантты диабеттің эксперименттік үлгісін алу үшін басқа қандай гормондарды қолдануға болады?

Есеп № 3

Біріншісі тәулік бойына аш болған, ал екіншісі артық тамақтандырылған екі егеуқұйрықтың қанындағы инсулин деңгейін анықтаған.

Қай егеуқұйрықтың қанында инсулин деңгейі жоғары болады? Неге?

Есеп № 4

Тәжірибелік иттің ұйқы безінің үлкен көлемін алып тастағаннан кейін 3 күн өткенде глюкозуриямен қосарланған, тұрақты гипергликемия дамыған. Панкреаэктомия жасаған соң 2 апта өткенде осы итте қалқанша безінің оң жақ жартысы алынған.

Эксперименталдық диабеттің ағымына қалқанша безі бөлігінің алынып тасталуы қандай ықпал тигізеді?

Есеп № 5

Тәжірибе жүзінде эндокриндік дерт үлгісі алынған жануардың зат алмасуын зерттеген кезде глюкоза-6-фосфаттың тапшылығы, глюкоза-6-фос-фатаза белсенділігінің жоғарлауы, глюконеогенездің күшеюі, гипергликемия, қанда бос май қышқылдары, β-липопротеидтер, фосфолипидтер және үшглицеридтер мөлшерлерінің жоғарлауы анықталған.

  1. Анықталған зат алмасу өзгерістері қандай гормонның жеткіліксіздігімен түсіндіріледі?

  2. Бұл патология кезінде неге глюкоза-6-фосфаттың тапшылығы дамиды және оның салдарлары қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]