Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patfiz_esep_zhauaby.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.38 Mб
Скачать

Есеп № 14

Науқас К., 23 жаста. Тұмаумен ауырғаннан соң үнемі шөлдеу сезімінің болатынына, жиі және көп мөлшерде зәр бөлуіне, ұйқысының бұзылуына, көңіл-күйінің болмауына шағымданған.

Зәр анализі: сарғыш түсті, мөлдір, әлсіз қышқылды реакциялы, белок және глюкоза жоқ. Тұнбада: бірен-саран эпителий, көру аймағында лейкоциттер – 0-4, эритроциттер – 0-1, цилиндрлер жоқ. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 6200 мл кезіндегі зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,003-1,010 тең.

  1. Науқастың зәр құрамында патологиялық өзгерістер бар ма?

  2. Бүйректің қандай қызметі бұзылған?

  3. Бұл жағдайдағы бүйрек қызметінің бұзылу механизмі қандай?

Есеп № 15

16 жастағы М. деген науқасты ауруханаға ауыр шок жағдайында алып келген. Автокөлік қағып кеткен. Екі аяғы көптеген жерден сынған. АҚ – сынап бағанасы бойынша 80/60 мм тең.

Тәулік бойы 60-80 мл зәр бөледі. Зәрінде: белок – 0,66г/л, зәрдің салыстырмалы тығыздығы – 1,029.

Қандағы қалдық азот – 120 ммоль/л; қандағы мочевина – 35 ммоль/л.

  1. Науқастағы анурияның механизмі қандай?

  2. Науқаста дамыған анурия белгілі патогендік нұсқалардың қайсысына жатады?

Есеп № 16

Науқас К., 3 жаста. Тез шаршайтынына, үнемі аштық сезімнің болуына, шөлдегіштікке шағымданады.

Ішкі мүшелер жағынан объективтік өзгерістер жоқ.

Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 3,0 л болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,020-1,038 аралығында. Глюкозаның зәрмен бірге тәуліктік экскрециялануы 1,2 г құрайды және глюкозурия дәрежесі күндізгі, түнгі зәр мөлшерлерінде бірдей.

Қандағы глюкоза – 3 ммоль/л. Қанттық жүктеме жүргізгенде немесе инсулинді енгізгенде гликемиялық қисық қалыпты.

1,5 жастағы інісін тексергенде, ол балада да тұрақты глюкозурия анықталған.

Бұл жағдайда бүйректің қандай қызметі бұзылған және глюкозурияның даму механизмі қандай?

Есеп № 17

56 жасағы В. деген науқас миеломдық ауруға күдіктенгендіктен тексерілуге ауруханаға түскен. Жалпы әлсіздікке, жүдегендігіне, қабырғасы мен кеудесінің ауырсынуына шағымданады.

Түскен кездегі зәр анализі: ашық-сары түсті, мөлдір, қышқылды реакциялы, белок – 0,8 г/л, глюкоза жоқ.

Тұңбада: эпителий аздап кездеседі, көру аймағында лейкоциттер-1-2, эритроциттер-0-2, гиалинді цилиндрлер -1-3.

Зимницкий сынамасы бойынша тәуліктік диурез 2000 мл болған кездегі зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,008-1,026 құраған.

Бенс-Джонс белогына (молекулалық салмағы – 24000-40000) термопреципитация сынамасы оң нәтиже берген.

  1. Науқастың зәр құрамында қандай патологияық өзгерістер бар?

  2. Бұл жағдайдағы протеинурияның даму механизмі қандай?

Есеп № 18

38 жастағы А. деген науқаста, жүйелік қызыл жегі ауруымен ауырға-нына 3-ші жыл болғанда, бүйректің диффуздық зақымдануы анықталған жә-не массивтік ісінулермен, гиперлипидемиямен, диспротеинемиямен жүрген.

  1. Науқаста қандай нефрологиялық синдром дамыған?

  2. Бұл синдромдағы протеинурияның даму механизмі қандай?

Есеп № 19

36 жастағы Н. деген науқас нефрологиялық бөлімде стационарлық ем қабылдауда. 2 жыл бұрын жедел респираторлық аурудан кейін бетінің ісінуі дамып, зәрінде белоктар байқалып, бүйрек патологиясы анықталған.

Зәр анализі: сарғыш түсті, мөлдір, қышқылды реакциялы, белок-0,8 г/л, глюкоза жоқ. Тұнбада: аздаған эпителий кездеседі, көру аймағында лейкоциттер-1-5, өзгерген және қалыпты эритроциттер – 2-3; бірен-саран гиалиндік цилиндрлер. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 2600 мл болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,004-1, 015.

Қанында: мочевина-5,1 ммоль/л, креатинин-70 мкмоль/л.

  1. Науқастың зәрінде қандай патологиялық өзгерістер байқалған?

  2. Бүйректің фильтрациялық қызметінің бұзылуын дәлелдейтін белгілері бар ма?

  3. Бүйректің концентрациялық қабілетінің бұзылуын қандай белгілер дәлелдейді?

  4. Бұл жағдайда бүйректің концентрациялық қабілетінің бұзылу механизмі қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]