- •9.Орталықтан сығылған элементтер есебi
- •11.Металл конструкциялары қосылыстарының түрлерi.Дәнекерлік қосылыстар.Жіктер мен қосылыстар түрлері.
- •16.Кәдімгі жәңе жоғарылатылған берiктiктi болтты қосылыстар есебi
- •17.Жоғары берiктiктi болтты қосылыстар есебі.
- •22.Құрама арқалықтың жалпы орнықтылығы.
- •26.Арқалық қимасының ұзындық бойынша өзгеруі
- •27.Арқалықтардың ұстындарға тiрелулерi.
- •28.Ұстындар. Ұстындарды топтау.
- •29.Орталықтан сығылған ұстындар. Тұтас және қуысты ұстындар түрлері
- •30.Орталықтан сығылған тұтас қималы ұстындар есебi
- •32.Қуысты ұстындар жапсырмалары және көлбеулері есебі
- •33. Орталықтан сығылған тұтас қималы ұстындар базалары.
- •34. Орталықтан сығылған қуысты ұстындар базалары.
- •35.Фермалар. Фермалардың түрлері және қолдану салалары.
- •36.Фермалардың бас өлшемдері.Фермалар торлары жүйелері.
- •37.Фермаларды есептеу. Фермалар стержендерінін есептік ұзындықтары.
33. Орталықтан сығылған тұтас қималы ұстындар базалары.
Өзiнен жоғарыда жатқан конструкциялардың сығу күштерiн қабылдайтын және оны iргетасқа немесе өзiнен төмен орналасқан конструкцияларға жеткiзетiн тiк стерженьдердi ұстындар деп атайды. Ұстындар негiзгi үш бөлiктен тұрады: 1 – бас бөлiк, оған көтерiлетiн конструкция тiреледi; 2 – стержень, ол күштi қабылдайтын негiзгi бөлiк; 3 – табаны, күштi ұстыннан төмен орналасқан конструкцияға немесе iргетасқа жеткiзетiн бөлiк (11.1-сурет)
Ұстындарды топтау. Ұстындар жүктеменiң орналасу жағдайына байланысты орталықтан сығылған және орталықтан тыс сығылған деп бөлiнедi. Орталықтан сығылған ұстындарда бойлық күш ұстынның бойлық өсімен бағытталады да, қиманың біркелкі сығылуын тудырады.
Көлденең қимасының түрiне қарай тұтас немесе саңылаулы болып бөлiнедi. Тұтас қималы ұстындар прокатты қоставр, сақина түріндегі немесе түрлiше құрастырылып iстелген прокатты қималардан тұрады.
Тұтас қималы ұстындардың дайындалуы саңылаулыларға қарағанда жеңіл, дегенмен өте үлкен биіктікте және күштерде саңылаулы қималар өте тиімді болып есептеледі.
Орталықтан сығылған ұстындар үшiн оның көлденең қимасының және басты инерция өстерiне байланысты орнықтылығы қамтамасыз етiлуi керек. Мұндай талапты орындауда белдеуі енді қоставр, дәнекерленген қоставр және сақина тәрізді қималар қолданылады. Сонымен қатар, крест тәрiздi қима да екі өс бойынша орнықты болып есептеледi.
Орталықтан сығылған тұтас қималы ұстындар есебi. Алдымен ұстынға әсер ететін есептiк күш пен элементтiң есептiк ұзындығы анықталады: , мұндағы – ұзындықты келтiру коэффициентi, ол элемент ұштарының бекiтiлу түрiне байланысты; – ұстынның геометриялық ұзындығы.
Орталықтан сығылған элементтер есебi бiртiндеп жақындау әдiсiмен, иiлгiштiктi деп қабылдап жүргiзіледi.
Содан соң осы иілгіштік бойынша шартты иiлгiштiктi анықтайды: , ал бойынша анықталады:
, ;
, ;
, .
Бұл формулалар ЭЕМ-ді қолданған жағдайда өте ыңғайлы, ал қолмен есептеуде иілгіштік ҚМжЕ-гі кестеден алынады.
Содан соң көлденең қиманың керектi ауданы анықталады:
(12.1)
және қима пiшiнiнiң түрi тағайындалады.
Қоставр түрiндегi дәнекерленген көлденең қиманы тағайындауда мынадай шарттарға сүйенедi: белдеу үшiн қалыңдығы , ал қабырға үшiн 6–16 мм болатын бетті элемент қолданылып және жалпы қиманың 80 пайыз ауданы белдеуге келетiндей етiп құрады. Сонда болса, қабырға болады және де қиманың екі өсі бойынша орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн болғанда ; болғанда ; ал болса, деп қабылдайды. Орталықтан сығылған ұстындар үшін шектi иiлгiштiк .
Содан соң және анықталып, қима орнықтылығы тексерiледi. Дәнекерленген қоставр қимасы үшiн инерция моменттерi
,
ф ормулаларымен анықталады. Қима орнықтылығы қамтамасыз етілмеген жағдайда, қима өлшемдерін жуықтап жақындау әдісімен нақтылай түседі.
Көлденең қима тағайындалып, жалпы орнықтылық тексерiлген соң, белдеу мен қабырғаның орнықтылығы тексерiледi. Егер қабырға биiктiгiнiң оның қалыңдығына қатынасы болса, көлденең қабырғалар қойылмайды, егер бұл шарт орындалмаса, онда көлденең қаттылық қабырғалары бiр-бiрiнен қашықтықта қойылады (69-сурет).
