Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

29.Орталықтан сығылған ұстындар. Тұтас және қуысты ұстындар түрлері

Ұстындар жүктеменiң орналасу жағдайына байланысты орталықтан сығылған және орталықтан тыс сығылған деп бөлiнедi.

Орталықтан сығылған ұстындарда бойлық күш ұстынның бойлық өсімен бағытталады да, қиманың біркелкі сығылуын тудырады. Орталықтан тыс сығылған ұстындарда сығылу қима бойынша біркелкі болмайды, сондықтан мұндай ұстындар бойлық күш пен иілу моментінің біріккен әсерін қабылдайды.

Көлденең қимасының түрiне қарай тұтас немесе саңылаулы болып бөлiнедi. Тұтас қималы ұстындар прокатты қоставр, сақина түріндегі немесе түрлiше құрастырылып iстелген прокатты қималардан тұрады (11.2-сурет).

Тұтас қималы ұстындардың дайындалуы саңылаулыларға қарағанда жеңіл, дегенмен өте үлкен биіктікте және күштерде саңылаулы қималар өте тиімді болып есептеледі.

Саңылаулы ұстындар екi немесе төрт тармақты бөлек-бөлек прокатты қималарды жапсырмалар немесе торлармен қосу арқылы жасалады. Орталықтан сығылған ұстындар үшiн оның көлденең қимасының және басты инерция өстерiне байланысты орнықтылығы қамтамасыз етiлуi керек. Мұндай талапты орындауда белдеуі енді қоставр, дәнекерленген қоставр және сақина тәрізді қималар қолданылады. Сонымен қатар, крест тәрiздi қима да екі өс бойынша орнықты болып есептеледi

30.Орталықтан сығылған тұтас қималы ұстындар есебi

Алдымен ұстынға әсер ететін есептiк күш пен элементтiң есептiк ұзындығы анықталады: , мұндағы – ұзындықты келтiру коэффициентi, ол элемент ұштарының бекiтiлу түрiне байланысты; – ұстынның геометриялық ұзындығы.

Орталықтан сығылған элементтер есебi бiртiндеп жақындау әдiсiмен, иiлгiштiктi деп қабылдап жүргiзіледi.

Содан соң осы иілгіштік бойынша шартты иiлгiштiктi анықтайды: , ал бойынша анықталады:

, ;

, ;

, .

Бұл формулалар ЭЕМ-ді қолданған жағдайда өте ыңғайлы, ал қолмен есептеуде иілгіштік ҚМжЕ-гі кестеден алынады.

Содан соң көлденең қиманың керектi ауданы анықталады:

(12.1)

және қима пiшiнiнiң түрi тағайындалады.

Қоставр түрiндегi дәнекерленген көлденең қиманы тағайындауда мынадай шарттарға сүйенедi: белдеу үшiн қалыңдығы , ал қабырға үшiн 616 мм болатын бетті элемент қолданылып және жалпы қиманың 80 пайыз ауданы белдеуге келетiндей етiп құрады. Сонда болса, қабырға болады және де қиманың екі өсі бойынша орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн болғанда ; болғанда ; ал болса, деп қабылдайды. Орталықтан сығылған ұстындар үшін шектi иiлгiштiк .

Содан соң және анықталып, қима орнықтылығы тексерiледi. Дәнекерленген қоставр қимасы үшiн инерция моменттерi

,

ф ормулаларымен анықталады. Қима орнықтылығы қамтамасыз етілмеген жағдайда, қима өлшемдерін жуықтап жақындау әдісімен нақтылай түседі.

Көлденең қима тағайындалып, жалпы орнықтылық тексерiлген соң, белдеу мен қабырғаның орнықтылығы тексерiледi. Егер қабырға биiктiгiнiң оның қалыңдығына қатынасы болса, көлденең қабырғалар қойылмайды, егер бұл шарт орындалмаса, онда көлденең қаттылық қабырғалары бiр-бiрiнен қашықтықта қойылады (69-сурет).

Орталықтан тыс сығылған тұтас қималы ұстындар есебi. Қима бойлық күш және иілу моментi -ге есептелiп, олардың мәндері үй рамасының есебінен алынады. коэффициенті екi түрлi факторға: -шартты иілгіштікке және – келтiрiлген салыстырмалы эксцентриситетке байланысты. Қима ауданын Ясинский формуласын

қолданып, иiлгiштiктi , оларға сәйкес және ядролық қашықтық (қоставр қимасы үшін) деп алып, түрлендірулерден кейі

формуласы арқылы анықтайды, мұндағы .

31.Орталықтан сығылған қуысты ұстындар есебi.Саңылаулы ұстындардағы тармақтарды қосатын жапсырмалар мен торлар тармақтардың бiрiгiп жұмыс iстеуiн қамтамасыз етiп және ұстын қаттылығын арттырады (70-сурет).

Екі тармақты ұстындардың өсі бойынша инерция радиустары бір тармақты ұстындағы сияқты

формуласымен анықталады, мұндағы – сәйкесінше өсіне байланысты қиманың инерция моменті және ауданы (екі тармақтың); – сәйкесінше бір тармақтікі.

Тармақтарды байланыстыратын элементтердi – жапсырмалар мен торларды, стержень ұзындығы бойынша тұрақты деп қарап, шартты көлденең күшке – есептейдi:

.

Ол әрбiр түйiнге (узел) қадалып және тармақтың екi жағына бiрдей таралады, сондықтан әр жазықтықта күшi әсер етедi:

Көлбеудегі iшкi күш: ,

мұндағы – көлбеу тор мен тармақ арасындағы бұрыш.

Жапсырмалардың жарықтағы ара қашықтығы: .

Жапсырмалар иiлуге жұмыс iстейдi, ал иiлудi кесу күштерi туғызады және оның мәні түйіннің тепе – теңдік шартынан анықталады: ,

мұндағы – жапсырмалар арасындағы қашықтық; – тармақтар өстері арасындағы қашықтық.

Жапсырманы ию моментi .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]