- •9.Орталықтан сығылған элементтер есебi
- •11.Металл конструкциялары қосылыстарының түрлерi.Дәнекерлік қосылыстар.Жіктер мен қосылыстар түрлері.
- •16.Кәдімгі жәңе жоғарылатылған берiктiктi болтты қосылыстар есебi
- •17.Жоғары берiктiктi болтты қосылыстар есебі.
- •22.Құрама арқалықтың жалпы орнықтылығы.
- •26.Арқалық қимасының ұзындық бойынша өзгеруі
- •27.Арқалықтардың ұстындарға тiрелулерi.
- •28.Ұстындар. Ұстындарды топтау.
- •29.Орталықтан сығылған ұстындар. Тұтас және қуысты ұстындар түрлері
- •30.Орталықтан сығылған тұтас қималы ұстындар есебi
- •32.Қуысты ұстындар жапсырмалары және көлбеулері есебі
- •33. Орталықтан сығылған тұтас қималы ұстындар базалары.
- •34. Орталықтан сығылған қуысты ұстындар базалары.
- •35.Фермалар. Фермалардың түрлері және қолдану салалары.
- •36.Фермалардың бас өлшемдері.Фермалар торлары жүйелері.
- •37.Фермаларды есептеу. Фермалар стержендерінін есептік ұзындықтары.
34. Орталықтан сығылған қуысты ұстындар базалары.
Ұ стындар жүктеменiң орналасу жағдайына байланысты орталықтан сығылған және орталықтан тыс сығылған деп бөлiнедi. Орталықтан сығылған ұстындарда бойлық күш ұстынның бойлық өсімен бағытталады да, қиманың біркелкі сығылуын тудырады. Орталықтан тыс сығылған ұстындарда сығылу қима бойынша біркелкі болмайды, сондықтан мұндай ұстындар бойлық күш пен иілу моментінің біріккен әсерін қабылдайды. Орталықтан сығылған ұстындар үшiн оның көлденең қимасының және басты инерция өстерiне байланысты орнықтылығы қамтамасыз етiлуi керек. Мұндай талапты орындауда белдеуі енді қоставр, дәнекерленген қоставр және сақина тәрізді қималар қолданылады. Сонымен қатар, крест тәрiздi қима да екі өс бойынша орнықты болып есептеледi.
Орталықтан сығылған ұстындар қимасы, әдетте белдеулері (сөрелері) қима ішіне қарай орналасқан екі швеллерден құралады. Мұндай стерженьдер екі тармақты деп аталады. Қималардың бірдей габариттік өлшемдерінде швеллер белдеулерін қима сыртына қаратып орналастыру, материал шығыны тұрғысынан қарағанда тиімсіз, ондай қималар өте сирек қолданылады. Үлкен жүктемелерде екі қоставрдан құрылған қима қолданылады. Орталықтан тыс сығылған ұстындарда қималар симметриялы және симметриясыз болуы мүмкін. Соңғылары шеткі ұстындар үшін қарастырылады. Өте ауыр крандық жүктемелер әсер ететін ұстындарда швеллер қимасы қуаттылығының аздығына байланысты, оны бетпен жалғасқан екі бұрыштамамен алмастырады.
Мачталар, жебелер және соларға ұқсас басқа конструкциялар үшін құрама саңылаулы қима ретінде төрт тармақты, кей жағдайларда үш тармақты стерженьдер қолданылады. Оларға тор арқылы байланысқан төрт бұрыштама, үш сақина тәрізді қималар жатады. Тармақтардың біріккен жұмысын байланыстырғыш тор қамтамасыз етеді. Тор түрі стерженнің орнықтылығына әсер етеді. Торларды көлбеусіз, беттік жапсырма түріндегі және жалғыз бұрыштамадан жасалатын көлбеулі деп бөледі. Көлбеусіз тордың дайындалуы оңай, металл шығыны аз, бірақ көлбеуліге қарағанда, көлденең күштерге қарсыласуы төмен. Өте үлкен күштерде, орталықтан тыс сығылған ұстындарда көлбеу торлы жүйе қолданылады.
35.Фермалар. Фермалардың түрлері және қолдану салалары.
Фермалар деп, иілуге жұмыс істейтін геометриялық өзгермейтін торлы конструкцияны атайды.
Фермалар түйіндерінің қаттылығы оның стерженьдерінің жұмысына болмашы әсер етеді, сондықтан бұл конструкцияларды топсалы-стерженьді жүйелер ретінде қарастыруға болады.Фермаға түсетін жүктеме әдетте түйіндерге қадалады. Бұл жағдайда фермалар стерженьдерінде осьтік созылу мен сығылу күштері пайда болады. Фермаларды шартты түрде жеңіл және ауыр фермалар деп бөледі. Жеңілдерін бір жапсырма немесе жапсырмасыз құрастырады, ал ауыр фермаларда әр түйін екі немесе одан көп жапсырмалар көмегімен құрылады.
Фермалардың кескіні ғимараттың тағайындалуына, ферманың статистикалық схемасына,жүктеме түріне және өзге факторларға байланысты болады. Теория жүзінде ферма кескінінің ең қолайлысы болып,олардың моменттер эпюраларына сәйкес келетіндері есептеледі. Дегенмен фермаларды қисық сызықты белдеумен әзірлеу айтарлықтай қиын, одан басқа мұндай белдеулерде олардың жұмысын нашарлататын, айтарлықтай иілу моменттері пайда болады. Жеңіл фермалар үшін трапеция түріндегі, параллель белдеулі фермалар қолданылады. Өнеркәсіптік ғимараттарда мақсатына және пайдалану шарттарына байланысты келесі фермалар түрлері болады: белдеулері параллель; екі еңісті трапециялы; үшбұрышты.
Белдеулері паралель және екі еңісті трапециялы фермалар рулонды және мастикалық шатырларда қолданады
Үшбұрышты фермалар толқынды асбестцемент жаппалардан жасалған шатырларда
