- •11. XIX ғасыр мен XX басындағы этнопедагогиканың негізін салушылар
- •13. Ақын-жыраулар мен билердің шешендік сөз өнеріндегі тәлімдік ойлары
- •15. Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты
- •16. Қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін марапаттаудың әлеуметтік мәні
- •19. Асанқайғы шалкиіздің этнопедагогикалық идеялары
- •20. Халық педагогикасындағы толық адам тәрбиелеу қағидалары
- •41 Махмуд кашгари енбектери жане олардын этнопедагогикада алатын орны
- •71. Бұхар жыраудың этнопедагогикалық идеялары
- •72. Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі орны.
- •73. Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
- •74. Қазақтың ұлттық педагогикасы мен психологиясы
- •75.Этникалық тәрбие
- •76. Қазақ этнопедагогикасындағы қазақ халық философиясының ролі
- •77. Қорқыт ата жырларындағы тәлімдік ой-пікірлер
- •78. Халық педагогикасының ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы рөлі
- •79. Тыйым сөздер, тәрбиелік мәні
41 Махмуд кашгари енбектери жане олардын этнопедагогикада алатын орны
Түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген келесі бір талантты перзенті МАХМҰД КАШҒАРИ. Кашғари көтерген қай мәселе болмасын деректі материалға негізделіп, білімдік-тербиелік мәнділігімең ерекшелетіндігі "Сөздіктегі" табиғатпен біте қайнаскан халық болмысын кеңінен баяндап, оның сан-салалы тіршілігінің көптеген жәйттерін ашып беруге көмектесетін автор мәлімдеулері мен біртуар ғалымның туған өлкенің географиялық жағдайларына халыктық астрономиялық білімдеріне қатысты талдауларынаң да айқын байқалады. Ел тұрмысын үңіле зерттеген ғалым еңбектің түгелдей бір тарауын түркілердің уақыт есебін жүргізу, жыл маусымдарын белгілеу мөселелеріне арналған. "Түркілер он екі жыдды он екі хайуанның атымен атайды. Балаларының жасы мен өткен күндердегі соғыс тарихын, сол сияқты түрлі есте түтар шақтарды жылдардың айналуымен есептейді", - деп көрсетеді. Кашғари халық өмірінде елеулі роль атқарған кезендік жылнама жайында. Әрі қарай әрбір жылдың тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталатынын тізбелей келе, автор былай деп жазады: "Айлардың атына келетін болсақ, шапарларда айлардың аттары арабша қодцанылады. Көшпенді өмір сүретін, мұсылман болмаған түркілер жылды төрт маусымға бөліп, әр үш айды бір атпен атайды. Жылдың етуін сол тәсілмен белгілейді. Мысалы, наурыздан кейінгі көктемнің алғашқы айы Лақ айы, келесі айды Үлкен лақ айы деп атайды. Бүл айларда лақ марқаяды, семіреді. Бұдан кейінгі айды Ұлы ай дейді. Бұл ай жыддың ортасында келеді. Бүл уақытта жердің жүзі жеміске толып, мал әбден семіреді. Ақ көбейеді"/.../. Қашғари көрсетуінде - ай отыз күннен тұратын уақыт өлшемі. Бір айлық уақыттың өтуі - айдың дәуір сүруімен есептелгендіктен, жылдың он екіден бір бөлігі де Ай деп аталады "Түркі халықтарының жыл қайыруы" деп аталатын бұл тараудағы халыктық наным-сенімдерге қатысты деректер де аса қызғылықты. Кашғари айтуынша түркілер осы жылдардың әрқайсысында бір қасиет бар деп есептейді: олардың пайымдауында, Сиыр жылы кірсе, ұрыс-жанжал көп болады. Себебі, сиыр бір-бірімен кеп сүзісетін мал. Тауық жылы кірсе, азық-түлік кебейеді. Өйткені тауықтың жемі – дән. Ұлу жылы кірісімен жауын-шашын кебейіп, астық бітік еседі. Себебі Ұлу суда өмір сүреді. Доңыз жылы кірсе, қар қалың жауып, суық қатты болады. Өсек-аяң көбейеді. Осы сияқты әрбір жылда түркілер бір нышан бар деп есептейді, - деп атап көрсетеді халыктың түрмыс-тіршілігі мен салт-сана дөстүріне байланысты үғым-түсініктерінің астарына терең үңіліп, айрықша зер салған білімпаз. Энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым халықгың тіршілік әрекеті мен тарихи тәжірибесі негізінде туып, қолданысқа түскен білімдерінің танымдық. қызметін жоғары бағалайды. Табиғатқа жоғары құндылық деп қараған әлеуметтік бағдардың қорғаушысы ретінде көрінеді. Халқымыздың өмірінде аса зор тұрмыстық-шаруашылық мәні болған астрономиялық түсініктер мен аспан жұлдыздары ілімінің көне түрік дәуірінен бері жалғасып келетін тарихи бағалылықтар екендігін қисынды дәлелдейтін нақты мөліметтер осы жазбада жүр. "Үркер", "Жетіқарақшы", "Темірқазық" атаулары мен Аспан Әлемін арнайы тақырыпқа айналдырған өзге де бірқатар материалдар Қашғари үшін түркілердің табиғатты тану мәдениетін кейінгілерге жеткізу құралы болғандығын байкатады.
42 кыз бала тарбиесиндеги халыктык салт дастурлердин алатын орны
Үлгілі қыз өсірген,
Миуалы бақта көсілген.
Үлгісіз қыз өсірген
Тірлікте текке есірген.
Бейпіл өскен қыздарда,
Қилы-қилы қылық болар.
Мән бермесе оларға,
Қызда бейбас құлық болар,деп
Қыз баланың ақылды, тәрбиелі болуын, оны өсіруде қателіктер
жібермеуді талап еткен, қыздардың инабатты, ибалы болуын арман еткен. «Қызға қырық үйден тыю» деген қазақ тән болған көне тарихымыздан салтымыздан білеміз.Ендеше Сейтен Сауытбек ұстаздың қыз бала тәрбиесіне деген жанашырлығы, жанайқайы өте дұрыс деп білуіміз керек.
Қыз ұзату
«Қыз көру» салты кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз, сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп, қыз ауылына барады. Қазақта «қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді?» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады. Ондай жігіттерге ешкімнің наразылық білдіруге, тосқауыл жасауға хақысы жоқ. Керісінше жігіттерді салтанатпен қарсы алған. Ауылдың бойжеткен өр мінезді, еркін қыздары мұндайда «қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке олар да сын көзбен қарап, өз ойын ашық айтқан. Осындай жолда бірін-бірі сынаған қыз-жігіттер айтысқа түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген. Демек, жігіт пен қыз бірін-бірі ұнатқан жағдайда да құдалық жолы жасалған. Олай болса, қыз бен жігіт бірін-бірі ұнатып қосылған, сүйіп қосылған кездері қазақта ертеден болған. Әрине, қазақ салтында «қыз таңдау», «қыз көру» әр кезде бола бермеген. Оған аты белгілі адамдардың балалары мен жігіттердің ғана қолы жеткен.
*****
Қыз айттыру
Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. «Анасын көріп, қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстайды. Яғни болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден, аталы, іргелі ауылдан қарайды. Тұқымында, тегінде ауруы бар отбасының қыздарына сөз салмайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып, балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, өздерінің құда болу ниетін білдіреді. Мұны «қыз айттыру» дейді. Бұл жолдың да түрлі ереже, тәртіптері бар. Егер балалар (ұл,қыз) жас болса, тіпті іште жатса да ерте келіп сөз байласады. Мұндай адамдар көбіне бірін-бірі жақсы білетін, өте сыйлы дос кісілер арасында болады. Олар алдымен іште жатқан балаларын бір-біріне қосу туралы келіседі. «Атастыру» деген – осы. Мұны «бел құда» дейді. Кейде қыз алған құда енді сол үйге өз қызын беретін болса мұны «қарсы құда» дейді. Бұрын құда болған кісілер құдалықты тағы жалғастыратын болса, оны «сүйек жаңғырту» деп атайды. Қыз бойжеткен, ұл ержеткен жағдайда екі жасты қосу «құда түсу» арқылы жасалады.
Қазақтың ертеден белгіленген заңы бойынша жеті атадан бері қыз алыспайды.қазақтың тағы бір жазылмаған заңы - әйел күйеуден сегіз жас, еркек әйелден жиырма бес жас үлкен болса, қосылуға рұқсат етілмейді. Әрине, әмеңгерлік жолда мұндай некелік ережелер мен шектеулерге қарамайтын жайлар да болған. «Қыз айттыру» - баталасу жас отаудың беріктігін, сенім мен сыйластықтың негізін қалайды.
*****
Құда түсу
Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан әрі жарасты дәстүрлердің бірі – құда түсу. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын өз ұлына қалыңдық етіп беруін сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп. Мысалы, құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр жегізу, тағы басқа ырымдар мен кәделері, алымдары болады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне «бауыздау құда» деп аталады. Құда түсу – қазақтың ең үлкен той-думаны, мәртебелі, жарасты әрі мән-маңызы бар салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын сауық, әзіл-қалжыңдар, балуан күрес, айтыс, өлеңдер айтылады. Екі жақта бір-бірінің артықшылығын байқап, кемшілігін сынап отыратыны – бесенеден белгілі.
******
Бата аяқ
Екі жақтық келісімнен кейін жігіт әкесі қыз ауылына келіп «бата аяқ» өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалыңмал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді. Батаның ек» түрі бар: біріншісі – кесімді бата жасау, яғни мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері, алыс-беріс, келу-кету, т.б. Екіншісі – кесімсіз бата, яғни мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді. Жағдайға, уақытқа қарай кейін белгіленеді. Ауқатты, елге есімі белгілі адамдардың құдалығына «бас жақсы», «аяқ жақсы» деген ірі, бағалы кәделер болады. «Бас жақсыға» - боталы түйе, құланды бие, жағалы киім, бағалы бұйым, алтын, күміс жамбылар жатады. «Орта жақсыға» - ең жақсы түйе не ат. «Аяқ жақсыға» - ат, сиыр, қой, т.б. жатады.
*****
Құда тартар
Қазақтың жол-жоралғылары, салт-дәстүрлері, түрлі ырым-тыйымдары мен кәде түрлері көп. Солардың ішінде қыз алуға келген құдаларға жасалатын құрмет те аз емес. Сол сияқты, олар тартатын күлкілі азап та көп. Олар «құдаларын құдайындай сыйлай» отырып, «құда тартар» атты кәделі дәстүрден аттап өтпейді. Бұл – ойын-күлкіге, сауыққа, сынға құрылған салт. Мұнда құда тартар кәдесін сұрай келген әйелдер бастаған топ құдаларға лап қояды да, оларды көкпар тартқандай тарта жөнеледі. Әрине, қарулы жігіттер мен жас әйелдер араласады. Олар құдаларды теріс қаратып өгізге мінгізеді, «кірлеп кетіпті ғой» деп өзенге апарып сүңгітеді, аяғын жоғары қаратып үйдің шаңырағына да асып қояды. Не керек, жұрт күлетін қиын да, кейде ерсі қимылдарға да барады. Бұған құдалар ашуланбайды. Қолынан келсе, олар да құдағи жағына күш көрсетіп, оларды қоса құшақтай кетеді. Мұның өзі жұрттың көңілін көтеретін бір үлкен ойын-сауыққа ұласып кетеді.
******
Қыз ұзату тойы
Ұзату тойында қыздың өз туыстары мен құрбы-құрдастары отырады. Ата дәстүріміз сол. Қазақ қызы әкесі мен ағаларының, өзге аталас туыс-бауырларының көзінше жігіттің жанына жақындауға ұялған.
Қазақ салтында жеңгелері қайын сіңлісінің қолын ұстатып, күйеу жігіттен «қол ұстатар», шашын сипатып «шаш сипатар» сыйлықтарын алған. Бұл, бір жағынан, жастар үшін сын болған. Осы сында қыздың ұяңдығы, ұялшақ, ибалы мінезі, тазалығы мен пәктігі, ал күйеу жігіттің тектілігі, жомарттығы көрінген. Және бұл жоралғылардың бәрі жас жұбайларға арнап тігілген оңаша отауда жасалған.
Қыз ұзату – үлкен той-думан әрі қызық болғанымен, бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны – «қызым өсті, өрісім кеңейді» дейді, жылайтыны – қимастық көңілі, бағып-қаққан перзентінің жатжұрттық боп кете баратыны...
Қызды алуға құда жақтан бес не жеті (тақ санмен), кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жігіт пен күйеу жолдас болады. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар, әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде-жоралар жаслады. Жақын адамдар (ағайын-туыс, көрші-қолаң) құдаларды үйіне шақырады.
Ұзатылған қызды, дәстүр бойынша, таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», «Сыңсу» айтады, жастар «Жар-жар», «Ау-жар», «Аушадияр» айтады.
*****
Ау-жар
Ұзатылып бара жатқан қыздың «сыңсуы», «қоштасуы» - ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, туған ел-жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Қыз жылап қоштасқанымен, бұл қайғы емес, қимастықтың белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар өлең жырды үстемелей түсіп, айтыс түрінде «жар-жар», «ау-жарды» төкпелейді. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе «ау-жар», біресе «ай-ау», біресе «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те айтыла береді. Олардың мынадай үлгілері бар:
Буынғаным беліме кісен бе еді, ау-жар, ау,
Бекем бусам белімнен түсер ме еді, ау-жар, ау,
Әкең барып шешеңді ап келмесе, ау-жар, ау,
Мұндай азап басыңа түсер ме еді, ау-жар, ау!
Мінген де атың боз ғана, бике-ау,
Күйеуің сенің бозбала, бике-ау.
Өксігің сенің басылмас, бике-ау,
Әлдилеп бала сүйгенше, бике-ау.
Мінген де атың жиренше, үкі-ау,
Тықыршып тұрар мінгенше, үкі-ау,
Қыз көңілі басылмас, үкі-ау,
Әлдилеп бөпе сүйгенше, үкі-ау!
Кеттің, кеттің деуші едің, кеттім, апа-ай, ау,
Ерттеп қойған атыңа жеттім, апа-ай ау,
Шымылдығын желпе сал, көрсін апам, ай-ау,
Көзіңнің жасын қойныңа, төксін апам, ай-ау!
******
Сыңсу
Халқымызда тұрмыс салт жырларының ең көп тарағандарының бірі – сыңсу. Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар, «сыңсу» айтып қоштасады. Бұл сәтте оның жанында жеңгелері жүреді. Ол өзінің балалық дәуренің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата-анасының, туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді.
Базардан келген құйысқан,
Тарамай шашым ұйысқан.
Келіп кетіп жүріңдер-ай,
Сағындырмай туысқан, - деп өзінің өтінішін де айтады.
Қыздың сыңсуы жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салтанатты салт. Бұл адамгершілік, әдептілік жағынан алғанда да өте орынды дәстүр. Өйткені балалық күндерден ағайын ортасынан бөлініп кету оңай іс емес.
******
Қоштасу
Ұзатылатын қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата-анасымен, аға-інісімен, сіңлісі, жақын-жуықтарымен қоштасу жырын айтады.
Әуеден ұшқан бұлдырық,
Құбыладан соққан ызғырық.
Жатқа кетіп барамын,
Жаратқан соң қыз қылып.
Атасы жақсы құл болмас,
Анасы жақсы күң болмас.
Оң жақтан кетіп барамын.
Қыз еркелеп ұл болмас, - деп өзінің жат жұрттық болып жаратылғанын жырға қосады. Ең соңында:
Жанымдағы қыным-ау,
Сіңлілерім мен інім-ау.
Жыл айналып келгенше,
Қош аман, бол күнім-ау, - деп бауырларымен қоштасады. Мұнда «жыл айналып келгенше» деген сөздің мағынасы бар. Өйткені дәстүр бойынша, ұзатылған қыз жыл толмай өз үйіне бара алмайды. Барған жеріне «тастай батып, судай сіңу» үшін, екі жақтың әңгімесін тасымас үшін... тағысын-тағылар. Қазақтың бұл философиясының төркінінде, әрине, жас отбасының берік қалыптасу мектебі жатыр.
Қоштасу қазақ халқының бауырмалдық, әңшілік, айтқыштық қабілетін көрсететін тұрмыс салт жырларының ішінде көркем де көрнекті дәстүр. Қоштасу жыры соңынан қыздың жеңгелері мен серіктері:
Жылама, бикем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Ұл болып тусаң әуелден,
Сені мұндай қыла ма? – деп оған жұбату айтып, келешегіне жақсы тілек білдіреді.
Салт жырларының тәрбиелік маңызы зор. Мұнда ұлттық дәстүр, халықтық қағида, ағайын-туыстық қимас сезім, алдағы арман... бәрі де бар. Қоштасу, жұбату жыры сонысымен құнды.
43
Уа, әкелер, ойласаң ұлдар жайын,
Хас батыр бағыландай еткен дайын,
«Алыптай екен» десін жат жастары,
Ер қазақтан ез тумас етпе уайым.- деп
ер балаларды батыл,өжет, шыныққан шымырлы етіп тәрбиелеуді әкелерге аманат еткен.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді халқымыз. Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Ата-анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін аман сақтап қалу үшін жанын қиған ұлдың өлімі – ең бақытты өлім болып табылады» – деген Баласағұнидың ұстазнамалық тұжырымдамасында осындай керемет ойлар жатыр. Шығыстың басқа ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған баласы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйенген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп аталады. Қазақ халқының менің ұлым деп көкірек қағып, мақтаныш тұтар ұлының қандай болу керектігі туралы халықтың талғамына сай бейнеленеді: а) кескін-келбеті: «Еңсегей бойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, кең маңдайлы, кең иықты, жуан білекті, темірдей саусақты». ә) қадір-қасиеті: «Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, жау жүректі, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ». б) қабілет-икемі: «Көсем жігіт» – ел басқаратын жігіт, «Шешен жігіт» – дау шешетін тұлға, «Батыр жігіт» – еліне қамқор, жауына алаберен жігіт, «Сері жігіт» – аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, ат құлағына ойнап, ер қаруы – бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. «Жомарт жігіт» – дастарқаны берекелі, пейілі кең, өзі жайдары, «Палуан жігіт» – мойыны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің көзінен өтердей епті, алып күш иесі. Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, нәтиже де берері анық. Ал, керісінше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басын да асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман», «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Бала тәрбиесі – бесіктен» деп түйіндей отырып, ер бала тәрбиесінің отбасында және мектепте қыздармен қатар берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені, ер баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі өнеге көрсетумен байланысты. Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша қарастырған жөн. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің моделін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардың бойына мақтаныш сезімін туғызу ата-ананың бірден бір міндеті. Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезділер де кездеседі. Мамандар мұны ер-азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының салдары дейді. Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде ұлды тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет. Ата-бабамыз қан тазалығына, тектілікке қатаң қараған. Қазақта «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Жеті атаға дейін өз руының қыздарына үйленбеуге тырысқан. Қазақтар ұлдарын он үш жасында отау иесі деп дайындаған. Бала дүниеге келгенде кіндігін кім кеседі, бесікке кім бөлейді сол адамға тартады деп те ырымдаған. Адамгершілік, қайырымдылық, әдептілік сияқты қасиеттер үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді дана халықымыз. Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөзі бар. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Бала кезінде ұлдың жұмысы, қыздың шаруасы деп бөлген дұрыс емес. Ата-анасына көмектескісі келсе, қолын қақпау керек. Бала әкені сенімді дос ретінде санайтын болсын. Үлгі тұтатын әке болсаңыз, бала сізге адал дос, қолдаушы болады. Ұл бала ерлерге тән ойлау жүйесін, жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты бойына қайдан сіңіреді? Қыздардың – анасына, ұлдардың – әкесіне еліктейтіні анық. Ұл бала әкесіне ұқсас болғанын қалайды. Ұл үшін әкесінен асып түсер мықты адам жоқ: ол көлік айдайды, ауыр заттарды оп-оңай көтереді, ештеңеден қорықпайды. Қазақта үстелдің төрінде әкенің тұрақты орны бар, оған басқа ешкім отырмайды. Балалары әкесі наннан ауыз тигеннен соң тамақтануға кіріседі, сосын әкелерінің ас қайыруынан соң ғана орындарынан тұрады. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой деп мақтайды. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан оң моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. Қазақта ұлдар әкесі немесе атасының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі дей отырып, баласын оқытып, жақсы көріп, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру – қазақ отбасының басты міндеттерінің бірі. Қандай ата-ана болсын баласының дұрыс адам болғанын, өзінен артық болғанын қалайды. Бұл – ниет қана. Тәрбие беру барысында қателіктерді болдырмау, жетістікті нәтиже алуда тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы қажеттігін ата-ана ұғына бермеуі мүмкін.
44 Халыктык педагогикада урпкты тарбиелеуде отбасынын роли
тбасы тәрбиесі-қоғам негізінің бастауы. Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты. Ерте кезде балалар оқыса да, оқымаса да дін талап еткен тұрмыс ережесін білуге, орындауға тиісті болған. Ғасырлар бойы қалыптасқан, халық дәстүрлері мен салттары болған, отбасы тәртібі солар арқылы қатаң реттеліп отырған. Мысалы: қызға қандай киім лайықты, шашты бір өрім бе, әлде екі өрім етіп өруі дұрыс па, оны шашбаумен сәндеу керек пе, не орамалдың, не кимешектің астына жасырып қойған жөн бе? дейтін жайларды жіктеген. Ал, қазіргі кезде қыздарымыздың кіндігін көрсетіп жүруі, жарассын-жараспасын киімдерді киюі, өміріміздің бір бөлшегіне айналғанын жасыра алмаймыз. Баланың жақсы адам болуы тек ғана өмірдің ағымынан қалмай киіну ғана емес, ең негізгісі өмірден өз орнын таба алатын азамат ретінде тәрбиелеу жағы ақсап жатады. Ұрпақ – болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы кішкене мемлекет. Отбасында ынтымақ болмауынан, ерлі-зайыптылар арасындағы алауыздықтан, бірінің сөзін екіншісі тыңдамауы, бала тәрбиесін тым қиындатып жібереді сондықтан ата-ана беделден, тіл алғызу ықпалынан айырылады. Кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды. «2» алса жаман, «5» алса жақсы. Оқу жылы ішінде бірде-бір рет балаларының сабағына қатыспайтын ата-ана, баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын кездері де аз болмайды. Міне, сондықтан отбасындағы білім беру бағытындағы тәрбиесі жайына қалады. Отбасының аса маңызды міндеттерінің бірі-баланы жарқын істерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу екендігін естен шығарып алған қаншама ата-ана бар десеңізші. Халқымыздың «Балаңды бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлындай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана» деген өмірлік қағидасы бар емес пе! Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы, ата-ана тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы ата-анасы» демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет солай қалыптасады. «Болса тәртіп, бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан аулақ болуы керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орны ерекше. «Қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол», «Ұл туса елдің қорғаны, Қыз туса елдің көркі» деп халқымыз бекер айтпаған шығар. Мұның бәрі әке-шешенің бала тәрбиелеудегі өздерінің үлгі-өнегесіне де тікелей байланысты болмақ. Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп, ол туралы да өзіндік ойларды қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған айуанның бірі боласың. Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың» деп отбасында баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын жоғары қоя білген. «Ата – ана балаға сыншы». Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, немен айналысып жүргендігіне жіте көңіл бөлсе, мерзімдік басылымдарға жаздырып, әдеби шығармаларды оқуға жасынан дағдыландырса кейін бармақ тістейтін оқиғалардың алдын алуға болар еді. Үлкенді құрметпен қадір тұту, ілтипатты қарым-қатынаста болу, сыйласа білу, ата-ананы қартайғанда қарау, кішіге қамқор болу-бұл қазақ халқы үшін жазылмаған заңдар. «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды», «Аға әдепті болса, іні әдепті, апа әдепті болса, сіңлі әдепті» т. б. мақалдардан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиеге ерекше назар аударғанын көреміз, Сонымен, ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі – нәзік те күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала – өмірдің гүлі, сол әлеуметтің болашағы. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек. Адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ. «Біздің балалар-біздің қарттығымыз, жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз» демекші кең байтақ елімізде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік, шарапаттылық салтанат құрып үйлесімділік тауып жатса, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаятынын естен шығармауымыз керек.
45 этномадени билим беру жане оны ендирудин негизги жолдары
«Әр халықтың мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен дараланып көзге шалынады. Алайда басқа халықтардың әсерінсіз таза, дара ұлттық мәдениет тіпті де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материалдық және рухани байланысы, қарым-қатынасы арқылы олар бір-бірін мәдени байлығы жағынан толықтырады» – дейді С.Н.Артоновский. Әрүрлі ұл пен халықтарда кездеспейтін, қайталанбайтын таза ұлттық салт-дәстүр ешбір елде болмақ емес. Бір ұлтта бар салт-дәстүрлер, ұлттық ою өрнек, тағам, спорттық ойын түрлері екінші бір ұлтта да белгілі ұқсастықпен және өзіндік ерекшелігімен көрініс береді.
Этномәдени білім беру стратегиясы – өз тарихын, мәдениетіне тиісті сфера арқылы берілуіне негізделген, ұлттық этномәдени ұқсастығын жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге, белгілі мемлекетте тұратын барлық этностардың мемлекеттік интерациясы маңызды болып табылады. Ал бұл жағдай білім беру жүйесі арқылы тиімді жүзеге асырылады.
Этномәдени білім беру – ана тіліне, мәдениетіне қатыстырып және әлеуметтік мәдениетті қабылдау арқылы этномәдени ұқсастығын сақтауға бағытталған. Сонымен бірге ол трансляциялық, дамытушылық, диференциялық және интеракциялық функцияларын атқарады.
Этномәдени білім беру негізгі тапсырмаларының бірі – ол өз мәдениетін ғана біліп қоймай, сонымен бірге тұтас дүниеге көзқарасы қалыптасқан мәдени тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
С.Хантингтон өзінің аты шулы «Өркениеттер қақтығысы» (2003) деген еңбегінде мынадай ой-пікір айтқандай болатын, яғни, «жалпы, ұлт болған жерде ұлттық идея болады». Менің өзімнің пікірімше, (бұл кітаптың да мазмұнында бар), ұлт болу үшін үш үлкен ұлттың тірегі бар. Бірінші – ұлттың жері, екінші – ұлттың тілі, үшінші – ұлттың мәдениеті. Бұл мәдениетке мен дінді де қосамын. Дін сенім емес, дін – мәдениет. Сондықтан осы үш тірек мықты болса, ұлт жұтылып кетпейді. Ұлттық идеяны осы үш маңызды қырынан қарап, осы мәдени, рухани жағынан ұлтқа күш беретін факторлар осылар- деген пікір білдірген болатын.
Қорыта келгенде мәдниетті орта, адамдардың өмір сүруінің жиынтығы ретінде, өзіндік өнім береді, айталық: ұлттар, этностар арасындағы жағымды қарым-қатынас; мәдени ошақтардың бірлігі; халықтар достастығы және т.б. Жалпы «орта» деген ұғым географиялық, биологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, заң, медициналық әдебиеттерді кең таралған. Бұл ұғым ішкі бір нәрсенің адамға немесе адамдарды қоршаған нәрсеге қатынасы бойынша қолданылады. Яғни, орта нысанның құрамындағы субъектіден тыс зерттелетін нәрсе. Ол кез-келген қоршаған орта – достар, отбасы, еңбек ұжымы, мекен-жай, көршілер, табиғат, климат, өнер орталықтары, мәдениет ошақтары және т.б.
Этномәдиет мәселелерін зерттеген ғалымдар еңбектеріндегі құндылықтар, тарихи мұраларды зерттеп оны студент жастардың жадына сіңіру қазіргі таңның басты мәселерінің бір
Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты , ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет және де қоғамдық қажеттілік.
Қай уақытта да қай ұлттың болсын көзі ашық , көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып жүрген өзекжарды мәселелердің бірі –ұлттық білім беру. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан , баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиеленуі тиіс» деп Мағжан Жұмабаев ұлт тәрбиесінің бағытын көрсетіп берген.Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да , салауатты , ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол , мәдени –ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу –қоғам алдындағы басты міндет және де қоғамдық қажеттілік.
Этномәдени білім беру дегеніміз жастарға шығармашылығын дамытатаын мүмкіндіктер , ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы, тілі , ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты , Отанын сүйетін , адамгершілігі мол,рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке тұлғаны тәрбиелеу.Этномәдениет ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына.Халқымыз өз ұрпағын ізгілікке инабаттылыққа , адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат санаған.Олай болса , бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру қажет.Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай «өткенін білмеген , одан тәлім-тәрбие , ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі тұрлаусыз».
і.
46 Казах этнопедагогиккасындагы тарбиенин мазмуны
Казах Халықтық педагогикасында - халық арасындағы тәрбиенің мақсаты мен міндетін халық арасында үстем болған көзқарастардан, тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары мен іскерлік, дағдыларының жиынтығынан керінетін эмпириялық педагогикалық білімдер мен халық бұқарасы тәжірибесінің алаңы. Халықтық педагогикалық зерттеудің көзі педагогика мазмұнды және сол бағыттағы ауыз әдебиеті, этнографиялық материалдар, халықтықтәрбие материалдары, ойындар, ойыншықтар, халықтық және жастар мерекелері, отбасылық тәрбие тәжірибесі т.б.
Халықтық педагогика - ойыншықтарда, ойындарда, дәстүр, әдет, ырымдарда, тәрбие және мінез-құлық жиынтыктарының ережелерінде, батырлық дастандарда, халық ауыз шығармашылығында сақталған тәрбиелік және педагогикалық мәліметтер жиынтығының тарихи пайда болуы. Халықтық педагогикаға кемшіліксіз тәрбиелеумен қатар, оған қол жеткізудің жолдары мен құралдары енеді. Халықтық педагогика құндылықтары өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында ұрттық сананы қалыптастыруға жаңа оку-тәрбие үдерісіне бағыттауға, оның бойында әлемдік мәдениетте өз ұлтының, этностың рөлі туралы тусінігін дамытуға көмектеседі.
Халықтық педагогика (этнопедагогика) білім жиынтығы және тәрбие дағдысы этномәдени дәстүрде сақталып қалған, халық этникасында және көркемдік творчествасында, тұрақты ұлттық спецификалық қарым-қатынас формаларында және уәкілдердің әртүрлі нәсілдермен және ең маңызды болып келетіні бірлік және этностық бүтіндігі.
Халықтық педагогика - ол ұлттың мәдени сызығын өзінде сақтаған, әдістері және тәрбие дағдысы, өзіндік халықтың жиналу және басқа этностардың салты. Оқылудың көз бұлағы халық-педагогика фольклор-этнографиялық және антропологиялық материалдар, археологиялық, табыстар, мемуарлық әдебиеттер және т.б. нормативті талаптар болып табылады.
Халықтық педагогика - көбінесе халық шығармашылығынан шығарылып тастау керек (фольклорлық педагогикалар). Фольклордың мәтіні және салттары көрсетілген.
Халықтық педагогика - толық тәрбиелік концепцияны құрайды
Халықтық педагогика – ұлттар мен ұлыстардың ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық өдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау үрдісінің озық үлгілерінің жиынтығы. Бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, өз ұрпақтарымызды адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі қасиетті, ар ожданды қылып өсіру тәрбиешінің, ата-ананың басты міндеті. Сондықтан саналы, салауатты, халқымыздың барлық дәстүріне, әлем мәдениетіне қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу әр отбасына және мектепке дейінгі ұйымдағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты.
47 Этномадени билимди калыптастыру аджистер мен жолдары
«Әр халықтың мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен дараланып көзге шалынады. Алайда басқа халықтардың әсерінсіз таза, дара ұлттық мәдениет тіпті де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материалдық және рухани байланысы, қарым-қатынасы арқылы олар бір-бірін мәдени байлығы жағынан толықтырады» – дейді С.Н.Артоновский. Әрүрлі ұл пен халықтарда кездеспейтін, қайталанбайтын таза ұлттық салт-дәстүр ешбір елде болмақ емес. Бір ұлтта бар салт-дәстүрлер, ұлттық ою өрнек, тағам, спорттық ойын түрлері екінші бір ұлтта да белгілі ұқсастықпен және өзіндік ерекшелігімен көрініс береді.
Этномәдени білім беру стратегиясы – өз тарихын, мәдениетіне тиісті сфера арқылы берілуіне негізделген, ұлттық этномәдени ұқсастығын жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге, белгілі мемлекетте тұратын барлық этностардың мемлекеттік интерациясы маңызды болып табылады. Ал бұл жағдай білім беру жүйесі арқылы тиімді жүзеге асырылады.
Этномәдени білім беру – ана тіліне, мәдениетіне қатыстырып және әлеуметтік мәдениетті қабылдау арқылы этномәдени ұқсастығын сақтауға бағытталған. Сонымен бірге ол трансляциялық, дамытушылық, диференциялық және интеракциялық функцияларын атқарады.
Этномәдени білім беру негізгі тапсырмаларының бірі – ол өз мәдениетін ғана біліп қоймай, сонымен бірге тұтас дүниеге көзқарасы қалыптасқан мәдени тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
С.Хантингтон өзінің аты шулы «Өркениеттер қақтығысы» (2003) деген еңбегінде мынадай ой-пікір айтқандай болатын, яғни, «жалпы, ұлт болған жерде ұлттық идея болады». Менің өзімнің пікірімше, (бұл кітаптың да мазмұнында бар), ұлт болу үшін үш үлкен ұлттың тірегі бар. Бірінші – ұлттың жері, екінші – ұлттың тілі, үшінші – ұлттың мәдениеті. Бұл мәдениетке мен дінді де қосамын. Дін сенім емес, дін – мәдениет. Сондықтан осы үш тірек мықты болса, ұлт жұтылып кетпейді. Ұлттық идеяны осы үш маңызды қырынан қарап, осы мәдени, рухани жағынан ұлтқа күш беретін факторлар осылар- деген пікір білдірген болатын.
Қорыта келгенде мәдниетті орта, адамдардың өмір сүруінің жиынтығы ретінде, өзіндік өнім береді, айталық: ұлттар, этностар арасындағы жағымды қарым-қатынас; мәдени ошақтардың бірлігі; халықтар достастығы және т.б. Жалпы «орта» деген ұғым географиялық, биологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, заң, медициналық әдебиеттерді кең таралған. Бұл ұғым ішкі бір нәрсенің адамға немесе адамдарды қоршаған нәрсеге қатынасы бойынша қолданылады. Яғни, орта нысанның құрамындағы субъектіден тыс зерттелетін нәрсе. Ол кез-келген қоршаған орта – достар, отбасы, еңбек ұжымы, мекен-жай, көршілер, табиғат, климат, өнер орталықтары, мәдениет ошақтары және т.б.
Этномәдиет мәселелерін зерттеген ғалымдар еңбектеріндегі құндылықтар, тарихи мұраларды зерттеп оны студент жастардың жадына сіңіру қазіргі таңның басты мәселерінің бір
Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты , ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет және де қоғамдық қажеттілік.
Қай уақытта да қай ұлттың болсын көзі ашық , көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып жүрген өзекжарды мәселелердің бірі –ұлттық білім беру. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан , баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиеленуі тиіс» деп Мағжан Жұмабаев ұлт тәрбиесінің бағытын көрсетіп берген.Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да , салауатты , ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол , мәдени –ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу –қоғам алдындағы басты міндет және де қоғамдық қажеттілік.
Этномәдени білім беру дегеніміз жастарға шығармашылығын дамытатаын мүмкіндіктер , ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы, тілі , ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты , Отанын сүйетін , адамгершілігі мол,рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке тұлғаны тәрбиелеу.Этномәдениет ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына.Халқымыз өз ұрпағын ізгілікке инабаттылыққа , адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат санаған.Олай болса , бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру қажет.Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай «өткенін білмеген , одан тәлім-тәрбие , ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі тұрлаусыз».
і.
Елбасының тікелей тапсырмасымен білім беруді жан-жақты дамытуға байланысты жасалып отырған сара саясатының арқасында ,заманға сай жастардың жан-жақты өсіп , дамып жетілуіне , лайықты білім мен тәрбие алуларына толықтай жағдай жасалуда. Ұлы мақсат қойған ұлы жетістікке жетеді демекші , келешекте,мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын , өйіткені ұлт болашағы – ұрпағында болса , ұрпақ тәрбиесі-ұстаз қолында. Өз баяндамамды Бауыржан Момышұлының сөзімен аяқтағым келеді:«Тәрбиелі- тәртіптің құлы, тәртіпті –елдің ұлы»
Колледждің этномәдени білім беру мен тәрбиенің жұмыс тәжірибиесін саралай отырып , мынандай қорытынды жасадым:
Проблемалар:
Әлсіз жақтары:
-материалдық- техникалық қамтамасыздандыру төмен;
- әдістемелік және оқу құралдардың жоқтығы;
-этномәдени білімнің қажеттілігін түсінуі төмен;
- арнайы мамандардың жоқтығы;
Күшті жақтары:
-тұрақты дамудың әлеуметтік бағыты бар;
-жастардың танымдық белсенділігі артуы;
-этномәдени білім мен тәрбиенің актуальдылығы;
Мүмкіндіктері:
-рухы биік , отаншыл , жауапкершілігі жоғары жас ұрпақ тәрбиеленеді;
-жастардың өзін-өзі дамытуы;
-жастардың қоғамдық белсенділігнің артуы;
Күтілетін нәтиже:
- Терең теориялық білімді , білікті , ұлттық игіліктерді , адамзаттық құндылықтар мен рухани мәдени сабақтастығын сақтай отырып ,ой -өрісін , дүниетанымын кеңейте білетін , тәрбиелі, жауапкершілігі жоғары ұлт азаматы.
Проблемаларды шешу жолдары:
-білім басқармасының қызығушылықтарының арттыру;
-оқу-материалдық база жасау;
-әдістемелік құралдар шығару;
-этномәдени білім беру мен тәрбиенің ұлттық жүйесін жасап , насихаттау,
48 Урпак тарбиесиндеги би жыраулардын идеялары
49. Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол — өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен сфтеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бірі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен еңбектің жемісі деген болатын. Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды деген еді. Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр түрлі нысанда дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Орта ғасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі - гуманизм мен демократизм болғаны педагогика тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта құрудың басты принципі - гуманистік және демократиялық принциппен үндес келіп отыр. Я.Коменский мектеп - балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін "адамгершілік шеберханасы" болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу қажет деп есептеді. Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Коменский ұсынған "табиғатқа сәйкестілік" еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудық, оның теориялық негізі - еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді. Швейцария педагогы Генрих Песталоцци (1746-1827) тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесін еңбек тәрбие-сімен ұштастыруа жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық еңбегімен ұштастыруу Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол -еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады. Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің
еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды. К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды. Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді. Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады. Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады. Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады. 2. Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған. Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған. Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған. Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған. Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген. Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған. Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады. 3. Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту. Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады. (№11 қосымшаны қараңыз). Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері: • Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау. • Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру. • Мамандықты таңдауға дайындау. Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады. Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін болады. Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады. 4. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады. Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар өндірістік бригада базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін игереді. Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады. Өзіне-өзі қызмет көрсету. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады. Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді жинау, т.б. Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге: төсек-орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады. Мектеп жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың адамгершілік борышы. Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетінымы қалыптасады. Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жаңсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады. Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады: • халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау; • мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді; • шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өміріндегі пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, кері адамдарға, көп балалы аналарға, мәдени мұраларды қорғауы жатады. Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды. Өнімді еңбек жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-өндіріс кооперативтері оқушылардың өндірістік бригадалары арқылы жүзеге асырылады. Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы халықтың іске үлес қосады. ()қушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауылшаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу. Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәгіби ынтасын, қызығушылығын, ауылшаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының рөлі зор. Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер", "Жас техниктер", "Жас тәрбиешілер" сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына көмектеседі.
50 Дастур тури мен тарбиелик мани
Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.[1]
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату,қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтықмәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.[2]
Салт дәстүр мәселесі Қазіргі таңда салт дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырым мен салт дәстүрді шатастырады екен. Ата баба өсиеті болып келе жатқан салт дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған
Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт - дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт - дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн - жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады. Салт - кәсіпке, cенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұpпаққа ауыcып отырады. Уақыт өткeн сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа cай келмeйтін дәстүpлер ығысып, өмірге қажетті жаңалаpы дамып отырады. Дәстүр - ұрпақтaн-ұpпаққa ауысатын, тарихи қалыптасқан ноpмaлаp мен үрдістeр. Ол - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, cондықтaн мәдeниеті дамыған ел дәстүргe де бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады. Дағды, әдeт-ғұрып дeген ұғымдар адaмның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанғa сіңгeн қылықтарды білдіpеді. Аластау - ырым. Шамандық наным-сенімнен қалған. Аластау аpқылы көз, тіл тигенді қайтарy, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладaн алaстау арқылы тазаланады. Үй-ішін аластayға қазақтaр еpтеден баcтап адыраспанды, аpшаны пайдаланғaн, aршaны үйдің кез келген бұрышына іліп қойған. Егер үйге көз тигeн болса, адыpacпанды немесе аршаны табағa салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді aластап, есіктерді жауып қойған. Қaзіргі кезде жаңa үйге кіргeн кезде үйді аластау әдеткe айналған. Аузынa түкіру - ыpым. Ертеден келе жатқан ыpым бойынша, қазақтар белгілі батырлар мен билеpге, aқындаpға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп алатын бoлғaн. Оның мақcаты - сәби сол адaмдардай өнегeлі кісі болсын деген ұғымнан туғaн. Бие бaйлар - cауылатын биелеpді көктемде алғаш рет бaйлар aлдында жасалaтын ырым. Желіні тартып, құлындарды байлaу кезінде мал сойылып, ауылдағы адамдaр түгел қонаққа шақырылaды. Бие байлар көктeм шығып, aқтың молайған кезінде жасалғaн. Шөміш қағу - ырым. Көктемде cәуіp айының бас кезінде көкжиeкті бұлт торлап, күн күркіреп, найзағай жаpқылдайды. Осы кезде ата-бaбаларымыз «күн күркіреді, көк дүрілдеді» деп, үлкен қyанышпен қаpсы aлған. Осы алғашқы күн күркіреген кeзде киіз үйдің босaғасына, тaбалдыpығына aғаш шөмішті тигізіп: Айран, сүт көп болсын, Жaқсылық көп болсын, Жабырқаy жоқ болсын. Ел-жұрт тоқ болсын, - деп тілеy тілеп, көктемнің алғашқы нaйзағайлы күркірек жaңбырын қaрcы алaды. Оcыны шөміш қағу дeп атайды. Шашу - әдет-ғұрыптың біp түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгіcі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашaды. Шашуды әдеттe жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жаc балaлар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бoйынша, той жасаған үйгe oның жақындары «тойғa шашу» дeп, тәтті тағамдар әкеледі. Тұсау кесy - бала тәрбиеcіндегі әдeт-ғұрып, ырым. Баланың aяғын жіппeн немесe қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жeңіл, ақкөңіл aдамға кескізеді. Тұcау кесу құрметіне тағaм дайындaп, көpшілеpді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кeскeн адамға сыйлық беріледі. Тұсауды aла жіппен кесу көне шаман дінінен қалған. Аяғына жығылу - ғұрып. Кeшірім сұраyдың ең үлкeн және кішірeюдің ең ауыр түрі - аяғына жығылу деп аталады. Мұнда айыпты aдам жанына бедeлді адамдаpды еpтіп, тиісті адамның үйіне барып, кешірім cұрайды. Егер іc қиындап асқынып кетсе, айыпкeр өзі кінәлі бoлған aдамның aяғын құшып кeшірім сұрауы кeрек. «Аяғына жығылу» да жазамен бірдей болып есептeледі. Ант, серт, уәде - хaлқымыздың cенім кепілінің көрінісі. Ант жаyдан өш aлу, еларалық келіcім, адалдықтан айнымaу сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана aйтылады. Ел ішінде aдамды «aнт атқан» деп жек көpген. Ант - адалдық сөзі. Айдар - ғұpып. Бaлалардың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ аpаластыpа өpіп қояды. Мұны «айдар» деп атайды. Бұл ғұрып негізінен ер бaлаға жасалады. Мысалы, Кенесарының ініcі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары болғaн. Сәлемдеме - біреy арқылы жібеpілетін аманат зaт; тyыстық жағынан жaқын адaмдардың бір-біpінe жіберeтін сыйы. Өзінің бару мүмкіндігі болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды. Сәлемдемеге ақша, көйлeк-көншек, орамал немесе сoғымнан сaқталған сыбаға жібереді. Енші - қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда атa-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлeсті eнші дейді. Еншіні үлкен ата, әкe, олар жоқ болсa, ұлдың үлкені бөледі. Қарa шаңырaқ пен атa-ана кенже балaның қолында қалады. Дәстүр бойыншa ұлдың үлкені әке дәулетінің үштeн біріне, кeнже екідeн біріне, ортаншылар төрттен бір үлесіне ие болады. Айттыру - қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкeсі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке-шeшесінің айттыруға қарсы емес екендігін білeді. Содaн кейін қызды рeсми түрде айттырaды. Ескі салт бойынша қызға жігіттің, жігітке қыздың eсімін aтатады. Той қамы, бaсқа да әртүрлі жол-жоралғы осы жолы кеcілeді. Ауыз тию - ғұрып. Алыс сaпарға, емделуге шыққан aдам ауылдың үлкен үйінен дәм татып aттанатын ырым бар. Бұл «қара шаңырақтың иесі» қолдaсын деген cенімінен шыққан. Сондaй-ақ даcтарқaн үстінде келген адам дәмнен aуыз тиюге тиісті деген ырым бар. Қазақтың дәстүрі бoйыншa, үйіне кeлген адaмға дәм aуыз тигізбей шығармау керек. Жол бeрy - қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жоралғы. Жаcы кіші адам үлкeнге бөгет жaсамай, жoл босатады, үй ішінде төрге отырғызады, acтaн дәм татар кезде де осы әдеп сақталады. Сүйінші - қуанышты хабар әкелушігe берілетін сыйлық. Дүниeге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды, осы кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк. Сыйлық - тұрмыс салт-дәстүрі, құрмeт көрсeту, ол барлық xалықтаp ароcында ертeден келе жатқан дәстүр. Сыйлық бұрын қaзақ қаyымдарында мәртебелі адамдарға, даpынды ақын-әншілeрге, құда-жeкжaттарға беpілген. Сыйлыққа түйе бастаған тоғыз берген, ат мінгізіп, шапан жапқан немеcе басқа да бағалы заттар берген. Ал қазіpгі кезде үздік өнерге, озат адамдарғa, үздік спopтшыға ақшалай cыйлық беру әдетке айналған. Сыралғы - дәстүр. Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдaн кездескендe сұралатын жол cыралғы деп аталады. Аңшылар сыpалғының cөзін жерге тастамайды. Той - әдет-ғұрып дәcтүpі. Дүние жүзінің барлық xалықтары той жасайды. Қазақ халқының мәдени өміpіндe той eжелгі зaманнан бастап үлкен орын алғaн. Мысалы, қыз ұзaту, үйлену, шілдехана, сүндет, наурыз тoйлаpы. Қыз ұзату, үйленy, сүндет тойларына ат шаптыру (бәйге), балуaн күpеc, көкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар өткізіледі. Тойдың жақcы дәстүрлері бүгіндe сaқталған, үйлену тойында жар-жар айтылады, түрлі ұлттық ойындаp ұйымдастырылaды. Тоқым қағар - қазақтың eскі дәстүрі бойыншa, жас жігіт алғаш рeт жолaушы жүргендe бeрілeтін жолaяқ, кәде. Алыc жoлға кеткен жігіт амaн-есен кeлсін, тoқымы жерде қалмaсын деген жақсы тілек білдіруге бaйланыcты бергeн. Тоқым қағуға арнайы қой немеcе қозы сойылады, болмасa қазы-қарта асылады. Сыбаға - қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым кeзінде ауыл адамдары біp-біріне сыбаға берген. Сыбаға келген үй әкелген cыбағағa көрші-қолаңдарын, жақын туыcтарын шақырaды. Сыбaға әкелгeн табаққа тиісті сыйлығын сaлып қaйтаpады. Көбінесе отау үйдің aдамдары қаpa шаңырaққа немесе жасы үлкен адамдаpға cыбағa береді. ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ Бала баc ұстамайды. Егер бaла баc ұстаcа әкесі өліп қалaды деп тыйым сaлған. Нанның қиқымын жесе - бай боласың дeйді. Сәби тоңқaйып екі aяғының aстынан қараса, күткeн жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді. Жас балaға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған. Қыз балaғa жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді. Бала алғaш жолаушы шыққанда тoй жaсайды. Сәби көзін ашып ұйықтaса - жары сұлу болады. Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтасa, елге белгілі азамат бoлып өседі, бүк түсіп ұйықтасa, yайымшыл, жігерсіз болып шығады. Етпетінен жaтып ұйықтасa, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін cозып ұйықтаcа - болaшaқ батыp, кемеңгеpліктің белгісі. Баланың жeлкeсі шұқыp болса, немесе жeлкeсінен сүйсе кеcір болып өседі. Шөберeсінің алaқанынa су құйып ішкен қарт жұмаққа барады. Тіл ұшын жесе, сүйреңдеп сөйлей бeретін болады деп ырымдаған. Таңдай жесе, шешен болады. Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сapқытын жегізсе немесе олар cәбидің аузынa түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балағa қонады деген ырым баp. Сәбигe көз тимес үшін күйе жaғып қояды. Жастың басы ауырса «басыңа бас қосылады» деп ырымдaған. Жұмa күні кір жума - әруақтар ренжиді. Ақты (сүтті, айрaнды) төксе, малдың желіні кетеді. Пышақтың жүзі шалқасынaн жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді. Егер киіз үй сыртына ит cарып кетcе, құт келеді деп жақсылыққа тeлиді. Адам құлағы шуылдаса, жанындaғы кіcіден «қай құлағым шуылдады?» деп сұрайды. Ол дәл тaпса, «мeні біреу мақтап жaтыр eкен» дейді. Табa aлмаса, «жaмaндап жатыp екен» дeйді. Жаңа тyған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. Мұны көргендер aтпeн, көлікпен қатты жүpіп келмейді. Қатты кeлсe, бота шошып өліп қалады деп ойлаған. Қазақ сейcенбідe жолға шықпайды, іс, жұмыс бастaмaйды, көшіп-қoнбaйды. Жолaушығa «қайда баpосың» дeмейді, «жол болсын» дейді. Тaмақ үстіне келген адамға үй иесі «мақтап жүреді екенсің» деп риза боп қалaды. Дaстархан жинaлып жатқанда келгенге «бізді жамaндап жүреді екенсің» деп ескерту жасайды. Дaстархан үстінe келген адамға дәм ауыз тигізеді, әйтпеcе күйеуің немесе әйелің таcтап кетеді дейді. Мaл сатқанда oны ноқтaсымен не бac жібімен беpмeйді, малдың баcы кемиді деп ыpымдайды. Мал төлдeп жатқанда eшкімге мал бермейді, сатпайды және айырбaстамайды. Жақын адамдарға пышaқ, ит cыйламайды. Егер жақын адамның пышағы өте ұнаса, оны ұрлaп немесе сатып алады. Ауыл ішіне aтпeн шayып келген жаман ырым. Егер сүйінші сұроса шауып келуге болaды. Бірақ «cүйінші, сүйінші» деп aйқайлап кeлуге тиіс. Қайғылы, қaзалы xабарды есірткенде нeмесе жаназағa шақырғанда ғaна атпeн шауып келіп шеткі үйге хабарлайды. Ол үйдің иесі басқаларға хабаpлayы тиіс. Үйге кешке немеcе түнде келген адам «кеш жарық» деп кірeді. Үйге келген қoнақ адам болсын-болмасын «ассалаумағалейкум» дeп сәлем беpу керек. Екіқабат әйел арқан аттамайды, aттaсa бaланың кіндігі мойнына оралып қалады дейді. Біреу әңгіме айтып отырғанда cәби түшкіpіп қaлсa, шын aйтқаны деп ойлайды. Аты cүріншек болaды деп балаға төcтің сүріншегін жегізбейді. Қазақ «сәтті күн» деп істі сәpсенбі күні бастайды. Көзге теріскен шықса, саусақ аросынан қол шығарaды. Мысыққa тамaқ бергендe «еpтeң ұмытып кетесің» деп маңдайынан шертіп береді. Тaуық мезгілсіз шақырса - жамaн ыpым. Иегің қышыcа бір жерден дәм тaтасың. Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы үйіп қалса, ол екіқабат екен деп ырымдайды. Егер өздері әкелгeн сыбаға немеce тамақтан жесе, ол үйдің әйелі қыз табады дейді. Бейуақытта ұйықтaған, жылаған жаман болады. Қолды жуғаннан кейін оның суын сілікпейді, орамалмeн сүртеді. Бала қаcпақ жесe, оның үйлену тойында жаңбыр жауады. Бaлаcы шымыр болсын деп eкіқaбат әйелге сағыз шайнатады. Түсік тастамасын дeп жас әйелдің етегін бүріп қояды. Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде «Жер Ана қyат бер» деп жaлаңаяқ жүргізеді. Жаc бoсанған нeмесе аяғы aуыp әйел түнде сyға бармайды. Екіқабaт әйелге пышақ, ара, қaйшы ұстатпайды. Ұстаса мерзімінeн бұрын босaнады деген ырым бар. Баласы кіндігіне оралып қaлады деп екіқабат әйелгe ине-жіп ұстатпайды. Бала ортан жіліктің майын жесе, aтa-анаға мейірімсіз болады. Екіқабат әйел қоян eтін жеcе, баласы қоянжырық бoлып туады дeсeді. Сиырдың желіні ісce, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды. Жаc кeліннің төсі, малдың желіні ісcе, қайтыс болған адамды жуған қoлғаппeн aптайды. Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, oл үйге түскен келін өркөкірек болады. Аспаннан ағып түскен жұлдызды көргeндe қазақтар «мeнің жұлдызым жоғары» дейді.
52 Халық педагогикасының негізгі қағидалары Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс. Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпiз: 1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу. Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтiн халық мектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды. Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсiн” деп, жаңа туған нәрестенi қарияның шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi, бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр. 2. Баланы жастайынан еңбек сүйгiш, елгезек азамат етiп тәрбиелеу көзделген. Ол бесiк жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тiлек, терме өлеңдерден өзектi орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сiңiру отбасындағы еңбектiң қарапайым түрлерiнен басталып, қоғамдық маңызды iстермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзiрлеуге, мал өнiмдерiнен тұрмысқа қажеттi құрал-жабдық (қамшы, шiдер, жүген өру, терi илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзiрлеу, қора салу, киiз үйдiң ағашын iстеу, ұсталық, зергерлiк өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пiсiру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен. 3. Халық педагогикасында “Бiрiншi байлық — денсаулық” деген ұғым өзектi орын алған. “Денi саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдық байлықтың негiзiн жеке бастың, яғни тәннiң саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтiмiне ерекше мән берiп шынықтыру, мерзiмiнде жақсы ас берiп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрi тән саулығы үшiн жасалған әрекеттер. 4. Халық педагогикасында адамгершiлiк қасиеттердi баланың бойына дарыту, iзгiлiкке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. “Жаным — арымның садағасы” деп, арды адамгершiлiк қасиетiнiң үлгiсi санаған. 5. Гуманизм мен патриотизм — халықтық тәрбиенiң басты қағидаларының бiрi. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесудi, басқа ұлт өкiлдерiн сыйлауды отбасы тәрбиесiнiң өзектi принципi деп бағалаған. “Атаның баласы болма, адамның баласы бол”, “Жақсы – көпке ортақ”, “Ел үшiн еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды” деген өсиет тәрбиеден өзектi орын алған. 6. Елдi, жердi қорғайтын, еңбек ете алатын азамат болу үшiн дененi шынықтыру қажет. Халық педагогикасында “Шынықсаң шымыр боласың” деп ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене тәрбиесiне баса көңiл бөлген. Халық педагогикасының ”Сегiз қырлы, бiр сырлы”, “Толық адам” тәрбиелеу қағидалары
1 2 3 4 5 6 7 8 Ақылды, арлы, намысқой азамат болуын қарастыру Еңбексүйгiш, елгезек етiп тәрбиелеу Тән сұлулығын қарастыру, әсемдiкке баулу Адамгершiлiк қасиеттерге (iзгiлiкке, имандылыққа, қайырымдылыққа, адалдыққа т.б.) тәрбиелеу Отансүйгiштiкке,ұлтжандылыққа бүкiл адам баласын сүюге тәрбиелеу “Жiгiтке жетпiс өнер аз”, “Өнер өрге сүйрейдi” деп қарап, өнер мен бiлiмдi насихатттау Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, әсемдiкке тәрбиелеу Дененi шынықтыруға тәрбиелеу
7. Тiршiлiктiң тұтқасы, өмiрдiң шамшырағы өнер мен бiлiм деп түсiнген халқымыз жастарға “Өнерлi өлмейдi”, “Бiлегi жуан бiрдi жығады, бiлiмi жуан мыңды жығады”, “Бiлiм таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегендi насихаттап ертегi, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгiмелер ұсынған. 8. Адам өмiрi мәңгi табиғат құшағында өтетiн болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесiктен жер бесiкке жеткенше табиғи ортаны аялауға, әсемдiкке тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең-жыр, ертегi, аңыздар шығарған. Мұның бәрi сайып келгенде “Сегiз қырлы, бiр сырлы” еңбексүйгiш, арлы азамат тәрбиелеуден туған халықтық қағидаға негiзделген. “Сегiз қырлы, бiр сырлы” азамат тәрбиелеудiң ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап. Мысалы, орыстар ондай адамды “Кiшкене болса да өнегелi, ақылды”, “Ақылды да сүйкiмдi”, “Қайырымды жiгiт” деп санаса, таулықтар “Нағыз жiгiт” деп атайды. Ал чукчалар “Адал өмiр сүретiн азамат” дейдi. Ол теңiзде жүзгiш, соғыста батыр, ғылымда терең ойлы, билiкте-әдiл, еңбекте-шебер, өмiрде бiрлiкшiл, сөзде – шешен, атыста – мерген, шет жерде отаншыл, бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар. Өзбектер қайырымды, iзгi жүректi адамды “иманжүздi, құдайы бар азамат” дейдi. Ал қазақта сегiз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгiш, бауырмал, батыр, өнерлi, өнегелi, шыншыл, әдiл, адал болу дегендi бiлдiредi.
53 Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр – жастар ғасыры. Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Қазақ қолөнерінің «алтын кезеңі» болып есептелген XVII-XVIII ғасырлар өзге ұлт ғалымдарын да елең еткізбей қоймады. Орыстың атақты тарихшысы Я. К. Палтароцкая Алтай, Тарбағатай елді мекендерінде болып, аталмыш өнер саласына байланысты эерттеулер жазып, соның ішінде бас киімнің түрі сәукелеге арнайы тоқталады. Мұндай ғажап дүниені бұрын – соңды кездестірмегендігін айтып, аса жоғары бағалайды. Сондай – ақ Г. Н. Потанин, В. В. Стасов, Э. Масанов, Р. Ходжаев, И. Захарова еңбектері де зор үлес қосты. Өнер атаулы жас ұрпақтың сұлулықты қабылдауын, әсемдікке деген көзқарасын, әдемілікке деген талғамын қалыптастырып, осы тұрғыда мол тәжірибе жинақтауға жағдай жасайды. Тұлғаның творчестволық қабілетін дамыта отырып, оның даралық қасиетінің көзін ашып, жан – жақты, барынша дамуына бағытталады.
Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, көркемдік мәдениеті, өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын тұлғаның дамуында әсемдікті түсіне білуге баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан қалыптасушы тұлғаның өнерге деген қызығушылығын қалыптастыруда бейнелеу өнерінің сан – алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді.
Адамның рухани дамуы белгілі дәрежеде сұлулықты қажетсінудің пайда болуымен байланысты. Ал, рухани қажетсіну практикалық іске тікелей белсенді араласу нәтижесінде туады. Сондықтан жаңа қоғамның азаматын тәрбиелеуде практикалық іске қатысудың өзі адамның дұрыс шын мәндегі әдемілікке, әсемдікке деген көзқарасын қалыптастырады.
Бертін келе қолөнердің өте жақсы зерттеліп, дамуына байланысты бірнеше оқулықтар басылып шықты. Солардың ішінде көлемді әрі көркем жазылған А. Тәжімұратовтың «Қолөнер шеберлігі – жалпы халықтық қазына» атты өнертану – этнографиялық сипаттағы алғашқы кітаптардың бірі ретінде қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнеріне терең ғылыми талдаулар жасалады. Бұл кітаптың көрнекіліктері жақсы безендірілген және ұлттық ою – өрнек жайлы көптеген мәліметтер алуға болады.
Х. Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері», М.Мұқановтың «Қазақтың үй тұрмысына арналған қолөнері», Ө.Жәнібекковтың «Жаңғырық» атты еңбектерін атап өтуге болады.
Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады.
Адам сезімін тәрбиелеу проблемасы бірқатар факторлармен шешіледі, оның ішінде өнер басты рөл атқарады. Өнер арқылы адам өзінің шын мәніндегі өз ішкі көңіл – күйін білдіреді.
Жазушысы Мұхтар Әуезов өнер туралы былай дейді: «Өнер атаулының барлығы қай елде, қай түрде туса сол ортаның шартынан, өз топырағының қалпынан туады. Өнердің ғылымнан айырмашылығы осы. Ғылым анайы топырақты білмейді, еркін, отансыз, анасыз зат. Бұған қарағанда өнер қаны, жаны бар денелі зат сияқты. Бұл анасының ұрпағы болып қана туады. Солай болып туса ғана өсіп – өніп дәурен сүреді. Елінің тонын киіп, елінің өз ішінен шықпаса, өнер ерте күннен өрістен айырылып, тығырыққа қамалып, өлімге қарай бас иді деу керек». Неткен ғажап пікір десеңші? Бұл өсиеттер біз үшін баға жетпес эстетикалық құндылық болып табылады. Рас, өнер осылай тамырын тереңнен алып, кең құлаш жая, осы күнге дейін дамымаса сылдыр сөз, білімді практика жүзінде іске асырмаса, өмірде не мән, не сән болар еді?
Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу, мүсін, би, графика, саз, бейнелеу, қолөнер. Аталмыш өнер түрінің ішінде ең көне, өзге ұлттарға, сонымен қатар қазақ еліне тегіс тараған қолданбалы өнер болып табылады. Қай халықта және қашан да болса мұқтаждықты жою,баршылықты молайта түсу, халықтың тұрмысын жақсарту, қолөнер бұйымдарын тиімді, қолайлы, сәнді етіп пайдалану әр халықтың бәріне бірдей ортақ мүдде, ортақ арман еді. Соның нәтижесінде біздің ата-бабаларымыз кейінгі ұрпақ үшін көптеген қолөнер мұраларын қалдырды. Олар біздің өміріміздің зейнетті болуы үшін күрескенде, неше түрлі азапты от пен судың тар жол, тайғақ кешулерінен өтті. Сөйте жүріп өз елінің тарихында мәңгілік өнер өрнектерінің мұрасын қалдырды. Сол мұралардың бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани да материалдық қазынасының қомақты бөлігіне айналды. Бұл миллиондаған жыл бұрын қалыптасқан өнер екендігін жоғарыда айтып кеттік. Оны айғақтайтын көне көшпенділердің жасаған әшекей бұйымдары, үй тұрмысына қажетті заттары. Формасы жағынан реалды, мазмұны жағынан мифтік тұрғыдағы бейнелеу өнері мен қолөнердің түйіндесуін қамтамасыз етті және қазақ халқының қолданбалы өнерінің ең алғашқы тарихи бастамасы болды.
«Өсер халықтың қанаты – оның өнері» – дейді халық даналығында. Халқымыздың болашағын ойлайтын, туған елдің өркениетті мәдениетін дамытуға үлес қосатын азамат тәрбиелеуде сан алуан өнер түрлерінің тәлім – тәрбиелік ықпалы зор. Жас жеткіншектердің рухани дамуына зор әсер ететін өнердің барлық тәрбиелік мүмкіндіктерін жүйелі пайдалана отырып, оларға өнер туындылары арқылы туған халқының эстетикалық дүниетанымын, жарасымды дәстүрін меңгерту – маңызды мәселе.
Қазақ қолөнерінің де басқа ұлттардың аталмыш өнері сияқты өзіне тән өсу жолы, даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне заманнан басталады. Алғашқы адамдар қаймағы бұзылмаған таза табиғатты көргенмен, оған басқа қайрат қыла алмаса, бертін келе бейнелеу өнері дүниеге келді. Қай өнерді алып қарамайық, олардың алғашқы бастаулары бұлдыр замандарда, адамзат алғаш қалыптасатын кезеңдерде жатыр. Әлі күнге ескере бермейтін бірақ толассыз өнер деп бағалауға болар құбылыстардың да арғы тарихы бар. Қазақ халқының қолөнерінде көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына.
XI ғасырда өмір сүрген Шығыстың ғұлама ойшылы Қайқаус «Қабуснама» атты үгіт насихат кітабында өнердің абзалдығы, қадір – құрметі және өнегелі болуы туралы былай дейді: «… өнерсіз жан – өнегесіз, оның ешкімге де пайдасы тимейді. Ондайлар бұтасы бар да, көлеңкесі жоқ тікенді шоңайнаға ұқсайды. Өзін де өзгеге де пайдасыз болады.
Егер адам текті асылзада әулетінен болса да, өнері болмаса, халықтың ізет – құрметінен мақұрым қалады. Нәсіл гауһарынан да, өнер өрнегінен де құр алақан жанның тағдыры одан да жаман болады»
Қазіргі кезде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіндегі оқулықтар сын тұрғысынан талданып, бұл мәселені педагогикалық, психологиялық үрдісін халқымыздың ұлттық табиғатына, тәлім тәрбиелік дәстүріне, өнері мен мәдени мұрасына негіздеу жұмыстары қолға алынып жатқаны қуантарлық.
Мысалы: «қазақ мектептері мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» /1990/ сияқты қолданбалы өнер сабақтарында балаларға ұлттық өнер туындыларының мазмұны арқылы халық мәдениетінің бай мұрасын игеруді көздеген құжаттар дүниеге келді және бұлар басшылыққа алынып отыр. (қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы. – Алматы. – 1990 – 52 – 52б)
М. Мұқановтың ғылыми зерттеулерінде «Эстетикалық талғамды тәрбиелеу баланың ең кіші жасынан басталуы қажет, қазіргі тәжірибеге қарағанда көркемөнерге талғампаздықты тәрбиелеу неғұрлым баланың кіші жасынан басталса, соғұрлым оның сезімталдығы жоғары дәрежеде қалыптасатын болады. Себебі, нәрсенің әдемілігі, соның ішінде көркемөнер істерінің әсемдігі баланың табиғатына жақын келеді. Мұны И. И. Павлов сөзімен айтқанда, көркемөнер ісінің қорытындылары, мысалы: музыка, картина т. б. баланың бірінші сигналы системасына әсер етіп, оның өмірінде ұмытылмайтын әсер қалдырады. Соның нәтижесінде бала жас кезінен – ақ әсерленгіш, әр нәрсені есіне сақтағыш келеді» – деп тұжырым жасаған. (Мұқанов М. М Педагогикалық психология очерьктері. Алматы. 1962. 221 – 54б)
Ежелгі дәуірден – ақ адам баласы үшін ғылым мен өнердің қажеттілігі тең дәрежеде бірін – бірі толықтырып отырған. Ғылым дүниені тануға, білуге қызмет етсе, өнер айналаны ортамен үйлесімді өмір сүрудің тамаша қасиеттеріне баулыған. Адам айналаны, бүкіл дүниені, оның әсемдігін тану арқылы, өзін тауып, өз рухани дүниесін көркейткен. Сол себепті өнер де адам бойында қайырымдылық, адалдық, отан сүйгіштік сияқты сан алуан асыл қасиеттер сезімін қалыптастырып тәрбиелемек. Сөйтіп, өнер адамның жанын, оның рухани байлығын арттырып, ойын тазартып, мақсатына жетелейді, яғни биік тұлғаны қалыптастырады.
Өнердің адамға әсер ету күші, көбіне, адамның оны қаншалықты терең сезініп, түсіне алатындығына байланысты. Мұндай қабілетті қалыптастыру – өнердің тәрбиелік мүмкіндіктерін толықтай пайдаланудың міндетті шарты. А. К. Василевский: «Өнерге деген қажеттілік адамның ішкі рухани мұқтаждықтарының бір бөлігі ғана, бұл бүгінгіге байланыста және ол адамға тікелей әсер етеді» – деп жазды.
54 Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің ғылыми-педагогикалық дайындығы мен тәжірибелік іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық іс-әрекет пен тәрбие қатынастарының субъектісі ретіндегі тұтас тұлғасының мәнді сипаттамасы
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Мысалы, эпос жанрын алайық. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де – осы эпостарымыз. Кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда – поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер «Иллиада» мен «Одессеяны» тудырса, Шығысымызда үнділер «Махабхарата» мен «Рамаянаны» тудырған, одан кейін Шығыс Европада «Үлкен Этта», «Кіші Этта», «Каллевала» сияқты құранды эпостар туған. Эпостық жырлары бар елдер осылар ғана. Мүйізі қарағайдай «ұлы орыс» халқының «Игорь жорығы туралы жыры» бар болғаны 8-ақ бет болса, мен қарасөзге айналдырған «Алпамыс батыр» эпосы 800 бетті құрады. Мінеки, эпос деген осы. Эпостардың туу себебіне қатысты үлкен-үлкен өте жақсы ғылыми зерттеу еңбектер жазылған. Эпос – соны тудырған елдің этникалық қарымының нәтижесі. Демек, Евразияның ұлы даласындағы бабаларымыздың сөз өнерінің асқақ биігін туындатқанын байқаймыз. Тіпті, Европа әдебиетінің тарихына қарасаңыз, бірінші ауыз әдебиеті, содан кейін жазба әдебиеті дейді. Ал, бізде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында бес ғасыр жыраулар поэзиясы жатыр. Аталған бес ғасыр поэзиясы - тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты. Екінші, дәстүрлі мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз жайлы ауыз толтырып айта аламыз. Қолөнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Скифтің алтынмен апталған, күміспен күптелген дүние мүліктерінен бастап, өзіміздің күні кешеге дейін әке-шешеміз тіккен киіз үй – қолөнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т.б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Бұл ретте көшпелілер өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізген. Мен бала кезімде шешей қымыз сапырып отыратын мүйіз ожауды ұстап ойнаудан жалықпайтынмын. Кейін тура сондай мүйіз ожауды Орталық мемлекеттік музейден көргенде көзіме жас үйірілді. Қандай сұлулық! Неткен әдемілік! Демек, көшпелілер өнер деңгейінде өмір сүрген. Тұтынған заттарының барлығы өнер деңгейінде болған. Ол тозса, қайтадан одан да жақсы қылып жаңасын жасайтын болған. Қолөнердің ұлы туындысы – киіз үй. Үшіншісі, музыкалық мәдениеті. Музыкалық мәдениетіне мен екі-үш ақ мысал келтірейін: сіздер ол мәдениеттің тектілігін, терең асыл екендігін пайымдайсыздар. Қазақ халқы қазақ атауын иемденбей тұрған кездің өзінде-ақ осы далада домбыра тартылып, күй жанры туған. Күні бүгінге дейін орыс, татар сияқты өзіміздің бұрынғы Кеңес одағының аясындағы елдерді алсақ, осылардың дәстүрлі музыкасында күй жанры, яғни аспапты музыка жанры жоқ. Орыстар балалайканы қолға алып, жерді бір теуіп, частушка айтады, бар музыкасы осы ғана. Ал, күй деген – музыкадан сөзсіз бөлініп шыққан дыбыс, музыкалық жанрдың дүниеге келуі. Бұл бейнелеп айтқанда сөз өнерінде роман, эпопея жанрының дүниеге келгені сияқты. Ал енді осы күй өнерін туындатқан авторлы музыканың өзіне осы далада 1200 жыл. Нанбасаңыздар, айтып шығайын. Исі 40-тан астам түркі халқының ішінде Қорқыт бабамыздың күйін сақтап қалған жалғыз халық – қазақ. Қорқыттан бізге жиырмаға тарта күй жеткен. Олар әлі күнге дейін үлкен сахналарымызда тартылады. Қорқыттың бергі жағында Шыңғыс ханның алдында күй тартқан – найман Кетбұға күйші. Күйшінің он үшінші ғасырдағы «Ақсақ құлан» күйінің бізге он варианты жетті. Осы орайда айта кетейін, қазір Европа кітапханасында тұрған «Кодекс Куманикус» кітабында сол Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйінің ноталық жазбасы бар. Қазақ музыкасына үлес қосқан еврей зерттеуші Борис Григориевич Ержакович ескі нотадағы аталған музыканы бүгінгі нотаға түсіргенде «Ақсақ құлан» күйі шығады. Күйді алғаш рет М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында істеп жүрген кезімде естідім. Кетбұғадан кейін сары Салтық, одан бері қарай Байжігіт, кешегі Абылай хан кезіндегі атақты күйшілер, XIX ғасырдағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Тәттімбет сияқты ондаған-жүздеген классикалық күйшілер өткен. Демек, қазақтың рухани мәдениетінің осы үш саласы күні бүгінге дейін ұлтымызға айрықша қызмет етіп келе жатыр. Мәдениет сөз болған уақытта біз ешуақытта бүгінгі аумақтық, яғни территориялық шеңберімізбен шектеліп қалмауымыз керек. Өйткені, қазақ дейтін халықты құрсағында тербеткен ұлы даланың аумағы қазіргі шекарадан әлдеқайда кең болатын. Біз отаршылдықтың қақпанына түскен кездегі жеріміздің үштен бір бөлігінен айырылып, тәуелсіздік алдық. Осы орайда, шекара сыртында жатқан мынадай мәдени 5 түрлі рухани асылдарымызға біз ұдайы назар аударып жүруіміз керек. Бірінші – атамекен жұрттарымыз, екінші – сол жұрттарда сүйегі қалған ата-баба әруақтары, үшінші – шекара сыртында жатқан жалпы мұралар, төртінші – шекара сыртында аналарымыздың, аталарымыздың қолымен жасалған материалдық мәдениеттер, бесінші – шекара сыртында әлемнің қырықтан астам елінде бас сауғалап жүрген қандас бауырларымыздың қолынан туған өнер туындылары. Осының барлығы біздің төл тарихымыздың, төл мәдениетіміздің құрамдас бөлігі болып табылады. Енді аталған бес рухани құндылықтарды таратып айтар болсақ, бірінші ертеде қазақтың ата қонысы болған, қазіргі таңда түрлі себептермен өзге территорияда жатқан қазақ жерлеріндегі асыл мұраларымыз жайлы айтайық. Ежелгі Еділ – қазіргі Волга, қажы Тархан – Астрахань, Сарытау – Саратов, Селебе – Челябинск, Мәскеуден 150 шақырым жердегі байырғы әз Жәнібектің әжесі Тайсұлтанның атына қойылған жазғы жайлау – Тулла, ХХ ғасырдың басында астанамыз болған Орынбор – Оренбург. Айта берсек, толып жатыр. Біз Орынборды орыстан тартып алып, астана етпегеніміз аян. Ол – біздің атамекеніміз. Одан былай қарай Қорған – Курган, Баранауыл – Барнауыл, Төмен – Тюмень. Төмен атауы жайлы көптеген пікірлер бар. Дегенмен, оны «түмен» Шыңғыс ханның он мыңдығына байланысты қойылған деп емес, Керей мен Уақтың төменгі жайлауы болған деп қабылдағанымыз жөн болар. Төменнен былай қарай Ащылы – Ашинск, Байкөл – Байкал, Енесай – Енесей, Аңғар – Ангарск, ал Қытайға қарай жүрсеңіз Қатынтау, Қатынқарағай – Қатонкарагай, Алтай, Еренқабырға, Қобда, Тәңіртау, оңтүстікке қарасаңыз, Самархан жерінде жатқан Мыңбұлақ, Қарақалпақ жерінде жатқан Қарабауыр жотасы, сондай-ақ орталық СК КПСС Орталық комитетінің қаулысымен соғыс жағдайына байланысты Қарақалпақстанға уақытша берілген үш аудан – қазақтың ата қонысы. Мен аталған жерлерді қайтарайын деп, я болмаса, қайтару үшін сіздерді үндеп отырған жоқпын. Ұлт дегеніміз не? Ұлттың тарихи жады әрбір адамның өмірбаянына айналғанда ғана ол ұлт болады. Сол жерлерде жатқан ата-бабаның сүйегі, сол жерлердегі тарихи ескерткіштер, сол жерлерге төгілген әрбір ата-баба қанының тарихы біздің өмірбаянымыздың мәдени құрамдас бөлігі болуы керек. Екінші, әруақтар. Шет жұртта жатқан әруақтарды осындай бас қосуда айтпасақ, қашан айтамыз? Қараңыздаршы, Қасым хан Сарайшықта жатыр. Мына қазақ елі осы аумағы, осы территориясы үшін Қасым ханға қарыздар болатын. Не болмаса, Шығай хан мен Тәуекел хан Бұқарада, Жалаңтөс Самарханда, Төле би Ташкентте, Әйтеке би мен Сырым батыр Қарақалпақстанда, Құрманғазы күйші Ресейде, Мұстафа Шоқай Германияда жатыр. Кенесары С.Сәдуақасов, Ә.Молдағұлова, Ғ.Мұратбаев Ресейде жерінде жерленген. Ал Қытай жерінде әйгілі Әсет, Қожеке күйші, ақын Таңжарық, Бөке, Оспан батырлар және айтса таусылмайтын басқа да тұлғалармыз жатыр. Осы тұлғалардың сүйегін елге жеткізу керек. Бұл қазақтың байырғы дәстүріне жат емес, шет емес. Тіпті, ислам дініне де жат емес. Аманаттап жерлеп, я болмаса соғыс кезінде шейіт болған батырлардың бармағын ғана тауып алып жерлеген бейіттер қазақ даласында өте көп. Сондықтан, оны әкелудің пайдасы: біріншіден, әруаққа құрмет, екіншіден, тірілер үшін қажет. Мына тірі жүргендердің рухы биік болады. Ресейде 4200 руникалық жазба ескерткіштердің нұсқасы тұр, Германияда 8 мыңдай. Оның барлығы байырғы түркі тілінде жазылған неше түрлі жазу үлгілері. «Оғызнама» кітабы Парижде, «Махаббатнама» Лондонда, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» Каирде, «Қорқыт» Дрезден мен Ватиканда екі нұсқасы, «Кодекс Куманикус» Венецияда, Рабғузидің «Қиссасул-Әнбиясы» Лондонда, қазақ хандарының, қазақ мемлекеттігінің бүкіл тарихына қатысты құжаттар Қытайда жатыр. Мінеки, шетелдегі жазба мұраларды елге жеткізу, көшірмесін алу біздің мәңгілік мәдениетімізді ойлағанда көңіліміздің төрінде тұратын проблема. Төртінші, қолөнер. Ресей археологтарын ғана атайын сіздерге, Толстов Қызылорданы, Бернштам Шымкетті, Руденко Алтайды, Сорокин Ақтөбені қазды. Барлығының тапқан алтын мұралары мен қолөнер бұйымдарының барлығы Санкт-Петербург пен Ленинградта тұр. Санкт-Петербургтің Эрмитажын әсемдеп тұрған скифтің далалық өрнектері Эрмитаждың бағасын асырып тұр. Оның барлығы біздің ата-бабамыздың қолынан шыққан мүліктер еді. Қазақ халқы – әлемдегі этникалық жаралымы біртұтас жалғыз елдің бірі. Мынау Дағыстан елі Ақмола облысының бір-ақ ауданының көлеміндей болса да, ресми 18 тілі бар. Анау төбедегі көрініп тұрған бір дағыстан екінші төбедегінің тілін түсінбейді Ал бір шетімен бір шеті 8 мың шақырымға созылған түркі халықтарының өз-өздерімен түсінісуі былай тұрсын, қазақ халқының тілінде диалект жоқ. Мен Анатолыдағы шай құйған қазақ әйелімен, Шыңжаңдағы шай құйып отырған қазақ әйелінің отырысы, жаулығы, дастарханындағы тамағы, кесесінің түріне дейін ұқсастығына қарап қайран қалдым. Аралары 8 мың шақырым. Енді қараңыздар, тағдыр бізді XX ғасырда әлемнің 40-тан астам еліне шашып жіберді. «Болар іс болды, бояуы сіңді» бірақ ес жиып етек жапқан кезде біз осы қазақтардың рухани мәдениетіне назар аударуымыз керек. Бұл ретте шетелдегі 40-тан астам елді мекендеп жатқан қазақтардың ішінде 4-ақ елдегі қазақ диаспорасы өнер туындата алып отыр. Бұл Қытайдағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы, Түркияда тұратын қазақтар. Ресейде 1 миллион қазақ бар, соңғы бір ғасырда бір ауыз өлең шығарған жоқ, бір сырмақ сырған жоқ, яғни рухани бедеулікке ұшырап отыр. Ал енді жаңағы 4 елдегі туындап жатқан романдар, кинофильмдер, бейнелеу өнерлері, музыкалар, қолөнерлер бұның барлығы біздің рухани мәдениетіміздің құрамдас бөлігі болып табылады. Осы жиналыстың өтініш тілегі ретінде қала әкімдігіне мынадай ұсыныс айтқым келеді: Біз «қазақ диаспорасының мәдениеті» деген музей ашуымыз керек. Ол музейге сол қазақтар шығарған газет-журналдар, кітаптар, хаттар, салған суреттер, мүсіндер, текеметтер, жасаған киіз үйлерді қою керек. Кеше ғана осы бір Астанада көрме болғанда Қытайдан 24 қанатты киіз үй келді. Мен сол киіз үйді көріп шыға алмай қалдым. Қандай керемет жасалған балғын қолөнер. Сондықтан осы қала әкімшілігі Астанадан «қазақ диаспорасының қолөнері» атты өнер мұражайын ашса. Оған білікті үлкен бір ғалымды басшы етсек. Ол бүкіл шетелдегі қазақтардың ең алдымен жалпы мәдениетін басқа да рухани мәдениетін соған жинақтаса, онда біздің тарихымыздың, мәдениетіміздің ол да бір құрамдас бөлігі болып, мөлдір арнасы болып мәдениетіміз, рухани байлығымыз еселене түсер еді! Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады.
56Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Ал, отбасындағы тәрбие бесік жырынан бастау алады. Осыған орай ұлы жазушы М. Әуезов «Халқым ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтып кеткендей, отбасындағы тәрбиенің бесік жырынан нәр алуының маңызы айрықша. Ата-ана баласына ертегі, аңыз, әңгіме, жыр-дастандарды айту арқылы, оның ойлау, қиялдау, тыңдай білушілік пен армандау қабілетін ұштайды.
Жас ұрпақ өкілдеріне отбасында тәрбие беруде ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің, халықтық педагогиканың маңызы орасан. Халықтық педагогиканың негізінде ұлттық сана-сезімді, ар-ожданды, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті, қоғамдағы ережелер мен ұстанымдарды, ұлттық рухты ұрпақ жадына тоқыту әрекеті жүзеге асырылады. Осыған орай белгілі педагог-ғалым К. Оразбекова «Иман және инабат» еңбегінде: «Халық педагогикасының негізгі көздер мақсаты - бай тарихи тәжірибеге сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасы, ауыл-аймақтың, елдің ар-намысын қорғауға тағы басқа ізгі қасиеттерге баулу, яғни, адамның белсенді бет-бағдарын қалыптастыру» [1, 29-б], - деген тұжырым жасайды. Сонымен, халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиелік негізі ретінде - ата-ананы, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға қайыр қылу, әдептілік, парасаттылық, адалдық, шыншылдық, тектілік сияқты және т.б. қасиеттер кең байтақ өлкемізде ғасырлар бойы буыннан буынға жалғасын табуда.
Осылайша, бала мінез-құлқының негізін қалыптастыруда, оның бойына рухани-адамгершілік сезімін, инабаттылық, әділеттілік, шыншылдық тәрізді адамдық абзал қасиеттерді егуде отбасы ең алғашқы және басты рөлді атқарады. Нақ осы жағымды қасиеттерді жас ұрпақтың бойына дарыту ең алдымен отбасындағы тәрбие арқылы жүзеге асатыны белгілі. Осымен байланысты «Тәрбие -табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі) Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады. Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек. Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды. Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз. Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді. Ата-ана мен бала үйлесімділігі Отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен қарым-қатынасыңыз қандай болу керек? Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек. Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз. Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді. Алайда баланың сезіміне күлудің еш қажеті жоқ, әзіл сол қалыптасқан жағдайдың өзіне бағытталуы керек. Ата –аналардың міндеті 1. Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға; 2. Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін қадағалауға; 3. Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға; 4. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге; 5. Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге; 6. Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға; 7. Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға; 8. Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға; 9. Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата –аналар жиналысына қатысып отыруға. 12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес: Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені. Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық. Сырт келбеті өзгереді. Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке көп нәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам үшін уақыт өткен сайын ер адамның ақыл-парасаты маңызды болса, ер адам үшін әйелдің сұлулығы басты мәселе болып қала береді. Сондықтан бойжетіп келе жатқан қызыңыздың өзін, бет-әлпетін күтуіне баса назар аударыңыз. Жасөспірімдердің өзін салыстыра бастайтын өз сұлулық эталоны болатынын естен шығармаңыз. Кейде тіпті сырт келбеті оның келешек өміріне де әсер етуі мүмкін. Сондықтан олар көпшіліктен ерекшеленіп, көзге түсуді ойлайды. Тәрбиеге қатысты кеңестер Баланың тәрбиесін қолға алғанда жаман көңіл-күймен бастаған дұрыс емес. Ең алдымен баладан не талап етесіз,соны жақсылап анықтап алыңыз және балаға түсіндіріп, осы ұсынысқа қалай қарайды сол жайлы біліп алыңыз. Балаңызға еркіндік беріңіз.Әрбір қадамын тексермей, тек қана тәрбиелей біліңіз. Балаңызға дайын шешімді шеше білуге көмектеспеңіз, керісінше оған жетудің жолын көрсетіңіз, уақыты келгенде балаңызбен мақсатқа жетудің шынайы және өтірік қадамдарын ажыратыңыз. Балаңыздың ең алғашқы арманына жеткен уақытты жіберіп алмаңыз. Уақытында ескерту жұмыстарын жасаңыз, жағдайды бағалаңыз, содан соң пауза жасап, естілген сөздерді қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Ең алдымен жеке тұлғаны емес, ал жағдайды бағалау керек. Баланың жасаған қателіктеріне қарамастан, балаға мейірім көрсетіңіз, жанынан табылыңыз. Тәрбие бірнеше кезеңдерден тұрады. Тәрбие қатал болуы керек, сонымен қатар мейірімді де. Мектеп жасындағы баланың тәрбиесіне қатысты кеңестер Мектеп жасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады: 1. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру. 2. 5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері әрі қарай дамытыла түседі. Бұл тұста жас ерекшелігіне қарай қыз бала мен ер бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін анасына,әкесіне айтып береді. Сол шыншылдығымен ашықтығын пайдаланып баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру басты борыш. 3. 9-11 сыныптарда әрбір қыз бала және ер бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап қадірлей білуді үйренсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жақсы көретін мейірімді ана, әке шығары сөзсіз. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыздарының бойында ізеттілік, ар-ұят, қялшақтық,үлкенге қықзмет көрсету, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші - ол анасы. Ата – аналарға өсиет Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының кепілі. Сондықтан да баланың тәрбиесін мектепке тапсырып қоймай, ата-ана, бүкіл қоғам, ақпарат құралдары болып атсалысу қажет.
58 Халықтық педагогика – халқымызда ертеден жинақталған игі істердің зерделі ұрпақтың болашағына дұрыс жөн сілтеп, нақты бағыт беріп, олардың зиялылар санатына қосылып, әдемі отау тігіп, баянды бақыт құруына септігін тигізетін ежелгі үлгі, қанатты да қадірменді сөз, байырғы қасиетті де киелі дәстүр.
Қазақ халқының өте әріндегі ата – бабаларының өмір сүрген кезінен (Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі – халықтық педагогика. «Халықтық педагогика, - делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында - тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, жанұя тәрбиесінің тәжірибелері т.б. жатады. Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру».
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиені жас буын жадына біртіндеп сіңіретін арнаулы жолдар, тиісті тәсілдері де бар. Мәселен,;
2) Жұмбақтар мен айтыс термелер, жаңылтпаштар, шешендік сөздер – ақыл-ой тәрбиені көрсетеді. Мысалы, жаңылтпаштар тіл ұстарту, сөздің дыбыстылығын дұрыс, тез айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мақсатымен пайдаланады. Көбінесе жаңылтпаштар баланың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу үшін үйретіледі. Бала жаңылтпашты тыңдап қана қоймай, оны қайталайды, сол арқылы тілі дамиды, жаңа сөздермен танысып, дүниетанымын кеңейтеді, есте сақтау қабілеті мен тілін жаттықтырады. Өйткені жаңылтпаш қарапайым ұқсас сөздердің жиынтығы ғана емес, ол – көркем сөзбен кестеленген тәрбиелік, тағылымдық мәні ерекше шағын поэтикалық шығарма. Жаңылтпашта терең философиялық ой жатады. Дыбыстық ұқсастық пен әуезділікке көмкерілген сөздердің астарында терең мағынаның жатқандығын аңғарған абзал. Балаға жаңылтпашты айтқызу барысында өлең астарында жатқан мағынаға үңіліп, оны анықтай білу қажет.
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай, кім томағалайды?
Бұл жаңылтпаш болумен қатар ата-баба дәстүрін насихаттап, салт-дәстүрдің ерекшелігін ұқтырады.
Жаңылтпаш – көркем поэтикалық туынды болғандықтан баланың ойы мен қиялын ұштаумен қатар оған эстетикалық тәрбие беріп, көркем сөз табиғатына үйре-теді әрі баулиды, тілін дамытады;
Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ. Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу мақсатында қолданылады. Жұмбақ баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде, бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу іс - әрекетерінде жиі қолданылады. Мысалы: балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды. Сондықтан, бақылау кезеңі нәтижелі, мазмұнды өтуіне мән береміз. Қыс уақытында серуенге шығар кезде, қардың суық болатынын, алақаныңа салып ұстасаң, еритініне де көңіл бөлем. Балалар қолға ұстасам ериді, себебі қол жылы, жылылықтан қар ериді деп. Балалар бірнеше нәтижеден соң, өздері қар жайлы айтып әңгімелейді. Келесі серуенде балаларға «Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады», деген жұмбақты жасырып өздеріне айтқызып, шешуін тауып айтуларын ұсынамын. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастайды. Жұмбақта сурет, мүсіндеу, жапсыру оқу іс - әрекеттерінде де қолданылады. Мысалы: түйенің бейнесін салу алдында, түйенің ерекшелігін естеріне түсіру мақсатымен, түйе туралы жұмбақ жасырылады. Кезекті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Шешуін тапқан балалар, оның жануар екенін, оның екі өркеші барын айтып өтеді, тіл байлықтарымен ойлану қабілеттері дамиды. Жұмбақ баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін байқауға, сабақ алдында балалардың көңілін аудару мақсатымен айтылады. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту сабақтарда, экология негізі сабағында және сабақтан тыс уақытта сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мағынасында пайдаланылады, тіпті математика сабағында сандар жайлы түсініктерін толықтыруда сандарды қайталау барысында мына жаңылтпаш өте тиімді. Пеш үстінде бес мысық, Пеш ішінде бес мысық, Бес күзетші, бес пысық. Айналамен таныстыру сабағында, үй жануарлары олардың пайдасы жайлы түсінік беріп, қорытынды барысында Түйе маған шұбат береді, Шұбат маған қуат береді, дегендей жаңылтпаштар баланың сөздік қорын байытып, сөздерді анық айтуға жаттықтырады. Ал, тіл дамыту сабағында с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға мына жаңылтпаштар өте тиімді, және осы дыбыстарды жаттықтыруда сабақтан тыс, серуен кездерінде бірнеше қайталап отырсақ, берер табысы мол. Мысалы: Күрішші егуге кірісті күрішті, Күрішші себуге кірісті күрішті.
59 «Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ.
Той малы Той малы (дәстүр). «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады. Күйеуаяқ Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны «күйеуаяқ» дейді. Түйемұрындық Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.
Қыз қашар «Қыз қашар» (дәстүр). «Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді». (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. «Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді. Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді. Құйрық бауыр «Құйрық бауыр» (салт). «Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген. Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл қалжыңсыз, ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы «Құйрық бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды.
Құда, құда дейсің ау, әй, Құйрық бауыр жейсің ау, әй, Құйрық бауыр жемесең, Несіне құда дейсің ау, әй. Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады. Күйеу киімі Күйеу киімі (салт). «Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?» деп бізді мінейді. Ки! деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу міндетті түрде «күйеу киімін» киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. Оның мінген атын «күйеу атымен күл тасы» дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді. Бұл да ауыл салты. Қынаменде «Қынаменде» (дәстүр). «Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?» (Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы «қынаменде» деп аталады. Шығыс халықтарында «қынаменде» кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен «қынаменде» жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы. Күйеудің бұл жолы әр жерде әртүрлі аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер «қалыңдық ойнау» дейді, кей жерде «ұрын келу» дейді. «Бір күні күйеу байғұс ұрын келді, Қисайтып жаман бөркін қырын келді» (Н.Ахметбеков). Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар үшін бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас жораларымен келеді. Мұны «есік көру» көбінесе «ұрын келу» деп айтады. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын көріп танысып білісіп, тілдесіп көңілін демдейді. Әрине «ұрын келудің де кәде жоралары аз емес. «Сені күтіп жүгіреміз деп ентігіп қалдық» деп «ентікпе» сұрап жеңгелері келеді, «балдыз көрімдік» деп тағы біреулері келеді, тағы да сол сияқты. «Ұрын той» өткізіліп күйеуге және оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып, олар еліне қайтады. Құда түскенмен, келісім жасалғанмен күйеудің қыз ауылына «ұрыннан» бұрын келуге хақы жоқ. Егер келе қалса қыздың туыс туғандары (аға інілері) қазақ әдет ғұрпын бұзғаны, тәртіпсіздігі үшін оны сабап жіберетін заң тағы бар. Демек, құда түсумен бірге оның тәрбиелік ереже қағидалары тәрбиелік ғұрыптары әдеп пен тәртіпті талап етеді. Күйеу кәделері мен ырымдары тағы бар. Олар мынандай: ұрын келу, есік ашар, ентікпе, балдыз көрімдік, күйеу табақ, сүт ақы, жігіт түйе, атбайлар, босаға аттар, сәукеле байғазы, жеңгетай, шымылдық байлар, отау жабар, кереге көтерер, уық шаншар, түндік жабар, үзік жабар, туырлық жабар, мойын тастау, ілу, қыз қашар, шашу, қыз көтерер, арқа жатар қалыңдық ойнау, қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе қимылдатар, ит ырылдатар, «кемпір өлді», бақан салар, күйеу аттандырар, т.б.
60 жок
