Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этнопед толык.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.63 Кб
Скачать

79. Тыйым сөздер, тәрбиелік мәні

Тыйым- тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге,ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі.Бұл балаларды жаман әдет , жат пиғыл, ерсі қимыл , әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю,қызға қырық үйден тыю »деген мақал осыған байланысты шыққан. «Бүйірін таяну –қайғының, жағын таяну-мұң- шердің, жүресінен отыру- әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. Демек , тыйым- халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі.Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп. Адамға қару, мылтық кезенбе. Ақты жерге, суға төкпе. Адамды шошытпа. Адамды айналма. Адалды араммен араластырма. Асты қорлама, үрлеме. Ант ішп әбес сөйлеме. Аманатқа қиянат жасама. Адамды малды аттама. Ауру тілеме. Арамдық ойлама, істеме. Ауруға күлме. Аузыңа ие бол. Аспанға қарап түкірме. Арыңды сатпа . Арамтамақ болма. Аруаққа тіл тигізбе. Әднпсіз болма. Әлсізге күш көрсетпе, зәбірлеме. Әйелге өктем сөйлеме. Басыңды шайқама, соқпа. Босағада отырма. Босағаны көрме. Баскиіміңді аяғыңа киме. Бос бесікті тербетпе. Білмесең айтпа. Бейуақытта жылама, ұйықтама. Бөркіңді теріс киме. Баланы басқа ұрма. Бетіңді сызба, қисайтпа.

Баланы шошытпа. Біреуге жамандыық тілеме. Біреудің еңбегін, ақысын жеме. Біреуді қарғама, сөкпе, тілдеме. Басыңа ие бол. Дініңе тіл тигізбе. Дұшпанға сенбе, жалынба. Досыңды өкпелетпе. Дүниеқор болма. Дістүрге қарсы келме. Дәмге түкірме, жамандама. Дініңді сатпа, айырбастама. Дастарқанды аттама, баспа. Досыңды сатпа. Ердің сөзін екі етпе. Еңбектен қашпа. Еріншек болма. Ерніңді шығарма. Есікті қатты жаппа. Ер-тұрманды аттама. Зорлықшыл болма. Зинақор болма. Жамандыққа жол берме. Жақсының жолын кеспе. Жаман ырым жасама . Жала жаппа. Жаман жерді баспа. Желмен жарыспа. Жаман тілек тілеме. Жаманға ерме. Жақсылығыңды сатпа,бұлдама. Жеңілтек болма. Жәнікті өлтірме. Жерді теппе, сабама. Жүреңнен отырма. Желге қарсы түкірме. Жатып тамаұ ішпе. Жаман іске үйренбе. Жамандыққа жақындама. Опасыз болма. Орынсыз ойбайлама. Отпен ойнама, шалқытпа. Отқа түкірме, су төкпе. Отты аттама. Орынсыз іске араласпа. Ошақты, жерошақты аттама. Өзімшіл болма. Өз үйіңді кісімсіме. Өтірік, өсек айтпа. Өтірікшіге ерме, құптама. Өтірік күлме, жылама. Өткенге өкінбе. Өтірік куәлік берме. Өлген адамды тілдеме. Өлімге күлме. Өлім тілеме. Өркөкірек болма. Пышақ кезенбе. Пышақ жүзін жалама. Сұрамсақ болма. Сабырсыз болма. Салақ болма. Сұқтанба. Сәбиді ұрма, теппе. Сараң, пайдакүнем, ұсақ болма. Саусағыңды беземе. Саусағыңды танауыңа сұқпа. Саусағыңды аузыңа салма. Суға дәретке отырма. Тамақты жерге төкпе. Тілазар болма. Тамақты аттама, жамандама, үрлеме. Табалдырықты баспа. Түнде үй сыпырма. Түнде тырнағыңды алма. Тырнағыңды тістеме. Тұзды баспа. Тамақтың үстіне отырма. Тіліңді шайнама,бұрама. Тамақты сораптап ішпе. Таңдайыңды татпа. Тізеңді құшақтама. Түнде ысқырма. Тісіңді қайрама. Таңертеңгі асты тастама. Тентек болма. Түкірігіңді,қақырығыңды жұтпа. Теріс сөйлеме. Иесіз үйге кірме. Итке ожаумен ас құйма. Иегіңді таянба. Инені тістеме. Көптің жолын кеспе. Көнке топырақ шащпа. Кірдің суын баспа. Көкірегіңді керме. Күш көрсетпе. Кісі мініне күлме. Кемтарға күлме,мазақтама. Кісіге саусағыңды шошайтпа. Кісіні сыртынан жамандама. Күлді шашпа. Көп сөйлеме,көп күлме. Көкті жұлма. Кеудеңді соқпа. Күншіл болма. Кешкі асты бақпа. Көп ұйықтама. Қолыңа ие бол. Қолыңды сілікпе,сермеме. Қайықты теңселтпе. Құдайға тіліңді тигізбе. Құдайды ұмытпа. Қабірді баспа. Қабірге қол шошайтпа. Қарт адамға күлме. Қызғаншақ болма. Қызға қол жұмсама. Құдыққа түкірме. Қақтың суын ішпе. Қонаққа қатты сөз айтпа. Құйынды қума. Қулық жасама. Малды үркітпе. Малға зәбір жасама. Малды ұрма, боқтама. Менмен болма. Маңдайыңды ұрма. Мақтаншақ болма. Мойныңа жіп немесе белбеу салма. Мезгілсіз жатпа. Мезгілсіз ұйықтама. Мезгілсіз жүрме. Нанды бір қолмен үзбе. Нанды жерге тастама. Нан үстінен зат қойма. Нас,лас болма. Намазды бұзба. Намысыңды таптама. Наданмен дос болма. Уһілеме. Үйге сыртыңмен кірме. Үлкеннен бұрын сөйлеме. Үлкеннен бұрын отырма. Үлкеннен бұрын жатпа. Үлкеннен бұрын тамаққа қол салма. Үлкенді мазалама. Үлкенге қатты сөйлеме. Үйге жүгіріп кірме. Үйге жылап кірме. Үйді сабама. Үйді айналып жүрме. Үйде ысқырма. Ұрысқаққа тіл қатпа. Ұрлық қылма,ұсақ болма. Ұрыншақ болма. Шақырмаған жерге барма. Шалбар жастанба. Ысырапқор болма. Ыдысты аттама,теппе. Ішігіңді тартпа. Ішімдікке бой ұрма. Халқыңды жамандама. Халыққа қарсы сөйлеме. Рұқсатсыз кірме. Рухыңды түсірме.

80. Тұрмыс – салт жырлары

Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:

тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),

дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),

үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),

мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),

өтірік өлеңдер, т.б.

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б. Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.

Қарап тұрсаң, адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен танып біледі. Соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізудің сан алуан көркемдік еркшеліктерінің бір парасы – тұрмыс-салт жырларында өзіне тән тұрмыс-тіршілігі суреттеледі дейді ғой. Онысы – шындықтың шарықтау белгісі. Адам баласының алға басуы, ой, сана-сезімінің өсуі, қоғамның экономикалық, тіршілік жағдайларына байланысты рухани мәдениеті – жан дүниенің табиғаты қаншалықты әсем болса, үлгісі де соншалықты жүйелі болып келетінінің көрінісі емес пе?! Өз жанын пида етсе де, Отанымызды қарсылас қатыгез жау қолынан қабырғасын қайыстырып қорғауға барлық жан-тәнімен ат салысқан батыр бабалардың, он саусағынан өнер тамған ұста-шеберлердің, “айтылған сөзі атылған оқпен тең” халық көкейіндегісін ашып айтар зерек те әділ би-шешендердің, терең ойлы, жүйрік шешімді, жылы жүректі жарқын мінезді, мейірімді жүзінен от шашқан, жалынға толы көз жанарынан өмірге көз қарасы мен дүниетанымы байқалатын, “келген адамға кет демейтін” қонақжай халықтың қолынан өтіп, ісімен дәлелдеген, көзімен көрініп, жүрегімен сезілген асыл да қымбат қазына келешек жас ұрпаққа өнеге-үлгі екенін жүректің суықтығын жылытып сезінген неткен ғанибет десеңізші! Оның қазақтың әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, күллі этнографиялық құндылықтарының біо парасы іспетті болғаны Жағда Бабалықұлы сынды көрген-білгенін ақылға тоқып, соларды өмір бойына насихаттап, дәріптеген абыз қарияның соңында қалған асыл мұрасы – өте көлемді дүние екенінен байқаймыз. Баяғы бағзы замандағы жан-дүниесі бай, көрген-түйгені мол, өткен өмірінде елге еңбек еткен даналар, тарихы тереңде жатқан еліміздің бұл күндері ұмыт бола бастаған әдеп-тәрбиесі және болашағы жайындағы мақсат-мұратын пайымдап қағаз бетіне түсірді. Сондықтан тұрмыс-салт жырларын руханияттың бастау бұлағы деуге мол негіз бар.

81. Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған. Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері: Төле би (1663—1759 жж.) Қазыбек би (1667—1764 жж.) Әйтеке би (1644—1700 жж.) Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды. Сол себептен оларды әділдіктің символы деп атаған халық. Қазақ халқының тарихында «Қара қылды қақ жарған», еліміздің ынтымағы үшін күрескен кемеңкер үш бидің орны ерекше Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ол: - Ақты ақ деп бағалар! О, игі жақсы ағалар! Өзегі талса ел біткен, Өзен бойын жағалар, -

деп сөз бастай бергенде: - "Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без" деуші еді. Мына бала кім өзі? - дейді, төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:

- О, би ата, он үште отау иесі демес пе, Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Алакөз болу ағайын адамға лайық па? - деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды: - О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз? Сонда әлгі би: - Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой. - деген ғой, балам, билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:

- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? - дейді. Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:

- Үй баласы ма деп едім, Ел баласы екенсің. Ай маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелетін. Ауылыңның таңы бол, Маңдайындағы бағы бол! - деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.

82.. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы. 83. Ел президенді Н.Назарбаев көпмәдениетті тұлға қалыптастыру туралы көзқарастары. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтауда маңызға ие жас ұрпақты көпмәдениеттілікке тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Осыған байланысты, көпмәдениеттілікке қатысты білім беру мәселесі өзекті бола түсуде.

Біріншіден, қазіргі қоғамның ерекшелігі болып табылатын елдер мен халықтардың жақындасуы, олардың өзара ықпалдастығының күшеюі, әлемде жүріп жатқан жаһандану.

Қазіргі қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын мәдени жаһандану үдерісінің дамуы көбіне жоғары білім жүйесінде мамандар даярлау мәселелерінің қалай шешілетіндігіне байланысты. Мысалы  мамандардың мәдениет аралық қатынастардың түрлі саласында түрлі деңгейдегі өзара қарым-қатынасқа түсе алуы мәселесі.

Жаһандану қарама-қайшылықты құбылыс бола тұра, дамуға бағытталған білім беру салаларының алдына кезек күттірмейтін міндеттерді қояды.

Бұл дегеніміз жас ұрпақты  көп мәдениетті орта жағдайына дайындау.Олардың түрлі әлеуметтік топтармен, ұлттармен, діни сенімдері бөлек адамдармен қарым-қатынасқа түсе білу және әріптестікте бола білу дағдыларын қалыптастыру міндеті. Сондықтан әлеуметтік - мәдени келіспеушіліктердің алдын-алуға және оны реттеудің жолын іздеуге және табуға қабілетті, шыдамдылық таныта алатын көпмәдениетті тұлға қалыптастыру мәселесі  өзекті болып табылады.

Диалог жүргізе білу үшін қажетті көпмәдениеттілік туралы айтқанда, өзге мәдениеттің адамын түсінуге, оны сол күйінде қабылдауға, қиын жағдайда қолдауға, сонымен бірге өз мәдениетіңді байыта түсуге мүмкіндік туады [2].

Тек көпмәдениетті игерген тұлға ғана жаһандану үдерістерін бәсеңдететін фактор әрі  жаһанданудың жағымсыз ықпалына қарсы тұрудың тиімді құралы болады деген қорытындыға келеміз.

Екіншіден, біліктілік арттыру институтында жүргізілетін педагог қызметкерлерді кәсіби дайындауда білім саласы мамандарының кең мағынасындағы кәсібилікті игеріп шығуларын мақсат етіп қойған жөн, яғни, кәсіби қажетті білімдер мен дағдыларды игеруге бағытталып қана қоймай, кәсіби маңызды тұлғалық сапаларды қалыптастыру және жетілдіру болып отыр.

Осыған байланысты  педагог қызметкерлердің  білімдерін жетілдіре отырып, көпмәдениетті тұлға ретінде дамыту  маңызды орын алады [3].

Қазіргі педагог мамандардың білімдерін жетілдіріп, көпмәдениетті тұлға ретінде дамыту үшін негіз болатын философиялық, психологиялық, педагогикалық ойлардың жиынтығы бар.

«Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет» - деп Елбасымыз атап өткендей, бүгінгі күні тек оқушыны біліммен ғана қаруландырып қоймай, оның жалпы мәдени, тұлғалық және танымдық дамуы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл бүгінігі қоғамның жалпы мәдени бола түсуімен байланысты.

XXI ғасырдың маңызды сипаты – жаһандану және ақпараттандыру. Елдер мен халықтардың жақындасуы, өзара әлемнің қалыптасуы жүріп жатыр. Елдердің өзара ықпалдастығы шеңберінде экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнайды. Сонымен бірге ана тілімен, мәдениетімен байланыстар сақталып, тұлғаның көпмәдениетті қоғамға шиеленіссіз  енуі мен көпмәдениетті кеңістікке бірігуі іске асады [4].

Мұндай жағдайда педагогтың кәсіби шеберлігі әрбір сабақта ерекше маңызға ие бола бастайды. Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қызмет адамның бойында адамгершілік-рухани құндылықтарды дамытуға, кросс-мәдениетті қоғамға бейімделуге, өзін-өзі жетілдіруге көмектесуі қажет.

Көпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай мақсаттар қойылады:

1) жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы құндылықтар мен әлемдік мәдениеттің негізінде шығармашылықпен өзін-өзі дамытуға қабілетті және этномәдениеттілік пен азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны қалыптастыру;

2) мектеп пен жоғары оқу орны түлектерін қазіргі өркениет пен көпұлтты еліміздің өмір жағдайына тиімді дайындау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік өсуі мен өмір сапаларын арттыру;

3) еліміздің  білімдік және кәсібилік деңгейі дәрежесін арттыру, жастарды ашық көпмәдениетті және көптілді әлемде жауапкершілікті және зиялы етіп дайындау, белсенді ұйымдастырушы етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да көпмәдениетті тұлға:

өмір сүру жағдайларына бейімделген әрі өзге адамдармен әріптестік қатынас орната білетін;

жеке, өзіне ғана тән ойы бар және өзге мәдени қоғамдар туралы көзқарастарын талдай алатын;

дербес, өз ойын үнемі білдіре алатын, тәуелсіз болуы тиіс.

Қазақстан тарихы пәні арқылы көпмәдениетті тұлға қалыптастыру үшін қажетті үлкен тәрбиелік мәні бар материалдар жеткілікті. Оқушы ұлттық мәдениетін, тарихын игеру барысында өз халқының мәдениетіне тұлғалық қатыстылығын сезіне алады, ұлттық ұқсастықтарды айырады. Осыған байланысты оқушылардың бойында көпмәдениетті тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру қазақстан тарихын оқыту барысында да жүзеге асырылады.

Көпмәдениетті тұлға – бұл индивид, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерді игеруге бағытталады. Туған тілін, жалпы мәдениетін терең білу – бұл өзге мәдениеттерге қызығушылық қатынастың негізі, көптеген ұлттық, көркем мәдениеттермен танысу рухани баюға және дамуға негіз болады [5].

Бұл аталған мәселенің өзегінде мұғалім тұрады. Мұғалім өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге дайындау ісінде басты рөлге ие болады. Оқушылардың бойында төл тарихына, туған өлкесіне, бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын қалыптастыруда мұғалім дайындығының рөлі зор.

Оқушының жоғарыда аталған қызығушылықтары Қазақстан тарихын, өлке тарихын оқытқанда, ғылыми-зерттеу, жоба жұмыстарын жүргізу кезінде жүзеге асады.

84.Жок, табылмады өздерің қарастырыңдар!!!!!!!

85. УшинскийКонстантин Дмитриевич [19.2.(2.3.)1824, Тула – 22.12.1870 (3.1.1871) ОдессаКиевте жерленген] – орыстың педагог демократы, Ресейде ғыл. педагогиканың негізін қалаушы. 1844 ж. Мәскеу университетінің заң факултетін бітірген. 1846 – 49 ж. “Современник” және “Библиотека для чтения” журналдарында қызмет істеді. 1854 ж. Гатчинодағы жетім балалар ин-тында орыс тілі және заң пәндерінің оқытушысы, 1855 – 59 ж. класс инспекторы, 1859 ж. Смольный ин-тының инспекторы қызметтерін атқарды.  Тәрбиенің халықтығы, халықтың тарихи процестегі шығарм. күші мен білім алу құқығын қорғау идеясы У-дің пед. жүйесінің негізіне айналды. Ол басыбайлылыққа қар-сы болды, баланы жазалап оқытуды айыптады. Оқытудың сыныптық жүйесін қуаттады. Білім беру ісі мен тәрбие ісін қатар жүргізу керектігіне, оқытуың көрнектілігіне, білімнің тәжірибемен байланысына ерекше мән берді. Оқытудың дидакт. негізін қалап, педагогика ғылымын ең озық ғыл. дәрежеге көтеруді, оны әрі ғылым, әрі өнер деп бағалауды ұсынды. Ол мектептегі тәртіп мәселесіне баса көңіл бөлді, оқушыны үнемі қорқыту, жазалау әдісімен оқытуға қарсы болды. Баланы саналы тәртіпке үйретуге зер салды, мұғалім мектепте басты тұлға деп санады. Мұғалімнің жеке басының үлгісіне мән берді. Ол үнемі оқып, өз білімін арттырып отыруы керек, мұғалім оқуын тоқтатқан күні ұстаздық беделінен айрылады деді. У-дің Ресейдегі пед. ісі бүкіл ұстаздар қауымына үлгі-өнеге болды, прогресшіл педагогиканың дамуына зор ықпал етті. Оның жолын қуушы прогресшіл педагогтар тек ішкі Ресейде ғана емес Кавказ бен Орт. Азияда, соның ішінде Қазақстанда көптеп шықты. У-дің жолын қуушылардың бірі белгілі қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин болды.  Ушинский ғалымдардың халық өмірінен қол үзгендігін сынай оытырп, оны жақсартуға ғылымның көмектесуінің қажеттігі туралы айтты. Ол студенттерді өмірді, халықтың қажеттігін зерттеу, оған көмектесуге шақырды.Тәрбиенің халықтық идеясы туралы.

Ушинскийдің педагогикалық жүйесінің негізіне халықтық идея жатады. Халықтық деп Ушинский оның тарихи дамуымен, жағырафиялық, табиғи жағдайларымен қалыптасқан әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі деп түсінді. Әрбір халық, Ушинский айтқандай, басқа халықтардан өзінің мінез-құлқының, тілінің және басқа да өзіндік тарихи қалыптасқан әрбір халықтың ерекшеліктері, бейімдіктері, қажеттіліктері оның халықтық деп аталынатын мәнін құрайды. Ушинский халықтық әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбие арқа сүйеуге қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз және зиянды деп қарсы болды.Халықтың бастамаға негізделген тәрбие ғана, Ушинскийдің айтуынша, "халықтық дамудың тарихи үрдісінде тірі орган болып табылады”. Орыс халқына тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ең негізгілеріне ол мыналарды жатқызды: 1) ғасырлар бойы сыннан өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік сезімі, өзінің күшін аямастан оның тұтастығы мен тәуелсіздігін басқа мемлекеттерден қорғай білуге әруақытта даярлығы; 2) жоғары азаматтық сезім, гуманизм; 3) шығармашылық энергияның байлығы. Ушинскийдің пікірінше, орыс халқының рухы және Ресейдегі оқыту және тәрбие осындай негізде құрылуы қажет екендігін білдіреді. Қандай ма болмаысн мемлекеттің тәрбие жүйесін орыс топырағына көшіру оның қажетті тәрбие күшінен айырған болар еді. Халықтық идея Ушинскийдің түсінігінде терең демократизммен ерекшеленеді. Ушинский қоғамның жоғарғы бөлігіне тән халыққа аристократиялық - өркөкіректікпен қарауға қарсы болды. Өте дөрекі, сүреңсіз бұқара халықты "ерекше шығармашылық күштің, тамаша өлмейтін құндылықтардың қайнар көзі” дей келіп, ол "қарапайым” халықты жоғары қояды және терең бағалайды. Ушинскийдің түсінігінде, халықтыққа тән келесі белгісі – бұл жұртшылық. Тәрбиенің халықтық идеясы өз айналасына ауқымды атмосфераны талап ететіндігі және өзіндік кең қоғамдық элементтерді қатыстырусыз іске асуы мүмкін еместігіне Ушинский сенімді болды. Ушинский былай деп жазды: "Халықтың өзі және оның ұлы адамдары болашаққа жол қалауда: тәрбие тек ғана осы жолмен жүреді...” Ушинский Халықтық идеяны басшылыққа ала отырып, халық ағарту ісі халықтың қолында болуы керек, ал балаларды оқыту ісі олардың ана тілінде іске асуы қажет, ол халықтықтың ең айқын көрінісі болып табылады деген қорытындыға келді. Балаларды өз ана тілінде оқыту мүмкіншілігінен айыру оларды қолайсыз жағдайға олардың рухани күштері мен қабілеттіктерінің жемісті дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі құралынан айырған болар еді.К.Д.Ушинский жанұяда, балалар бақшасында және мектепте оқыту және тәрбиелеуді ана тілінде іске асыруға аянбай табандылықпен күресті. Бұл алдыңғы қатарлы демократиялық талаптар болатынды. Ол басқа тілде оқытатын мектеп балалардың күштері мен қабілеттіктерінің табиғи дамуын тежейді, ондай мектеп балалардың және халықтың дамуы үшін әлсіз және қажетсіз екендігін дәлелдеді. Ушинскийдің пікірінше, ана тілі "халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғастырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады”. Осыдан келіп, ана тілі "негізгі құрал болып табылады, оның көмегімен біз идеяларды, білімдерді меңгереміз, одан кейін шәкірттерге береміз”. К.Д.Ушинский элементарлық білім берудің басты міндеті ана тілін меңгеру деп есептеді. Ушинский ерте кезден бастап, балалардың тілі мен ойын дамыту туралы құнды кеңестер берді, бұл кеңестер күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Тіл дамыту ойлауды дамытумен байланысты екендігін дәлелдеді, ой мен тіл бірлікте болатындығын көрсетті: тіл-ойды сөз арқылы беру. Ұлы классик - педагогтің халықтық идея, ана тілінің болашағы туралы айтқан қағидаларының бүгінде маңызды, күн тәртібінен түспей отырған мәселе екендігін атап өткен жөн. Ұлттық идея, ана тілі мәселесі қай кезде де өміршең, өзекті мәселе болып келгендігін аңғару қиын емес. К.Д.Ушинский "Ана тілі” атты белгілі мақаласында былай деп жазды: Тіл – бұл өмірі өткен, бүгінгі өмір сүріп отырған болашақтағы халықтың ұрпағын бір ұлы тарихи тұтастыққа біріктіретін ең өміршең, дәмді және берік байланыс. Ол тек ғана халықтың өміршеңдігін білдіріп қоймайды, ол өмірдің өзі. Егер халықтың тілі жойылса, халық та болмайды.

86. Я.А.Коменский және халықтық тәрбие

Я.А.Коменский (1592-1670) - «Педагогиканың атасы», бұған «Чех дидактикасы», «Чех грамматикасы», «Чех поэзиясы», «Ересек чехтың даналығы» (мақалдар мен мәтелдер) арқылы келді. Ертегілер мен жұмбақтарды жинақтай отырып, еңбек туралы тәрбиелік диалог құрды. Чех тілінің байлығын дәріптеді. Ізгілік пен демократия идеясы. Этникалық өзін-өзі сәйкестендіру негізінде басқаға туыстық қатынас. Ана тіліне махаббаты оның дербестік сипатының тазалығын және жарқындылығын құрайды. Ана тілін және халық шығармашылығын, туған мәдениетін оқу. Отанына деген махаббаты. Халық балаларының мұғалімдері халықтық болуы тиіс. «Барлық халыққа барлығы туған тілінде беріледі».Тәрбиенің халықтық дәстүрін оқу, оның шығармашылығын педагогикада пайдалану. Ауызекі халық шағрамашылығынан адамгершілік тақырыбына әңгімелер алу; халықтың ырымдарын білу; жұмбақтарды жасыру бойынша жарыстар өткізу және т.б. Адамгершілік тәрбиенің қажеттілігі. Пансофиялық мектептің білім мазмұны: халық шығармашылығынан морал тақырыбына әңгімелер, ырымдарды білу.  Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты.

XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменский-дің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.

XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін — оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше — »Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек латын тілінде емес) жүргізуді ұсынды.

Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті — деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог »Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады», »Адам болу үшін ол білім алуы тиіс», »Білімділер нағыз адам» — деді. «Iлім -нравтылықтың спутнигі» — деді педагог. Оның жүйесінің негізі — ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет — деді.

Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айнал-дырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Оны ғылыми, теория-лық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесі — педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.

Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі. Коменский дәуірінде мектепте білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана білім алуға құқықты болды. Алайда кедей отбасының балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардың басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер Католиктік шіркеудің бақы-лауында болды. Шіркеудің қызметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсаты мен міндетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу ешкім-нің есіне келмеді. Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат — ұрып, соғу мақсатын көздеді. А.Я.Коменский «Чех тілінің қазынасы» (1612) деген тұңғыш еңбегінің өзінде халқына қызмет етуге ұмтылысын байқатқан. Ол өз халқының өмірін бақылай отырып, тарихты, географияны (Отанының картасын құрастырып) зерттейді, чех мақалдарын жазып алады. А.Я.Коменский сол заманның өзінде халық және халықтық тілдер аса бір жеккөрінішті нәрсеге айналғанын қынжыла жазып, осыған қатты ренішті екенін, барлық нәрсе әрбір халыққа оның өз тілінде берілуі тиіс екенін білдірген.

Оның «Қарт чехтардың даналығы», «1653 жылы жастарға арнап жинаған мінез-құлық ережелері», «Мектепті кертартпалықтан арылту туралы», т.б. үздік туындыларында халықтың педагогикалық мәдениетіне деген зор құрметі көрінеді. ...А.Я.Коменский балаларды ана тілінде оқытудың маңыздылығын баса айтып, «ана мектебінде» саналы түрдегі мектепке дейінгі тәрбиенің жеке халық өміріне байланысты біліммен қаруландырудың, еңбек етуге даярлаудың, балаларға мейрімділік танытудың, олардың жасы мен жеке бас ерекшеліктерін ескерудің қажет екенін қөрсетті.

Ұлы педагог-гуманист тәрбиенің халықтық дәстүрлерін, педагогикалық құбылыстарды ұғынып, оларды өзінің педагогикалық жүйесіне қосып алып қана қойған жоқ, тәрбиенің мәні, тәрбие мекемелері, оқулықтар, мектепке дейінгі тәрбие, жалпы білім беретін мектеп ұғымдарына жаңа мазмұн беріп, шығармашылықпен дамытты[5. 9].

А.Я.Коменский балаларды ана тілінде оқыту олардың ұлттық санасын жаңғыртудың, ұлттық мәдениетін арттырудың құралы деп білді. Оның «Табиғилық» принцпі хаықтық тәжірибеден алынды. Ұлы педагогтің «Адами істерді түзету бойынша жалпыға бірдей кеңес» кітабы 7 бөлімнен тұрады. Шығарманың ең басты негізгі бөлімі болып саналатын, үшінші пансофиялық (даналық, барлығын білушілік) мектепте – халық әңгімелерінен алынған адамгершілік тақырыбындағы әңгімелер, жұмабақтар айту, халықтың әдет-ғұрыптарын насихаттау мектептегі білім беру мазмұнының негізін құрады.

87. Қазақ ұлты ـ қандастықты негіз етіп, ру ـ тайпа, арыс, ұлыс сияқты үлкенді ـ кішілі қауымдастықтардан құралған халық. Ата ـ бабаларымыз «қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген туысқандықты, қандастықты, береке мен силастықты дәріптеп келген. Қазақтың дәстүрлі шежіресінде ата текті қуып еркек кіндікті, қандастықты, туысқандықты негіз етіп шежіре таратып, үш жүзге кеңейіп тұтас бір ұлттың ата тек шежіресін қалыптастырады. Иісі қазақ баласы бір ـ бірімен кезіккенде «қай жердің адамысың?» деп сұрамайды. «қайсы елсің?» деп сұрайды. Бұлай ата ـ жөн сұрау ата ـ бабаларымыздан қалған салт ـ дәстүр.     Қазақ баласы өз ұрпақтарына жеті атасын білу тәрбиесін жүргізіп отырған. Бұл талапты қазақ қоғамының барлық мүшесі білуге тиісті парыз санаған. Әрбір қоғам мүшесі жеті атасын білмеуді ұят, ар ـ намыс деп білген, тек ата ـ ана тәрбиесін көрмеген, жетім болмаса жеті атасын білуге тиіс деп санаған.     Халқымыздың жеті ата тәрбиесі ـ жеті атасының атын айтып берумен бірге өз жеті атасының ата мекенін, өріс ـ қоныстарын, елге аты кең жәйылған би ـ шешен, шежірешілерін, батырларын, ақын ـ жырауларын, таңба ـ ұрандарын, салт ـ дәстүрлерін айтып беретін әліппелік сауаты болуды талап етеді     Біз сөз етіп отырған жеті ата деген ұғым нені білдіреді, бұның жеті ұрпақ атауымен қандай қатынасы бар? Бұл қазақ шежіресіндегі күрделі тақырыптардың бірі. Халқымыздың дәстүрлі шежіресінде бұрыннан бері қос жетілік ата таралым жалпыласып келген. Бұл туралы морқан кемелқан ұлы «ханзуларда жазу өнері ерте қалыптасқандықтан, көп нәрселерді ерте бастан жазып ـ сызып тарихи мұрағат жасай алды... ал, қазақ ұлты қос жетілік ұғым қалдырды. Қазақ ұлтының некелік заңы жалаң некелік козқарас негізінде емес, тарихи қандық кіршіксіздік, гендік тазалық жүйесіне құрылған, ру оның нақты құрылымдық жүйесі»деген козқарасын айтады.    Біз бұл мақаланың негізгі арқауы болған, қазақтың дәстүрлі шежіресінде бұрыннан айтылып келе жатқан жеті ата және жеті ұрпақты, яғни осы қос жетілік ұстанымды оқымысты, ғалым, зерттермендердің жазған ғылыми еңбектерінен мысал келтіре отырып түсіндіруді жөн көрдік.     Жеті ата шежіресі ـ ру ـ тайпа, ұлыстар шежіресінің алтын бастауы, яғни қазақ халқының шежіресін қалыптастыратын түп негіз болып табылады. Сондықтан ең әлдімен жеті ата атауына қарай ат басын бұралық. Төмендегі мысалдар жеті ата атауын түсінудің нақты дәлелі бола алады.     1. козқарас (рахыметолла әпше ұлы): «1 ـ өзі, 2 ـ әкесі, 3 ـ үлкен әкесі, 4 ـ ұлы әкесі, 5 ـ бабасы, 6 ـ чоң бабасы, 7 ـ аталық» 2 ـ козқарас (нығымет мыңжани): «1 ـ әке, 2 ـ ата, 3 ـ баба, 4 ـ ұлы ата, 5 ـ ұлы баба, 6 ـ аба баба, 7 ـ ата тек» 3 ـ козқарас (мақсұтбек ниязбеков): «1 ـ әкесі, 2 ـ атасы, 3 ـ арғы атасы, 4 ـ бабасы, 5 ـ ұлы бабасы, 6 ـ алтыншы ата, 7 ـ жетінші ата» («шинжияң қоғамдық ғылымы» журналы, 2003 ـ жылы 1 ـ сан, 97 ـ бет).     4 ـ козқарас (шынай рахымет ұлы): «1 ـ әке, 2 ـ ата, 3 ـ әз ата (бұл үшеуі аталар), 4 ـ баба, 5 ـ тектін, 6 ـ төркін, 7 ـ түп тұқиян (бұл төрттеуі бабалар). жоғарыдағы жетеуі бірігіп ‹ата ـ бабалар› делінеді». («моңғұлия қазақтарының ата тек шежіресі», өлгей, 1997 ـ жыл).     5 ـ козқарас «1 ـ бала, 2 ـ әке, 3 ـ ата, 4 ـ арғы ата, 5 ـ баба, 6 ـ түп ата, 7 ـ тек ата» («жүңгө ұлттары» журналының 2006 ـ жылғы 1 ـ санында жарияланған тұрсынхан дауытқазы қызының жинақтаған «ұлағатты ұлттық ұғымдар» атты материалінан).     6 ـ козқарас (сейіт кенжақымет ұлы): «1 ـ өзің, 2 ـ әке, 3 ـ ата, 4 ـ арғы ата, 5 ـ баба, 6 ـ түп ата, 7 ـ тек ата» (думан жақып ұлы «жеті ата және шежіре», «шинжияң қоғамдық ғылымы» журналы, 2011 ـ жылы 4 ـ сан, 32 ـ бет).     7 ـ козқарас (думан жақып ұлы мақаласында жоғарыдағы 1 ـ козқарастан 6 ـ козқарасқа дейінгі жеті ата атауына талдау жасай отырып өз козқарасын былай баяндайды): «1 ـ өзің, 2 ـ әкең, 3 ـ атаң, 4 ـ бабаң, 5 ـ арғы атаң, 6 ـ түп атаң, 7 ـ тек атаң» («жеті ата және шежіре», «шинжияң қоғамдық ғылымы» журналы, 2011 ـ жылы 4 ـ сан, 32 ـ бет).     8 ـ козқарас «жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. 1 ـ бала, 2 ـ әке, 3 ـ ата, 4 ـ арғы ата, 5 ـ баба, 6 ـ түп ата, 7 ـ тек ата» (орта мектеп «тыл ـ әдебиет» таңдамалы оқулығы, 4 ـ бөлім, шинжияң оқу ـ ағарту баспасы, 2009 ـ жылы маусым, 35 ـ бет). осы козқарастағы жеті ата тарату барысы баладан басталып тек атаға тірелген. бұл оқулықтың өзінде айтылған «жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады» деген сөзге қайшы."    Біз жоғарыдағы ғалым, оқымысты, зерттермендердің көзқарастарынан қазақ шежіресіндегі жеті ата атауының біркелкі емес көп вариянтты әрі күрделі екенін байқай аламыз     Қазақтың дәстүрлі шежіресінде жеті ата әкеден бастап жоғары саналады. Жеті ата туралы шынай рахымет ұлының «1 ـ әке, 2 ـ ата, 3 ـ әз ата, 4 ـ баба, 5 ـ тектін, 6 ـ төркін, 7 ـ түп тұқиян» деп айтқан көзқарасы өте дұрыс деп қараймын. Қазақтың дәстүрлі шежірелік көзқарасы бойынша жеті атаны «ата ـ бабалар» деп атаймыз. Жеті атаны өзіңнен немесе балаңнан бастап жоғары санау дұрыс емес, бұлай санау жеті атаға жатпайды. Жеті атаны ـ біздің «ата ـ бабаларымыз» деп түсінген жөн. Сондықтан жеті атаны әкеден бастап жоғары санау керек.           Біз сөз етіп отырған қазақтың дәстүрлі шежіре мәдениетіндегі жеті ата атауы мен жеті ұрпақ атауы екеуі екі басқа ұғым. Жеті ата әкеден бастап жоғары саналады да, жеті ұрпақ баладан бастап төмен саналады. Міне, бұл қазақтың дәстүрлі шежіре мәдениетіндегі қос жетілік тәлім болып табылады. Жеті ата мен жеті ұрпақты қосқанда жиыны 14 ата болады. Осы қос жетілік шартқа толған бір түп тұқияннан таралған қандастық топ ру деп аталады.3 l  Жеті ұрпақ немесе 3 ағайын атауы туралы біз жеті ұрпақ атауы мен 3 ағайын атауына мысал келтіре отырып талдау жасалық.     1 ـ козқарас (рахыметолла әпше ұлы): «1 ـ баласы؛ 2 ـ немересі؛ 3 ـ шөбересі؛ 4 ـ өбересі؛ 5 ـ шөпшек؛ 6 ـ туажат؛ 7 ـ жау танымас» («шинжияң қоғамдық ғылымы», 2003 ـ жылы 1 ـ сан, 97 ـ бет)..    2 ـ козқарас (нығымет мыңжани): «1 ـ бел бала؛ 2 ـ немере؛ 3 ـ шөбере؛ 4 ـ өбере؛ 5 ـ туажат؛ 6 ـ қуажат؛ 7 ـ жау танымас»     3 ـ козқарас (дәулет желдыкбайев): «1 ـ бала؛ 2 ـ немере؛ 3 ـ шөбере؛ 4 ـ немене؛ 5 ـ шөпшек؛ 6 ـ туажат, 7 ـ жүрежәт, 8 ـ жегіжәт, 9 ـ жұрағат: (сүйіндік тарих ـ шежіресі», алматы 2008 ـ жыл, 6 ـ бет     4 ـ козқарас «1 ـ әке, 2 ـ бала, 3 ـ немере, 4 ـ шөбере, 5 ـ шөпшек, 6 ـ көгенжәт, 7 ـ туажат» («қызай ـ аман шежіресі», 1 ـ кітәп, 2010 ـ жылы наурыз, 13 ـ бет).    5 ـ козқарас (айып нұсыпоқас ұлы): «1 ـ бала, 2 ـ немере, 3 ـ шөбере, 4 ـ шөпшек, 5 ـ немене, 6 ـ туажат, 7 ـ жүрежәт, 8 ـ жегжәт     6 ـ козқарас «1 ـ бел бала, 2 ـ немере, 3 ـ шөбере, 4 ـ шөпшек, 5 ـ немене, 6 ـ жүрежәт, 7 ـ туажат, (мұқтар садық ұлы «суан шежіресі», 315 ـ бет).0 E4 d% p* L& Z# n     7 ـ козқарас (әбіш кекілбайев): «1 ـ әке, 2 ـ бел бала, 3 ـ немере, 4 ـ шөбере, 5 ـ шөпшек, 6 ـ жүрежәт, 7 ـ туажат» («іле жастары», 1999 ـ жыл 3 ـ сан, 19 ـ бет).( p, w$ v9 `, ~2 N     8 ـ козқарас (салымбай ахыметов): «1 ـ әке, 2 ـ бала, 3 ـ немере, 4 ـ шөбере, 5 ـ немене, 6 ـ шөпшек, 7 ـ туажат, 8 ـ жегжәт, 9 ـ жұрағат» («іле жастары», 1999 ـ жылы 3 ـ сан, 19 ـ бет).! ~7 h3     9 ـ козқарас (шынай рахымет ұлы): «1 ـ бала, 2 ـ немере, 3 ـ шөбере, 4 ـ шөпшек, 5 ـ өбере, 6 ـ туажат, 7 ـ жүрежәт, 8 ـ жегжәт, 9 ـ жұражат...» («моңғұлия қазақтарының ата тек шежіресі», өлгей, 1997 ـ жыл, 6 ـ бет).     10 ـ козқарас (думан жақып ұлы): «1 ـ бала, 2 ـ немере, 3 ـ шөбере, 4 ـ шөпшек, 5 ـ көгенжәт, 6 ـ туажат, 7 ـ жүрежәт» («шинжияң қоғамдық ғылымы» 2011 ـ жылы 4 ـ сан 34 ـ бет).     жоғарыдағы жеті ұрпақ туралы айтылған атаудағы козқарастар негізгі жағынан ұқсас болғанмен ұрпақтардың рет тәртібіндегі атауларда ұқсамастық байқалып жатады. мысалы, жеті ұрпақ атауындағы 4 ـ ұрпақты (өбере, немене, шөбере, шөпшек), 5 ـ ұрпақты (шөпшек, туажат, немене, өбере, көгенжәт), 6 ـ ұрпақты (туажат, жүрежәт), 7 ـ ұрпақты (жаутанымас, жүрежәт, қуажат) деп әр алуан атайды. міне бұдан жеті ұрпақ атауының көп вариянтты әрі күрделі халықтық атау екенін білеміз.   Қазақ ұлты тілге бай халық,ата шежіремізге зер салсақ «жау танымас», «қуажат», «көгенжәт» сияқты өңірлік ерекшелікке ие жерлік атауларды байқай аламыз. ал көптеген шежірелерде қолданып жүрген 5 ـ ұрпақ атауы болған «немене» ны ешқандай қандастықты, туысқандықты білдірмейді, бұл атау ешқандай мағына бермейді деп жеті ұрпақ атауынан оп ـ оңай шығарып тастауға да келмейді, қазақ шежіресі барлыққа келгеннен бері қолданып келе жатқан «немене» сөзі жалпыласқан халықтық атау. сондықтан «немене» атауын жалғасты зерттеп тіл мамандары мен тарихшылардың сараптауынан өткізу керек деп қараймын. жеті ата мен жеті ұрпақ атауын тіл мамандарының еншісіне қалдырып өзіміз сөз еткен тақырыпқа қайта оралайық. моңғұлиялық тарих ـ шежіреші шынай рахымет ұлы 3 ағайын, 15 ұрпақты былай таратады: «немере ағайын: 1 ـ бала, 2 ـ немере, 3 ـ шөбере, 4 ـ шөпшек, 5 ـ өбере, жамағайын, 6 ـ туажат, 7 ـ жүрежәт, 8 ـ жегжәт, 9 ـ жұрағат, 10 ـ жамағат. қалыс ағайын. 11 ـ өркен, 12 ـ әулет, 13 ـ заузат, 14 ـ жаран, 15 ـ қалыс» («моңғұлия қазақтарының ата тек шежіресі», өлгей, 1997 ـ жыл). міне бұдан шынай рахымет ұлы қазақ шежіресіндегі туыстық атауларға жүйелі, ғылми ізденіс жасағанын аңғарамыз    Қазақтың дәстүрлі шежіресіндегі қандастықты, туысқандықты білдіретін жеті ата және жеті ұрпақ атауы туралы тіл мамандары мен тарих зерттеген ғалымдарымыздың байырғы туыстық атауларымызды ала ـ құлалықтан арылтып, бір арнаға түсіруін, жүйеге келтіруін үміт етеміз.2    Жинақтап айтқанда қазақ шежіресіндегі жеті ата әкеден бастап жоғары қарай түп тұқиянға дейін тараса, жеті ұрпақ баладан бастап төмен қарай жұрежатқа дейін таратылып қос жетілік ата ұстаным қалыптастырады. мұнда әке жеті атаға уәкілдік етсе, бала жеті ұрпаққа уәкілдік етеді. Шежірешілер айтып жүрген «өзім», «өзі», «өзің» деген атау жеті ата немесе жеті ұрпақ атауында кездеспейді. сондықтан мұндай атауды халықтың байырғы туыстық атауында қолданбаған жөн.

88. Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған. Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш. Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.). V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталы қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ. Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы. Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді. Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тарады. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі мен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеушімен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді. Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір ыдыстардың желгі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан үдесі туралы Қытай және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын кейде «руна» жазулары деп атайды. Оның себебі: Сібірде айдауда жүрген швед офицері Страленберг пен неміс ғалымы Д.Г. Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы өзі түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде «руна» жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті. Орхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә, халық арасына кеңінен тараған болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі: «Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым, жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері» - дейді. Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бұл жерде бұрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар қытай титулдарын қабылдап, түркі бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: «Менің өзімнің ханым бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, халқым қайда?» - дей ойсырып, қытайларға шығады. Бұдан біз арасындағы күресті, ханның халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз. Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті деген халықтардан шыққан басқыншылардан кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште империяның құралуы – халыққа көрсеткен қызметін, келтірген пайдам деп түсіндерді. Ал әскери тұрмысқа келетін болсақ, әрбір, жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады. Жазба ескерткіштегі Білге қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін - өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, «Түн қатып» деген сияқты қолданыстар аздаған дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді. Талас жазу ескерткіштері. Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 23 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі тар көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз. Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар алатаяқ та қызықтыра түсті. Оның төрт қырында да көне түркі алфавитімен жазылған. Бұл алатаяқ шыршадан жасалған. Оның құндылығы да осында. Алатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Эрмитажда сақталуы. Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазылуы, тастар Әулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің Орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минуевльск ойпаты, Алтай тауы, Қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, батысы – Карпат тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі – Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қалған барлық мұралар енуі. Ғылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне Түрік жазуымен тас бетіне 240-тай қағаз бен теріге 310 беттей мәтін түсіпті. Маникей әріпімен 554 бетіне жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб қарпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған . Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тонына, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жыраулардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагой білімдарияры өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді. Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өміріне хабар беретін жәдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сары даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығымен қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр. Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Түріктану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үш топқа бөледі. Соның ішінде Талас жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлық мұралар мен тарихи орындар осмы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясында ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесі өзінгің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп жасырып жатқаны бізге беймәлім. Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр. Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып жатқан руникалық түркі жазбалары Орхон таңбаларынан өзіндік ерекшелігімен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған, жазулардағы барлық таңбалардан бөлек өзгеше жазылған көне әріптер кездеседі. Мұның өзі түркі жазуы жүйесінің ертеден қалыптасқан, жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тереңде екенін аңғартады. Ежелгі түркі туралы Орхон материалдарынан басқа да табылған археологиялық материалдар баршылық. Бұл материалдарды оқып білу әлі күнге дейін кешуілдеп, нақты тарихи деректерді көрсететін мәліметтердің көбінен әлі басы ашылмай келеді. Оған мына жағдай да себеп болды. Х ғасырда исламды уағыздаушылар (арабтар мен түркілердің өздері) өздерінің исламға дейінгі жазбаларына қарсы шығып, бұрын жасалған түркі мәдениетін ислам дініне құран етті-құбыжыққа айналдырды, ақыры ұмыт болды. Бұл саясат кеңес үкіметі, кезінде де толастамады. «Пантюризим» деген желеумен Түркі мәдениеті қуғындалды. Ол саясат тіпті қазір де ұшырасады. Мысалы, Мәскеуден шығатын «Молодая гвардия» журналыныі (1990-№12№-256 бетінде) жамбылдық А. Хмелов Қазақстандағы тіл саясаты туралы сыңаржақ пікір айтты: «Мектеп, техникум, жоғары оқу орындарында бұл тілді (қазақ тілін) қалаңыз, қаламаңыз зорлап оқытады» деп жазды. «Өзімнің сұлу орыс тілім тұрғанда, қазақ тілінің не керегі бар?» деп қана қоймай, жалған айтып, «қазақ, қырғыз тәрізді көшпелі халықта жазу,сызу атымен болмаған» - деп бұл халықтарды кемсітеді. «Қарап отырсам, өзбек, қырғыз, қазақтардың әрпінің бәрі орыстардан алынған. Ендеше ондай тілді үйретудің не мәнісі бар, - деп қорытады. Көшпенділер өз тарихың VI ғасыр да Орхон-Енисей бойындағы қабырға жаңа, ескі түркі әріптерімен ойып жазғанда орыс халқы әлі тарих сахнасында жоқ еді. Орыс жерінде кириллицаның келіп тууына әлі 300 жылдай уақыт бар еді. Осыларды А. Хмелев мырза білсе «көшпенді халықта әріп деген қайдан болсам» деп ауа жойылмас еді. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналында Григорий Спасский жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері басқа елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің негізсіз екендігін олар кейін мойындады. 1889 жылы орыс зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан, Енисей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім, қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді. Н. Ядринцев тасқа мынадай сыпаттама береді: биіктігі - 3,5 метр, төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған. Н. Ядринцевтің айтуына қарағанда, ескерткіштен 25 метрге дейін созылған аласа дөңес жатыр. (кейінгі зерттеудің нәтижесінде бұл қытай кірпішінен жасалған қабырға екендігі анықталды). Осы қабырғаның жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түркі статуясы табылған. Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір-біріне қараған, қираған екі хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны мазарға кіретін есіктің белгісі болу керек деген болжам айтады). Ал осы кіре берістен әрқайсысының арасы 10-12 метрден, беттері шығысқа қарағанадам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5 шақырымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерттеудің нәтижесінде әлгі мүсіндердің осында жерленген кісінің тіршілігінде өлтірген дұшпандарының келбеті екені және айқындалып отыр. Көп кешікпей Н. Ядринцев Россия археологтарының VІІІ конгресінде ғалымдардың назарын сло Орхон бойындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері деп қана аталып келген жазбалар енді Орхон, яки Орхон-Енисей жазулары деген атқа ие болады. Шамамен VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім. Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар – «Күлтегін», «Білге қаған», және «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп келеді. Ал кейінгі кезде, әсірее, көрнекті совет ғалымы И. В. Стеблеваның «VІ – VІІІ ғасырлардағы түркі поэзиясы» деген еңбегі басылып шыққаннан кейін руна жазуындағы әдеби мұралар поэзиялық туынды деп танылады. «Сонымен қатар дәл Стеблеваның ұғымындағыдай, ескерткіштегі сөз біткеннің бәрін бірдей ағыл-тегіл өлең деуге болмайды. Қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Алпамыс», «Қобыланды» тәрізді әйгілі жырларында кездесетін өлең арасындағы әлқисса-түсіндірме көркем қара сөздер мұнда да кездесіп, араласып отырады. Көне түркі авторлары, өзімізге әбден қанық қазақтың батырлар жырларындағыдай, болашақ жорықтарды немесе өткен оқиғаны ақындық тәсілмен, үлкен пафоспен баяндай отырып, өздеріне елеусіз деп есептеген сәттерді жыр арасында қара сөзбен жеткізіп те отырған. Әдетте мұндай прозалық жолдардың көркем болуы шарт емес, керісінше тусінікті болу жағына баса мән берілген. Осы заңдылықты Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөктерге арналған үш шығарманыңүшеуінде де кездестіреміз. Өз кейіпкерін дәріптеуде, оның жойқын соғыстарда көрсеткен есепсіз ерліктерін сүреттеуде сан түрлі бояуды, бейнелеу тәсілдерін мол пайдалана отырып шабытпен жырлаған автор бір сәт прозалық баяндауды да қолданады. Мұны біз көне түркі ғұламаларының эпикалық мұра жасаудағы қалыпты, дәстүрлі әдісі ме деп ойлаймыз.»1 «Күлтегін» жырындағы мынадай өлең жолдарына назар аударайықшы: Қаның судай ақты, Сүйегің тау боп жатты... Бек ұлдарың құл болды... Пәк қыздарың күң болды... Тізеліні бүктірдік, Бастыны еңкейттік... Еліміз қайта ел болды, Халқымыз қайта халық болды. Міне, осы ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік жайында тебірене толғайтын ғажайып жыр жолдарын ақын бұдан бір мың екі жүз елу жылдай бұрын жазыпты. Демек, әрбір шумағы әсем айшық-өрнектерге, сезім толғаныстарына, жанды бейнелерге толы бүгінгі өресі биік поэзияның қайнар-бастауы, түп тамыры көне тарихтың тұңғиық тереңінде жатқаны ғой. Көне түрік қағанаты дәуірінде, дәлірек айтсақ VІІІ – ғасырда әрбір әрпі құлпытасқа қашап жазылған, әрбір сөзі адамның жан жүйесін еріксіз тебірентетін, әрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым замандардан сақталып, бізге жеткен сөз патшасы бүгінгі оқырманына да әмірін жүргізеді – оған эстетикалық ләззат беріп, ой мен сезім әлеміне жетелейді. Қиыннан қиыстырып, айтар сөзін айшықтап, ажарлап, сан түрлі бояумен құбылтып жеткізген ежелгі заман ақынының шеберлігіне таңырқап, талантына тәнті боласыз. Адамзаттың көркемдік талғамы ерте замандардан бастап дамығанын дәлелдейтін ғажайып көркем сөз ескерткіштері тек көне түркілерде ғана емес, өзге халықтарда да жиі ұшырайды. Мәселен, ежелгі вавилон елінің «Көрмегені жоқ кісі» деп аталатын батырлық поэмасы біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдар шамасында жазылыпты. Бұл адамның сұлулығы мен ұлылығы, батырлығы мен асылдығы жайындағы гимн деуге болады. Ал, енді үнді жұртының бұдан да ертерек жазылған «Махабхарата» деген көркем туындысы адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлауға арналған. Бұл дастан он тоғыз кітаптан тұрады, жалпы көлемі екі жүз он төрт мың жол өлең болып келеді.

89. Халық педагогикасындағы ертегілер Ертегілердің танымдық рөлі

К.Д.Ушинский: ертегілер – халықтық педагогиканың алғашқы туындысы, бұл теориялық білімді талқылап қорытындылайтын көркем-әдеби шығарма, педагогикалық мазмұндама. 

Оны пайдалану туралы В.Г.Белинский: онда ұлттық мінез, ойдан шығарылған нақты өмір. Н.А.Добролюбов: онда халық өзінің өмірге деген қатынасын айқындайды. 

К.Д.Ушинский: ертегідегі кеңдік балалар психологиясына сәйкес; оларды тәрбиеде пайдалану қажет, оларда әсем поэтикалық бейне, ақыл-ойды фантазия мен сезіммен бірге дамытады. 

Кез келген моральдық нормаларды жай хабарлауға немесе ертегіде айту керек. Екіншісі, әрекетшіл, яғни тыңдаушылар толқиды. Ертегілер, фактикалық тұрғыдан – бұл эстетикалық әңгімелер. Сонымен қатар эстетикалық және танымдық маңызы бар. «Сіз қалай ойлайсыз? Танымдылық өмір, табиғат, әр түрлі халықтың тілі құбылыстарында. Ертегілер оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз етеді. 

Ертегі – халық тәрбиесінің құралы

Ертегінің ерекшеліктері: ұлыстық, оптимистік, үлгілік, сюжеттің қызығушылығы, қызықтылық, дидактикалық.

Ұлыстық: бақыт үшін күрес; діни сенім мен дәстүр, еңбексүйгіштік, дарындылық, адалдық, өзінің халқына берілгендік; басқалармен байланыс (қараңғылықтан тұрғылықты босату), табиғатпен (ағаштар, аңдар, құстар, балықтар) байланыс.

Оптимизм (оптимистік): жақсылықты жеңуге бағытталады, шындық туралы сенім. Азап шегу уақытша, қиыншылықтарды жеңу. Жеңіс қуанышы. 

Қызықтырушылық сюжет тиімділікті көтереді. Бұл – балалардың психикалық ерекшеліктерін ескеру; сюжеті қарапайым, бірақ сырты қақтығысу, жағдайлар сызбанұсқасы орындау күрделі. 

Бейнелік (жақсы қабылдау үшін): батырдың қасиеттерін гиперболизациялау (ерлік пен еңбек сүйгіштік: бір түнде жасампаз сарай салған, өскен өнімді отырғызу және жинау; физикалық күш, батырлық пен ерлік).

Қызығушылық оқуды, ізденуді толықтырады: қызықты, ашық, тірі бейнелер және әзіл-сықақ. Ертегілер (Ақ бұқа туралы ертегі. Бір адамның ақылды мысығы болыпты. Поптың иті болыпты және т.б.) бар. 

Дидактикалығы: ашық бейнелер мен сенімді әрекеттер арқылы үйретушілік. Үйретушілік тәжірибе тікелей ендіріледі: ертегі - өтірік, ия онда жақсы жасқа сабақ деген ескерту бар. Көптеген ертегілер моралға арналған. 

Ертегі – педагогикалық идеялардың асыл қазынасы. 

Ертегілердегі педагогикалық идеялар

Ертегілерде педагогикалық идеялар көп: білімге, кітапқа, оқи білуге талпыну, тәрбиедегі мысалдың күші (кәрі әке – лоханиден тамақ ішіп отыр, немесе шанамен төмен итеріп жіберді, шындықтың күші (Қасқыр! Қасқыр! немесе Ұрылар! Ұрылар!), отбасы тәрбиесінің өлшемдері: үйде ұрыссыз тәрбиелеу; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; жастыққа тәрбиелеу, отбасындағы қатынас (күйеуі өкпелетеді – ауызында жаңқаның болуы), еңбексүйгіштікке тәрбиелеу (адам - барлығынан күшті; ол тек еңбекпен адам болады); өгей қыз – еңбексүйгіш), игілік: досты қиындыққа тастамай, өзара көмек көрсету; Отанға, барлық әсемдікке махаббат.... Махаббат - әсем.  4. Халық ертегілерін тәрбиелеуде қолдану.Халық ертегілері – адамгершілік құндылықтарды, идеалды қалыптастыру. Қыздар – бикеш, ұлдар – ақ көңіл жас. 

Формалары: ертегі оқу, түсінігін айтып беру, сахналастыру, талқылау, бұл тақырыпқа жазбаша жұмыс, ертегілер байқауы, суреттер көрмесі және т.б. Музыкамен театрландырылған ерекше әрекет. 

Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көпқырлы және кең. Және оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан.Жастардың тұлғалық бейнесін қалыптастыруға бүкіл халық өмірі ықпал етті: бәрі тәрбиелейді, барлығы тәрбиеледі, бәрін тәрбиеледі.

Адамды жетілдіруді халық мейлінше нақты және анық түсінді: сөзі жетілген адамның синтездік бейнесі ғана емес, сондай ақ нақты жетілулер еңбекте, ақыл – ой адамгершілік – құлық, әсемдікке жетілуді қалыптастыруды қамтамасыз ету жайында болды. Жетілген тұлғаның нақты сипаттары тек тілек – сөздер төңірегінде болған жоқ, олар тәрбие тәжірибесімен тығыз байланысты алға шықты, яғни сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының қуатты тұстарының бірі болып табылады.

Халықтық педагогикалық көзқарастарын жүзеге асыру жұмысын мақсатқа сай қамтамасыз ету мен тәрбие дәстүрлерін бекіту, оларды нақтылау, толықтыру және жетілдіруге көмегін тигізген жеке сынақ әдісі ел арасында кеңінен мәлім болды.

Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлнрі бар. Дәстүрлі бата – тілектер әсерлі ықпал етуді көздеді. Балалар достарына, есейе келе өзіне, үлкен ағаларына, ата- аналарына, ауылдастарына ант берді. Балалар ортасындағы серттер сөзге, борышқа, достыққа берік болу міндеті сипатында болды. Халықтық пікір анттарға байыпты қарым – қатынасты ұдайы қолдап отырды.

Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының бірі – ойындар. Халық педагогикасы олардың бала өсуі, дамуы мен қалыптасуы факторын көреді. Оның «Бала өсірген ата- ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстаздар бала болып ойлайды» деді осыдан.

Ойындар тек жұбаныш пен уақыт оздыру, сауық – сайран мен балалар үшін қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының ден күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәне бар.

Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім – нанымдарымен дәстүрлерімен, салттары және әдет – ғұрыптарымен,шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамыс бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар жиынтығымен бірге ең ақырында, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіптерін белгілейді, белгілі өмірі тәжірибесі сондай – ақ ішкі мақсат пен дағдыланған әрекеттер тудырып, жеткеншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуын жобалайды және бағыттайды. Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген тіпті көшіп қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. «Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші – қон кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын – сауыққа айналдырып әкетеді » - деп жазған екне Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан повесінде».

Өркениетті, мәдениетті елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт, университет, баспасөз маңдайына бұйырмаған ата – бабаларымыз жас ұрпаққа ұсыеар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырған. Түз далада не жүйрік – тіл жүйрік! Тілдің әсерлі, ықпалды құдіретіне сенген. Сол себептен де «Ұлы сөзден ұлағат», демекші, халық педагогикасының нәрімен суарылып, өзінің тәрбиелік нәрін күні бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан бірден – бір киелі мұра – фольклор.

Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан, ол елдің тұрмыс – тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Сол жырларға қарап, елдің әдет – ғұрпын, ой – санасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Сонымен қатар фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы – қасіреті мен мұң- зары, келешектен күткен арман- тілектері айқын көрініс тапқан. Әрбір айтушы – импровизатор өз тыңдаушысына ұстаздық жасап, олардың түйсік сезімін келелі ой – ниеттерге бастап отырған.

Ғылымда халық поэзиясын «Фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «Фольклористика» деп атайды. Неміс ғалымы И.Ф. Кнафльдің анықтауынша фольклор халық даналығы деген ұғымды білдіреді.

Фольклор шығармаларының ерекшелігі тәрбиелік қасиеті – ол қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінде еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкері көбіне мұрат – мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм дейміз.

Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау бақсылық нанымға, діни әдет – ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдерді тұрмыс – салт жырлары деп атаймыз. Мұны мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге бөлуге болады.

а) Төрт түлік мал туралы

ә) Діни әдет – ғұрып тудырған жырлар

б) Үйлену жырлары

в) Ұлыс жырлары

г) Бөбек жырлары

д) Жаназалау жырлары

ж) Шешендіксөздер, мақал – мәтел, жұмбақтар.

Тәрбие процесіндегі жас ерекшелікті ескере отыра ұл мен қызды адамгершілік инабаттылыққа, еңбекке, әсемдікке тәрбиелеуде, ұлтымыздың ұлттық мәдениетіне, тіліне, дініне баулуда фольклор материалдарының ролін есепсіз деп айта аламыз.

Қазақ баласының басының көп болғанын тілеген халық неғұрлым көп болса, солғұрлым, байлықтың көзі, бақыттың өзі деп түсінген. Оған халқымыздың аялы перзенті Еркенекті Саршуаш бидің пікірін айтсақ жеткілікті. Әрбір баласы бардың бір ру елде малы бар. Екі баласы бардың екі рулы елде малы бар. Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар. Төрт баласы бардың төбеден салған жолы бар. Бес баласы бардың дес бермейтін күші бар. Алты баласы бардыңалладан басқа несі бар» дегенінен балажанды халық екенімізді көруге болады.

Халқым баурында өсірген балапанының бойынан мінез – құлқында, ақыл – парасатынан, жүріс – тұрысынан ең арғысы тілінен бір мүкіс болиас үшін ойын түрін ойлап тапқан халық – ондай ойынның бірін жаңылтпаш дейді.

Қазақтың жаңылтпаш қазіргі педагогикалық оқу орындарындағы «Дефектология» факультетінің қызметін атқарады. Бұл факультеттердегі арнайы білімі бар ұстаздардың еңбек түрін, әдіс – айналасын біздің қазақтың кез келген жанұясында, ойын – сауығында «жаңылпаш» арқылы баланың тілінің мүкіс болмасын ескерген.

Қазақтың салты бойынша ойын – сауыққа жиналған жастар ән салып, өлең айтуға тиіс. Егер айта алмаса онда жаңылтпаш айту керек. Ойын басқарушы алдымен өзі мәніне келтіріп айтады, сонан соң оны ол қайталайтын болған.

Баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол – жұмбақ. Жұмбақ деген ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жаннды - жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі қасиетін бүгіп айтпай, баланың зейінін ұштау ойлату, әрбір нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға болады деген ой елегін көз алдына елестете отыра, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулитын тәрбиелік қасиеті ерекше.

Мысалы: арбаны жұмбақ қылғанда, оны адамға тәріздеп ұқсатып былай сипаттайды.

Ізі бар, қадамы жоқ аяғының

Тимейді үші жерге таяғының

Қолдарын хайуанға арта тастап,

Салады әуезіне баяғының

Қазақ халқының жұмбақтарының күрделі бір тобы – төрт түлік малға, хайуанаттар арналған – ол жұмбақтарды жастарға айтқанда әрбір малдың өзіндік мінез – құлқы, қасиеті, түр сипаты, өзіндік жасайтын қызметі суреттеледі. Жұмбақ баланың дүние тану әлемін, ой өрісін, білімін тереңдететін, әр бір заттың өзіндік атқаратын қызметін, ерекшелігін неден істелгенін, не жұмысқа арналғанын, жан – жансыз нәрсенің адамның ойына келе бермейтін қасиетін баланың жас кезінен бастап тәрбиелеу керек екенін халық педагогикасы білген, сол жолда халқым баласын ұқыптылыққа әр нәрсенің өзіндік ерекшелігін ескеруге, бақылауға, байқауға көңіл бөлгендігін ғылыми педагогика жоққа шығармайды.

Ертегі. Ертегілер жанрлары әр қилы. Олар қиял – ғажайып, тұрмыс- салт, хайуанаттар және сыншыл ертегілер. Ертегінің қай түрі болсада бала жанына жақын, баланың хиялын, ойын өрге сүйрейтін, еңбек сүйгіш, қолынан келмейтін өнері жоқ, өнегелі, «жеті қырлы, бір сырлы» - болуға тәрбиелейд.

Шешендік сөздер қазақ фолклорында жасалып , сөйлеу тілінде көбірек қолданылатын мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш түрінде айтылатын даналыққа толы нақыл үлгілері.

Мақал – мәтелдер халық творчествосының төл жемісі, халықтың моральдық кодексі, тәрбиетеориясы. Мақал – мәтелдерді көне түркі тілінде «аталар сөзі» деп те атайды, яғни бұл «атадан балаға мирас болып» келе жатқан қазына деген сөз.

Әр халықтың мақал - мәтелі сол халыхтың өзі жасаған логикалық формуласы, ережесі. Ол көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп – жеңіл, оп оңай, бір- ақ сөзбен түсіндіреді, ұғындырады. Туған елдің қадір – қасиеті туралы балаға ұзақ әңгімелемей – ақ: «Ел іші алтын бесік», «Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол» деген сияқты екі – үш сөзбен Отан қадірін түсіндіруге болады. Орыс педагогы К.Д. ушинский мақал – мәтелдер балалардың тәрбиесі мен адамның жеке басының қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибесін қорытындылаушы, нағыз халық педагогикасы деп санады. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, балалар тәрбиесі саласындағы мақал – мәтелдер, сондай – ақ басқа да қанатты нақыл сөздер, сөздің інжу – маржандары, онда халықтың даналығы, байқампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірдің тәжірибесі, еңбекке деген көзқарасы, үміті мен арман мүддесі қалыптасып сақталған.

90.Ән – халықтың поэтикалық шығармашылығының күрделі формасы, сезім мен санаға ықпал ететін, эстетикалық тәрбие құралы (мақсаты - әсемділік, әдемілік, құралы - ақылдылық). Көптүрлілігі. Адамның ішкі және сыртқы сұлулығын ашу, әсемділіктің маңызы. Поэтикалық сөз + әуен. Ойдың көріктілігі. Махаббат, еңбек, денсаулық мадақталады. Еңбек әрекеті, циклдері, еңбектің маңызы, оның нәтижесі сипатталады. Отан ата-ана, анамен байланыстырылады.  Табиғат, табиғат пен адамның өзара қарым-қатынасы мадақталады. Адамгершілік ізгілікті іске шақырады. Ұлттық дәстүр көрсетіледі. Жас ерешелігіне байланысты әндер. Әндегі ғасырлық күту, үміт, асыл арман. Этикалық, эстетикалық, педагогикалық бірлік. Халық әндері: халықтың бақытына, жақсылығына бағдарланған жоғары ұлттық құндылықтар. Негізгі міндеттері: әсемдік махаббатына баулу. Өмірдің барлығы әнде. 

Бесік жыры (балалық шақтағы әндер)

Баланың психикалық дамуына арналған нәзік әндер. Бесік педагогикасы – ең табиғи үлгідегі педагогика. Анасы ән айтады (4-5 жастағы балалар кішілеріне немесе қуыршақтарына айтады). Мақсаты – махаббатпен, еркелетіп жұбату, ұйықтату. Сәби оның маңызын түсінбейді, бірақ әуендегі, ән айтудағы, дауыс ырғағындағы нәзіктік пен махаббат. 

Негізгі мазмұны: ананың балаға, оның болашақтағы арманына деген махаббаты. Бесік жыры поэтикалық үлгіде беріледі. Балалар, ересектер туралы әңгіме. 

Туған жерге сүйіспеншілік (жасыл шылғындық және т.б.). «Ананың әні - әлемдегі негізгі ән, адамзаттық әндердің бастапқысы. Егер де ол, бесік жыры болмаса, әлемде басқа да әндер болмас еді» (Расул Гамзатов).

Адамның психологикалық портреті 3 жасқа дейін құралады, ерте балалық шақтағы есте сақтауы бар. «Пестушка» (әлпештеу - бағу) – денеге жеңіл қол тигізуде айтылатын қайырмасы бар қысқа жаттау. Жеңіл массаж және дене жаттығулары және тілектер. 

«Потешка» - жұмыссыздық пен жалқаулыққа қарсы күлдіріп айтылады (бұл жерде қолдарымен, аяқтарымен, ...).

Кішкене балаларға (2-3 жастағы) әндік (немесе әндік емес) әзіл-қалжың, мәтелдер: сыпайылыққа, еңбекті сыйлауға тәрбиелеу және т.б. 

Ойындағы әндер, санамақтар. 

3. Жасөспірімдер мен жастар әндері Жасөспірімдерге - әндер аз. Батырлар, қарақшылар, аң аулаушылар әндері: қыздарға қол ұстасып жүріп айтылатын ән. Жаңылтпаштарды, санамақтар, мазақтаулар. Мұның барлығы қарапайым мотивтер. Қол ұстасып жүріп би билейтін қозғалыстармен айтылатын әндер. 

Көңілді, жалынды, қызба, әзіл әндер кеңінен таралған. Бірақ, оларда есіркеу, жан ашу, қиыншылықта көмектесу, моралдық мәселелер сезімдері бар. Бұл балаларда өзін көрсетуге талпыну бар қиын кезең. Ұл балалардың репертуары бай. Қыздар әндерінде олардың өмірбаяны, ойлары мен армандары, ата-анаға, жерлестеріне деген ризалығы айтылады. 

Қалыңдықтың тойдағы сыңсуы: жан дүниенің сезімге бөленуі, арман, үміт, туыстарымен қоштасу, туған үйіне махаббаты.

Ересектер әндері алуан түрлі. Рәсімдік, дәстүрлік, еңбек және күрес, әлеуметтік наразылық туралы әндер. Әнұран әндері, олардың терең мазмұны, әуені ата-бабаның өсиеттеріне адалдыққа шақырады. Еңбек, ата-ананы ұмытпау анты, ересектерді сыйлау дәріптеледі. Бұл әндер алдында мархаббат ету қажет. Көптеген әндерде ұрпақ сабақтастығы, ересектерге ұнау және т.б. Жоғары поэзия, ананың ақ үйі, халықтың жан-дүниесі. 

4. Жоқтау және олардың поэзиясы Көптеген халықта дауыс қылу мен жоқтау жерлеу кезінде айтылады. Өлім туралы басқа формаға ауысу; басқа әлемге өту ретіндегі түсініктер. Жерде балалары, немерелері, жақын туыстары қалады. Мәңгілік идеясының жалғасы. Тәрбиелік жағы: өмірден өткен адамның жасаған игі істері, оның іс-әрекетіне еліктеу, оны есте сақтау, оған алғыс айту. Мысалы: «Жесірдің күйеуін жоқтауы»: күйеуі – қызыл күн, тәрбиеші, еңбеккер, қорғаушы. «Баласын жоқтау»: анасы оны, оның жақсылығы туралы қамығып, қайғырады. 

Жоқтауда өмірден өткен адамның қадір-қасиеті, жақсылығы, іс-әрекеті айтылады. Мысалы, «Әйелін жоқтау», «Қыздардың әкесін жоқтауы». Қалыңдықтың жоқтауы және оны шығарып салу. 

Негізгісі: тірілер, өсіп келе жатқан ұрпақ, оның тәрбиесі туралы қамқорлық. Тәрбиелік жоспары, тірі қалғандарының болашағы туралы. Әнмен айтылады. 

Әндер ғасырлар бойы іріктеледі. Жақсылары сақталады және адамды туылғаннан бастап өлгенге дейін шығарып салады.