Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этнопед толык.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.63 Кб
Скачать

78. Халық педагогикасының ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы рөлі

Этнопедагогикалық идеялар халық ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Оладың әрқайсысы түрлі өмір жағдайларына байланысты этнопедагогика туралы пікірлер қалыптастырды. Мағжан Жұмабаев «Әрбір тәрбиеші ұлттық тәрбиемен таныс болуы керек», және «Біз дәл қазір мектептің берік негізін қалауымыз керек. Соңғы кездері біз соқыр еліктеу ауруына шалдыққанымызды ескеруіміз керек. Бұл дерт жаңа мектептің негіздерін құруда ғана емес, шаруашылық және саяси өмірдегі қайта құруда да байқалады. Біз қазақтың жанына жаңа бейне беруіміз керек. Қазақтың жанын басқа үлгіге қарай ауыстыру қорқыныш тудырады. Жаңа мектептің негізін қалай отырып, осы соқыр еліктеу жолына тағы да түсіп кетпегеніміз дұрыс болар еді»-деп жазды. Ахмет Байтұрсынов бастауыш мектепке көп көңіл бөліп, ана тілін дамытуға көп мән берді. Ол ана тілден басқа тілдерді қанша жастан бастап оқыту керек мәселесін алға қойды. Әдіскер ретінде, ол ана тілінің негізінде басқа тілдерді оңай меңгеруге болатынына сенімді болды. Міржақып Дулатов балаларды туылғаннан бастап ана тіліне үйретуді ғана емес, сонымен қатар олардың бойына ұлттық рухты оятудың маңызын, салт – дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға баулудың қаншалықты жоғары екенін айта отырып, балалардың тәрбиесі бастауыш сыныптардан басталатынын жеткізді. Бала өзінің алғашқы білімін ана тілінде алғанда ғана ұлттық рухты тәрбиелеуге, ұлттық өзіндік сананы оятуға болады. Мұндай балалар бастауыш сыныпты бітірген сон, қай жерде, қай ортада болса да, бойларына сіңген ұлттық рухты жоғалтпайды. Олардың өмірлеріндегі ең қиын сәттерде де ұлттың ұлығын, ұлттық рухтың мәні жоғалмайды. М.Дулатов оқыту үдерісінде «тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге тәрбиелеу керек» деп санады. Жүсіпбек Аймауытовтың еңбектерінде халықтық принципі қарастырылады. Оның айтуы бойынша, балаларды туған халқының әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен, жергілікті жетістіктермен таныстыру арқылы, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Ғалым педагогиканың рөлі мен перспективалары жайында былай деп жазды: «Егер тәрбие мәселесіне аса жауапкершілікпен келетін болса, онда педагог-тәрбиешілердің саны дәрігерлерге қарағанда көп болар еді. Егер дәрігер физикалық ауруларды емдейтін болса және денеге денсаулық беретін болса, онда педагог адамның жаны мен ақыл-ойын емдейді. Ал егер саналы және тәрбиелі адамдардың саны көп болса, онда Отанның саналы және мықты қорғаушыларының саны да көп болады». Халел Досмұхамедов барлық ғылымдардың арасынан ана тілінің рөлін биікке қойды. Өзінің «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңдары» атты еңбегінде ол келесідей жазды: «Мәдениеттің негізі – білім. Білімді тіл арқылы меңгереді. Білімді, сауатты халықтардың тілі бай болады. Тіл – халықтың жаны. Ана тілін білмеген халықтың болашағы жоқ. Мәдениетке ұмтылу, ең алдымен тілдің өзгеруінде байқалады. Тілінен айырылған халық та жоғалады. Ана тілін таратушы ретінде ғана емес, басқа тілді керемет меңгерсе нұр үстіне нұр болар еді. Бірақ ана тілін білмей, басқа тілде сөйлесең, өкінішті. Бұл – орны толмас қателік. Мұны мұғалімдер мен оқушылар есте сақтаулары қажет». Автордың мұндай жалынды сөздері қазірге дейін сақталған. Авторлардың идеясындағы ұстаз бейнесі, ұлттық тәрбие көрінісі, ана тілін толыққанды игеру мұның барлығы да мұғалімнің тұла бойынан табылуы қажет. Болашақ «өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері этнопедагогикалық білімді игеріп, этноәлеуметтік рөлдерді атқара алған болса, олар оқушыларды білімге баулуында өзіне, басқа адамдарға, еңбекке, табиғатқа, сұлулыққа, Отанға деген қалыптасуларын қамтиды. Д.С.Лихачев айтқандай: «Ұлттық ерекшеліктер – бұл басқаларда болмайтын сапа емес, бұл бірқатар – акценттер». Ұлттық ерекшеліктер адамдарды жақындастырады, басқа ұлттарды қызықтырады, өз тарихын сақтаған ерекше ұлт болып қалыптасады.