Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этнопед толык.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.63 Кб
Скачать

76. Қазақ этнопедагогикасындағы қазақ халық философиясының ролі

Қазақ этнопедагогикасындағы қазақ халық философиясының рөлі зор.Философия (дүниетаным) – адамдардың қоғамға, қоғамдағы өзінің орнына, әлемге көзқарастар жүйесі. Философияның басқа ғылымнан ерекшелігі: әлемге өзінің қатысы, өзіндік бағасы, оның нормасы мен мұраты т.б. (субъективті таным-түсінігі). Халықтық философия – халықтық астрономияны, медицинаны, кеңістік пен уақытты қабылдауды, тыйым және сенімді, дүниетаныды қамтиды. Халықтық философия – ұлттық сана-сезімге бағдарланған көзқарасты анықтаушы; жүйеленбеген, стихиялы түрде халықтың әлемжасаушы білімінің жиынтығы.

Қазақ халық философиясының кейбір элементтеріне тоќталайық:

- уақыт пен кеңістіктің байланысы (ұзақ, алыс-жақын);

- табиғат өзгерістерінің адамдарға әсері (жыл мезгілдеріне сипаттама);

- тыйымдық ырымдар (қоғамға, адамға, табиғатқа байланысты), үлкен адамның жолын кеспе, қазған жерді ашық тастап кетпе т.б.

- ұлттық астрономия. Ай күнтізбесі – 12 ай. Астрономиялық ырым.

- шамандық. От – тазалықтың күші. Бабалар аруағына табыну;

- жасқа жыныстық талаптар. 15-16 жастағылардың жауынгерлік парызын өтеу. Ќорыта айтќанда, философия – ѓылымдардаѓы зерттеудіњ єдіс-тєсілдерін жинаќтаушы, этностыќ болмыс-бітіміне байланысты мєселелердіњ басын біріктіруші. Халықтың қарапайым дүниетанымының келе-келе белгілі бір ғылымның тірек көздеріне сүйену арқылы жаңаша (қоғамына қарай) тұжырым жасаудан этнопедагогика философиясы құрылған. Әлем туралы, болмыс жайлы көзқарастар жылдардан жылдарға ауысу кезеңінде іріктеліп отырады. Мєдениэтникалыќ тәрбие беру кењістігі әр қоғамда әртүрлі дамиды. Мемлекеттік білім беруге қамқорлығы мәдени мәртебенің деңгейіне қатысты жүзеге асып отырады. Оның көрінісін мынадай деректемелерден көреміз: 1) Білім беру дағдарысы (80 ж.). 2) Қазақстан Республикасындағы этноұлттық жағдаяттар. 3) 30-жылдардағы ұлттық мектептердің жойылуы. 4) Ұлттық тілді білмеушілік, 5) Жатсыну, 6) Кез келген ұлттардың өмірлік тәжірибесінің бірегейлігі. 7) Білім берудің көпмәдениеттілік тәжірибесі. 8) Эвроцентризм мәселелері. Жіктемемен берілген 8 мәселе этномәдени тәрбиені таза күйінде жүзеге асыруға үлкен кедергі келтіріп келеді. Ұлттық тіл және этникалық мәдениет тәлімі – үйлесімді дамудың негізгі бөлімі дей отырып, этномәдени тәрбиенің мәні айќындалынуы көзделеді. Тәрбие берудіњ єлемдік дењгейіндегі жалпыадамзаттыќ ќ±ндылыќтар дєст‰рі мен ±лттыќ тєлім-тєрбиеніњ ж‰йесін ќалыптастыру ұдайы этномәдениетке үстемдік етеді. Тәрбие берудің қазіргі заманға тән талабы өзге мәдениетті тану, онымен өзін байыта түсу секілді іс-әрекетпен байланысты. Мәдениеттердің өзара ұштастығы, әсері жағдайында ғана әрбір жекеленген мәдениеттердің принциптері мен ерекшеліктері айқын толыға береді. Этномәдени білім оқыту мен тәрбие жүйесінің жай ғана бөлшегі емес, мәдени және тілдік саналуандық идеяға негізделген техникалық және ақпараттық жарақтанудың әлемдік деңгейін дәстүрлі мәдени құндылықтармен үйлестіретін оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді. Мектеп жасына дейінгі балаларды бүкіләлемдік тәрбиелеу міндеттеріне ынталандыру және оларды т±лѓалыќ мєдени тілдік ќажеттілігін ќанаѓаттандыру төмендегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады:

- барлық адамдардың теңдігі мен құқығына сый-құрмет көрсету;

- бүкіл әлем балаларымен одақтық, ынтымақтық сезімде болу;

- күш пен биліктен басқа мүдделерді көздеу;

- сұхбатқа қатысушыны ұғу мен оның қарым-қатынасқа түсе алу іскерлігі, қайшылыққа келген тұсты әміршілдікпен, зорлықпен шешпеу;

- өзінің мәдени дәстүрлерін түсінудің дағдысы, басқаларды құрметтеу, ескішіл ағымнан сақтану;

- этномәдени тәрбие – бұл білім моделі, ұлттық мәдениет пен тілінің және өзіндік этнотоптың тұрмыстық жағдайлары мен басқа халықтардың мәдениетін меңгерудің бағдарының кењеюі.