Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_kukugy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587.78 Кб
Скачать

Жер құқығын бұзушылық және жер дауларының шешілуі

  1. Жер құқығының нормаларын қорғау.

  2. Жер дауларын шешу негіздері.

  3. Жер құқығын бұзушылықтың түсінігі және құрамы.

1-сұрақ. Жер реформасы әрине, жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлылығын арттыру, табиғи ортаны сақтау мен жаңарту, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту, жылжымайтын мүлік пен жер нарығын жасау, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың болуын көздейді.

Бұл орайда Жер туралы заңдардың орындалуы, орындалмауы, бұзылуы, жауаптылықтың пайда болуы сияқты жер құқық қатынастарына тікелей қатысы бар мәселелерге талдау жасау - Жер заңдарының қағидаттарынан туындайды. Ол қағидаттар мен Конституциялық нормалар жер құқығының нормаларын қорғаудың негізгі құқықтық бастамалары болып саналады. Сонымен жер құқығын бұзу, құқықтық талапты орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау - жер пайдалану мен жерді қорғауға кері әсерін тигізіп, әрі жер реформасының даму тенденцияларын тежеп отырады. Сол үшін де бұрынғы және осы күнгі қолданылып жүрген жер заңдары мен жаңадан қабылданған Жер кодексі осы заңдардың нормаларын бұзғаны және жер ресурстарына зиян келтіргені не нақтылы зиян келтіру қатерін туғызғаны үшін лауазымды тұлғалар мен азаматтардың заңдарда белгіленген тәртіптік, мүліктік, әкімшілік, немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және кінәлі тұлғалар осы заң бұзушылық салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетінен босатылмайтынын негізге алады. Қазіргі нарық жағдайында жер заңдарының басты міндеті жерді ұтымды пайдалана отырып, экологиялық тұрғыда жерді құқықтық қорғау және заңсыз жер пайдаланудан туындайтын зардапты қайта қалпына келтіру болып отыр. Бұл нормативті талапты орындау - бүгінгі күні құқықтық мемлекет құрып жатқан республиканың әрбір азаматының құқықтық борышы болып саналады.

Заң тыйым салған әрекетті жасау немесе заң жүктеген міндетті толықтай орындамау қандайда бір құқық бұзушылықты тудырады. Құқық бұзушылықтың нақты түрі қоғамға, белгілі бір тұлғаға немесе мемлекетке зиянды қауіптің болуымен және кінәлі тұлғаның арнайы құқық талаптарына қарсы келушілік әрекет немесе әрекетсіздігінің көрініс табуымен сипатталып отыр. Олай болса, жер заңдары нормаларының арнайы құқықтық шектерінің сақталмауы жер құқығы ережелерін бұзуға негіз болады.

Жер құқығын бұзушылықты мемлекеттің бекіткен жер заңдары мен қолданыстағы жердің құқықтық тәртібін бұзатын қоғамдық-қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің болуы деп, осы құқық бұзушылықтың жалпы мағынасын ұғынуға болады.

Құқықтық қатынастарда жер заңдарын бұзбаудың және бұзуға жол бермеудің алдын ала шараларын белгілеу және оларды жүзеге асырып отыру мәселелері елімізде "Қоршаған ортаны қорғау туралы" және жер заңдары нормаларынан туындайды. Оның айналадағы табиғи ортаны қорғаудың қағидаттары қатарында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қалпына келтіру тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу бар. Одан басқа бұл заңда қоршаған табиғи ортаны қорғауға халықтың мүдделілік таныту құқығы туралы да нормалар кездеседі.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды мемлекеттік қолдау мен жерге келтірілетін залалдың алдын алу немесе оның зардаптарын жою қағидаттары басты назарға алынған. Бұл екі заңдағы қағидаттар мамзмұны осылайша бір-бірімен ұштасып жатыр.

Жер - табиғи ресурстардың ең негізгі объектісі болғандықтан, оны сақтау мен жер құқығының нормаларын қорғаудың басқа табиғи объектілерді қорғауға арналған нормаларға қарағанда маңызы зор екендігі жалпы табиғи ресурстарды қорғау заңнама теориясында дәлелденген. Бірақ, өкінішке орай, Жер кодексінде жерге жеке меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерді сақтау және қорғау шараларын үнемі жүргізгені үшін жердің құнарлылығын арттырғаны, құнарсыз жерлерді ауыл және орман шаруашылықтарында пайдалануға қосқаны үшін оларға қолданылатын көтермелеу шаралары жоқ десек те болады.

Егер осы саладағы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңның талаптарын еске алатын болсақ, халықты және жеке адамдарды жерді сақтауға және қорғауға қатыстыруды, олардың экологиялық қоғамдық ұйымдары арқылы жер заңдарын бұзудан сақтандыру шараларын қолдауға баспасөз, радио, теледидар арқылы жерді сақтау және қорғау жөнінде хабарлар тарату және табиғатты қорғау заңдарына қайшы келмейтін басқа да шараларды жүзеге асырып отыруға мүмкіншіліктері бар екенін және ол аталған заң талаптарынан туындайтынын байқаймыз.

Жер туралы заңдарда ең алдымен мынандай көтермелеу шаралары орын алуы керек сияқты. Және бұл іс шаралар өз кезегінде жер заңдары талаптарын бұзбауға және бұзуға жол бермеудің негіздері ретінде оның өзіндік тенденциялар жүйесін танытпақ.

  1. Құнарлығы төмен жерлерді жеке меншігіне немесе пайдалануына алған адамдарды, оларды үш жыл ішінде құнарлығын арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіргендерді жер салығын төлеуден босату.

  2. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құнарлылығын агротехникалык, экологиялық шараларды тікелей қолдану арқасында арттырып отырғандарға жер салығының үштен бір бөлігіне жеңілдік беру.

  3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы суарылмайтын жерді суармалы жерлерге айналдырып, жерді ұтымды пайдаланғаны үшін жер алымдарының белгіленген мөлшеріне жеңілдік беру құқығын жер қатынастары және жерге орналастыру және жергілікті аудандық әкімге беру.

  4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыруда және басқа да экологиялық шаралар қолдану нәтижесінде су және жел эрозиясынан жерді сақтағаны, жасыл белдеулер мен желектердің аумағын молайтқаны және басқалар ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты өндіруге қолы жеткен шаруашылықтарға мемлекеттік материалдық және моральдық қолдауларды жүзеге асырып отыру.

Жерді өздігінен басып алуды тоқтатудың негізгі жолы жергілікті органдардың жерді жеке меншік құқығын немесе жерді тұрақты, яки уақытша пайдалану құқығын сату туралы мәліметтерді жариялап отырса, адамдардың қалаған жер учаскесін заңды бұзбай-ақ пайдалануына алуға мүмкіндік туар еді.

Жер заңдарын бұзған әрбір оқиғаны жергілікті хабар беретін органдар арқылы, күнделікті басылымдар мен радио арқылы жариялап, соның ішінде заң орындары тарапынан қолданатын және қолданылып жатқан шаралар әрдайым жарияланып отырса, жерді өз бетімен басып алу, улы заттарды кір және улы суларды, қалдықтар мен қоқыстарды жерге төгу, тастау, орналастыру фактілері азайып, бірте-бірте жойылар еді деген ойға келеміз. Сонымен жер құқығының нормаларын қорғамай, жер заңдарын бұзуға жол беріп қою дегеніміз - жер заңдары нормаларының қағидаларына негізделген жерге жеке меншік құқығына, жер пайдалану құқығына және олардың заңды иелерінің осы құқықтарына байланысты басқа да мүдделеріне зиян келген немесе .зиян келуі мүмкін заң бұзушылық әрекеттер мен әрекетсіздіктердің туындауы.

Жер құқығының нормалары республика тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін елеулі түбегейлілікпен күн тәртібіне қойылғанымен, күні бүгінге дейін оған немқұрайлы, ат үсті қарауымыздан жерді заңсыз пайдалану мен жерді заңсыз пайдалануға беру арқылы жер заңдарын бұзуда мемлекетімізге келген зардап мөлшері көбеймесе, азайып отырған жоқ. Жерді заңсыз пайдалану қылмысын тек қана жерді пайдалану құқығының пайда болу негіздерінсіз жерге иелік ету деп түсінумен шектелмеуіміз қажет.

Жер пайдаланудағы заң талаптары бұзылуының теріс қылық пен қылмыс деп табылуы ең алдымен қоғамға қауіпті жасалатын әрекет пен әрекетсіздік категорияларының ауырлығына қарай, кінәлі тұлғаның әрекеті мен әрекетсіздігі құқық бұзушылықтың жалпы әкімшілік, азаматтық және тәртіптік теріс қылығын тудырып, ал қылмыс қоғам мен табиғатқа тек қауіпті әрекет арқылы жасалатындығымен ажыратылуы керек. Әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жер пайдаланушы тұлғамен өзге де тұлғаға немесе мемлекетке, әрі табиғатқа зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмауы қажет. Жер құқығында жер заңдарын бұзу әрекеттерінің әрбір түрлері ерекше арнайы белгілермен анықталған. Оны біз анықталған құбылыстың сыртқы белгісіне тәуелді типтік нышан деп атауымызға болады. Бұл құқық бұзушылықтың арнайы түрлері жерді пайдалануда табиғатты қорғау режимінің талаптарын бұзумен де тығыз байланысты. Бұған сондай-ақ, жерді иемденудегі жерді қорғау талаптарынан басқа Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау туралы заңында бекітілген жалпы экологиялық нормалар да қолданылуы тиіс.

Құқық бұзушылықтың типтік нышанының көрінуі - оның болмауы немесе жасырынды болуын көрсетпейді, ол ашық күйінде жүреді. Оған табиғатты қорғау заңдарының бұзылу ерекшелігін жатқызудың маңызы ерекше. Өйткені, бұл процесс көз алдымызда айқын көріністе өтіп жатады және табиғатқа өз әсерін тигізеді. Жерді пайдалану барысында сол жерлерді бүлдіру, яғни радиоактивті және химиялық заттармен, өндіріс қалдықтарымен және қалдық сулармен ластау фактілерінің орын алуы жер құқығын бұзушылықтың ауыр түрі ретінде саналатын экологиялық қылмысты туғызады.

Оның құқықтық белгі сипаты 1997 жылғы шілденің 16-сында қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 285-бабында нақты қылмыс ретінде айқындалып отыр. Яғни, баптың диспозициясында жерді улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштарды және өзге де қауіпті химиялық, радиоактивті немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму кезінде оларды ұстау ережелерін бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге қызметтің зиянды өнімдерімен бүлдіру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауына әкеп соққан әрекет жерді бүлдіру қылмысының мінез-құлық ережесін құрайды.

Жер пайдалану құқығын жүзеге асыруда оған қатысты экологиялық қылмыстардың пайда болуы жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауы мен қоршаған ортаға зиян келуінің тұтастай алынған жүйесін білдіреді. Бұдан жер құқығы механизмінің іске асырылу көрінісін бұзатын тікелей заң бұзушылық әсерлі компоненттер қатынасы келіп шығады. Себебі, жердің экологиялық қорғау талаптарының бұзылуы нәтижесінде сол жердің мақсатқа сай пайдалану мүмкіншілігі жойылады. Бұл экологиялық тепе-теңдіктің жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін. Одан табиғи экологиялық байланыстардың құрылымдық-функционалдық бұзылуы экономикалық және биологиялық аспектілер деңгейінде, жердің пайдалы қасиетін алу мүмкіншілігі жоқтығын көрсетеді.

2-сұрақ. Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар әкімшілік тәртібімен және сот тәртібімен қаралуға жатады. Ал онда анықталған құқық бұзушылыққа қаралатын мемлекеттік ықпал ету мен күштеу шаралары қайда деген сұрақ туындауы мүмкін. Оның тағайындалу механизмдерін Жер кодексінің нормаларында аталған еңбек, әкімшілік, қылмыстық, азаматтық заң нормаларынан тікелей кездестіруге болады. Оны жауаптылықтың процедурасындағы санкциясы деп те атаймыз. Санкция - мемлекеттік күштеудегі жазалау шарасы болып танылмақ. Әрі ол жер дауына негіз болатын құқық бұзушылықтың темпераментті көрінісіндегі жер құқық қатынастарында қаралатын заңды жауаптылық процедурасының негізгі элементі болып отыр. Бұл ең алдымен жер құқығын бұзушылық көрінісінде жер заңдары ұйғарымдарына, шектеулер мен тыйым салу талаптарына қайшы келетін кінәлі тұлғаның тікелей немесе жанама орындалатын әрекеттерінің туындауымен орын алады. Жер дауының орын алуындағы жер құқығын бұзушылықты анық мағынасында - кінәліліктің, құқыққа қайшы әрекеттің, жер заңдары бұзылуының және қоршаған орта мен адам өміріне немесе жер ресурсына тікелей залал келуінің объективті жиынтығы болуымен түсіндіреміз.

Мұндай түсінік жер дауындағы жер құқығын бұзушылықтың түрлерін дәл анықтап бермесе де, олардың арнайы өзіндік белгілерімен ерекшеленуін танып білуге көмектеседі. Бұл жағдайдағы жер құқығын бұзудың әрбір түрі өзіне тән ерекшеліктерімен және белгілерімен оқшауланып, мынадай жер даулары туындауының негізгі түрлерін жіктеп көрсетеді:

- жердің меншік құқығын бұзудағы жер дауы;

- жер пайдалану құқығының бұзылуындағы жер дауы;

- жердің экологиялық жағдайының бұзылуындағы жер дауы;

- жерді басқару саласындағы жер заңдарының бұзылуында пайда болатын жер дауы.

Осындай негізде пайда болатын жер дауының белгі нышандары арқылы жер құқығының бұзылу ерекшелігін жеке-дара сұрыптай аламыз.

Жер дауын анықтап зерттеу барысында заң бұзушыны кінәлі деп тапсақ, оның әрекет пен әрекетсіздігі арнайы заң нормасын бұзды деп шынайы есептеуіміз керек. Жер пайдалану қатынасында бұл критерий тек жер пайдаланушыларға ғана қатысты емес, ол барлық жер құқық қатынастары субъектілеріне тәуелді болуы мүмкін. Сондықтан кінә жер дауындағы жер пайдалану құқығы бұзылуына қатысы бар тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) субъективті түрде байланысты болады. Содан қайсы бір құқық бұзушы тұлға болмасын, оның әрекетінен қоғамға белгілі бір мөлшерде зиян келіп туатыны анық. Бұл жер заңымен қорғалатын жер пайдаланушылар мүддесіне, қоғамға, мемлекетке белгілі бір дәрежеде залал келтіретінін көрсетеді. Жер пайдалану құқығы мен жерге меншік құқығы бұзылуына қатысты туындайтын зиян - заң бұзушы тұлғаның келтірген жағымсыз зардабының жиынтығы. Оның материалдық құндылық пен мүліктік емес игілікке келетін залалды мөлшері жасалған құқық бұзушылықтың күрделілігіне байланысты әртүрлі болады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, мұндай жер құқығын бұзушылық тек жер пайдаланушылар кінәсінен пайда болуымен шектелмейді. Оған мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыретінің жіберген қателіктері де тікелей әсер етеді. Байқағанымыздай, жер заңдарын бұзушылықтан мемлекетке, жерді тұрақты пайдаланушы тұлғаға және қоғамға белгілі бір зиян келетіндігі. Жер пайдалану құқығын заңсыз беріп келген басқару органының кінәлілігінен жер пайдалану құқығы да ішінара бұзылуға жатады. Бұл жерден көріп отырғанымыз, заң талаптарын өрескел бұзушылық әрекетінен қылмыс жасалғандығы. Қылмыс құқық бұзушылықтың ең ауыр түрі ретінде анықталған. Сондықтан жер заңдарын бұзу әрекеттерінен теріс қылықпен бірге қылмыстың да қатар туатындығына көз жеткіземіз.

Мемлекет пен жеке тұлғалар, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар немесе жеке тұлғалардың өз арасында және өзара заңды тұлғалар арасындағы жер дауындағы жер пайдалану құқығын бұзатын экологиялық зиян шығуының қоғам үшін ашық көріністе болуы, көз алдымызда өтуі нақты құқық бұзушылықты айқындауға көп септігін тигізеді дер едік. Бірақ бұл жағдай құқық бұзушының іс қимылдары мен зиян келтірудің арасындағы себептік байланыстарды дәлелдеу теориясына тәуелді. Себепті байланыс - жер құқығының бұзылуына себепші іс әрекет жасалғанда туындаған зиянның болуы кездейсоқтық бола қалғанын емес, зиянның сол іс әрекетке байланыста дағдылы, қалыпты ретімен пайда болғанын көрсетеді. Бұл ретте жер заңдарын бұзушылық әрекет пен зиянның пайда болуының арасында қалыпты себептік байланыстардың барлығы анықталмаса, онда кінәлі деп танылған тұлғаның зиян шектіру жағдайы дәлелденбеген болып саналады.

Сонымен бірге қандай да бір жер құқық қатынасындағы себептік байланыстың анықталу қажеттілігімен қоса, зиянның шығуына құқық бұзушы өзге тұлғаның іс әрекеті ғана емес, жер пайдаланушының өзінің де іс әрекеті себеп болғаны тікелей анықталуға жатады. Мұндай жағдайдағы оқиғаның болуында, зиянның орын алуына іс әрекеттердің қайсысының шешуші рөл атқарғандығын дәлелдеудің жауапты мәні бар.

Мұндай себептік байланыс категориясы жердің меншік қатынастарын бұзудағы жер дауында да нақты анықталуға жататын қажеттілік критерий. Сонымен өзге кінәлі тұлғаның әрекетінен жер құқық қатынастарында туындаған экологиялық зиян мен экономикалық мына шығындарды -

а) жер ресурстары мен өзге де залал келген табиғи ресурстарды қалпына келтіру;

б) табиғи ресурстардың тиісті қажеттіліктерін өтейтін қоршаған ортаны қорғауды қанағаттандыруға арналған күнделікті шығындарды;

в) жерді нысаналы пайдалану арқылы мемлекеттің немесе жер пайдаланушының ала алмай қалған пайдасын өтегенде ғана жер дауының мүдделілік сипатын толық жоюға болады.

3-сұрақ. Кінәлі тұлға жер заңдарын бұзу әрекетінің мәнісін дұрыс сезінуі үшін ол толық қабілетті болуы керек. Қабілеттілік - құқық бұзушылық қатынасында жер құқық қатынастары субъектілеріндегі жеке тұлғалар үшін кінәсін мойнына қойып, кінәлі тұлға тұрғысында қарауға мүмкіндік беретін нақты құқықтық анықтаушы белгі. Яғни, жер пайдалану құқығын бұзушы адамның өз әрекетіне жауап бере білуге қабілетінің бар болуы.

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың әрекет қабілеттілігімен жасалған жер пайдалану құқығына қайшы қылығы заңға немесе шарт талабына сәйкес келмейтін теріс функциялы құқық бұзушылық болып табылады. Ол жер пайдалану қатынасына түсетін келесі тұлғаның мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын бұзуға әкеп соғады. Жер құқық қатынасына қатысты жерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың заңды тәртіптеріне қарсы бағытталған, әрі жерді пайдалануға беру немесе оны алып пайдалану құқықтық режиміне мән бермеу арқылы қоғамға зиян келтірген не зиян келтіру қаупін туғызған кінәлі тұлғаның әрекеті мен әрекетсіздігінен жер құқығын бұзушылық келіп шығатыны анықталады.

Бұл ретте жер қатынасында заңды тәртіптің орындалуы көпшілік мүддесі үшін заңдардың әділ қызмет ету принципін тудырады. Бірақ қазіргі күндері бұл шараның өзі құқық бұзушылықтың алдын алу негізі бола алмауда. Оған себеп қоғамымызда көпшілікке қажетті заңдылықтың сақталуына қарағанда, өз пайдасын жоғары қойып қызмет ететіндердің ара салмағының күн санап арта түсуінде деп білеміз. Жер заңдары талаптарын бұзушылық сипатына қарай дер кезінде анықталып, ол объективті құқық бұзушылық деп танылған жағдайда ғана оған сәйкес келетін заңды жауапкершілікті тағайындаудың құқықтық мәні зор. Мұның бұзылған құқықтардың қайта қалпына келтірілуіне оңды септігін тигізетіндігі бүгінгі таңда толық айқындалып отыр.

Демек, жер құқығын бұзушылықты уақтылы тани отырып, оның алдын алу тек мемлекеттің мүддесін ғана қанағаттандырып қоймайды, жер пайдаланушы жалпы халықтың өзіндік құқықтарын да сақтап қалуды мақсат етіп қояды. Сондықтан да жер заңдарында жер құқығын бұзушылықтың салдары мен оны жоюдың алғы шарттары арнайы нормамен сипатталуы керек. Жер пайдалануға қатысты құқықтық нормалардың бұзылуы - мотивті құқық бұзушылықтың бір түрі, оған жалпы құқық бұзушылық элементтерінің барлық түрі өзіндік ерекшелігімен тән. Заң жүзіндегі жалпы жауапкершілікті қолданудың басты мақсаты да, жер пайдалану құқығын бұзушылыққа тосқауыл қою кілті болып табылады.

Аталған құқықтық жауапкершіліктерді жер құқығын бұзушылық әрекеттеріне қолдану үшін оның құқықтық дәрежелеу функциясы туындауы тиіс. Ондай негіздер жалпы заңдарда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу салдарымен де байланыстырылады. Жалпы жер құқық қатынасындағы жауапкершілік қарастыратын негізгі салдар:

- тұлғаның жер пайдалану нормасына қатысты заң талаптарына қайшы әрекеті мен әрекетсіздігінің жасалуы;

- жәбірленген тұлғаға келген объективті зиянның бар болуы;

- залал туғызған тікелей кінәлі тұлғаның анықталуы.

Жер құқығының бұзылу жағдайын тану үшін оның құрамды белгілерін өзара бөліп, түсініп алуымыз керек. Яғни, жер заңдарын бұзушылық өзінің құрамына қарай объектіге, субъектіге, субъективті және объективті жақтар белгісіне бөлінеді. Шартты түрде құқық бұзушылықтың объектісі заң қорғайтын мүліктік игіліктер мен мүліктік емес игіліктерден тұратындықтан, жер заңдарын бұзушылықтың объектісіне - санаттағы арнайы жер учаскесі мен оған заң арқылы бекітілген мемлекеттік меншіктегі жер пайдалану құқығын, жер пайдаланудың тәртібін және жерді иелену мен жерді қорғау мүмкіндіктерін жатқызамыз.

Субъектісі - жер заңдарының құқықтық нормаларын бұзған мекемелер, мемлекеттік заңды тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар және азаматтар болып табылады.

Ал, субъективті жағы - кінәнің қасақаналық немесе абайсыздық түрі арқылы жасалуы мүмкін.

Құқық бұзушылықтың обьективті жағы - жер пайдалану құқығының нормаларын бұзатын әрекет немесе әрекетсіздік, оның зиянды салдары және әрекетпен оның себептік байланысының болуымен көрінеді.

Жер құқығы бұзылуының осы төрт жағы түгел болғанда ғана толық, әрі нақты заңды жауаптылық негіздері туындайды. Біз осы құқықтық негізде жер құқығы бұзылуының себеп-салдары мен құрылымын, ерекшелігін және оның қоғамға әсерлі күшін анықтай отырып, оны жоюдың тиімді үлгісін шешу жолдарын құқықтық тұрғыда зерделеуіміз қажет. Жер құқығын бұзушылықтың шығуы дегенде оның себеп-салдарына үңілместен, алдымен біздің көз алдымызға заң нормасын бұзушы жер пайдаланушы жеке тұлғаның ғана іс әрекеті келетіні жасырын емес. Әйтсе де, коғам тіршілігінің түрлі себеп-салдары мен өзіндік вертуалдық күштер жер құқық қатынастары субъектілерінің барлығын дерлік жер құқығын бұзу жағдайына итермелеуі мүмкін. Бұл шартты сипат. Оның ең басты дәлелі бүгінгі таңда әлеуметтік функцияның алар орны мен ондағы объективті нышандардың қажеттілік салдарына бой алдырып қою үлгісі болып отыр. Бұған қоса, жер құқық қатынастары субъектілерінің жер заңдары нормаларын, нормативті құқықтық тәртіп ережелерін толық біле бермеуі немесе оны біле тұра сыйламауы, әрі орындауға құлқысының жоқтығы қоғамда құқықтың әлеуметтік мәнін түсінбей, оны құрметтемеу дәрежесін көрсетеді.

Бұл тұрғыда жер заңына сенімсіздікпен қарау заңдық тәртіпті бұзудың қайнар көзі болмауы керек. Қайсы бір заңда көрсетілген жерді пайдалану құқығын бұзу дегеніміз - меншіктегі жер учаскесін пайдалану тәртібін тікелей орындамау әрекетінің немесе әрекетсіздігінің көрініс табуы болмақ. Енді сол әрекет пен әрекетсіздіктің жер құқығына әсер етуші ерекшелік белгілеріне тоқталайық.

Жер пайдалану құқығы бұзылуының негізгі бағытталған көзі де заң талаптарына қарсы жасалған іс-әрекеттен тұрады. Объективті жағын көрсететін құрамдағы жер құқығын бұзудың ашық немесе жасырын түрдегі әрекеттеріне:

- жерді бағалау, есепке алу және мемлекеттік тіркеу мәліметтерін болдырмау;

- жер учаскелерін өз бетінше иелену;

- жерді мақсатына сай пайдаланбау;

- пайдалануға берілетін ауыл шаруашылық және басқа да жер санаттарындағы жерлерді бүлдіру, оларды радиоактивті және химиялық заттармен, өндіріс қалдықтарымен ластау;

- ауыл шаруашылық жерлерін нысаналы мақсатта ұтымсыз пайдалану арқылы жердің құнарлылығын бұзу;

- жерді пайдалануда арнайы табиғатты қорғау тәртібі талаптарын орындамау;

  • пайдаланатын жер жағдайына теріс әсер ететін объектілерді жобалау, салу, орналастыру және іске қосу;

- пайдаланатын жердің шекарасын өз бетінше өзгерту және өзге де заң нормаларының орындалмау көрінісін жатқызамыз.

Әйтсе де, бұл құқық бұзушылық әрекеттер сипаты жаңа Жер кодексінде жүйелі тәртіпті режиммен арнайы бап ретінде қамтылмаған. Сонымен, анықталған жер пайдалану құқығының бұзылу түрлері жер заңында нормалы талаппен арнайы бекітілуді қажет етеді. Ұсынылған жер пайдалану құқығының бұзылу нормалары тәжірибеде кездесетін арнайы заң бұзушылық әрекеттерін толық қамти алмауы да мүмкін. Бұл құқық бұзушылықтың топтастырылған жүйелі нақты формасы ғана. Біз жоғарыда қарастырған жер құқығын бұзу әрекеттерінің ерекшелігі тек жер пайдаланушылар үшін заң талаптарын орындамау белгісімен сипатталған. Онымен бірге жерді пайдалануға берудегі басқару органдарының жер заңдарын бұзу әрекеттері де осы құқық бұзушылықтың белгі нышандарын тудыратындығы айқын. Бұл құқық бұзушылық көрінісін жалпы жер заңдарын бұзушылыққа тән ортақ белгі ретінде де қарауға болады.

Енді жер құқығын бұзатын әрбір қоғамға қауіпті іс әрекеттің жалпы заң бұзушылықтағы теориялық белгі нышандарына ортақ құбылыстармен сипатталатындығына мән беруіміз керек. Айталық, жер құқығын бұзатын міндетті түрде кінәлі тұлға болады десек, ол заң бұзушылық әрекетін белгілі бір уақытта және анықталған жерде жасайды. Бұл жерде құқық бұзушылық әрекетін жасайтын уақыт пен анықталған жер жер құқығын бұзушылық құрамын анықтауда міндетсіз белгі болып та көрінуі мүмкін. Ал құқық бұзушылықта кінәлі тұлғаның жер құқығы талаптарына қарсы келушілік әрекеті арқылы жерді пайдалану тәртібін бұзу факторын заң бұзушылық құрамына міндетті түрде қатысы бар шартты элемент деп танимыз.

8-лекция

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]