- •Лекция тезистері
- •Жер ќ±ќыѓының жалпы түсінігі
- •Жерге деген меншік құқығы және жерді пайдалану құқығы
- •Жерге орналастыру және жер кадастры мен мониторингі
- •Жер үшін төленетін төлемдер
- •Елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі n890 қаулысына і қосымша
- •Жерді құқықтық қорғау
- •Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын кепілге салу негіздері
- •Жер құқығын бұзушылық және жер дауларының шешілуі
- •Жер заңдарының бұзылғаны үшін қарастырылатын жауапкершілік
- •Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің құқықтық режимі
- •Елді мекен жерлерінің құқықтық режимі
- •Өнеркәсіп, көлік, байланыс және қорғаныс жерлерінің құқықтық режимі
- •Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құқықтық жағдайы
- •Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі
- •Су ќоры жерлерініњ ќ±ќыќтыќ режимі мен босалќы жердіњ ќ±ќыќтыќ жаѓдайы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі n890 қаулысына і қосымша
Жер учаскелерін жеке меншікке құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, ғимараттар (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендері салынған жерлерді берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары:
Елді мекендер |
1 шаршы метр үшін теңгемен төлемақының базалық ставкасы |
||
ы |
1180 |
||
Алматы қаласы |
717 |
||
Ақтау қаласы |
145 |
||
Ақтөбе қаласы |
137 |
||
Атырау қаласы |
123 |
||
Қарағанды қаласы |
190 |
||
Көкшетау қаласы |
114 |
||
Қостанай қаласы |
123 |
||
Қызылорда қаласы |
129 |
||
Павлодар қаласы |
114 |
||
Петропавл қаласы |
114 |
||
Талдықорған қаласы |
137 |
||
Тараз қаласы |
181 |
||
Орал қаласы |
114 |
||
Өскемен қаласы |
145 |
||
Шымкент қаласы |
181 |
||
Облыс орталығы ставкаларының пайызы |
|||
Облыстық маңызы бар қалалар |
85 |
||
Аудандық маңызы бар қалалар |
75 |
||
|
Кенттер |
Селолық елді мекендер |
|
Далалық орманды, далалық және құрғақ далалық,
жартылай шөлейт және шөлейт, тау бөктеріндегі шөлейт-далалық,
субтропикалық шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аймақтарда орналасқан кенттер және селолық елді мекендер |
25
18
30 |
15
10
18
|
|
Осы орайда жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректерінің және жер нарығының мониторингі нәтижелерінің негізінде қажеттілігіне қарай, жер учаскелерінің жеке меншікке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын нақтылау туралы жергілікті аумақтардан түскен ұсыныстар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бағалама негіздерді енгізеді. Мемлекеттік меншіктегі және пайдалануға берілмеген бос жер учаскелерін иелену құқығы немесе жер учаскелерін жалдау құқығы саудада (конкурста, аукционда) сату нысаны бола алады.
5-лекция
Жерді құқықтық қорғау
Жерді құқықтық қорғаудың түсінігі мен оның мазмүны.
Жерді экологиялық құқықтық режимде басқару.
1-сұрақ. Жер мен оның байлығын барлық адамзат баласы тіршіліктің қайнар көзі ретінде қажетсінеді және халықтың өсу жағдайына байланысты жерге деген сұраныс та ұлғая бермек. Осындай өмірлік қажеттілікті қанағаттандыру үшін берілген жер пайдалану құқықтарын жүзеге асыру - нысаналы мақсатта жүргізіліп жатыр деп айта алмаймыз. Бұл жерде, жердің құнарлығын сақтау мен экологиялық залал-зардаптың алдын-алу проблемаларына ерекше мүдделілік таныту тиісті заң актілерінде ғана айтылған нормативті нұсқау турасында қаралып қоймауы қажет. Осы орайда жер иелену мен пайдаланудың ғана емес, ол сонымен қатар құқықтық қорғаудың да тікелей обьектісі деген қағидалы тұжырымды басты назарға алу қажеттілігі туындайды.
Жерді құқықтық қорғаудың негізгі мәні оның қолайлы жағдайын сақтау, құнарлылығын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі іс-шаралар болып табылмақ. Жердің қолайлы жағдайын сақтау - жерді пайдалану барысындағы жердің сапасы нашарламау қажеттілігін ұғындырады. Жерді қалпына келтіру - оның құнарлығын кезек күттірмес рекультивациялау іс-шаралары деп түсінеміз. Ал жердің жағдайын жақсарту - ең алдымен мелиорациялық суландыру жүйесін негізге ала отырып, жердің өнімділігін арттыруды көздеу тәсілдер жинағынан тұрады. Қазақстанның жер қорының көп бөлігі аридті және субаридті екені белгілі, яғни 44%-ы шөл, 23%-ы шөлейт жер үлесіне тең келеді. Қазір Қазақстанның барлық территориясында дерлік шөлге айналу процесі байқалып отыр. Еліміздің егістік жерінің 20-30%-ы табиғи жолмен пайдалану шеңберінен шыққан.
Суармалы егістіктің жартысы дерлік сорланып 30 млн. гектар жайылымдылық жер жүйесіз, орынсыз пайдалану салдарынан эррозияға ұшырап тозып кетті. Бүгінде республикамызда 63 млн гектар тозып кеткен жайылымдылық жер тіркелген. Бұл барлық жайылымдық жердің 30%-ына жуығын құрап отыр. Осыдан барып жерді құқықтық қорғау ісі болашағымыз үшін аса қажеттілігімен ерекшеленіп, оған әрбір жер пайдаланушы тұлғаның еріксіз мойынсұнуына тура келеді.
Осыған орай жерді қорғау мазмұнының басымдылығы оның мынандай өзіндік ерекшеліктерімен сипатталмақ. Яғни, жер дегеніміз - еліміздің егемендік тұтастығын білдіретін аумақтық кеңістік; қайталанбас табиғи ресурс; жалпыға ортақ шаруашылық және өндіріс құралы; тіршіліктің көзі ретінде еңбек процесінің негізі. Бұл жерде қайталанбас табиғи ресурс деп отырғанымыз - жерді басқа байлық түрлерімен алмастыруға болмайтындығы. Оның көлемін ешқандай өндіріс жолмен ұлғайту мүмкін емес. Жерді тек қана адам баласы ғана тұтынып қоймайтындығы, сонымен қатар жердің адам өміріне экологиялық және әлеуметтік ықпалы жағынан алып қарағанда, нарық тұрғысында ақшалай құнын дәл анықтау іс жүзінде мүмкін емес екендігі жердің ерекше құқықтық қорғалуына тән ерекшелігін танытады.
Соңғы кездері қоғам табиғаттан оның байлығы ретінде жерді шектеусіз көбірек пайдаланып, сонымен бірге табиғатқа өз іс-әрекеттерінің қалдықтарының барынша көбірек қайтаруда. Осылайша бір-бірімен өзара байланысты құқықтық-экономикалық екі проблема:
Жерді өз керегінше шексіз пайдалану;
Айналадағы ортаны ластанудан қорғау проблемалары пайда болды.
Бұл проблемаларды құқықтық реттеуде Қазақстан Респбликасы Жер кодексінің 139-140 баптарында көзделген жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері және оның сипаты басты назарға алынуы қажет.
“Ластаушы-төлеуші” қағидасын негізгі мақсат көзіне айналдырған жаппай экологияландыру үрдісі қоғамның барлық салаларын қамтып отырған тұста, жерді заңсыз пайдаланудан туындайтын зардапты қайта қалпына келтіруді қалыпты жолға қою - мемлекетіміздің тұрақты даму жолындағы басты бағыттарының бірі болып отыр. Сондықтан да жерді құқықтық қорғау шаралары жер кодексінің негізгі мазмұнын құрайды.
2-сұрақ. Жерді экологиялық-құқықтық режимде басқару - бұл қай кезде болмасын мемлекеттің жер қатынастарын құқықтық реттеу функциясын көрсетеді. Бұл салада жер құқықтық қатынастарындағы мемлекет мүддесін мемлекеттік органдар қорғайды. Қазақстан Республикаасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N1776 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік туралы” Ережеде аталған мемлекеттік органның жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын саласында арнайы атқару қызметін, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты тікелей мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратындығы айтылған.
Ережеде көрсетілген құқықтық функциялы қызметті қазіргі кездегі мемлекет атынан жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік тікелей іске асырып, ұйымдастырушылық міндетімен жер құқық қатынастарының арнайы реттеуші субъектісі болып табылады. Сонымен қатар жергілікті жердегі өкілді және өзін-өзі басқару органдарына жер құқық қатынастарында мемлекеттік арнайы өкілеттік беріліп, олар жерді экологиялық-құқықтық режимде басқаруда мемлекеттік бақылау жасай алатын реттеу құзыреті бар субъект болатындығы туралы норма Жер кодексінің нормаларында көрініс тапты.
Ал Үкіметтің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N990 қаулысымен арнайы бекітілген Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ережесінде жергілікті атқарушы органдармен бірге басқа да өкілетті органдар ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган; санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган; ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органдар мемлекет атынан жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасайтын субъект екендігі айқындалған.
Жерді экологиялық-құқықтық режимде мемлекеттік басқару арқылы экономикалық-әлеуметтік, саяси және мәдени мүдделіліктер мен мақсаттар орындалады. Сондықтан да экологиялық-құқықтық режимде басқару - өзіндік ерекшеліктегі қоғам өмірінің қажетті сұранысын өтейтін саласы, яғни басқару қатынастарындағы экологиялық реттеу тәсілі тек басқару органдарының ғана емес, бүкіл халықтың мүдделігінен туындайды. Мемлекеттік экологиялық басқарудағы жер - табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болу саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және құқықтық шаралардың орындалуын ұйымдастыру, іске асыру қызметіне өз септігін тигізеді.
Бұдан шығар қорытынды, жерді пайдалану мен қорғау саласының басын біріктіретін экологиялық-құқықтық режимде басқару - мемлекеттің жерге меншіктік құқығынан туындайтын табиғат қызметін жүзеге асырудағы мемлекет органдарының өкімдік қызмет жиынтығы болып отыр.
Тіршіліктің қайнар көзі саналатын жерді аялау - ол алдымен қоршаған табиғи ортаны аялау деген сөз. Жеріміз таза болса, су да, жануарлар да, жерден өндірілетін өнім де таза болмай ма? Яғни, бүгінгі таңда адамдардың денсаулығы мен өміріне қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұту басты назарға алынуы қажет. Бұл - Қазақстан Республикасының экологиялық саясатының өзекті мәселесі. Оған қол жеткізу жер және экология заңдарының талаптарын бұлжытпай орындап, халық арасында экологиялық тәлім-тәрбие жұмысының жүзеге асырылуын талап етеді.
6-лекция
