Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_kukugy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587.78 Кб
Скачать

Елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары

Елді мекеннің түрі

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге)

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге)

1

2

3

Қалалар:

28,95

0,96

Алматы

Астана

19,30

0,96

Ақтау

9,65

0,58

Ақтөбе

6,75

0,58

Атырау

8,20

0,58

Тараз

9,17

0,58

Қарағанды

9,65

0,58

Қызылорда

8,68

0,58

Көкшетау

5,79

0,58

Қостанай

6,27

0,58

Павлодар

9,65

0,58

Петропавл

5,79

0,58

Орал

5,79

0,58

Өскемен

9,65

0,58

Шымкент

9,17

0,58

Алматы облысы:

Облыстық бағыныстағы басқа қалалар

6,75

0,39

Аудандық бағыныстағы басқа қалалар

5,79

0,39

Ақмола облысы:

Облыстық бағыныстағы қалалар

5,79

0,39

Аудандық бағыныстағы қалалар

5,02

0,39

Облыстық маңызы бар басқа қалалар

Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 85%

0,39

Аудандық маңызы бар басқа қалалар

Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75%

0,19

Поселкелер

0,96

0,13

Селолар (ауылдар)

0,48

0,09

Жер құқығы танымында елді мекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жерлер үй іргесіндегі жер учаскелері деп табылады.

Мұндай жер учаскелеріне мынандай көрсеткіштегі мөлшерде базалық салық ставкалары бойынша салық салынып отыр:

а) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:

- көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;

  • көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.

Мұнда жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

б) басқа елді мекендер үшін:

- көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;

- көлемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.

Мұнда жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

Егер елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, жоғарыда көрініс тапқан таблицадағы елді мекендердің жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салыну қажеттілігі де ескерілуге жатады.

Негізінен жер салығының ставкаларын түзету ережесі бойынша сараланып көрсетілген мына салық төлеушілер:

- балалардың сауықтыру мекемелері, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік табиғи парктері, мемлекеттік табиғат парктері, мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер;

- діни бірлестіктерді қоспағанда, акционерлік қоғамдар мен мекемелер және тұтыну кооперативтерінен басқа коммерциялық емес ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар;

- әлеуметтік салада (медициналық, білім, ғылым, спорт, мәдениет саласында және кітапхана қызметі) қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

- қызметінің негізгі түрі ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

- балықты қорғау қызметіндегі мемлекеттік кәсіпорындар;

- ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;

- психоневрологиялық және туберкулез мекемелерінің емдеу-өндірістік кәсіпорындары тиісті салық ставкаларына қатысты 0,1 коэффициент мөлшерлемесін қолдана алады.

3-сұрақ. Жер қатынастарында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген уақытта олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеп береді. Бұл төлемақы ставкалары еліміздің арнайы жер заңдарына сәйкес белгіленетіндігін көрсетеді. Осы орайда төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен кем белгіленбеуі тиіс. Ал жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына қарай сараланып анықталады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер учаскесі бойынша есептелген жер салығының мөлшерінде мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерін жалға берген кезде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасы арнайы үкімет қаулысымен бекітіліп отыр.

Бұл ретте жер учаскесі үшін жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшері жер учаскесін жалға берген кездегі ол үшін базалық ставка мөлшерінің 100-120% шегінде қамтылады. Жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшері жер учаскесінің кадастрлық (бағалық) құнының пайызымен мынадай мерзімдер бойынша:

- 10 жылға дейін, оны қоса алғанда - жыл сайын 2 пайыз;

- 11 жылдан 30 жылға дейін - 20%, 10 жылдан жоғары әр жыл сайын 1,5%;

- 31 жылдан 49 жылға дейін - 35%, 30 жылдан жоғары әр жыл сайын 1 пайыз қосылуда.

Бүгінгі күні жер учаскелері үшін төлемақы және жалдау құқығын сату төлемақысы базалық ставкаларының жоғарыда көрсетілген мөлшерін жер учаскелерін немесе жер пайдалану құқығын кепілге қойған кезде жерді бағалау үшін, сондай-ақ оларды шаруашылық серіктестердің жарғылық қорларына жарна ретінде не өндірістік кооперативтерге пай ретінде берген жағдайда, меншік иесін (жер пайдаланушыны) жер учаскесіне меншіктің жалпы үлесінен (жалпы жер пайдалану үлесін) бөлу кезінде жер үлесінің құнын белгілеу үшін, жер учаскелерін немесе пайдалану құқығын шаруашылық жүргізуші субьектілердің активтеріне енгізген кезде және жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының құны тараптардың келісімімен белгіленуі мүмкін болмаған өзге де реттерде олардың құнын бағалау үшін қолдануға құқықтық негіз бар.

Республиканың барлық аймақтарына жердің бағасын біркелкі белгілемей, топырағының құнары, суы бар-жоғы, халқының тығыздығы ескеріле отырып, әрбір аймаққа, облысқа, ауданға, тіпті ауылға дейін зерттеліп барып қана нақты баға бекітілуге жатады.

Сондықтан да республика азаматтарына жеке меншікке өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін тегін берудің белгіленген нормаларынан артық берілетін қосымша жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны бағаланатын учаскелерге неғұрлым жақын орналасқан ауылдың елді мекендердің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына негізделе отырып айқындалуы тиіс.

Егер жер учаскелерін жеке меншікке құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, ғимараттар (құрылыстар, үймереттер) мен олардың кешендері салынған жерлерді берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын төмендегіше саралап көрсете аламыз:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]