Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_kukugy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587.78 Кб
Скачать

Жерге орналастыру және жер кадастры мен мониторингі

  1. Жерге орналастыру процесінің түсінігі.

  2. Мемлекеттік жер кадастрының мазмұны.

  3. Жер мониторингін жүргізудің сипаты.

1-сұрақ, Жер құқығының қалыптасу тарихында жерге орналастыру - жер қорын басқарудағы мемлекеттік қызмет бағытында жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыру жүйесін танытқан. Ол әлеуметтік-экономикалық, техникалық және құқықтық іс-әрекеттер қызметі кешенін қамтып отырады. Осы құрамды қызмет ету аясын былайша танып білеміз, яғни жерге орналастыру іс-әрекеттерінің әлеуметтік-экономикалық бағыты жерді шаруашылық жүргізу нысанының объектісі ретінде тиімді пайдалануды ұйымдастырудан; техникалық жағынан іздестіру, жерді суретке түсіру, жердің зерттелуі және жобалау жұмыстарын жүргізуден; ал құқықтық жағынан жердің пайдалану тәртібінен, оның заңды шарттары мен нысандарын айқындаудан тұратындығы. Еліміздегі жерге орналастыру процесі жерге деген меншік нысанына қарамастан және оларда жүргізілетін шаруашылық нысанын бөліп жармастан барлық санаттағы жерде жүргізілуді мақсат тұтады.

Жерге орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасы жер заңдарының қағидаларына бастамашыл негізде сүйеніп, мына негізгі міндеттер ауқымын қамтып, жүйелеп отырмақ:

  • жерді тиімді пайдалану мен қорғауды жоспарлау және ұйымдастыру;

  • еліміздің табиғат жағдайларын кешенді бағалау жүйесінде жер ресурстарын зерттеу;

  • әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, жер учаскелері меншік иелеріндегі, жерді пайдаланушылардағы жерлердің шекараларын белгілеу және бекіту арқылы жерге орналастыру және тиісті материалдар мен құжаттарды рәсімдеу;

  • меншікке немесе жер пайдалануға берілген немесе берілетін (сатылған) жерлерді пайдаланудың режимі мен шарттарын белгілеу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

  • табиғи ландшафтарды және жерді қорғауды қолдау және жақсарту, топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру;

  • ауыл шаруашылық алқаптарын игеру және олардың қолда барын жақсарту, жерді эрозия мен дефляциядан, селдерден, су басуынан, құрғаудан, батпақтанудан, қайта тұз басуынан, шөлге айналудан, химиялық, радиоактивтік және өндірістік қалдықтармен және басқа да келеңсіз құбылыстар мен ластанудан қорғау жөнінде шаралар әзірлеу;

  • жерлердің саны мен сапасы туралы ақпарат дайындау, жерлерді бағалау жұмыстарын жүргізу және ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін алу кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын анықтау, жерлерді аймақтарға бөлу болып табылады.

Жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жүргізілетін жерге орналастыру олардың жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органға беретін өтініштерінің негізінде жүзеге асырылады. Бүгінде жерге орналастыру - жер пайдалануды, жерге деген меншіктенуді тәртіптеуді қамтамасыз ететін жерді қорғау шараларының жиынтығы ретінде ерекшеленіп отыр. Оған қазіргі кезде мемлекеттік немесе тәуелсіз жерге орналастырушы органдары мен жерді иелену немесе тәуелсіз жерге орналастырушы органдарымен жерді иелену немесе пайдалану құқығын беретін құжаттарды рәсімдейтін заңды мекемелері жүргізетін жобалау-іздестіру, суретке түсіру, сараптау-зерттеу жұмыстары тенденциялы деңгейде қамтылған. Сондықтан да жерге орналастыру жұмыстарын жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілер негізіндегі тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.

Талқылай келе, жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдерді қамтып отырғандығына көз жеткіземіз:

  • жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;

  • дайындық жұмыстары;

  • жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;

  • жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту;

  • жерге орналастыру жобасын орындау.

Мұнда жерге орналастыруды жүргізу процесінде тапсырыс беруші, жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші, жерге орналастыруды жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тарапты тұлғалар, сонымен қатар жерге орналастыру құжаттамсы келісілетін және оны бекітетін мемлекеттік органдар мен осы процеске қатысушы өзге де тұлғалар жерге орналастыру процесінің субъектілері болып таныла алады. Жерге орналастыру қызметін жүргізуді қозғау кезінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы орган немесе оның жергілікті жерлердегі органдары мемлекеттік органдардың шешімі бойынша жұмыстардың түрлері мен атқарушы орындаушылары, қаржыландыру көздері мен оларды жүргізудің мерзімдері айқындалатын жерге орналастыру жөніндегі шаралардың жоспарын құрады. Осылайша мүдделі тұлғалардың өтінімдері негізінде жерге орналастыру ісін жүргізудің басталуы бастапқы деректер мен мәліметтерді жинаудан, жүйелендіруден, сараптау және бағалаудан тұратын дайындық жұмыстары этапымен жалғасып отырады. Ал жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуде жер кадастры мен жер мониторингін, жерді бағалау жұмыстарын жүргізудегі жерге орналастырудың мәні ерекше ескерілуге жатады. Әсіресе, жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың оңды шешілуіне ықпал жасайтын жерге орналастыру құжаттамаларын қарау, онымен келісу және бекітудің өзіндік ерекшелігі жерге орналастыру процесінде маңызды роль атқармақ.

Бұдан кейін жерге орналастыру жобасын орындау: жобаны жерге көшіруді; жобаның барлық элементтерін игеруді; жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын рәсімдеуді және беруді қамтиды. Осылайша Қазақстан Республикасы Жер кодексінде белгіленген тәртіппен бекітілген жерге орналастыру жобалары - мүдделі жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылардың міндетті түрде қатысуымен белгіленген үлгідегі белгілермен жер учаскелерінің шекаралары белгіленуі арқылы арнайы жерлерге көшіріледі.

2-сұрақ. Жалпы жер кадастры туралы туралы кең ауқымды мағыналы түсінікте, оның жер қорын тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін, жердің табиғи, шаруашылық және құқықтық ережелері туралы сенімді әрі қажетті мәліметтер беретін құжат ретінде қажеттілік танымды тудыратындығы көрініс тауып отыр. Мұнда мемлекеттік жер кадастры еліміздің жер қорының табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, оның мөлшері мен шекарасы, нысаналы пайдаланылуы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің ренталық құны туралы мәліметтердің жүйесі болып танылады. Бұған қоса мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелерінің құқықты субъектілері туралы ақпаратты да енгізуге болады.

Социализм кезінде жер тек мемлекеттік меншікте болғаны және жердің тегін пайдаланылып келгені белгілі. Осыған орай, бұл кезде жер кадастры жоспарлы экономиканы ақпараттармен қамтып отыру мақсатында, негізінен жердің сандық және сапалық есептерін жүргізуге негізделді. Бұл кезеңде жер телімін жылжымайтын мүлік ретінде айқындайтын заң базасы жетілмеген болатын. Сөйтіп, республикамызда жүргізілген жер реформасына дейінгі жер кадастрының мақсаттары мен міндеттерін және мазмұнын қазіргі жағдаймен салыстырғанда, мүлдем өзгеше болды деп танимыз. Демек, мемлекеттік жер кадастрының жаңа жүйесі нарық экономикасының өріс алуы мен даму бағыттарына сәйкес қазіргі сәтте қайтадан қалыптасу үстінде.

Бүгінде мемлекеттік жер кадастрының мағұлматтары жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қорғауға байланысты іс шараларды жүзеге асыру барысында, сонымен қатар жердің бірыңғай басқа да кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып отыр. Ол заман талабына сай дамыған аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастрлық суретке түсіруді, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингін, жобалау-іздестіру, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу мен мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге негіз болатын басқа да тетіктерді қалыптастыру арқылы жүргізілуде.

Еліміздің территориялық аумағындағы жалпы жерді кадастрлық бөлу жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру мақсатында іске асырылмақ. Кімнің иелігінде немесе пайдалануында екеніне қарамастан, барлық жер қорын - кадастрдың нысаны, яғни объектісі болуды жер заңдары қатаң қадағалайды. Мұнда жер телімдерінің сандық мөлшерлемелі тізбесіне қарай өзіндік ерекшеліктегі кадастрлық нөмірі болады. Кадастрлық нөмір жерге мәңгілікке бекітіліп беріледі. Бұл механизмді жер-кадастр құжаттамасы жүйелеп, ретке келтіріп отырады. Жер-кадастр құжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерінде: базалық, мезгіл-мезгіл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды. Мұндағы базалық жер-кадастр құжаттамасына - жер-кадастр кітабын, жер-кадастр істерін, жер-кадастр карталары мен жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жатқызамыз.

Мемлекеттік жер кадастрын Қазақстан Республикасы үшін бірыңғай жүйе бойынша бюджет қаражатының есебінен жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы орган мен оның жергілікті жердегі органдары жүргізеді. Сонымен мемлекеттік жер кадастры еліміздің мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып танылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар оны мемлекетіміздің бүкіл аумағында біртұтас жүйелі механизмде іске асыруды мақсат тұтқан. Жер кадастрының мемлекеттік құпия мен өзге де шектеулерді қамтымайтын мәліметтері баршаға қолжетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға (мемлекеттік органдардан басқа) ақылы негізде берілуі қажет.

Мемлекетімізде жер реформасы басталған жылдардан бергі қолданыстағы жер кодексі өз күшіне енген уақытқа дейін үш миллионнан астам жер иелері мен пайдаланушыларға (бұлар жалпы санның 92 пайызын құраған) жерге деген құқықты куәландыратын құжаттар толтырылып тапсырылған. Бұл құқықтар жылжымайтын мүлік орталықтарында тіркеуден өткізіліп, жер кадастрының нысандары қалыптасты. Осы мәліметтер негізінде бүгінде еліміздің жер қозғалымсыздығының тізбесі түзілуде.

3-сұрақ. Жер мониторингі - жерде болып жатқан өзгерісті жай-күйді дер кезінде анықтау, оларға баға беру, табиғи келеңсіз және антропогендік үрдістердің немесе төтенше ахуалдың алдын алу және оларды жою үшін жер қорының сапалық және сандық жай-күйін жедел мерзімді, базалық (негіз болатын) бақылау жүйесін танытады. Сондықтан ол жердің табиғи объект, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау және жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қағидаларын ұстанбақ. Осы орайда жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін республика Үкіметі белгілейтіндігін түсініп алған жөн.

Қазіргі кезде жер мониторингін жүргізуде қажетті ақпаратты алу үшін заманның сұранысына жауап беретін жер бетін суретке түсіру, қашықтан зерделеу және бақылау әдістері, сонымен қатар жердің жай-күйі туралы жиналған деректер қолданылып отыр. Осы жер мониторингін техникалық қамтамасыз ету жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органдарда ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттері бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылуда. Бұл бірыңғай классификаторларды, кодтарды, бірліктер жүйесін, мәліметтердің стандартты формаларын және қалыптық техникалық базасы, координаттар мен биіктіктердің мемлекеттік жүйесін қолдануға негізделген әр алуан мәліметтердің сыйысу қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді. Ал осыдан кейін жер мониторингінің міндеттері:

  • жердің жай-күйінің өзгерістерін уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  • мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылатындығы айқындала түседі.

Демек, жер мониторингі объектісіне барлық санаттағы жерлерді жатқызамыз. Олардың құқықтық тәртібі, ведомстволық бағыныштылығы, пайдалану мерзімі, пайдалану мақсаты, сипаты бірыңғай жер мониторингін жүргізуге әсерлі ықпалын тигізе алмайды. Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі басты іс-шараның бірі ретінде жер мониторингін кезек күттірмей жүргізуде жердің сапалық жағдайына ықпал ететін мынадай үрдістер анықталады:

  • антропогендік, яғни адам қызметіне байланысты;

  • эволюциялық, яғни дамудың табиғи-тарихи үрдістеріне байланысты;

  • төтенше жағдай, яғни аварияға, апатқа, стихиялық, экологиялық қауіпсіздікке байланысты;

  • циклдік, яғни табиғи сипаттық-тәуліктік, маусымдық, жылдық және өзге уақыт кезеңдерінің өзгерістеріне байланысты.

Бұл үрдістердің жер құқық қатынастарға қатысы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің материалдық нормаларынан туындап отырған жайы бар. Мәселен, елімізде 1993-2002 жылдары егістік жерлерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде солтүстіктің қара топырақты орманды-далалық өңірінде топырақ құрамындағы қарашіріктің 8 пайызға, азот қорының 5 пайызға азайғандығын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық құзыретті орган анықтаған. Сондай-ақ оңтүстік өңірдің қара топырағындағы қарашірік те 10-14 пайызға азайып кеткен. Ал мұндай жағдайдың егістіктің құрылымдық тәртібін дұрыс анықтамаудан, көбінесе дақылдың бір түрін ғана еге беруден, органикалық, минералдық тыңайтқыштарды қолданбаудан және жер мониторингінің уақтылы жүргізіліп, шара қолданылмауынан пайда болатыны белгілі.

Соңғы уақыттарда жер мониторингіне байланысты инвентаризация (түгендеу, түзілімдеу) жүргізу нәтижесінде өнімділігі төмен және бүлінуге ұшыраған жерлер еліміздің жер қорындағы егістік құрамынан шығарылып тыңайтуға жаппай қойылуда. Осындай жер қатынасындағы келеңсіз құбылыстардың алдын алудағы жердің жай-күйіне баға беру, өзара дәйекті бақылауларға өзгерістердің бағыты мен интенсивтілігіне талдау жасау және алынған көрсеткіштерді қалыпты жағдаймен салыстырудың нәтижелі болуына байланысты аумақтық мониторингтің республикалық, аймақтық не жергілікті жер мониторингілері қажетіне қарай жүзеге асырылады.

4-лекция.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]