- •Лекция тезистері
- •Жер ќ±ќыѓының жалпы түсінігі
- •Жерге деген меншік құқығы және жерді пайдалану құқығы
- •Жерге орналастыру және жер кадастры мен мониторингі
- •Жер үшін төленетін төлемдер
- •Елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі n890 қаулысына і қосымша
- •Жерді құқықтық қорғау
- •Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын кепілге салу негіздері
- •Жер құқығын бұзушылық және жер дауларының шешілуі
- •Жер заңдарының бұзылғаны үшін қарастырылатын жауапкершілік
- •Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің құқықтық режимі
- •Елді мекен жерлерінің құқықтық режимі
- •Өнеркәсіп, көлік, байланыс және қорғаныс жерлерінің құқықтық режимі
- •Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құқықтық жағдайы
- •Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі
- •Су ќоры жерлерініњ ќ±ќыќтыќ режимі мен босалќы жердіњ ќ±ќыќтыќ жаѓдайы
Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі
Орман қоры жерінің түсінігі мен оның құрамы.
Орман қоры жерлерін мемлекеттік қорғау саясатының құқықтық негіздері.
1-сұрақ. Қазақстан Республикасының аумағында өсетін, арнайы мемлекеттік құжаттарда тіркелген барлық ормандардың жиынтығы орман қоры болып табылады. Орман қоры мемлекеттік және жекеше орман қорларынан тұрады. Мұнда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсірілген ормандар; ерекше қорғауға алынбаған табиғи және қолдан өсірілген ормандар, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттері үшін берілген, орман өсімдіктері өспеген жер учаскелері; халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желілік құрылыстардың белдеулеріндегі ені он метр және одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелер мемлекеттік орман қорына жатады.
Ал жекеше орман қорына еліміздің Жер кодексі норамларына сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен жасалған, ені он метр және одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам қолдан өсірілген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді жатқызамыз.
Бүгінде еліміздің орманы 26 миллион гектар жерді қамтып отыр. Оның 11 миллион гектары жасыл желекке оранып жатқан тұтас ормандардан тұрады. Ал Республикамызда осы орманның көлемі жалпы жер аумағының 4,2 пайызын ғана қамтиды.
Еліміздің көптеген аудандарында орман жоқ. Ормандар Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Қазақстандағы Тянь-Шань тауында шыршалы, Алтайда қылқан жапырақты, Көкшетауда, Баянауылда, Қарқаралыда, Аманқарағайда қайың, қарағайлы ормандар, Батыс Қазақстанда емен, терек, Оңтүстік Қазақстанда жаңғақ, арша ормандары кездеседі. Қазақстандағы орман шаруашылығының қарамағында 287 млн м3 ағаш қоры бар. Ормандардың көлемі жыл сайын екпе ағаштар есебінен көбейіп келеді. Кейінгі кезде су бөгендерінің, өзен-көлдер деңгейінің төмендеуіне ащы жаңбырлардың жаууына, өрттерге байланысты ормандардың сапасы төмендеп, кейбір жерлерде олар құрып кетуге немесе жойылуға ұшырауда.
Сондықтан да қазіргі кезде орманның дәйекті қорғалуын күшейтіп, оның тиімді пайдаланылуы мен сақталуын күшейтіп, өсіп-өнуін қамтамасыз ететін құқықтық қорғау қажет болып отыр.
Орман кодексінің 6-бабына сай барлық орман, сондай-ақ орман ағаштары өспейтін, бірақ орман шаруашылығының мұқтажы үшін берілген жер Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды. Соған орай орман қорының жерлерін мынадай түрлерге бөліп қарауға болады:
а) орманды жерлер (ағаш өскен, ағаш өспеген - ағашы кесілген жерлер), өртең жерлер, ағашы селдір жерлер, алаңқай жерлер, бос жерлер тұтаспаған орман дақылдары және басқалар (көшеттер екпелер т.с.);
б) ормансыз жерлер (ауыл шаруашылығының пайдаланатын жерлері, жолдар, кварталдық орман жерлері, өртке қарсы жарма жерлер және басқалары).
Орман қоры жерлерінің шекарасы орманды орналастыру материал негізінде, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізген кезде белгіленеді. Мұндағы ағаш өсімдіктеріне өсіп келе жатқан орман жеріндегі табиғи және екпелі жас шыбықтар да жатады. Осы бағытта ескеретін үш жағдай бар:
ағаштың орман үшін берілген жер аумағында табиғи өсіп тұруы;
орман болып жетілмеген, бірақ орман үшін берілген жердегі көшеттер немесе табиғи өсіп келе жатқан өскіндерінің болуы;
аталған орман мен өскіндердің мемлекет меншігінде болуы және жекеше орман қорының болуы.
Сондықтан орманның құқықтық ережелері жалпы ормандарды және орман үшін берілген жерлердегі ағаш пен бұталарды, екпелі немесе тікпе ағаштарды, табиғи өзі өсіп келе жатқан өскіндерді қамтиды.
Орманның айналадағы табиғи ортаны қорғауда, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қажеттерін өтеуде, адамдардың денсаулығы мен өміріне пайдалы әсер ететін қызметін ескере отырып, ормандарды пайдалану, қорғау мен сақтау шаралары құқықтық ережелердің негізгі мазмұнын құрайды.
Орманның құқықтық ережелері - оның меншік иесінің ормандарды қорғау, сақтау, пайдалану және көлемін арттыру мақсатында, оның табиғи ортаға, мемлекетке, қоғамға, адамның денсаулығы мен өміріне атқаратын қызметін ескере отырып, іске асыратын шаралардың жиынтығы. Ал орман заңдарының міндеттері - ормандардың экологиялық және ресурс қуатын арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқылмайтын етіп пайдалану, оларды сақтау, қорғау және ұлғайта өсіру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орманды иелену, пайдалану, жұмсау жөніндегі қатынастарын реттеу, орман қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
2-сұрақ. Орман қорын мемлекеттік басқару қызметі көптеген орман қатынастарындағы функциялардан, яғни белгілі бір әрекеттер жиынтығынан құралады. Мемлекет пен оның органдарының орман қорын басқару саласындағы функцияларын төмендегіше жіктеп көрсете аламыз:
орман қорын мемлекеттік есепке алу;
орман экожүйелерінің мониторингін жүзеге асыру;
орман қоры және орман ресурстар кадастрын жүргізу;
орман қорын пайдалану мен қорғаудың экономикалық әдістерін жүзеге асыру;
орман орналастыру;
орман қорын пайдалану мен қорғауға экологиялық бақылауды жүзеге асыру;
орман дауларын шешу және орман заңдары нормаларын бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тарту.
Орман қорын басқару функциялары өзара тығыз байланысты, бірақ сонымен бірге олар бір-бірінен тәуелсіз және олардың әрқайсысы орман қорын тиімді пайдалануды ұйымдастыруға арналған қандай да бір дербес міндеттерді шешуге бағытталады. Әрбір функция осы саладағы заңдар негізінде жүзеге асады. Сонымен мемлекеттік басқарудың функциялары басқару қызметінің мазмұны мен мемлекеттік басқару органдарының жүйесін байланыстырмақ.
Республикамызда ормандарды сақтау мен қорғауды жүзеге асыратын арнайы орманды қорғау органдары бар. Орман кодексінде ормандарды қорғау мен сақтау саласында орман қорғау органдарының ормандарды сақтау мен қорғау саласындағы құқықтары мен міндеті деп аталмаса да, орман заңдарынан бұл міндеттердің ормандарды басқаратын субъектілерге арналғанын байқау қиын емес.
Оларды саралап көрсек:
орман өрттерінің алдын алу, оларды дер кезінде анықтау және сөндіру жөніндегі шараларды жүргізу;
орманда қызмет ететін барлық адамдардың және осында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, сондай-ақ орманда жүрген азаматтардың Қазақстан Республикасының ормандарындағы қауіпсіздігі ережелерін орындалуын бақылау;
ормандарды заңсыз кесуден, зақымдаудан, талан-таражға салудан және басқа да орман талаптарын бұзудан сақтау, сондай-ақ орман қорының жерін сақтау;
ағаш дайындаушылардың өсіп тұрған ағашты босату ережелерін орындауын және орман пайдаланудың басқа түрлерінің ережелерін бақылау;
орманның зиян жәндіктері мен ауруларының ошақтарын дер кезінде анықтау және оларға қарсы күрес жүргізу;
орман қорының аумағында аңшылық ережелерін сақтауды бақылау, браконьерлікке қарсы күрес жүргізу;
ормандардың сақталуын, қорғалуын, ұлғайта өсірілуі мен ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін басқа да іс-әрекеттерді орындау.
Бүгінгі таңда еліміздегі ормандарды сақтау мен қорғауды республикалық, сондай-ақ жергілікті бағдарламалар негізінде жүзеге асыру көзделіп отыр.
Мемлекеттік орманды бақылаудың міндеттері оның орманды таза сақтау, өрттердің, зиянкестер мен аурулардың ошақтарын анықтау және жою жөніндегі, сол сияқты ормандарды пайдаланудың белгіленген тәртібін бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, ормандарды өсіру, қорғау, сақтау және оларды есепке алудың, ормандардың өрт қауіпсіздігі талаптарының, заңсыз ағаш кесуге жол бермеудің және орманға зиян келтіретін басқа да әрекеттердің ережелері мен нормативтері жөніндегі ұйымдастыру және технологиялық шаралардың ғылыми негізделген шегінің жүргізілуін қамтамасыз етуге негізделеді және орман қоры жерлерінің тиісті мақсатта пайдаланудың, орман қоры жерлеріндегі өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалануына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы басқармасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ өзге де орман туралы заңдарда белгіленген тәртіппен басқа да органдар жүзеге асырады.
Ормандарды мемлекеттік бақылаудың негізі мыналардан тұратындығын естен шығармаған жөн:
аэроағаштық және жер үстілік іріктеп алу әдістерін пайдаланатын орман мониторингін;
жекелеген объектілер мен бағдарламалар бойынша мақсатты мамандандырылған бақылауды;
кешенді оқтын-оқтын жүргізілетін орман орналастыру бақылауын;
аймақты инспекторлық бақылауды қамтиды.
Орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдар жүйесінде ормандарды сақтау мен қорғау жөніндегі ұйымдастыру, шолу-күзету, насихаттық және өзге де шараларды жүзеге асыру үшін Мемлекеттік орман күзеті құрылады.
Оның қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ормандарды сақтау және қорғау ережелерін, орман пайдалануды жүзеге асырудың белгіленген тәртібі, орман қоры жерлерін өз мақсаттарында сәйкес пайдалану тәртібін бұзуға жол бермеу және алдын алу жөніндегі, сондай-ақ орманға залал келтіретін басқа да әрекеттерге жол бермеу және алдын алу жөніндегі құқықтар беріледі.
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген ережелерге сәйкес берілетін табельді қорғауды алып жүруіне, Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіпте оны қолдануға құқық беріледі. Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік орман күзеті туралы ережемен және орманшы туралы ережемен реттеледі.
Табиғаттың дарқан қоры, халық байлығы орманды қорғау - мемлекеттік маңызы бар іс. Сол себептен де біздің елімізде бұл іске зор мән беріліп, орман шаруашылығын дұрыс ұйымдастырып, оның байлығы үнемді пайдалану және ағаш қорын молайту шараларына ұдайы мемлекет тарапынан бақылау жасалынып келеді.
14-лекция
