- •Лекция тезистері
- •Жер ќ±ќыѓының жалпы түсінігі
- •Жерге деген меншік құқығы және жерді пайдалану құқығы
- •Жерге орналастыру және жер кадастры мен мониторингі
- •Жер үшін төленетін төлемдер
- •Елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі n890 қаулысына і қосымша
- •Жерді құқықтық қорғау
- •Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын кепілге салу негіздері
- •Жер құқығын бұзушылық және жер дауларының шешілуі
- •Жер заңдарының бұзылғаны үшін қарастырылатын жауапкершілік
- •Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің құқықтық режимі
- •Елді мекен жерлерінің құқықтық режимі
- •Өнеркәсіп, көлік, байланыс және қорғаныс жерлерінің құқықтық режимі
- •Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құқықтық жағдайы
- •Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі
- •Су ќоры жерлерініњ ќ±ќыќтыќ режимі мен босалќы жердіњ ќ±ќыќтыќ жаѓдайы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құқықтық жағдайы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін құрудың тәртібі және олардың түрлері.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде тиісті объектілерді қорғаудың құқықтық негіздері.
Сауықтыру және рекрециялық мақсаттағы аумақ жерлерінің құқықтық режимдері.
1-сұрақ. Ерекше қорғауға алынған табиғат объектісі - бұл шаруашылықтың барлық түрлеріне жол бермеу, қоғамның теріс әсерін тигізбу және табиғи қалпында сақтау мақсатындамемлекет қарамағындағы кешенді немесе жеке түрде құқықтық қорғауға алынған айналадағы табиғи ортаның бір бөлігі болып табылады.
Мұндай қорғауға алынған табиғи ортаның бір бөлігі - ерекше қорғалатын табиғи ортаның бір бөлігі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар деп табылады. Заң бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар дегеніміз - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық сақау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі шектелген режиммен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы учаскелері.
Елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері тек қана мемлекеттік меншікте ғана болуымен өзіндік сипатта ерекшеленеді.
Ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру туралы шешім табиғи-ғылыми және техникалық-эконмиялық тұжырымдар негізінде мемлекеттік экологиялық сараптама мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданады. Соның нәтижесінде құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың республикалық және жергілікті маңызы бар санаттары аумақтық негізінде қорғауға алынады.
Ерекше қорғауға алынатын табиғи аумақтары бар жергілікті атқарушы органдар сондай әрбір аумақ бойынша белгіленген үлгіде төлқұжат жасап, оны қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органға арнайы тізбелі есеп мәліметі ретінде тіркейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрылған заңды төлқұжаты мынамәліметтерді толық қамтуы қажет:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтыңатауы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтық және оның санитарлық-қорғаныш өңірлерінің схема-картасымен жалпы шекараларының сипаты;
ерекше қорғалатын табиғи аумақта осы режимдарді сақтау жөніндегі міндеттеме;
ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдалану түрлері;
ерекше қорғалатын табиғи аумақ мекемесінің атауы мен мекен-жайы.
Мұндай мәліметті төлқұжат ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан табиғат қорғаумекемесінде, жергілікті атқарушы органдарда және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органда сақталуы міндетті болып табылады.
Республикамызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға:
- Мемлекеттік табиғи қорықтарыды;
- Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді;
- Мемлекеттік табиғи парктерді;
- Мемлекеттік зоологиялық парктерді;
- Мемлекеттік ботаникалық бақтарды;
- Мемлекеттік дендралогиялық парктерді;
- Республикалық мәеі бар табиғи ескерткіштерді;
- Табиғи қаумаларды (заказниктерді);
- Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарды;
- Экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени және тарихи құнды табиғи объектілерді жатқызамыз.
Бұлардың ішіндегі табиғатты қорғаудың ең жоғарғы формасы - мемлекеттік қорықтар болып танылады.
Заң нормалары боиынша қорыққа – барлық табиғи баилықтары кешенді түрде қатаң қорғауға арнайы белгіленген аумақ деп анықтама беруге болады.
Мемлекеттің табиғи қоры дегеніміз - қоршаған ортаның табиғи үлгілері (эталондар), жеке-дара (уникум) мен ертеден қалған (реликтер), ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне туризмге және рекреацияға арналған зат-болмыс ретінде экологиялық ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған объектілерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғауға алынған объектілерін табиғи және қорғалу мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөліп қараймыз.
Зоологиялық объектілер - жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері, жануарлардың типтік, бірегей және сирек кездесетін тобы;
Ботаникалық объектілер - өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері, өсімдіктердің құнды түрлері, өсімдіктердің типтік, бірегей және сирек кездесетін тобы;
Орман объектілері - ерекше қозғалатын аумақтардағы ормандар, орман дақылдық өндірісі мен егістікті қорғайтын орман өсірудің бірегей үлгілері;
Дендрологиялық объектілер - ғылыми және мәдени тарихи маңызы бар жекелеген ағаштар немесе олардың топтары, бау-парк дақылдарының бірегей үлгілері;
Гидрологиялық объектілер - ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары (айдындары);
Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар объектілері теңіз айдындарын қоса алғанда, дағдылы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, әсіресе су құстары мекендейтін жер бетінде пайдалатын табиғи және жасанды су қоймалары;
Геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілер - жер қойнауының экологиялық ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері;
Топырақ объектілері - әр түрлі топырақ аумақтарындағы типтік бірегей және сирек кездесетін топырақтар;
Ландшафтық объектілер - типтік бірегей және сирек кездесетін ландшафтар; су табиғаттың этолондық учаскелері, ерекше рекреациялық маңызы бар ландшафтар;
Мемлекеттік ерекше маңызы бар немесе ғылыми ерекше құндылығы бар су қоймалары.
Ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мақсатына, қорғалу ережелеріне және пайдалану ерекшеліктеріне қарай арнайы түрлерге бөлінеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңның 12-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадай түрлері бар:
Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтар;
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
Табиғи резерваттар;
Мемлекеттік табиғи парктер;
Мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
Мемлекеттік қорық өңірлері;
Мемлекеттік табиғи заказниктер;
Мемлекеттік зоологиялық парктер;
Мемлекеттік ботаникалық бақтар;
Мемлекеттік дендрологиялық парктер;
Мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлер.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің құндылықтарына қарай екіге, яғни республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тобына жіктеледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру туралы шешімдерді табиғи-ғылыми және техникалық-эканомикалық негіздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптама мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның оң қорытындылары болған жағдайда мүдделі орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
Қарамағына ерекше қорғалатын табиғи аумақтар берілетін атқарушы органдар, осындай әр бір аумақ бойынша белгіленген үлгіде паспорт жасап, оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органда тіркейді. Ол паспорт қарамағында осы аумақ орналасқан табиғат қорғау мекемесінде, атқарушы органда және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органда сақталады.
2-сұрақ. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін ерекше қорғау құқықтық режимі не шаруашылық қызметінің реттелетін режимі не шаруашылық қызметінің реттелетін режимі енгізіледі. Ерекше қорғау құқықтық режимі:
қорық режимі;
заказник режимі болып сараланады.
Қорық режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бөлінген учаскелерде шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір мерзімінде ғана, мұның өзі мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтіндей және олардың молығуын нашарлатпайтындай мөлшерде ғана жүргізуді көздейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы немесе арнайы бөлінген учаскелердегі шаруашылық қызметтің реттелетін режимі табиғи ресурстардың шарушылық үшін пайдалануын шектеуді көздейді. Ерекше қозғалатын табиғи аумақтарда:
елді мекендерді, өнеркәсіп, ауыл шарушылығы мен мелиорация, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, әскери және қорғаныс объектілерін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсаттары мен жұмыс істеуіне байланысы жоқ өзге де объектілер мен құрылыстарды орналастыруға және салуға;
өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, сондай-ақ радиоактивті материалдарды жинау мен көмуге;
су қоймаларын сарқынды сулар ағызу үшін пайдалануға;
қоршаған ортаға қауіп туғызуы ықтимал химиялық және биологиялық заттарды, зиянды физикалық ықпал жасауды қолдануға;
пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге, пайдалы қазбаларды өндіруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салу мен пайдалануға;
басты мақсатта пайдаланылатын ағаштарды кесуге шайырды екінші дәрежелі орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындауға;
қорғалатын ландшафтардың табиғи бейнесінің өзгеруіне немесе экологиялық жүйелер тұрлаулығының бұзылуына әкеп соғатын жұмыстарға тиым салынады;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда азаматтардың болуы оларды қорғау режимдерінің ерекшеліктеріне сәйкес, шектеулі және осындай әрбір аумақ туралы жеке ережелермен реттеледі.
Қолайсыз сыртқы ықпалдардан қорғау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына сол аймақтар шегінде осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және қалпына келтіруіне теріс ықпал ететін қандайда болса қызметке тиым салынатын қорғаныс аймақтары белгіленуі мүмкін.
Қорғаныс аймақтары табиғи ресурстарының көлемін, шекарасын режимін (ережелерін) және пайдалану тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқару органының келісімімен жергілікті атқарушы орган белгілейді. Ондай қорғаныс аймақтарының жері арнайы белгілермен белгіленеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаға зиянды ықпал етудің алдын алу және оны жою мақсатында мынадай қорғаныс шаралары жүргізілуі мүмкін:
табиғи апаттардың алдын алу және оларды жою, өрттердің алдын алу, дер кезінде анықтау және жою;
судың зиянды ықпал етуінің алдын алу және оны жою.
өсімдіктерді қорғау, зиянды жәндіктердің өсіп-өну ортасы мен ағаш ауруларын дер кезінде анықтау және оларға күрес, орманда санитарлық және басқа ағаш кесу (жол төсеген, өртке қарсы белдеулер жасаған кезде жол құрылысына байланысты орман тазалау);
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және ветеринарлық қадағалауды қамтамасыз ету, індеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында жануарлар санын реттеп отыру.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорғаныс шаралары оларды қорғау режимдерін ескере отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде және қарамағында осы аумақтар бар атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жүргізіледі.
3-сұрақ. Сауықтыру-курорттық жерлерге денсаулық сақтаудың климаттық-балансологиялық және басқа да табиғи ресурстарына бай шипалы минералдық көздері, емдік балшық пен медициналық мақсатқа жарамды басқа да шарапаты бар аумақтар жатқызылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес курорттық жерлер сауықтыру мақсатындағы жерлерге жатады.
Сауықтыру мақсатындағы жер заң нормалары негізінде айрықша қорғалуға тиіс. Табиғи шипалы факторларды қорғау мақсатында барлық курорттарда санитарлық қорғау аймақтары белгіленеді. Су кодексінде су қоймаларын сауықтыру мақсатында пайдалану ережелері белгіленген. Сауықтырғыш санаттарына жатқызылған суларды, ең алдымен, емдік және курорттық мақсаттар үшін пайдалану көзделген. Барлық курорттар Республикалық және жергілікті маңызы бар курорттарға топтасады.
Өз кезегінде курорттық жерлер үш аймаққа бөлінеді:
Бірінші аймаққа табиғи емдік қасиеттері бар су, балшық көздері, оларды пайдалану үшін салынған құрылыстар, ғимараттар, санаторий-курорт, демалыс және мәдениет мекемелері, курортқа және демалысқа келгендерге ойын-сауық көрсету, тамақтандыру, сауда және тұрмыстық қызмет көрсететін кешендері орналасқан жерлер кіреді.
Екінші аймаққа курорт аймағында тұрақты тұратын халықтар үшін салынған үйлер, қоғамдық тамақтандыру үйлері мен ғимараттар орналасқан жерлер жатады.
Үшінші аймаққа орталықтандырылған шаруашылық және техникалық қызмет құрылыстары орналасқан жерлер тән. Курорт жерлерінде курортқа қызмет көрсетуге қатысы жоқ құрылыстарды салуға тиым салынған.
Курорттардың тазалық қорғау аймақтары ондағы емдік қажеті бар орындардың табиғи-физикалық халі, химиялық қасиеттерін сақтау және олардың былғануына, бұзылуына, күні бұрын сарқылуына жол бермеу мақсатын көздейді. Курорттардың жек-дара тазалық қорғау аймақтары бар. Оларды үш топқа бөліп қараймыз. Бірінші тазалық қорғау аймағында жер бетіне шығып жатқан арасан сулары және шипалы балшық орналасқан орындар, минералдық көл, суын емге пайдаланатын жайылма сулар жатады. Сондай-ақ теңіздің жағасы мен жағажайға жалғасқан кемінде 100 метрден кем емес аумақ жатады. Бұл аймақта емге қатысы жоқ құрылыстар салуға, адамдардың уақытша немесе тұрақты тұруына, жер, жер қойнауын қазу жұмыстарын жүргізуге тиым салынады. Екінші тазалық қорғау аймағына арасан сулар мен балшықтардың пайда болуына әсер тигізетін, жер бетіне шығып жатқан минералды сулар мен балшықтар орындарына жалғасып жатқан және минералды сулар мен балшықтардың табиғи немесе қолдан жасаған қоймалары санаторий-курорт мекемелері мен құрылыстары орналасқан, парк және басқа да су жүйелерін, зират салуға, малдарды жаппай айдап өтуге, арам шөптерге қарсы улы заттарды қолдануға, ағаштарды кесуге және курорттың жай- күйіне қарсы әсер ететін барлық әрекеттерге тиым салынады. Үшінші тазалық қорғау аймағына курорттың айналасындағы барлық жерлер жатады. Ол жерлерде курорттың жағдайына әсер етпейтін барлық жұмыстарды жүргізуге рұқсат берілген.
Ал рекреациялық аймақтарға халықтың жаппай ұйымдасқан демалысы мен туризміне арналған және сол үшін пайдаланатын жерлерді жатқызамыз. Бұл жерлерде пансионаттар, туристік базалар, жастардың спорт лагерлері, демалыс үйлері, кемпингтер, соқпақтар, жаяу сейілдейтін жолдар және рекреациялық мақсаттағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Ондай жерлерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлерін де жатқызуға болады.
Рекреациялық мақсаттар үшін берілген жерлердің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Жер кодексі нормаларымен реттеледі. Онда рекреациялық мақсатқа берілген жерлер бұл мақсатты көздемеген өзге нысаналарға пайдалануға берілмейді делінген.
Рекреациялық аймақтарды пайдаланушыларды жер, орман, су, табиғатты пайдалану, қорғау, сақтау заңдарын бұзбауға, жол бермеуге тиіс, тек қана өздеріне берілген құқық пен міндеттер шеңберінде рекреациялық аумақтарды пайдалануға құқығы бар.
Сонымен осындай рекреациялық мақсаттағы жерді пайдалану тәртібі мен оның режимін жергілікті жердегі өкілді және атқарушы органдар белгілеп отырады.
13-лекция
