Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_kukugy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587.78 Кб
Скачать

Өнеркәсіп, көлік, байланыс және қорғаныс жерлерінің құқықтық режимі

1. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері туралы ұғым.

2. Өнеркәсіп жерінің құқықтық тәртібі.

3. Көлік жерлерінің құқықтық тәртібі.

4. Байланыс және энергетика жерлерінің құқықтық тәртібі.

5. Қорғаныс қажеттеріне арналған жерлерінің құқықтық тәртібі.

1-сұрақ.. ¤неркєсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер болып, азаматтар мен заңды тұлғалардың қажетті тәртіппен белгіленген белгілі бағыттардағы қызмет етуге арналған жерлер санатын танытады.

1997 жылғы бұндай нысандағы жерлер көлемі 12,1 млн гектар болатын, ал қазір 11,1 млн гектар жерді құрап отыр. Яғни бұл дегеніміз бүкіл республика жер көлемінің 4,1% бөлігін қамтиды деген сөз. Мұндай жерлердің шағын ауқымдылығына қарамастан, бұл нысандағы жерлердің ел өндірісінің материалдық техникалық базасының дамуында сөзсіз маңызды мәні бар.

Бұл жерлердің құрамына өндіріс және көлік жерлері, байланыс жүйелері мен электрленуге бағытталған жерлер, қорғанысқа қажет және оған мұқтаж жерлерді жетілдіруге арналған және т.б жерлер жатады. Бұлардың әр қайсысы өзіндік құқықтық тәртіпке ие нормамен ерекшеленеді, сонымен қатар оларды бір нысанға біріктіруге мүмкіндік беретін кейбір жалпы белгілері бар.

Ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған бұл жерлердің єрбірінің жер учаскесінің көлемі құқықтық нормамен немесе құжаттандырылған техникалық жобада көрсетілген тәртіппен анықталады.

Осы нысанадағы жер қорына қойылатын маңызды талап ауыл шаруашылығына қажетті бағалы және орманды жерлерді осы бағытта пайдалануға жол бермеу болып табылады. Басқа санат жерлерін ондай жерлерге ауыстыруға мемлекет барынша мұқтаж болғанда, ең алдымен ауыл шаруашылығы және орманды жерлердің ең нашар деп, нысаналы пайдалану шеңберінен шығу алдында тұрғанда ғана ол жерлерде өнеркєсіп, көлік, байланыс жєне қорғаныс жерлерін құруға келісім беріледі.

Қазақстан Республикасының Жер кодексі 111-бабының 2-тармағына сәйкес, өнеркәсіп, көлік, байланыс жерін және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерді пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының арнайы салалық заңдарымен белгіленеді.

Өндірістік, көлік және басқа да ауыл шаруашылығынан өзге мақсаттағы жерлердің құқықтық тәртібінің маңызды ерекшелігінің бірі сол жерлерді ел игілігі ‰шін саналық тұрғыда басқару.

2-сұрақ. Өнеркәсіп жерлерін - өндірістік өнеркәсіп кәсіпорындары мен халық тұрмайтын кешендер жєне шахталы кеніш жер учаскелері құрайды. ¤ңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына тиесілі мұндай жерлерді еліміздің барлық аумағынан кездестіруге болады. Сонымен қатар бұл жерлерге фабрикалар, зауыттар, электр станциялары мен басқа да индустриалды объектілер және олардың кешендері алып жатқан жерлерді жатқызамыз. Бүгінге дейін осы кәсіпорындардың барлығы мемлекеттің меншігінде болып келді. Сонда да өнеркәсіп объектісі ретінде жер учаскелері тек қана жер пайдалану құқығына берілуде.

Заң бойынша жеке меншік құқығының субьектісі ретінде азаматтар және заңды тұлғалар танылады. Ал жеке меншік құқығының обьектісі ретінде өнеркәсіп кәсіпорындарына қатысты өндіруші ғимараттар және өндіру қызметін ұйымдастыру үшін берілген жер учаскелері тек мемлекеттің меншігінде болуы қоғамдық м‰делілікті толық шешіп бере алмауда. Сондықтан да белгіленген тәртіптегі құрылыстық нормалармен, ережелермен және өнеркәсіп жобасымен бекітілген нысандағы жер учаскесінің көлемі ғана анықталады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 112-бабының 2-тармағына сәйкес, аталған мақсаттарға берілетін жер учаскелерінің мөлшері белгіленген тәртіппен бекітілген нормаларға немесе жобалау-техникалық құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерін бөліп беру оларды игеру кезектілігі ескеріле отырып жүргізілуді мақсат тұтады.

Бұрындары фабрика мен зауыттар үшін жер учаскелері арнайы ереже бойынша мерзімсіз пайдалануға беріліп келсе, бүгіндері ол жерлер уақытша жер пайдалану құқығында.

Субъектілердің өнеркәсіп обьектісін пайдалану құқығы мына міндеттемелерден де тұрады, яғни сол мақсаттағы жерлерді қорғауға және өндіріс нысанасына бағыттап отыруға міндеттенеді.

3-сұрақ.. Автокөлік, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және оларды пайдалану үшін берілген аумақты жерлер көлік жерлері болып табылады.

Ол жерлер техниканың пайдалануына, сауда саласында пайдалануға және тұрғын үй құрылыстарына қажетті көлік түрлеріне берілген жер учаскелерімен толықтырылады.

Көлік жерлерінің негізгі бөлігін көліктің қозғалмалы жолдары құрап отыр. Көлік жерлері мынадай негізгі түрлерге бөлінеді:

  • Темір жол көлігінің жерлері;

  • Авто көлік жерлері;

  • Құбыр тасымалы көлігінің жерлері;

  • Теңіз және ішкі су көлігінің жерлері;

  • Әуе көлігінің жерлері.

Темір жол көлігінің қажеттеріне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасына жєне бас схемасына сєйкес белгіленген тєртіппен бекітілген нормативтер бойынша беріледі.

Темір жол көлігі қажеттеріне арналып бөлінген белдеуге іргелес жер учаскелеріндегі объектілерді қауіпсіз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен к‰зет аймақтары белгіленуі керек.

Сонымен темір жол көлігінің қажетін өтейтін жерлерге:

  • энергетика, локомотив, вагон, жол жєне ж‰к шаруашылықтары, сумен жабдықтау жєне канализация құрылыстары, қорғау жєне бекіту екпелері, қызметтік жєне темір жол көлігіне қызмет көрсететін арнаулы мақсаттағы өзге де объектілері бар темір жол станцияларының жері;

  • магистраль жолдары жєне солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттар, атап айтқанда темір жол белдеуі, көпірлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтік-техникалық ‰йлердің қарауындағы жерлер;

  • кірме жолдың жерлері;

  • темір жолдың к‰зет аймағына бөлініп берілген жерлерді жатқызамыз.

Бұл жерде темір жол көлігінің к‰зет аймақтарын - орманды қорғаныш белдеулері, көлік құрылыстарының, құрылғылары мен басқа да объектілерінің сақталуын, төзімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету ‰шін қажетті жер учаскелері, сондай-ақ темір жол көлігіне бөлінетін белдеуге іргелес орналасқан, сел қаупі, көшкін қаупі бар аймақтардағы жєне басқа да қауіпті єсерлер төнетін жерлердегі жер учаскелері құрап отыр.

Бір сызықты темір жол көлігінің жерлерінде станциялық және жол жүрушілерге арналған бекет жерлері, қоймалары, депо, темір жол шеберханалары мен өндірістік зауыттар, қызметтік ғимараттар мекен жай құрылысы орналасуы м‰мкін.

Ал автокөлік жолдары деп - жол органдары басқаруына берілген автокөлік жолдарының сызығы және сонымен бірге бұл жерлерге автомобиль көлігіне арнайы қызмет көрсетуге берілген жерлерді айта аламыз.

Яғни, автокөлік қажеттеріне арналған жерлерге:

  • автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлігінің басқа объектілерін жєне жер беті мен жер асты ‰йлерін, құрылыстарын, ғимараттарын пайдалану, к‰тіп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, дамыту ‰шін қажетті жол шаруашылығы объектілерін орналастыру ‰шін берілген жерлерді;

  • автокөлік жолдарына бөлінетін белдеулерді белгілеу ‰шін бөлініп берілген жерлерді жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 118-бабына сәйкес, құбыр тасымалы көлігінің қажеттеріне арналған жерге су құбырын, газ құбырын, мұнай құбырын және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін қажетті обьектілерді және құбыр жүргізу көлігінің басқа да обьектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады. Бұл жерлер белгілі арнайы ведомство мен белгіленген арнайы қызметке арналған жерлер деп танылады.

Құқықтық нормаларға сәйкес, трассада, ширақ жерде орналасқан магистралды құбыр тасымалы жерлер қорғалатын аймақ ретінде бекітіледі.

Ал елімізде су көлігі жерлеріне - теңіз, ішкі су және өзен көліктеріне бөлінген жер учаскелерін жатқызудың экономикалық маңызы бар. Бұл жерлерді су көлігінің қажеттеріне арналған теңіз және өзен порттары, айлақтар, пристаньдар гидротехникалық ғимараттар, теңіз және ішкі су көлігінің басқа да обьектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жерлер құрайды.

Єуе көлігі жерлеріне әуе көлігінің қажеттеріне арналған әуежайлар, әуе айлақтары, аэровокзал, ұшып көтерілу-қону белдеулерін және жер беті мен жер асты ‰йлерін, құрылыстарын, ғимараттарын пайдалану, к‰тіп-ұстау, салу, қайта құру, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту ‰шін қажетті басқа да жер ‰стіндегі объектілерді жєне єуе көлігінің басқа да объектілерін орналастыру ‰шін бөлініп берілген жер, сонымен қатар олардың қорғауындағы к‰зет аймақтары жатқызылады. Мұндағы єуежай қарауындағы жерлер - ол жолаушыларды почталарды, әр-түрлі жүктерді әуе кемесінде ұшу қызметін көрсетуді үнемі жүзеге асырып отыратын ұйымның алып жатқан қызметтік жер учаскелері. Әуеайлақ жерлері болса, ол арнайы ұшу және қону үшін жабдықталған, қызмет көрсететін және әуе кемесінің тұрағы орналасқан жер учаскелері болып табылады.

4-сұрақ. Қазақстан Республикасының Жер кодексі нормалары бойынша байланыс және энергетика жерлеріне - байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қызметтеріне арналған жерге тиісті инфрақұрылымдардың обьектілерін орналастыру, байланыстық кабель, әуе желілері, соның ішінде жер стындағы желілер үшін бөлініп берілген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатқызамыз.

Осы учаскелердің жер көлемі және орналасқан жері заңды негіздер бойынша құрылыс жобасымен анықталады. Елімізде электрлендіру желілері мен телефон, телеграф желілері ерекше қорғау объектісінің жерлері деп те танылады. Бұған қоса єуе және кабельді байланыс желілері қорғаныс аймағы болып саналады. Ол ‰шін соңғы кабель арасының екі жағының ара қашықтығы 2 метр болуы қажет. Ал жер астында екі жағының арасы 1 метр болған жағдайда онда ол сөзсіз қорғаныс аймағы болып есептелінеді.

Байланыс және электрлендірілу ұйымдары қорғайтын жерлердің ішінде жөндеу жұмыстарын және кезеңдік желілерді бақылау жұмыстарын жүргізуге құқылы. Ауыл шаруашылық жерлері арқылы өтетін жерлерде байланыс және электрлендіру желілерін жөндеу және қайта өндеу белгілі уақытында жүргізіледі, ондай іс шара жер иесінің келісімімен жүргізілуі тиіс. Ал төтенше жағдай орын алғанда ол жұмыстар кез келген уақытта жүргізіле береді.

Сонымен су электр станцияларын, атом станцияларын, жылу станциялары мен олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын орналастыру; электр таратудың єуе желілерін, электр таратудың кабель желілерінің жер бетіндегі құрылыстарын, шағын станцияларды тарату пункттерін, энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектілерін орналастыру ‰шін бөлініп берілген барлық жер учаскелері энергетика жеріне топтасады.

5-сұрақ. Қорғанысқа қажетті жерлер деп - Қазақстан Республикасы ‡кіметінің арнайы қаулысымен белгіленген, қызметтегі әскери бөлімшелер, әскери-оқыту мекемелері және басқа да қарулы күштердің және әскери ұйымдар, қорғаныс және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы сынақ алаңдарының шекарасын қамтитын жерлерді айтуға болады.

Бұл жерлерге мына жер учаскелері де кіреді, яғни мемлекеттік шекараны қорғау ұйымдарына берілген жерлер, әскери дислокациялар, әскери ведомстваның мекемесі орналасқан кєсіптік қызмет жерлері жатады.

Сондай-ақ олардың құрамын мына жерлер де заңды шектер негізінде толықтыра алады. Атап айтқанда, әскери теңіз базалары, єскери аэродромдар, космодром, танкодром, стрелбищалар, әскери полигондар, лагерлер, қару-жарақ қоймалары және т.б. Қорғаныс жерлерін пайдалану құқығының субьектілері болып нақты әскери бөлімшелер, Қорғаныс Министрлігінің арнайы бөлімшелері және Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздік органдары саналады. Осы орайда єскери ведомствоның басқару органдары ведомстволық ұйымдардың қарауындағы қорғаныс жерлерінің құқықтық қорғалу және пайдалану тәртіптерін бақылап отырады.

12-лекция

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]