Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурула...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

Жұмсақ лейкоплакия

Алғаш рет бұл ауруды Б.МПашков 1963 жылы анықтап, клиникасын сипаттаған.

Жұмсақ лейкоплакия (мягкая лейкоплакия – leucoplakia mollis), кейбір авторларлардың атауынша «лейкоэдема»-қатерсіз ауру, ауыз кілегей қабығының ақшылданып және күңгірттеніп жоғарғы қабаттарының жиі түлеуімен сипатталады.

Себебі әлі анықталмаған, тұқым қуалайтын ауру деп есептелінеді, көбіне 30-ға дейінгі жас адамдар арасында кездеседі, кейде өз бетімен жазылып кетуі де мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Аздап домбыққан, борпылдақ және ақшыл-сұр түсті кілегей қабық аймағында түлеу ошақтары пайда болады. Егер бұл аймақ тістелуге жиі ұшырайтын болса (ұрттың кілегей қабығының тістердің тістесу деңгейінде) үстінде толық түлеп түспеген ұсақ эпителий қиықтары сақталып, «қара күйе» жеген тері бетін еске түсіреді және қырып байқағанда қиықтар біртіндеп сылынып түсе бастайды. Кейде осының әсерінен жұқа эрозия ошақтары ашылуы мүмкін.

Жұмсақ лейкоплакия көбінесе екі ұрттың, еріннің кілегей қабықтарын жарақаттайды, сирек жағдайда тілде, қызыл иекте орын алады. Жарақат ошағы шағын, кейде үлкен аймаққа жайыла орналасуы мүмкін. Жұмсақ лейкоплакия кезінде субъективті белгілер аса көп мазаламайды және кездейсоқ анықталуы мүмкін (ауыз ішін айнамен көру немесе дәрігер-стоматологтың қабылдауында болған кезде).

Патологиялық анатомиясы. Гистологиялық зерттеу жүргізгенде паракератоз, акантоз және тікенекті қабаттың барлық деңгейінде жарық клеткалар анықталады. Олардың ядролары деформациялануға ұшыраған (пикнозданған) цитоплазмасы боялмайды. Дәнекер тін қабатында ұсақ қантамырлар кеңейіп, коллаген талшықтары жуандап, эластикалық талшықтар жіңішкерген.

Жұмсақ лейкоплакияны басқа аурулардан (жазық лейкоплакиядан, қызыл жалпақ теміреткінің әдеттегі түрінен, ауыз кандидозынан, екіншілік папулезді мерезден) ажырата білу керек.

Емі. Ауыз қуысын сауықтырып, әртүрлі тітіркендіруші әсерлерді жойғаннан кейін А витаминінің майлы ертіндісін витаминдер жиынтығын тағайындайды.

Кеннон кеуекті ақ невусы

Алғаш рет кілегей қабық жабынды эпителийінің қатерсіз дисплазиялануымен сипатталатын, өзіндік клиникалық белгілері және гистологиялық ерекшеліктері бар ауруды 1935 жылы Cannon сипаттап жазғандықтан, Кеннон кеуекті ақ невус (белый губчатый невус Кеннона – naevus spongiosus Cannon) деп аталған. Аурудың себебі анықталмаған, зерттеушілердің көпшілігі оны аутосомды – доминантты типте дамитын тұқым қуалайтын ауруларға жатқызады.

Клиникалық көрінісі. Кеннон невусы жас балалар арасында немесе кейінрек пайда болып, өзінің шырқау шыңына жыныстық жетілу кезінде жетеді. Одан кейін аурудың беті қайтуы немесе өзгерместен қалып қоюы мүмкін.

Науқасты субъективті белгілер көп мазаламайды, тек ауыз кілегей қабығының түс ерекшелігіне шағымданады.

Кеуекті ақ невус көбіне екі ұрттың кілегей қабығында симметриялы түрде орналасады. Жарақат ошағы ақшыл-сұр түсті, біраз қалыңдаған, кеуекті сорғыш сияқты жұмсақ, көп қатпарланғандықтан терең әжімді тері бетіне ұқсайды. Кейде әжімдердің тереңдігі соншалық, қатпарлар салбырап ауыз ішіне түсіп тұрады. Қырып байқағанда жабынды эпителийдің жоғарғы қабаттары оңай алынады. Ауыз кілегей қабығымен қатар, жыныс ағзалары мен тік ішектің де кілегей қабығы жарақаттануы мүмкін.

Аурудың диагнозын дұрыс нақтылау үшін лейкоплакиядан және ауыз кандидозынан ажырата білу керек.

Емі. Ауыз ішін мұқият сауықтырғаннан кейін А және Е витаминдерінің майлы ертінділерін, витаминдер жиынтығын тағайындайды.