- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Лейкоплакия
Лейкоплакия (лейкоплакия - Leucoplakia) – беті кілегей қабықпен жабылған ағзалар немесе тіндер бетінде кездесетін, жабынды эпителийдің шамадан тыс мүйізгектенуімен және дәнекер тіннің созылмалы қабынуымен сипатталатын патологиялық үрдіс. Лейкоплакияны кілегей қабықтың әртүрлі ұзақ әсер ететін ықпалдарға (физикалық, химиялық, механикалық және биологиялық) жауабы деп санауға болады.
«Лейкоплакия» (leuqos – белый, plaqva - бляшка) немесе «ақ тоға» терминінін алғаш 1877 жылы енгізген дерматолог Швиммер.
Лейкоплакияның дамуында белгілі рөл атқаратын себептер: ұзақ әсер ететін механикалық тітіркендіруші факторлар, темекі түтіні, ішімдік, гальваникалық ток. Ерін жиектерінде лейкоплакия ошағының дамуына себепкер - күн сәулесінің, әуә-райының, шаң-тозаңның, шылым шегудің зиянды әсерлері.
Сонымен қатар патологиялық үрдістің дамуында жалпы организмнің, оның ішінде асқазан-ішек жолының жағдайымен тығыз байланысты ауыздың кілегей қабығының резистентігінің үлкен маңызы бар.
Машкиллейсон А.Л. (1983) байқауынша лейкоплакиямен ауыратын адамдардың 88% асқазан-ішек жолдарының аурулары анықталған.
Лейкоплакия көбінесе 40-50 жастағы ер адамдар арасында кездеседі. Лейкоплакияның үш түрін ажыратады: жазық немесе қарапайым, веррукозды және эрозиялы-жаралы. Бұл түрлері бір-біріне ауысуы немесе бір адамның ауыз ішінде қатар кездесуі мүмкін. Лейкоплакия обыралды ауруға, оның ішінде факультативті түріне жатады.
Жазық лейкоплакия (плоская лейкоплакия – leicoplaqia planus) кілегей қабық бетінде созылмалы зақымдануға ұшыраған аймақта гиперкератоздану нәтижесінде әртүрлі көлемді ақшыл-сұр түсті күңгірт біртұтас ошақ пайда болуымен сипатталады және жұқа шылым оралған қағазды жапсырып қойғандай көрініске ие болады. Жабынды эпителийдің мүйізгектенуі біркелкі болмағандықтан, жарақат ошағы ақшыл-сұр немесе ақ түсті даққа ұқсайды, қырып байқағанда алынбайды, шекарасы тегіс емес, иір-қиыр, беті кедір-бұдырлау және құрғақ болады. Төңірегіндегі дәнекер тінде қабыну үрдісі, ал мүйізгектену ошағының астында тығыздану белгісі аса байқалмайды.
Лейкоплакия ошағы көбінесе ұрттың кілегей қабығында тістердің тістесу деңгейінде езуге жақынырақ, тілдің бүйір беттерінде немесе үстінде, тістері жұлынған альвеола өсіндісің қырында, ерін жиегінде көбірек ораналасады. Езуге жақын орналасқан лейкоплакия ошағы шыңы ұртқа қараған үшбұрышқа ұқсас келеді. Қатпарлы тілдің үстінде орналасқан лейкоплакия ошағы тас төселген жолға, ауыз табанында немесе ұртта орналасса, жиырылған ақшыл-сұр жарғаққа ұқсайды. (сурет)
Жазық лейкоплакияның бір түрі – Таппейнер лейкоплакиясы (шылым шегушілер лейкоплакиясы, таңдайдың никотиндік лейкокератозы). Көп жағдайда шылым шегушілер арасында кездеседі және қатты таңдай кілегей қабығының ақшыл-сұрланып қалыңдануымен және күңгіртенумен сипатталады, бетінде көптеп кеңейген ұсақ сілекей бездерінің түтіктері ашық-қызыл ноқаттар түрінде көрінеді. Егер біраз тосып байқаса, олардың ауызынан еріген шыққа ұқсас мөлдір тамшылар (сұйықтар) бөліне бастайды.
Жазық лейкоплакия ешқандай субъективтік белгілер туындатпай, ауызда ұзақ жылдар сақталуы, ал кейде жарақат ошағында құрғау, кедір-бұдырлық сезімдері мазалауы мүмкін.
Аурудың бұл түрі 1-5% жағдайда қатерлі ісікке (обырға) айналуы мүмкін.
Егерде созылмалы зақымдаушы ықпалдардың әсері жойылмаса көп жағдайда жазық лейкоплакия веррукозды немесе эрозиялы-жаралы түріне ауысады.
Гистологиялық зерттеулер лейкоплакия ошағындағы кілегей қабықтың нағыз дәнекер тін қабатында жайылған созылмалы қабыну үрдісі, ал жабынды эпителийде акантоз, паракератоз, гиперкератоз байқалатынын көрсетті.
Жалпақ лейкоплакияны қызыл жалпақ теміреткіден, қызыл жегіден, екіншілік мерезден, жұмсақ лейкоплакиядан, химиялық заттардан күюден, кандидоздан (сүттемеден) ажырата білу керек.
Қызыл жалпақ теміреткі кезінде ақшыл-сұр түсті жылтыр диаметрі 1-3 мм полигоналды папулалар әртүрлі өрнек құрап, көбіне екі ұрттың кілегей қабығында үлкен азу тістер тұсында немесе сыртында симметриялылықпен орналасады.
Қызыл жегі кезінде мүйізгектену ошағында атрофиялану, ал төңірегінде тұрақты қызару және үрдістері байқалады.
Екіншілік мерез кезінде топтаса орналасқан ақшыл-сұр папулалардың астында тығыздық байқалады және беттерін қырып байқаса, эпителийй қабаты сылынып, эрозияланған ошақ көрінеді. Эрозия бетінен алынған қырманы зерттегенде бозғылт трепонемалар табылады және серологиялық реакциялар оң болады.
Кандидоз (сүттеме) кезінде ақ түсті қақ жарақат ошағынан оңай қырылып алынады (соскобта) және онда көп мөлшерде саңырауқұлақ клеткалары мен жалған мицелий анықталады.
Жұмсақ лейкоплакия кезінде жарақат ошағындағы кілегей қабық белгілі шекарасыз ақшыл-сұр болып күңгірттенген, борпылдақ консистенциялы, беті толассыз түлеуге ұшырап отырады.
Химиялық әсерден күю кезінде кілегей қабық бетінде ақшыл-сұр түсті тығыздау консистенциялы жарғақ пайда болып, төңірегінде қабыну үрдісі дамып, ауыру сезімі мазалайды.
Жазық лейкоплакияны емдеу төмендегі шараларды қарастырады:
Тітіркендіруші әсерлерді жойып, ауыз ішін сауықтыру.
Асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеу (егер анықталған болса)
Жарақат ошағына А витаминінің 3,44% майлы ертіндісінен, 10% дибунол линиментінен күніне 3-4 рет бастырма қою (3-4 жеті шамасында) керек.
Жалпылай ем жүргізу: аевитті бір капсуладан күніне 2-3 рет немесе А витаминінің майлы ертіндісін 10 тамшыдан күніне 3 рет екі айға жуық қабылдау. Витамин С 0,3 г күніне 3 рет қабылдау (20-30 күн); пиридоксин – 0,02-0,03 г күніне 1-2 рет немесе пиридоксальфосфат – 0,01 г күніне 3-4 рет (1-2 ай) немесе В1 витаминін 0,02 г күніне 3 рет қабылдау қажет.
Емдеу шаралары бір курспен аяқталмайды, жарақат ошағы толық жойылғанша жылына 2-4 рет қайталап отыру керек. Жоғарыда көрсетілген емдік дәрілерді қолданумен қатар жарақат ошағындағы созылмалы қабыну үрдісін тоқтатуға арналған шараларды жүргізген де тиімді (бутадион жақпасымен, құрамында кортикостероидтар бар жақпалармен күніне 2-3 рет бастырма қойған) нәтиже береді.
Веррукозды лейкоплакия (веррукозная лейкоплакия – leicoplaqia verrucosa) ауызда екі түрде – тоғалы түрі (бляшечная форма) және сүйелді түрі (бородовчатая форма) кездеседі.
Аурудың тоғалы түрі кілегей қабық бетінен біраз жоғары орналасқан аппақ немесе ақшыл-сүт түстес шекарасы анық, белгілі пішінсіз, беті жазық, бірақ онша тегіс емес қалың және тығыздау келген гиперкератоздану ошағының пайда болуымен сипатталады және беті қырған кезде алынбайды. (сурет)
Сүйелді түрінде лейкоплакия ошағы ақ немесе ақшыл-сұр түсті, төңірегіндегі тіндерден жоғары орналасады, беті кедір-бұдыр немесе томпақ-томпақ топтаса орналасқан сүйелдерге ұқсас келеді (сурет).
Веррукозды лейкоплакия кезінде кілегей қабықтың жарақат ошағында ысып-күю, кедір-бұдырлық, ыңғайсыздық сезімдері, ас шайнағанда тістеп алу, шайнауға кедергі кездестіру сияқты машақаттар мазалауы мүмкін.
Лейкоплакияның бұл түрін жалпақ клеткалы мүйізгектенетін обырдан, екіншілік мерезден, созылмалы гиперпластикалық кандидоздан, «түкті лейкоплакиядан» ажырата білу керек.
«Түкті лейкоплакия» адамның иммунитет тапшылығын туындататын вирус жұқтырған адамдарда кездеседі, көбіне тілдің екі бүйір бетінде орналасады. Бұл кезде ақшыл-сұр түсті, анық шектелген, беті жиырылып әжімденген, жіпке немесе шашқа ұқсас өсіктермен жабылған бір немесе бірнеше ошақ пайда болады. Сырқат адам ЖИТС (СПИД) орталығында есепте тұрғанын айтуы мүмкін. Ал егер оның негізгі ауруы туралы хабары болмаса, аталған орталыққа тексерілуге жолдама беру керек.
Ауыздың созылмалы гиперпластикалық кандидозы кезінде ақшыл-сұр немесе кір-сұр түсті микоздық қалың қақ жарақат ошағын күшпен қырғанда ғана алынады және эрозия беті ашылуы мүмкін. Алынған қырманы микроскопиялық зерттеу кезінде саңырауқұлаққа тән көптеген элементтер анықталады.
Жалпақ клеткалы обырдан ажырату үшін жарақат ошағынан алынған материалды (қырманы немесе кесіп алынған материалды) цитологиялық және гистологиялық зерттеуден өткізу керек.
Веррукозды лейкоплакия факультативті обыралды ауруға жатады (5-20% жағдайда обырға айналуы мүмкін). Сондықтан обырға айналудың алғашқы белгілерін жақсы ажырата білу керек. Олар – жарақат ошағының тығыздануы, қоңыр түстенуі, мүйізгектену үрдісінің күшеюі, эрозия немесе жара ошағының пайда болуы.
Веррукозды лейкоплакия ошағы консервативтік емді аса қажет етпейді, көбіне хирургиялық әдіспен емделеді (жарақат ошағын кесіп алып тастау, қуатты лазермен немесе төменгі температурамен деструкциялау әдістері қолданылады).
Лейкоплакияның эрозиялы-жаралы түрі жазық немесе веррукозды лейкоплакия ошақтарында тіндердің созылғыштық қасиеттерінің төмендеуіне және трофикалық үрдістің бұзылуына байланысты тілік немес эрозияның пайда болып, екіншілік инфекция әсерінен асқынып, жараға айналуымен сипатталады. Кейде эрозия немесе жараның пайда болуы қатерлі ісікке айналудың бірден-бір белгісі болып саналады және сырқат адам дәрігер-стоматологқа жарақат ошағындағы ауыру сезіміне шағымдана келеді. Қарап тексергенде жазық немесе веррукозды лейкоплакия ошағының ортасында немесе шетін ала (сурет) қызыл шикі ет түстес эрозиялы-жаралы ошақ көрінеді, сипап байқағанда ауырады, беті таза немесе ақшыл-сары түсті қақ анықталады. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз, ал кейде аздап ұлғайып, сипағанда ауыруы мүмкін.
Эрозиялы-жаралы лейкоплакияны мерез обыр, трофикалық және созылмалы зақымдану жараларынан ажырата білу керек.
Лейкоплакияның бұл түрі кезінде консервативтік емді екі жетіден артық уақытқа созбайды. Емдеу шаралары жарақаттаушы ықпалдарды жоюға, кілегей қабықтағы қайта құрылу үрдістерін жылдамдатуға бағытталады (қабынуға қарсы дәрілер, кератопластиктер, биогендік ынталандырғыштар қолдану). Аурудың бұл түрі көбіне жасы ұлғая бастаған адамдарда кездесетіндіктен, организмнің жалпы тұрақтылығын жақсартуға арналған дәрілер тағайындау да қажет (витаминдер жиынтығы, белокты анаболизаторлар, амин қышқылдары). Егер жүргізілген консервативтік ем көрсетілген уақытта нәтиже бермесе, хирургиялық емдеу әдісін қолданады және патологиялық ошақтан алынған материалды гистологиялық зерттеуден өткізеді.
Лейкоплакиямен ауырған адамды дәрігер-стоматолог диспансерлік бақылауға алып, әрбір 3-4 айда тексеріп отыруы керек. Қатерлі ісікке ауысу мүмкіндігі туралы күмән туса, дәрігер-онкологқа жолдама беру керек.
Аурудың алдын алу. Негізгі жүргізілетін шаралар: ауыз ішін сауықтыру, кілегей қабықты тітіркендіруші ықпалдарды жойып, әрбір қабылдауға келген адамға ауыз гигиенасын сақтауды үйрету.
