- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
Кілегей қабықтың физикалық зақымы жедел және созылмалы ағымды болуы мүмкін. Жедел физикалық зақым жоғары температура (ыстық су, бу және от) және төменгі температура (балалардың көбінесе аязда қалған заттарды ауызға алуы кезінде, криодеструкциялаушы ем жүргізгенде суық азотты пайдаланған кезде), электр тогы, иондаушы радиацияның үлкен мөлшері әсернен дамиды.
Жоғары температураның әсерінен кілегей қабық жеңіл және ауыр дәрежеде зақымдануы мүмкін.
Жеңіл зақым кезінде кілегей қабық (көбінесе қатты таңдай кілегей қабығы) қызарып, домбыға бастайды, беті кедір-бұдырланып, жабынды эпителий кесек-кесек болып түлей бастайды және жарақат ошағында ашып ауыру сезімі пайда болады.
Ауыр дәрежелі зақым кезінде кілегей қабық бетінде әртүрлі көлемді күлбірек бөрткендер пайда болып, жарылғаннан кейін эрозиялы ошаққа айналады. Кейде күю әсерінен дәнекер тін қабатымен қатар астында жатқан ет және сүйек тіндері де өліеттенуге ұшырауы мүмкін.
Кілегей қабықтың электр тогының әсерінен күюі көбінесе физиотерапиялық емдеу шараларын (электрофорездеу әдісі, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелермен емдеу) жүргізген кезде электродтардың жалаңаштануы немесе жоғары күшті токты пайдалану кезінде және техника қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда байқалады.
Жедел температуралық зақымды анықтау қиынға түспейді, ауру анамнезін жинақтау тиісті көмегін тигізеді.
Емдеу шаралары уақытша жансыздандыруды, қабыну үрдістерін тоқтатуды, зақымдану ошағының тез айығуын қарастырады.
Оттан және үлкен күшті электр тогының әсерінен күю кезінде тек ауыздың кілегей қабығы ғана емес, басқа да тіндер зардап шегуі мүмкін. Оларды емдеу арнаулы күйік орталықтарында жүргізіледі. Дәрігер-стоматолог көрсете алатын алғашқы дәрігерлік көмек-қатты ауырудан туындайтын шокпен күресу (ауырсыздандыру), жарақат ошағын екіншілік инфекциядан қорғау (антисептикрермен жуып-шаю), күйік алған адамды арнаулы емдеу мекемесіне уақытында жеткізуді қамтамасыз ету.
Гальванизм немесе гальваноз. Ауыздың кілегей қабығына созылмалы әсер ететін физикалық факторлардың бірі-гальваникалық ток немесе ауыз ішіндегі әртүрлі металдан жасалған конструкциялар әсерінен пайда болатын микротоктар. Бұл токтар сілекейдің электолиттік ортаға айналып, металл иондардың бөлінуіне немесе металдың иондық жағдайдан ертіндіге ауысуына байланысты дамиды. Ауыздағы микротоктардың мөлшері 10-19 мка жоғары болған жағдайда кілегей қабықты тітіркендіріп, гальванизм белгілерінің дамуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл белгілер көбіне ауызда металл дәмінің пайда болуымен, тілдің және ауыздың басқа аймақтарының ысып-күюімен, дәм сезудің бұзылуымен (қышқыл және ащы дәм пайда болуы) сипатталады. Сонымен қатар кілегей қабықта шамадан тыс мүйізгектену үрдісі де байқалуы мүмкін. Кейде ауыздағы металдан жасалған протезге қасық немесе шанышқы тиіп кетсе электрлену белгісіндей ыңғайсыз сезім пайда болады.
Көпшілік жағдайда гальванизм белгілері ауыз ішінде алтын-амальгама алтын-латунь, металл-латунь араластығы орын алғанда дамиды.
Емі. Егер субъективтік сезімдер металдан жасалған протез кигеннен кейін дамыған болса, оны басқа зиянсыз металдардан қайта жасауға болады. Сонымен қатар гальванизм белгісін туындататын көздерді де жою қажет болады (амальгамадан жасалған пломбыларды ауыстыру, жоғарыда көрсетілген металдар араластығын жою немесе болдырмау).
