- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
Терімүйіз
Терімүйіз (кожный рог – cornu cutaneum) көбінесе ер адамдарда кездеседі (жастары 60-тан асқан), тері мен еріндер қызыл жиегінде пайда болады.
Терімүйіз эпидермалдық құрылымға жатады, тыртықты және сүйелді аймақтарда, лейкоплакия ошағында орын алады.
Терімүйіз – мүйізді өсікке ұқсас, эпителийдің шағын аймақта шамадан тыс өсуі (гипреплазиялануы) және мүйізгектенуі нәтижесінде пайда болады (сурет).
Клиникалық көрініс. Терімүйіздің тек өзіне ғана тән ерекшелігі бар; жарақат ошағы анық шектелген, табанының диаметрі 1 см, одан конусқа ұқсап әртүрлі биіктікке (1 см, кейде одан да биіктеу) көтерілетін мүйізге ұқсас құрылымы бар өсік. Өсіктің түсі кірсұр немесе қоңыр-сұр болып келеді, консистенциясы қаттылау, аса қозғалмалы емес және ауырып мазаламайды, саны біреу, кейде екеу-үшеу болады.
Терімүйіз ұзақ уақыт өзгеріссіз сақталады, кейде кенеттен қатерлі ісікке ауысуы да мүмкін. Гистологиялық зерттеулер кезінде жарақат ошағында эпителийдің шамадан тыс өсуі және мүйізгектенуі байқалады. Терімүйіз табанындағы эпителийде гиперкератоздану, әртүрлі деңгейде акантоздану, дискомплексациялану, атипиялану үрдістері орын алады.
Терімүйізді қарапайым сүйелден, мүйізгектенген папилломадан, кератоакантомадан ажырата білу керек.
Емдеу әдісі – хирургиялық әдіс.
Кератоакантома
Кератоакантома – мүйізді моллюскі (кератоакантома, роговой моллюск - keratoacanthoma) тез дамитын, кейде өз бетімен кері дамуға ұшырайтын, эпидермальды қатерсіз ісік.
Алғаш кератоакантоманы 1930 ж. Дюпонт сипаттаған. Ол көбінесе ер адамдарда кездеседі. Этиологиясы анықталмаған, бірақ папилломавирусының кератоакантоманың дамуында белгілі рөлі бар деген көзқарастарды ескерусіз қалдыруға болмайды. Оның жиі пайда болатын аймағы – тері беті, кейде еріндер жиегінде, ауыз кілегей қабығында (көбінесе тілде) да орналасады.
Клиникалық көрінісі. Кератоакантома сұр-қызыл түсті жарты шар пішінді ортасында үрмеге ұқсас ойығы бар, түйінге ұқсас құрылым. Ісік пайда болысымен тез өсе бастайды, аз уақыт ішінде (бір ай шамасында) көлемі 2,5*1 см жетеді. Аз уақыт ішінде ойықтың орта бөлігі оңай алынатын мүйізгекті заттарға толады. Кератоакантома ауырмайды, оңай қозғалады, қоршаған тіндерге жабыспай өседі. Ісіктің даму барысы екі түрлі: бірде 6-8 айдан кейін орнына пигменттелген тыртық қалдырып, өз бетімен жойылып кетеді, кейде қатерлі ісікке ауысады.
Гистологиялық зерттеулер кезінде орта бөлігі ішке қарай жаншылған шағын және шекарасы анық эпителий тінінен тұратын ісік анықталады, ойық ішінде мүйізгектенген құрылымдар, акантондану, дискератоздану үрдістері, клеткалық полиморфизм байқалады. Дәнекер тін қабатында плазматикалық клеткалардан, лимфоциттерден тұратын инфильтрат орын алады.
Кератоакантоманы терімүйізден, сүйелге ұқсас обыралды ісіктен, қарапайым сүйелден, жазық клеткалы обырдан, папилломадан ажырата білу керек.
Емдеу әдісі – хирургиялық әдіс. Кейде ісікте бұзылмаған тіндер аймағына дейін кесіп алып тастаса ісі қайта болуы мүмкін.
