- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
Еріннің обыралды абразивті қабынуын – Манганотти хейлитін (абаразивный преканцерозный хейлит Манганотти – cheilitis abrasiva precancerosa Manganotti) 1933 ж. Манганотти сипаттаған. Бұл ауру жасы 60-тан асқан ер адамдарда кездеседі және шылым шегушілер арасында 28%, асқазан-ішек жолы аурулары бар адамдарда 38 % құрайды.
Клиникалық көрінісі. Еріннің қызыл жиегінде (көбінесе езулерге жақын) ені 0,5-1,0 см, беті тегіс және жылтыр ашыққызыл түсті белгілі пішінсіз бір немесе екі-үш эрозия ошағы пайда болады ( сурет). Кейде эрозия беті сарысулы немесе қанды қабықшалармен жабылып, тез қанағыш келеді.
Беті қабықшамен жабылмаған эрозия жұқалау, оңайлықпен қанамайды және консистенциясы жұмсақ болып келеді. Эрозиялар төңірегінде қабыну үрдісі аса көп байқалмайды, кейде аздаған қабыну белгілері орын алуы мүмкін. Эрозиялар көпке дейін жазылмайды, жүргізілген емдеу шаралары нәтижесіз болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда оңай жазылып, біраз уақыттан кейін бұрынғы орындарында немесе басқа орында пайда болып тұрады.
Мангантти хейлитінің қатерлі ісікке ауысу уақытты толық анықталмаған, кейбір ауруларда 4-6 айдан кейін, ал біраз жағдайларда 5-7 жылдан кейін ауысқаны байқалған.
Гистологиялық зерттеулер кезінде эпителий қабатында ақау анықталады. Ақау жиегіндегі эпителийде акантоздану, дәнекер тінге терең енген эпителий өсіктері, әртүрлі дәрежеде дискомплексациялану, атипиялық өзгерістер байқалады. Дәнекер тінде гистиоциттерден, лимфоциттерден, плазматикалық клеткалардан, лаброциттерден, фибробластардан тұратын инфильтрат анықталады.
Манганотти хейлиті кезінде эрозия ошағының тереңдеп, жиектерінің қалыңдап, табан қабырғасының қаттылануы оның қатерлі ісікке ауыса бастауының белгілері болып табылады.
Мұндай үрдіс бірде 2-3 айдан кейін, ал кейде ондаған жылдардан кейін орын алуы мүмкін және қатерлі ісікке айналу көрсеткіші 25% жақын болады.
Манганотти хейлитін қызыл жалпақ теміреткіден, қызыл жегіден, лейкоплакиядан, ерін жиегінің зақымдану эрозиясынан, ерін қабынуларынан (актиндік, метеорологиялық), қарапайым ұшықтан ажырата білу керек.
Емі. Манганотти хейлиті ұзақ уақыт консервативтік емдеуді қажет етеді (қатерлі ісікке ауыспағаны дәлелденген жағдайда) және 1-2 айға дейін созылуы мүмкін.
Консервативтік емді ауыз ішін сауықтыру шаралармен қатар жүргізеді. Егер әртүрлі ағзалар аурулары (асқазан-ішек жолы, бауыр және бүйрек) анықталған жағдайда, міндетті түрде оларға емдеу жүргізілуі қажет.
Жергілікті емі. Алдымен қабынуға қарсы жақпаларды (бутадион, дибунол жақпалары, кортикостероидты дәрілер, антибиотиктер және сульфаниламидтер құрамды жақпалар) 3-5 тәуліктей қолданып барып, эрозияның тез жазылуын қамтамасыз ететін дәрілерге ауысады (А витаминінің майлы ертіндісі, итмұрын, шырғанақ, зәйтүн майлары, аекол), апилак, метилурацил, солкосерил жақпалары, хонсурид ертіндісі.
Кейбір жағдайларда құрамында вирусқа қарсы дәрілер бар жақпаларды қолдану да жақсы нәтиже береді.
Егер зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдік ішу, ерінді жиі жалау немесе тістелеу) мен ықпалдар (күн сәулесінің, шаң-тозаңның, ыстық-суық ауаның әсерлері сияқты) анықталған болса, оларды жоюға тырысу керек. Іштей қабылдауға дәрілер тағайындаған тиімді болады.
Олар: ретинол ацетаты 3,44% ертіндісі 10 тамшыдан күніне 3 рет, аевит, С витамині, витаминдер жиынтығы (поливит, супрадин, сана-сол, дуовит, триовит).
Жүргізілген консервативтік ем (2-3 жеті шамасында) нәтижесіз болған жағдайда, хирургиялық емдеу әдісін де қолдануға болады.
