Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурула...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

Сүйелеге ұқсас обыралды ісік

Сүйелге ұқсас обыралды ісік (бородовчатый предрак – precancer verrucosis) көбінесе 40-50 жастағы ер адамдарда кездеседі және төменгі еріннің қызыл жиегінде жиі орналасады. Ең алғаш 1965 ж.А.Л.Машкилейссон клиникалық көрінісін сипаттаған.

Сүйелге ұқсас обыралды ісігі обыралдыауруларының ішінде 7% құрайды.

Клиникалық көрінісі. Жарақат ошағы (сурет) жақсы шектелген және қызыл ерін жиегінде орналасқан ені 0,4-1,0 см, тығыз консистенциялы жарты шар пішіндес, ерін жиегі түсіне ұқсас немесе сұр-қызыл түсті құрылым. Беті кейде таза жылтыр келеді, кейде жұқа ақшыл-сұр түсті қабыршақтармен жабылады. Бұл кезде ол сүйелге немесе беті мүйізгектенген папилломаға ұқсас келеді. Сипап тексергенде ауырмайды және төңірегіндегі тіндердің өзгеріске ұшырамағаны байқалады. Сүйелге ұқсас обыралды ісіктің ағымы өте жедел, 1-2 айдан кейін қатерлі ісікке айналуы мүмкін және бұл жағдайды анықтау мүмкіндігі өте төмен.

Гистологиялық зерттеу кезінде жарақат ошағында жабынды эпителийдіңбүртіктеніп жоғары және дәнекер тін бағытында шамадан тыс өсуі байқалады. Өсу тікенекті қабаттың қалыңдауы (акантоздану) нәтижесінде қалыптасады. Сонымен қатар тікенекті қабатта клеткалардың дискомплексациялануы, полиморфизм, гиперкератоздану және паракератоздану белгілері байқалады. Дәнекер тін қабатында лимфоциттерден, плазматикалық клеткалардан, лаброциттерден құрылған домалақ-клеткалы инфильтрат және эластикалық талшықтардың біртектіленуі (гомогенизация) байқалады.

Ерін жиегінің сүйелге ұқсас обыралды ісігін кәдімгі (қарапайым) сүйелден, папилломадан, кератоакантомадан, іріңді гранулемадан (пиогенная гранулема) ажырата білу керек.

Сүйелге ұқсас обыралды ісікті хирургиялық әдіспен емдейді және алынған тінді міндетті түрде гистологиялық зерттеуден өткізеді.

Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі

Еріндер жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуін (ограниченный предраковый гиперкератоз красной каймы губ – hyperkeratosis precancerosa circumscripta) өз бетімен дамыған ауру ретінде 1965 ж. А.Л.Машкиллейсон сипаттаған. Оның таралуы обыралды аурулар ішінде 8% құрайды және 30жастан асқан ер адамдарда жиірек кездеседі.

Клиникалық көрінісі. Жарақат ошағы шағын көлемді шекарасы анық, ені 0,2*0,5 см кейде одан үлкендеу (1,5*2 см) көпбұрышты мүйізгектенген құрылым. Беті жазық, жұқа және тығыз жабысқан қабыршақтармен жабылған, сондықтан түсі ақшыл-сұр, деңгейі төңірегіндегі тіндерден төмендеу ( сурет) болады. Егер қабыршақтар түлемей көптеп пайда болса, мүйізгектелген ошақ төірегіндегі тіндерден жоғарылау орналасады, қырып көргенде қабыршақтар алынбайды. Сипап тексергенде жарақат ошағының консистенциясы жұмсақ, төңірегіндегі тіндер өзгеріске ұшырамаған.

Кейде жарақат ошағы аздап қызарып, сыздап ауырып немесе косметикалық ыңғайсыздық тұғызып мазалауы мүмкін. Бұл жағдай көбінесе жарақат ошағын жиі тістелегенде немесе мүйізді қабыршақтарды жұлып алуға өз бетімен әрекет жасағанда байқалады. әртүрлі тітіркендіргіш ықпалдар әсер етпеген жағдайда, жарақат ошағы ондаған жылдар өзгеріссіз сақталады, кейде 6 айдан кейін-ақ қатерлі ісікке ауысуы мүмкін.

Гистологиялық зерттеулер кезінде эпителий қабатының дәнекер тін бағытында шамадан тыс өсуі, тікенекті қабат клеткаларының дискомплексациялануы (бір тектіліктің жойылуы) жоғары мүйізгектену үрдісі анықталады.

Дәнекер тін қабатында плазматикалық және толықша клеткалардан тұратын инфильтрат, базальды жарғақтың бұзылғаны байқалады.

Ерін жиегінің шектеле мүйізгектенуін лейкоплакиядан, қызыл жалпақ теміреткіден, қызыл жегіден ажырата білу керек.

Ерін жиегінің шектеле жоғары мүйізгектенуі тек хирургиялық әдіспен емделеді, кесіп алынған тін гистологиялық зерттеуге жіберілуі тиіс. Сонымен қатар жарақат ошағын қуатты лазермен коагуляциялау әдісін де қолдануға болады.