- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
І. Ауыз кілегей қабығының аурулары:
1. Облигативті аурулары: Боуэн ауруы;
2. Факультативті аурулары: а) лейкоплакия, эрозиялы және жаралы түрлері, б) папиллома және папилломатоз, в) қызыл жегі, эрозиялы-жаралы және гиперкератозды түрлері, г) қызыл-жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы және гиперкератозды түрлері; д) ауыздың сәуле әсерінен кейін қабынуы.
ІІ. Еріндер қызыл жиегінің обыралды аурулары.
1. Облигативті аурулары:
а) сүйелге ұқсас обыралды ісік;
б) обыралды шектелген гиперкератоз;
в) еріннің обыралды образивті қабынуы – Манганотти хейлиті.
2. Факультативті аурулары:
а) лейкоплакия
б) кератоакантома;
в) терімүйіз;
г) мүйізгектенген папиллома;
д) эрозиялы-жаралы және гиперкератозды қызыл жегі;
е) эрозиялы-жаралы және гиперкератозды жалпақ теміреткі;
ё) еріннің сәуле әсерінен кейін қабынуы.
Факультативті обыралды ауруларды А.Л.Машкиллейсон тағы екі топқа бөледі: обырға жиірек ауысатын (15-30%) және сирек ауысатын (6%) аурулар. Обырға сирек ауысатын факультативті обыралды ауруларды 1977 жылдан бастап фондық ( ) аурулары қатарына жатқызды (ауыз кілегей қабығының созылмалы жаралары, еріндердің созылмалы тіліктері, еріндердің актиндік және метеорологиялық қабынулары).
Боуен ауруы
Боуен ауруы (болезнь Боуена – morbus Bowen, синонимдері эритроплакия, эритроплазия), алғаш 1912 жылы Bowen, 1937 жылы Кейр сипаттап жазған, алғашқы күннен бастап-ақ «cancer in situ» (тін ішіндегі обыр) болып саналады. Аурудың себебі анықталмаған. И.А.Шульга (1937) аурудың дамуында тері мен кілегей қабықтардың ұзақ уақыт жарақатқа ұшырауы белгілі орын алатынын көрсетеді.және бұл ауру 45-65 жас арасындағы ерлер мен әйелдерде кездеседі деп ұйғарады. А.Л.Машкилейссон (1986) аурудың 40-70 жас арасындағы адамдарда жиі кездесетінін, патогенезінде жарақатқа және күн сәулесі әсеріне жиі ұшыраудың маңызы зор екендігі туралы мәлімет береді.
Клиникалық көрінісі. Ауыз кілегей қабығы бетінде бір немесе екі аймақта әртүрлі көлемді (сурет). Алғашқы кезде ошақ ашық-қызыл немесе іркілген-қызыл түсті, шекарасы анық, беті тегіс, кейде ұсақ бүртікті өсіктердің пайда болуына байланысты барқыт түгіне ұқсас болады. Кейде ошақ бетінде ұсақ мүйізгектенген аймақтар пайда болып, қызыл жалпақ теміреткі немесе лейкоплакия ошағын еске түсіреді. Ауру ұзақ дамыған жағдайда кілегей қабық атрофиялануға ұшырайды және жарақат ошағының теңгейі біраз төмендейді. Бірнеше ошақ бір-біріне қосылып кеткен жағдайда үлкен аумақты табақшаға ұқсас құрылым пайда болады. Қатерлі ісікке ауықанға дейін жарақат ошағының консистенциясы жұмсақ болады, ауырмайды және аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймайды. Боуэн ауруының жиі орналасатын аймағы – жұмсақ таңдай, тілшік, екіұрттың азу тістер сырты, тіл және ауыз табаны. Тілде орналасқан жағдайда тіл бүртіктері жойылып кетеді.
Жарақат ошағы біртіндеп жайыла өсіп, бірнеше айдың ішінде обырға ауысады және бұл үрдіс теріге қарағанда кілегей қабықта жадалдеу жүреді.
Жарақат ошағында обырға айналу (малигнизациялану) үрдісі бастапқы кезде ешбір белгісіз дамиды, обыр белгілері кеш білінеді: ошақ ісікті құрылымға ұқсап тығызданып, бетінде сүйелге немесе саңырауқұлақтарға ұқсас өсіктер, эрозиялы және жаралы аймақтар пайда болып, ауыру сезімі мазалай бастайды.
Ауру біраз уақытқа созылуы мүмкін, кейде аз уақыт ішінде обырға ауысады және бұл үрдісті әртүрлі зақымдаушы ықпалдар жылдамдатады.
Гистологиялық зерттеулер Боуэн ауруы кезінде эпителийшілік обыр белгілерін көрсетеді. Олар: тікенекті қабат клеткаларындағы полиморфизм (әр түрлілік), клеткалар бөлінуінің (митоз) жылдамдауы және ауытқуы, көпядролы алып клеткалардың пайда болуы, акантоз, гипер және паракератоздану белгілері. Дәнекер тін қабатында лимфоциттер мен плазмоциттерден құрылған инфильтрат ошағы анықталады.
Боуэн ауруын лейкоплакиядан, қызыл жалпақ теміреткіден, қызыл жегіден, екіншілік мерезден, зақымдаушы әсерден пайда болған қызару ошағынан (травматическая эритема) ажырата білу керек.
Емі. Жарақат ошағын хирургиялық әдіспен алып тастап, гистологиялық зерттеу жүргізеді және қажет болса сәулемен, химиялық дәрілермен емдеу әдістерін қолданады.
