- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Еріннің атопиялы қабынуы
Еріннің атопиялы қабынуы (атопический хейлит – cheilitis atopicalis) еріннің симптоматикалық ауруы, терінің атопиялық қабынуының немесе нейродермиттің бір белгісі болып саналады.
Ауру көбінесе 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жас өспірімдер арасында кездеседі. Этиологиясында атопиялық аллергиялық реакцияларға бейімдейтін генетикалық факторлар маңызды орын алады. Бұл кезде аллергендер рөлін дәрі-дәрмектер, тағамдық заттар, гүлдер тозаңы, тұрмыстағы шаң, микрооргнаизмдер, косметикалық заттар, физикалық факторлар атқаруы мүмкін.
Атопиялық өзгерістердің дамуын генетикалық тұрғыдан қалыптасқан клеткалық иммунитет-Т супрессорлар тапшылығымен байланыстырады.
Клиникалық көрініс. Еріннің атопиялық қабынуы кезінде науқас ернінің қызарып қышуына, толассыз түлеуіне шағымданады. Қарап тексергенде, ерін жиегінің және оның төңірегіндегі тері бетінің қызарғаны, құрғап, кебекке ұқсас түлеуі, ерін жиегінің біраз аймағының немесе түгелдей инфильтраттанғаны байқалады. Біраз уақыттан кейін инфильтратты аймақта тіліктер мен қатпарлар пайда болады. Еріннің кілегей қабығы ешуақытта жарақаттанбайды, ал бет терісінің де құрғап, түлегені байқалады. Екі езу де жиі жарақаттанып, инфильтраттануға ұшырап, тері суреті айқындала түседі.
Еріннің атопиялық қабынуының ағымы ұзақ, көбіне күз және қыс айларында өршіп, жазғытұрым беті қайта бастайды.
Патологиялық гистологиясы. Жабынды эпителийде акантоз, паракератоз, ал дәнекер тінде қан тамырлар төңірегінде эозинофильдер мен лимфоциттерден тұратын клеткалық инфильтраттар анықталады.
Еріннің атопиялық қабынуын басқа қабынуларынан (актиндік, меторологиялық, жапырақтана жанаспа аллергиялық қабынуларынан) ажырата білу керек. Шеткей айналымдағы қанды өзгерістер – лимфоциттер мен эозинофилдер санының өсуі, Т-лимфоциитер, Т-супрессорлар санының азайуы, В-лимфоциттер санының жоғарылауы, JgE-көптеп құрылуы аурудың диагнозын нақтылауға көп көмегін тигізеді.
Емі. Еріннің атопиялық қабынуын жалпылай емдеу үшін антигистаминдік дәрілер (супрастин, кларитин, фенкарол), транквилизаторлар (элениум, седуксен, триоксазин), витаминдер жиынтығын тағайындайды. Ұзақ уақыт беті қайтпаған жағдайда кортикостероидты препараттарды (преднизолон 8-14 жаста тәулігіне 10-15 мг, ересектерге 15-20 мг) 2-3 апта қабылдаған тиімді болады. Сонымен қатар натрий тиосульфатының 30% ертіндісін 10 мл күніне бір рет көк тамырға құяды, емдеу курсы 10 инъекциядан тұрады. Кейде гистаглобулинмен десенсибилизациялау да жақсы нәтиже береді: оны тері астына аптасына 2 ретенгізеді, мөлшерін 0,2 мл бастап, 1 мл дейін көтереді. Жарақат ошақтарын (ерінжиегін және тері бетін) күніне 4-5 рет кортикостероидты жақпалармен өңдейді. Шекаралық Букки рентген сәулелерін де қолданып емдеуге болады.
Тері суреті айқындалған кезде (лихенизация) жағу үшін 10 немесе 20% ихтиол жақпасын, 10% мунай-линименті нафталанды пайдаланады. Тамақ рационынан организмді сенсибилизациялаушы тағамдарды (шоколад, құлпынай, балық уылдырығы, цитрустық жемістерді, тәтті заттарды) шығарып тастаған жөн.
