- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
Химиялық зақымдаушы ықпалдар ауыздың кілегей қабығына жедел және созылмалы түрде әсер етуі мүмкін.
Жедел химиялық зақым күнделікті тұрмыста жоғары концентрациялы химиялық препараттарды кездейсоқ қабылдау кезінде (байқамай дәрі құтыларын химиялық заттар құтыларымен ауыстырып алу), немесе өз өміріне қол жұмасау (суицид) әрекеті кезінде дамиды. Көбіне дәрігер-стоматологтың тәжрибесінде әртүрлі стоматологиялық емдеу шараларын жүргізгенде дамитын химиялық зақымдар орын алады. Олар мышьяк қойыртпағының, фенолдың (карбол қышқылы), формалиннің, резорциннің, азотқышқылды күмістің, тістің қатты тіндерін ерітуге арналған қышқылдардың (тісжегі қуысын композитпен пломбылау кезінде), тістерді ағартуға арналған пергидролдың әсерінен дамиды. Кейде тістің қатты ауыруын басу үшін қолданылған этил спирті, иіссу, ацетилсалицил қышқылы да кілегей қабықты күйдіре зақымдауы мүмкін.
Жоғары концентрациялы химиялық препараттар (қышқылдар мен сілтілер) кілегей қабықты күйдіреді. Күйіктің клиникалық көрінісі химиялық агенттің концентрациясына, мөлшеріне және әсер ету уақытына байланысты дамиды. Қышқылдар әсерінен туындаған күйік кілегей қабықтың коагуляциялық некрозға (өліеттенуіне) ұшырауы нәтижесінде дамиды және бұл кезде зақымдану ошағында тығыз ақ, сарғыш немесе ақшыл-сұр түсті жарғақ (пленка) пайда болады. Жарғақ астындағы тіндермен берік байланыстаболады және төңірегінде дереу қабыну үрдісі дамып, қатты ауыру сезімі пайда болады.
Сілтілер әсерінен туындаған күйік кілегей қабықтың колликвациялық некрозға ұшырауы нәтижесінде дамиды. Бұл кезде жарғақ пайда болмайды, өліеттенген тін жұмсақ, балмұздаққа ұқсас келеді және терең жатқан қабаттарды қамтиды. Кезкелген күйіктен соң қатты ауыру сезімі дамиды. Бірнеше тәуліктен кейін (4-7) химиялық зақым ошағындағы өліеттенген тіндер біртіндеп ыдырауға ұшырап, астындағы эрозия немесе жара беті ашылады. Төмен концентрациялы химиялық заттар әсер еткен кезде зақымдану ошағында катаралды қабыну белгілері дамиды.
Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдарын анықтау аса қиынға түспейді. Клиникалық көрінісі мен зақымдану себебі қосалқы тексеру әдістерін қажет етпейді.
Кілегей қабықтың жедел химиялық зақымын (күйігін) емдеуді ауызды дереу сумен жуып тазартудан бастайды және химиялық агентті бейтараптандыруға арналған шаралар жүргізіледі. Ол үшін қышқылдан болған зақым кезінде сабынды суды, ас содасының 1% ертіндісін, мүсәтір спиртінің 0,1% ертіндісін (бір стакан суға 15 тамшысын қосады), әкті суды (известковая вода) пайдаланады.
Сілтілерді бейтараптандыру үшін тұз лимон, уксус (сірке суы) қышқылдарының әлсіз ертінділері (бір стакан суға шай қасықтың ¼ бөлігі) пайдаланылады.
Азотқышқылды күмістің әсерін жою үшін Люголь ертіндісін, натрий хлоридінің (ас тұзы) 2-3% ертіндісін қолданады. Олар күмістің ерімейтін қоспасын құрады.
Фенолдың әсерінен күю кезінде кілегей қабықты 50% спиртпен немесе кастор майымен өңдейді.
Мышьяктан болған күйік ошағын 5% иод тұнбасымен, унитиолдың 5% ертіндісімен, күйдірілген магнезиймен өңдейді.
Химиялық зақым тудырған заттарды бейтараптандырғаннан кейінгі емдеу шаралары ауыру сезімін азайтуға (1-2% тримекаин және лидокоин ертінділерімен бастырма қою), жарақат ошағын өліеттенген тіндерден тазартуға (ферменттерді қолданып), екіншілік инфекцияның әсерін тоқтатуға (антисептиктер қолданып), қабыну үрдісінің бетін қайтарып (кортикостероидтар қолданып), жаралы ошақтың тез жазылуын қамтамасыз етуге (кератопластиктер қолданып) бағытталады. Сонымен қатар емдеу шаралары жүргізілген мерзімде арнаулы емдәм (жарақат ошағын тітіркендірмейтін және жұмсақ тағамдар) қабылдаған тиімді.
Химиялық агенттерден ауыз, жұтқыншақ және өңеш кілегей қабықтарының үлкен көлемді аймақтары зардап шеккен аурулар арнаулы ауруханалардың токсикологиялық бөлімдерінде емдеуді қажет етеді.
Ауыз кілегей қабығы жедел химиялық зақыммен қатар созылмалы зақымдануға ұшырайды. Ол көбінесе шылым шегу, насыбай ату, арақ ішу және ащы тағамдар қабылдау сияқты зиянды әдеттер әсерінен дамиды.
Темекінің құрамындағы химиялық белсенді агенттер жиынтығы – никотин, пиридин негіздері, синил қышқылы, цианитті қоспалар, фенол, қарамай шөгіндісі (дегтярный осадок) кілегей қабықты тітіркендіре әсер етеді. Сонымен қатар темекі түтінінде темекінің жануы кезінде пайда болатын пирен,антрацен, 3-4-бензопирен сияқты канцерогенді (обыр тудырушы) заттар бар.
Ұзақ уақыт химиялық әсерге ұшыраған кілегей қабық босап, іркіле-қызаруға, созылмалы қабынуға ұшырайды, бара-бара жабынды эпителий күңгірттеніп гиперкератоздану (шамаданан тыс мүйізгектену) оашқтары пайда болады (Таппейнер лейкоплакиясы).
Мұндай жағдайлар анықталған кезде ауруды зиянды әдеттерден арылту керек және жарақат ошағына А және Е витминдерінің майлы ертінділерімен бастырма қойып емдейді, ауыз ішін сауықтырады.
