- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Қызыл жегі
Қызыл жегі (красная волчанка – lupus erythematodes) дәнекер тіндерді жарақаттайтын ауру, сондықтан оны қазіргі кезде коллагеноздар тобына жатқызады және екі түрін ажыратады: 1) созылмалы ошақты немесе дискоидты қызыл жегі (хроническая очаговая или дискоидная красная волчанка); 2) жедел дамыған немесе жүйелі қызыл жегі (острая или системная красная волчанка). Бұл сырқат көбінесе 20-40 жас арасында басталады және әйел адамдар жиірек ауырады. Аурудың екі түрінде де ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі жарақаттануы мүмкін, ал тек кілегей қабықтың жарақаттануы өте сирек кездеседі (2,2% жағдайда).
Аурудың этиологиясы мен патогенезі әлі толық анықталмаған. Қазіргі көзқарастар бойынша ауру инфекциялық немесе басқа агенттерге организмнің сенсибилизациялануынан дамитын аутоиммунды патологиялық үрдістер қатарына жатады. Ауруға итермелеуші немесе бейімдеуші факторлар – күн сәулесіне (көбіне күлгін сәулеге) жоғары сезімталдық, организмдегі инфекция көздері, ауыр күйзеліс жағдайы, суыққа шалдығу және б.
Созылмалы қызыл жегі.
Клиникалық көрінісі. Аурудың бұл түрінде көбінесе дене терісінің ашық аймағы (бет және мойын терілері) жарақаттанады және қызармалы немесе эритемалы ошақ (мұрын қырында, екі бетте көбелек пішініне ұқсас, құлақ қалқандарында, бастың шашты бөлігінде, ерін жиектерінде) пайда болады. Кешікпей эритемалы ошақ бетіндегі эпителийде гиперкератоздану үрдісі дамиды, орталық бәлігі атрофиялануға ұшырап, біртіндеп жан-жағына қарай жайыла бастайды. Бірақ эритемалы және гиперкератоздану ошағы оның төңірегінде жолақ ретінде сақталады (- сурет). Осы үш клиникалық белгілермен қатар кейде патологиялық ошақта инфильтраттану, пигментациялану үрдістері және телеангиэктазиялар орын алуы мүмкін.
Ошақты қызыл жегінің ауыз кілегей қабығындағы көрінісне байланысты Б.М.Пашков аурудың үш түрін ажыратады; 1) әдетті; 2) жалқықтана-ықзарған; 3) эрозиялы-жаралы. Аталған түрлері бір-біріне ауысуы мүмкін.
Ауыз ішінде қызыл жегі ошақтары екі ұртта, таңдайда, қызыл иекте орналасады, кейде тек еріндер жиегі ғана жарақаттануы мүмкін.
Осыған байланысты еріндер жиегінде ошақты қызыл жегінің 4 түрін ажыртатды: 1) әдетті; 2) толық атрофияламайтын; 3) эрозиялы-жаралы; 4) терең түрі.
Қызыл жегінің әдетті түрінде (типичная форма) еріндер жиегінде эритемалы ошақ пайда болып, беті гиперкератоздануға ұшырап, орта бөлігінде атрофиялану үрдісі байқалады.ерін жиегі тұтас немесе шағын ғана аймағы жарақаттануы мүмкін, түсі қою-қызыл (жақсы піскен шие түстес) түсті, аздап инфильтраттанған, беті тығыз орналасқан ақшыл-сұр қабыршақтармен жабылады және олар оңайлықпен алына қоймайды. Жарақат ошағының төңірегінде мүйізгектеліп күңгірттенген эпителий күн сәулесіне ұқсап шашырай, ақ түсті жолақтар немесе «частокол» (шарбақ) құрай орналасады, ал орта бөлігі атрофиялану әсерінен ойықтау болады.
Аурудың толық атрофияламайтын түрі (форма без клинически выраженной атрофии) эритемалы ошақпен және әлсіз гиперкератозданумен сипатталады. Ерін жиегінде іркіле қызару ошағы пайда болып, беті жұқалау, оңай түлейтін қаьыршақтармен жабылады, патологиялық үрдіс шағын аймақтан басталып, біртіндеп ерін жиегін қуалай жайылады ( сурет), кейбір жерлерінде инфильтраттану ошағы орын алып, телеангиэктазиялар байқалады. Мұның өзі ерін жиегіне «шұбар түс» («пестрый вид») береді.
Терапиялық стоматология кафедрасына консультацияға жіберілген науқастардың ішінде 2 ер адамда аурудың жоғарыда сипатталған түрін байқадық. Ауру анамнезін анықтай келгенде патологиялық үрдіс алғашында төменгі еріннің оң жақ езуге жақын бөлігінде шағын қызарған ошақ түрінде басталған, одан кейін сол жақ бөлігінде оған ұқсас ошақ пайда болғаны, біртіндеп орта бөлігіне қарай жайылғаны анықталды (- сурет).
Бұл кезде ерінде аздап ысып-күю сезімі мазалауы мүмкін және біздің байқауда болған науқастар осындай шағым айта келде.
Эрозиялы-жаралы түрінде қабыну ошағы өте айқын байқалады, әртүрлі бөліктерінде эрозиялар, тіліктер, ойық жаралар пайда болып, беттері қанды қабықшалармен жабылады. Себебі, қабырғалары өзгеріске ұшыраған қан тамырларынан қан сарысуы және эритроциттер сыртқа оңай шығады. Эрозиялы аймақтар астында инфильтраттар орын алып, олардың төңірегінде гиперкератозданған және атрофияға ұшыраған ошақтар анықталады. Бұл кезде ауыру, ысып-күю және ашу сезімдері мазалайды және ас қабылдағанда күшейе түседі. Кейде патологиялық үрдіс ерін кілегей қабығына ауысып, ұсақ сілекей бездерінің қабынуымен асқынуы мүмкін (еріннің екіншілік гландулярлы қабынуы).
Вуд шамында (люминесцентік диагностика) гиперкератозданған қызыл жегі ошағы қар-көгілдір түсті жарық береді.
Аурудың терең түрі (Капоши-Ирганг қызыл жегісі) ерін жиегін сирек жарақаттайды, жарақат ошағы түйінді құрылымға ұқсас, ерін жиегінен біраз көтеріңкі орналасады, беті қатты қызарып, гипрекератоздануға ұшырайды.
Созылмалы қызыл жегі кезінде ауыз кілегей қабығы сирек жарақаттанады және әдетті түрінде бір немесе бірнеше анық шектелген инфильтраттанған қабыну ошағы пайда болады, орта бөліктерінде атрофиялы ойықтау аймақтар орналасады, ал шеттерінде гиперкератоздану нәтижесінде құрылған қалың мүйізді қабаты эпителий жолақтары орын алады. Кейде жарақат ошағының беті тұтас гиперкератоздануға ұшырайды.
Жалқықтана-қызарған түрінде қабыну үрдісінің әсерінен гиперкератозданып, атрофиялануға ұшыраған ошақтар анық байқалмайды.
Жарақат ошағы ұзақ зақымдаушы ықпалдар әсерінен тез арада эрозиялы-жаралы түріне айналады, қатты ауыратын әртүрлі көлемді эрозиялы және жаралы аймақтар пайда болып, беттері фибринді қақпен жабылады. Эрозия және жара төңірегінде гиперкератоздану күшейіп, кейде бір-біріне тығыз орналасқан мүйізді жолақтардан, нүктелерден тұратын ернеу (бордюр) пайда болады. Жарақат ошағы жазылған кезде атрофиялы тыртықтар қалады.
Созылмалы қызыл жегінің ағымы созылмалы және ұзақ (ондаған жылдарға созылады) және көктем-күз айларында өршіп тұрады. Ерін жиегін жарақаттаған эрозиялы-жаралы түрі кейде обырға айналып кетуі мүмкін. Сондықтан оны факультативті обыралды ауруларға жатқызады.
Созылмалы қызыл жегіні қызыл жалпақ теміреткіден, лейкоплакиядан, еріндер жиегі жарақаттанған жағдайда еріннің актиндік қабынуынан, Манганотти хейлитінен ажырата білу керек.
Емі. Созылмалы қызыл жегімен ауырған адамдарға емдеу жүргізу алдында жан-жақты зерттеуден өткізіп, организмінде созылмалы инфекция ошағының көзін анықтауға тырысу керек және табылған ошақтарды дер кезін жою керек. Дәрілерден безгекке қарсы препараттарды (делагил, хлорохин, дифосфат, плаквенил) кортикостероидтармен бірге тағайындайды: плаквенил 0,2г. күніне 2 рет, (емдеу курсы 20 г), преднизолон 10-15 мг, триамциналон 8-12 мг немесе дексаметозон (1,5-2 мг), витаминдер жиынтығын, никотин және аскорбин қышқылдарын қабылдау да жақсы нәтиже береді. Никотин қышқылын 0,05-0,1 г. күніне 3 рет немесе ксантинол никотинатының бір түймедағын күніне 2 рет (15-20 тәулік) іштей қабылдайды. Жарақат ошақтарына жағып-сіңіру үшін «Синалар», «Флуцинар» (құрамында фтор бар) жақпаларын пайдаланады. Ал эрозиялы-жаралы түрінде жарақат ошағына құрамында антибиотиктер, кортикостероидтер және микробтарға қарсы дәрілер бар күрделі жақпалардан («Оксикорт», «Лакокортен», «Лоринден А») күніне 2-3 рет бастырма қояды. Кейде эрозиялы-жаралы ошақтар астына хингамин ертіндісін екі күнде бір рет қабыну үрдісі басылғанға дейін егуге болады.
