Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурула...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы

Бөлшектенген фиброма (протездік гранулема) ауыспалы қатпарда алмалы-салмалы протездің жиегі қажаған аймақта дамиды. Алғашында саңылауға ұқсас эрозия немесе жара пайда болады, біраз уақыттан кейін (механикалық әсер жойылмаса) жараның табанында алдымен жас грануляциялық тін өсіп, біртіндеп фиброзды тінге ауысады немесе бөлшектенген фиброма пайда болады. Бұл қаттылау, онша ауырмайтын ісікке ұқсас құрылым (сурет). Протездің қыры бата-бата оны бірнеше бөлікке бөліп тастайды сондықтан бөліктер қатпарға ұқсайды және араларында сызатқа ұқсас эрозия немесе жара орналасады. Аурудың диагнозын нақтылау аса қиынға соқпайды.

Емі. Алдымен протезді түзету керек немесе пайдалануды тоқтатып, 1-2 аптадан кейін (жара жазылған соң) фиброманы кесіп алып тастайды және жаңа протез дайындайды.

Кілегей қабықтың созылмалы зақымдануының бір түрі – тіссіз альвеола қырының шамадан тіс өсуі. Ол да (гиперплазия беззубого альвеолярного края) жақсы орнықпаған алмалы-салмалы протездің әсерінен дамиды. Бұл кезде альвеола сүйегі сорылып, орнын фиброзды тін басады және протез астына қарай өсе бастайды. Альвеола қыры жұмсақ және қозғалмалы болады.

Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы

Сапасыз жасалған алмалы-салмалы протез қатты таңдайдың кілегей қабығын тітіркендіріп, жедел немесе созылмалы қабыну үрдісін туындатады. Бұл кезде шектелген немесе жайылған қызару ошағы пайда болады және біртіндеп бетіне папилломаға ұқсас өсіктер шыға бастайды. Қатты таңдайдың протездің базисі жапқан беті ашық-қызыл түсті түйіршікті аймаққа айналады (сурет). Мұндай үрдістің дамуында созылмалы зақымдаушы әсермен қатар Candida тектес саңырауқұлақтар да белгілі рөл атқарады және протез бетінде көптеп анықталады.

Мұнымен қатар кілегей қабықта протез материалына (акрилді пластмассаға) аллергиялық реакция дамуы мүмкіндігін де ескерген жөн.

Емі. Протез әсерінен дамитын тітіркеністі біраз уақытқа жою керек (протезді кимеу керек). Ауыз гигиенасын дұрыс сақтап, саңырауқұлаққа қарсы дәрілер қабылдау қажет (егер саңырауқұлақтар мөлшерден көп анықталған болса). Жарақат ошағына «Лоринден-А» жақпасынан күніне 2-3 рет бастырма қойған тиімді. Ауызды ас содасының 1-2 % ертіндісімен күніне 2-3 рет шайып тұру керек. Папилломатозды өсіктер сорылған соң жаңа протез жасатуға болады және оны дұрыс күтіп киюді үйрену керек. Дәрілермен емдеу аса нәтижелі болмаса, хирургиялық әдістерді (криохирургиялық, қуатты лазерді қолдану) қолданып емдеуге болады.

Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу

Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу (привычное кусание слизистой оболочки) көбінесе жастар арасында (оқушылар мен студенттер) кездеседі. Әртүрлі толқулар әсерінен олар тістеуге оңай аймақтарды (ерін, тіл, ұрттың кілегей қабықтары) тістелеуді әдетке айналдырады. Кілегей қабық біртіндеп ісініп, беті ақшыл-сұр толық түлемеген үзік-үзік эпителий қабатымен жабылады. Осының нәтижесінде жарақат ошағының беті барқыт түгін немесе қара күйе (моль) жеген тері бетін еске түсіреді. Егер жарақат ошағының бетін қырса, эпителий үзіктері оңай алынады. Көпшілік жағдайда ауыру сезімі көп мазаламайды, ал кейде әртүрлі тітркендіргіштерден ауыратын эрозиялы ошақтар пайда болуы мүмкін.

Емі. Үйреншікті әдетті жоюға бағытталған ақыл-кеңес беру, оның зиянын түсіндіру. Қажет болса жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрілерді тағайындау керек.