- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің соңғы жылдардағы мәліметіне сүйенсек,еліміздің тұрғындары арасында жүрек-қантамыр аурулары жиілегені байқалады. Бұл аурулар асқына қоймаған кезде (теңгерілген түрі – компенсированная форма) ауыз кілегей қабығы өзгеріске көп ұшырамайды. Ал аурулар асқынып, теңгерілмеген сатысына (стадия декомпенсации) ауысқан жағдайда ауыз кілегей қабығында әртүрлі өзгерістер байқалады. «Қазақтар дәрігерге өлуіне үш күн қалғанда барады» деген мысқылың бекер айтылмағанын ескерсек, жүрек-қантамыр ауруына ұшыраған қазақ ұлтының өкілдерінде осы өзгерістерді жиі байқауға болады және олар дер кезінде анықталса, аурудың одан әрі асқынуына тежеу қоюға болады.
Жүрек-қантамыр жетіспеушілігі.
Аталмыш патологиялық үрдіс қан қысымының жоғарылауы, жүректің ишемиялық ауруы, әртүрлі жүрек ақаулары кезінде орын алады. Бұл кезде ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі көкшіл тартып, екі ұртта, тілдің бүйір беттерінде тістердің ізі пайда болады. Кейде тіл тіндерінің қатты домбығуы нәтижесінде (қантамырларда іркілген қан сарысуының сыртқа шығуына байланысты) тілдің көлемі үлкейіп, оның қозғалмалылығы төмендейді. Жүрек етінің өліеттенуі кезінде (инфаркт миокарда) домбығу үрдісімен қатар кілегей қабықтың түсі бозарып, тіліктер, эрозиялы немесе жаралы ошақтар пайда болады.
Жүрек-қантамыр ауруларының өте ауыр теңгерілмеген түрінде ауыз кілегей қабығы көбірек жарақаттануға ұшырайтын аймақтарда (жасанды тіс сауыттарына жақын орналасқан жиектік қызылиек, тілдің бүйір беттері, көпірге ұқсас тіс протезінің аралық аймағы, алмалы протездер асты аймағы) алғашында эрозия пайда болып, біртіндеп жараға айналады және ол трофикалық жара деп аталады.
Трофикалық жара көбінесе белгілі бір аймақта қан айналымының бұзылып, тіндердің қоректенуі нашарлауына байланысты өліеттену үрдісінің (некроз тканей) дамуы нәтижесінде пайда болады. Трофикалық жара жаншылу жарасына (пролежневая язва) ұқсас келеді, тереңдігі әртүрлі (негізгі аурудың ауырлығына қарай), жиегі тегіс емес, беті ақшыл-сұр түсті өліеттенген қақпен жабылады. Жараның төңірегінде қабынуға тән белгілер (қызару, инфильтраттану) байқалмайды, консистенциясы жұмсақ, ағымы ұзақ және аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймайды, жазылуға бетбұрыс анықталмайды. Уақыт өткен сайын жараның көлемі ұлғайып, тереңдей түседі. Мұндай жара кейде қатерлі ісікке ауысуы мүмкін (1% жағдайда). Эрозия немесе жара пайда болмаған жағдайда кілегей қабықтың домбығуы және түсінің өзгеруі белгілі бір субъективті белгілер туындатпайды. Сондықтан дәрігер-стоматолог анықталған объективтік белгілердің себебін анықтауға тырысу керек. Науқас адамның жағдайы оңала бастағанда (жалпылай емдеу жүргізгеннен кейін), кілегей қабықтағы өзгерістер жойылып, жаралар мен эрозиялар жазыла бастайды.
Трофикалық жараның жазылуы үшін дәрігер-стоматолог жергілікті емдеу шараларын жүргізуі қажет. Олар: ауыру сезімін жеңілдету, ауызды антисептиктер ертінділерімен өңдеу, жара бетіне жазылуды жылдамдататын дәрілерден аппликат (бастырма) қою.
Баяу жазылатын жара аймағында қан айналымын жақсарту үшін В4 витаминінің коферменті фосфаденді 0,05 г күніне 2 рет немесе теоникол (компламин) 0,15 г күніне 3 рет ішуге тағайындайды. Емдеу курсы 1-2 ай.
Гипертония ауруы және қан тамырлары атеросклероздануымен ауырған науқастардың ауыз кілегей қабығында қанды күлбіреуік бөрткендер (гемморагический пузырь) пайда болады. Алғаш бұл бөрткенді Т.И.Лемецкая (1965) анықтап, «гематома» деп атаған. Кейін бұл симптомды А.ЛМашкиллейсон және б. (1972) мұқият сипаттап, «күлбіреуік-қан тамыр синдромы» (пузырно-сосудистый синдром) деп атаған. Аталмыш синдром кезінде кілегей қабықта қабығы қалың, ішінде таза қанды сұйық бар, көлемі әртүрлі (диаметрі 1-3 см) күлбіреуік бөрткендер (сурет-)пайда болады. Бұл күлбіреуіктердің пайда болуын біраз авторлар жүрек-қантамыр аурулары бар адамдардың ұсақ қылтамырларының өткізгіштігінің жоғарылығымен, олардың қабырғаларының оңай үзілгіштігімен байланыстырады.
Күлбіреуік-қантамыр синдромы жасы 40-75 арасындағы әйел адамдарда жиірек кездеседі және қан қысымы бірден көтерілген кезде көбірек жарақаттануға ұшырайтын кілегей қабық аймақтарында (ұртта, жұмсақ таңдайда, тілдің екі бүйірінде) пайда болады. Күлбіреуік бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін ешқандай ауыру сезімін туындатпай сақталуы мүмкін. Кейде күлбіреуік аздаған шаншу сезімінен кейін пайда болуы мүмкін. Ол жарылғаннан кейін аздап ауыратын, төңірегінде жабынды эпителий үзіктері бар, беті таза немесе ақшыл-сұр түсті фибринді қақпен жабылған эрозия ошағы пайда болып, 3-4 күннен кейін жазылады. Жаңадан пайда болған эрозия ошағынан алынған жақпа-таңбада перифериялық қан түйіршіктері анықталады, акантолизденген клеткалар табылмайды. Никольский симптомы теріс болады.
Күлбіреуік-қантамыр синдромын гемангиомадан, пиогенді гранулемадан, акантолиздеуші және акантолиздемеуші күлбіреуікшеден ажырата білу керек.
Емі. Науқастың негізгі ауруына байланысты тиімді емдеу шаралары жүргізілуі қажет. Қантамырларының өткізгіштігін төмендету үшін бір ай шамасында күніне 2-3 рет 0,05 г аскорутин немесе компламин 0,15 г 3 рет қабылдаған тиімді. Ауыз ішін сауықтырып,эрозияның тез жазылуына жағдай жасау қажет. Ол үшін ауызды антисептиктер ертіндісімен шайқап, сауықтыру шараларын жүргізіп,жарақат ошағына кератопластиктер ертінділерімен бастырма қойған (күніне 3-4 рет) жақсы нәтиже береді.
