- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
Асқазан-ішек жолы ағзаларының қызметінің дұрыс-бұрыстығын ауыз кілегей қабығының жағдайынан байқауға болады. Мұның өзін ауыз кілегей қабығы мен асқазан-ішек жолының барлық бөліктерінің, морфологиялық және функциональдық бірлігінің нәтижесі деуге болады. Асқазан-ішек жолындағы аздаған ғана ауытқулардың өзі ауыз кілегей қабығында өзгерістер туындатады. Бұл кезде жиі байқалатын өзгерістер: кілегей қабықтың домбығуы, тілдің сыртқы пішіннің өзгеруі (өңезденуі немесе үстінде қақтың пайда болуы, бүртіктері бетіндегі эпителий қабатының түлеуі, бүртіктердің семуі немесе ұлғаюы), дәм сезуінің бұзылуы, парестезиялық ауытқулар.
Осыған байланысты «тіл асқорыту жолының айнасы» деген халық мақалы қалыптасқан.
Кілегей қабықтың домбығуы (отечность слизистой) белгілі бір субъективті белгілер туындатпайды, оны ұрт пен тілдің кілегей қабығына түскен тістердің іздері арқылы анықтауға болады және ол белгілі бір жеке аурудың ғана белгісі болып саналмайды. Кілегей қабықтың домбығуы асқазанның әртүрлі қабынулары (Епишев В.А. 1970) және 80% жағдайда ішектердің созылмалы қабынуы кезінде (Банченко Г.В және б., 2000)байқалады.
Ескере кететін жағдай, кейде тіл мен ұрттың кілегей қабығы қатты домбыққан кезде тілдің көлемі ұлғайып, қозғау қиындайды және ұрт пен тіл ас шайнағанда жиі-жиі тістеліп қалады.
Тілдің өңезденуі (обложенность языка). Бұл патологиялық үрдіс асқазан-ішек жолы аурулары кезінде жиі кездеседі және тілдің жіпке ұқсас бүртіктерінің мүйізгектенген эпителий жасушаларының (клеткаларының) физиологиялық түлеу үрдісінің бұзылуы немесе баяулауы нәтижесінде дамиды.
Дер кезінде түлемеген эпителий жасушалары мүйізгекті қалың қабат құрып, тілдің үстінде қаққа (налет) айналады және қырып байқағанда оңайлықпен алына қоймайды.
Тілдің үстіндегі қақтың түрі әртүрлі болады: ақ, ақшыл-сұр, сары, сары-қоңыр және қара. Бұл қақтар тек асқазан-ішек жолы аурулары ғана емес, организмдегі әртүрлі патологиялық жағдайлар кезінде (жұқпалы аурулар, уыттанулар) пайда болады. Сонымен қатар оның пайда болуына жергілікті жағдайлар да (ауызды нашар күту, тістердің шайнау мүмкіндігінің азаюы) әсер етеді. Асқазан қабынуының, асқазан, ұлтабар жараларының, аш және тоқ ішектер қабынуының өршуі кезінде тілдің үстінде қақ көп мөлшерде пайда болады, көбінесе оның артқы бөлігінде орналасады. Пайда болған қақ субъективті белгілер туындатпайды, тек қақ аса қалың болған жағдайда ыңғайсыздық пайда болады, дәм сезу қызметі бұзылып, ауыздан ұнамсыз иіс шығады. Тілдің өңезденуі арнаулы емдеу шараларын қажет етпейді, негізгі ауру дұрыс емделген жағдайда тіл қақтан оңай тазаланады. Тек бұл кезде ауыз гигиенасын дұрыс сақтау керек, ауыздан шығатын ұнамсыз иісті әртүрлі эликсирлермен шаю арқылы жоюға болады.
Тілдің түлеуі (десквамация языка)
Асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде тіл кілегей қабығының жабынды эпителийі жиі түлейді және оның қарқындылығы, аумағы әртүрлі болады. Тілдің түлеуі асқазанның созылмалы қабынуы (секрет жеткіліксіздігі) бауырдың, өт бөлу жолдарының аурулары, ішектің созылмалы қабынуы бар адамдарда жиі кездеседі. Түлеуге көбінесе жіпке ұқсас бүртіктердің эпителий қабаты жиі ұшырайды және түлеуге ұшыраған аймақ шикі ет түстеніп, беті тегістеледі, аздаған субъективті белгілер туындатуы мүмкін.
Біраз жағдайларда түлеу ошағында ысып-күйген сезім, ащы-қышқыл, ыстық тамақтардан ашып ауыру сезімі пайда болады. Асқазан-ішек жолы созылмалы аурулары өршіген кезде түлеу ошақтары жиі пайда болып, аурудың ремиссиялану сатысында түлеу үрдісі өз бетімен тежеледі.
Тіл кілегей қабығындағы түлеу үрдісі кездейсоқ немесе шағымдану нәтижесінде анықталған болса, сырқат адамның маман-дәрігерде тексеріліп, емделуіне мүмкіндік жасау керек. Ауру сезімі мазалайтын болса, құрамында анестетиктер, кератопластиктер бар дәрілерден тілге күніне 3-4 рет аппликат қоюға болады.
Тілдің түлеуімен қатар ондағы парестезиялық өзгерістер (ысып-күю, шаншу, ашу сезімдері) асқорыту ағзалары аурулары кезінде жиі кездеседі (тілдің неврогендік ауруларын қара).
Дәм сезудің бұзылуы. Асқазан-ішек жолы аурулары кезінде ауыз кілегей қабығының дәм сезу қызметінің бұзылуы да орын алады. Дәм сезу рецепторларының көбі тіл кілегей қабығында орналасқандықтан дәм сезу қызметін анықтау үшін тіл рецепторларының функционалдық жинақылығын (мобильность) немесе елгезектігін анықтау әдісі кең қолданылады.
Тілдің рецепторлары қабылдаушы қызмет атқарады және асқазан-тіл рефлексінің эффектірлік немесе аяқтық тізбегі болып саналады. Қабылдағыш рецепторлардың саны ас қорыту жолының функционалдық жағдайына байланысты болады және олардың жоғары белсенділігі ашқарында байқалады. Ас қабылдағаннан кейін дәм сезу рецепторларының функционалдық қабылдағыштығы төмендейді. Сондықтан адам аш кезде барлық тағам дәмді көрініп, адамның асқа тәбеті (апетиті) ашылады. Дәм сезу рецепторларынан орталықтан безу (центробежный) жолы арқылы келетін импульстерге жауап ретінде дамиды.
Асқазан-ішек жолы аурулары кезінде дәм сезудің бұзылуы өте жиі кездеседі және ол рецепторлардың функционалдық елгезектігінің өзгеруімен (жоғарылауы, төмендеуі немесе бірдей белсенділік деңгейде болуы) сипатталады.
Дәм сезудің бұзылуы тіл бүртіктеріндегі өзгерістерге де (тілдің үстінде қақ пайда болуы, жабынды эпителийдің түлеуі, бүртіктердің атрофиялануы) байланысты болады.
Асқазан жарасы ауруы кезінде рецепторлардың функционалдық елгезектігінің бұзылуының бірнеше түрі анықталған:
ас қабылдағаннан кейін дәм сезу рецепторлары елгезектігі төмендейді;
бұрмаланған реакция – ас қабылдағаннан кейін рецепторлардың елгезектік деңгейінің жоғарылауы;
реакциясы қалыпты жағдайдағыдай.
Асқазан обыры кезінде ащының және тәттінің дәмін сезу қызметі төмендейді.
Аш ішек пен тоқ ішектер қабынуы кезінде ас қабылдағаннан кейін дәм сезу рецепторларының елгезектігі төмендемейді.
Асқазан-ішек жолы аурулары кезіндегі гистологиялық зерттеулер кезінде тілдің нерв талшықтарында дистрофиялық өзгерістер анықталған және олардың аурудың ұзақтығына байланысты күрделенуі байқалған. Жабынды эпителийде гиперкератоздану, жоғарғы қабатының түлеуі, астыңғы қабатының домбығуы, кейде жаралардың пайда болуы сияқты үрдістер орын алған және бұл өзгерістер ауыз кілегей қабығының басқа аймақтарына қарағанда ауырлау болған.
Тілдің кілегей қабығының атрофиялануы немесе тілдің атрофиялы қабынуы (атрофический глоссит) көбінесе жіпке ұқсас бүртіктерінің семуімен сипатталады және көптеген ауыр сырқаттар кезінде (бауырдың қабынуы және циррозы, пернициозды анемия, темір жетіспеушілік анемиясы, асқазанның ахилиялы қабынуы, В тобындағы витаминдер тапшылығы) орын алады.
Тілдің атрофиялы қабынуы кезінде тілдің үсті тегіс және жылтыр, түсі ашық-қызыл, тітіркендіргіш тағамдарға аса сезімтал болады. В12 витамині тапшылық немесе пернициозды анемия кезінде тілдің түсі таңқурай (малина) түстес болады (Гентер-Меллер глосситі). Тілдің атрофиялы қабынуы байқалған кезде негізгі ауруын анықтау үшін науқасты терең зерттеулік тексерістерден (қанын зерттеу, гастроэнтерологтың кеңесін алу) қажет.
Бауыр аурулары да ауыз кілегей қабығында әртүрлі белгілермен сипатталады. Эпидемиялы гепатит немесе Боткин ауруы кезінде таңдайдың, тіл үзбесінің, (уздечка) үлкен сілекей бездерінің шығарушы түтектерінің кілегей қабығының түсі сарылау болып келеді (Банченко Г.Н. және б., 2000). Таңдай кілегей қабығының, көздің мүйізді қабығының сары түстенуі бауырдың, өт қабының созылмалы қабынуы, өт тасы ауруы, бауыр циррозы бар адамдарда кездеседі және науқас адамдар ауыздарында ащы және қышқыл дәм (кейде металл дәмі) сезілетініне шағымданады.
Ауыз кілегей қабығының бүтіндігінің бұзылуы.
Асқазан-ішек жолы аурулары кезінде ауыз кілегей қабығында трофикалық бұзылыстар нәтижесінде (рефлекторлық жолмен дамитын) эрозиялы-жаралы өзгерістер пайда болады. Олар көбінесе асқазан, ұлтабар жарасы ауруы, бауыр циррозы, аш ішек пен тоқ ішек қабынулары кезінде жиірек орын алады. Асқазан-ішек жолы аурулары бар науқастардың 50%-да ауыздың қайталама афталы қабынуының әртүрлі дәрежесі кездеседі. Сонымен қатар аталмыш аурулары бар науқас адамдарда қызыл иектің, пародонттың жедел және созылмалы қабынуларының әр түрлері де (катаралды, атрофиялы, эрозиялы-жаралы) жиі байқалады.
Ауыз кілегей қабығындағы өзгерістерді асқазан-ішек жолындағы патологиялық үрдістер ғана туындатпайды, олар осы үрдістер әсерінен дамитын екіншілік бұзылыстар (витаминдер тапшылығы мен жетіспеушілігі, дисбактериоз) нәтижесінде де дамуы мүмкін.
Сілікей бөлінуінің бұзылуы. Көптеген зерттеулер нәтижесінде асқазан және ұлтабар жарасы ауруы кезінде ауыздағы ұсақ сілекей бездерінде морфологиялық және функционолдық өзгерістер орын алып, аталмыш аурулар өршіген кезде сілекейдің бөлінуі жоғарылағаны (гиперсаливация), ал аурудың ағымы ұзарған сайын (бір жылдан аса уақытта) сілекей бөлінуі азая бастағаны (гипосаливация) байқалған. Бұл кезде науқас бірде сілекейдің ешбір себепсіз аузына көп жиналып, жиі түкіретініне, ал кейде аузы құрғап, ауызын жиі-жиі сумен шаятынына шағымданады. Мұның өзі ауыз кілегей қабығында әртүрлі қабыну үрдістерінің дамуына жағдай туындатады.
Емі. Егер ауыз кілегей қабығындағы патологиялық үрдістер асқазан-ішек жолы ауруларымен байланысты болса, емдеу шаралары кешенді түрде жүргізіледі. Негізгі ауруды дәрігер-гастроэнтеролог емдейді, ал дәрігер-стоматолог ауыздағы өзгерістерге байланысты симптоматикалық емдеу шараларын жүргізеді.
