Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурула...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері

Висмут және оның қоспалары жоғары уытты болып саналады, бірақ олардың аз ерігіштігі, уытты әсерін шектейді. Фармацевтік және басқа өндіріс жұмысшылары металл висмутпен қатынаста болуы мүмкін. Сонымен қатар висмуттың организмге түсу көзі дәрілік заттар болып саналады. Ертеректе висмутты препараттар мерез ауруын емдеу үшін көп қолданылатын, қазір сирек қолданыла бастады және біраз (пентабисмол) дәрілік заттар тізімінен шығарылып та тасталды. Организмге түскен висмут адам белоктарымен қосыла отырып, көптеген ағзалар тіндеріне тарайды, көбіне бауыр мен бүйректерінде шөгіп, онда ұзақуақыт сақталады.

Висмут тұздарымен уыттанудың алғашқы белгілері ауыз ішінде біліне бастайды. Висмут сульфидінің ауыз кілегей қабығының дәнекер тінінде байланысуынан қызылиектің жиек бөлігінде көкшіл-қара түсті висмутты жолақ (көбіне төменгі алдыңғы тістердің тіл жақ беттерінде) пайда болады. Қызылиек домбығып, қанағыш келеді. Алғашында дамыған катаралды қабыну өліеттеніп-жаралана қабынумен асқынуы мүмкін. ( сурет). Уыттанудың ауыр түрінде көк-қара түсті дақты және жаралы ошақтар ауыз кілегей қабығының басқа аймақтарында да пайда болады, сілекей бөлінуі күшейеді (бөліне бастаған висмут тұздары сілекей бездерін тітіркендіру нәтижесінде).

Висмутты дәрілермен емдеу кезінде бүйректер жетіспеушілігі (нефропатия) дамуы мүмкін.

Емі. Висмут тұздарымен созылмалы уыттануды емдеу жалпы ауыр металдар тұздарымен уыттануды емдеу қағидасымен жүргізіледі және организмді уытсыздандыру, жалпы реактивтілігін көтеру шараларын қарастырады. Стоматологиялық көмек ертеректе қарастырылған.

Алтын құрамды препараттардың әсері

Құрамында алтын бар заттар (кризанол, ауронофин) буындардың ревматоидты қабынуын, қызыл жегіні (коллагеноздарды) емдеу үшін қолданылады. Алтын қоспалары көбінесе өкпелер мен бүйректерде қорланады және зәрмен сыртқа бөлінеді. Алтын қоспалы дәрілермен уыттанған кезде тері қабынуы, ауыз кілегей қабығының әртүрлі қабынулары, қан аздығы, бүйректер жетіспеушілігі орын алады.

Ауыз ішіндегі өзгерістер сілекейдің көп бөлінуімен, қызара домбыққан (көбінесе тілде), кілегей қабық бетінде тығыз ақ-сұр түсті қақпен жабылған ошақтардың (қызыл жалпақ теміреткі папулаларына ұқсас) пайда болуымен сипатталады.

Емі. Алтын қоспаларымен созылмалы уыттанған жағдайда уытсыздандыру (5% унитиол, 30% натрий тиосульфаты ертінділерімен), организмнің төзімділігін күшейту шаралары жүргізіледі.

Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер

Ауыз қуысы тұлғаның әртүрлі өте маңызды жүйелерімен, ішкі ағзаларымен тығыз байланыста болатынын ешкімде де дау тудырмайды.

Медицина саласындағы соңғы жылдардағы клиникалық және экспериментальдық зерттеулер мұны дәлелдеді: ауыз кілегей қабығының рецепторлары орталық жүйке жүйесімен асқазан-ішек жолы, эндокринндік жүйемен, жүрек-қантамыр және басқа жүйелермен ауқымды байланыс жасайды.

Көптеген жүйелі аурулардың алғашқы белгілері ауыздың кілегей қабығының өзгеріске ұшырауымен біліне бастайды. Сондықтан сырқат адам алдымен дәрігер-стоматологқа көрінуге мәжбүр болады. Көптеген жүйелі аурулардың ауыздағы белгілері өздігімен ерекшеленбегендіктен, дәрігер-стоматолог аурудың диагнозын дұрыс қоя алмай және емдеу шараларын дұрыс жүргізе алмай босқа әуреленіп, қымбат уақытты өткізіп алады. Уақыт озған сайын дер кезінде анықталмаған ауру созылмалы ағымға ие болады, әртүрлі асқынулар дамиды

Ал жүйелі аурулар дер кезінде анықталып, дұрыс ем жүргізілсе, ауыз ішіндегі өзгерістер де тез жойылып, кілегей қабық қалпына келеді.