- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
Экзогендік уыттанудың (экзогенная интоксикация) себептері: 1) емдік мақсатта ұзақ уақыт дәрілік заттарды қабылдау; 2) кәсиби-мамандыққа байланысты адамның зиянды химиялық заттармен ұзақ уақыт қатынаста болуы.
Химиялық заттардан уыттану жедел және созылмалы ағымды болуы мүмкін. Жедел уыттану организмге улы заттар бір жолы көп мөлшерде түскен кезде (химиялық өндірісте апат болған жағдайда, дәрілік заттарды қателесіп немесе өзін-өзі өлтіру мақсатында көп мөлшерде қабылдаған кезде) орын алады.
Химиялық заттар тұлғаға тыныс алу, тері және асқазан-ішек жолдары арқылы енеді. Аз мөлшердегі уытты заттар тұлғадан шығарылып тасталады немесе бейтараптандырылады.
Тұлғаның созылмалы уыттануы химиялық заттардың, олардың ішінде ауыр металлдардың біртіндеп жинақталып, сүйектерде, паренхималы ағзаларда, тері асты майы құрамында шөгуінен қор жиналып, зиянды әсерлерінің күшеюі нәтижесінде дамиды. Өндіріс жағдайында қорғасын, сынап, висмут сияқты металдармен ұзақ қатынаста болған жағдайда әрбір металға тән ауыз-ішінде клиникалық белгілері бар созылмалы уыттану үрдісі дамуы мүмкін.
Сонымен қатар созылмалы ауруларды емдеу үшін құрамында висмут бар бийохинол, пентабисмол, бисмоверол, сынап және алтын бар (кризанол, ауранофин) дәрілік заттарды ұзақ қабылдаған кезде де тұлғада созылмалы уыттану орын алады.
Ауыр металдар тұздары тұлғадан сыртқа көбінесе сілекей бездері арқылы бөлінетін болғандықтан, ауыз іші ағзалары мен тіндері жиі жарақаттанады.
Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
Қорғасын және оның қоспаларымен уыттану өндіріс жағдайында (полиграфиялық, аккумоляторлар, түрлі бояулар шығаратын өндірістер) техника қауіпсіздігін сақтамаған кезде жиі орын алуы мүмкін.
Құрамында қорғасынның буы бар ауамен дем алған кезде оның қанға сіңуі химиялық қоспаның түріне, өкпеге қонған ұсақ бөлшектерінің көлеміне байланысты болады. Тұлғағ асқорыту жолы арқылы енген қорғасының 10% қанға сіңеді. Қорғасын көбінесе бүйректер арқылы сыртқа шығарылады және сүйек тіндерінде қорланады (басқа ағзаларға қарағанда оның сүйектегі мөлшері 1-2 есе артық).
Қорғасының уыттандырушы әсері оның тіндердегі күкіртсулы топтардың (сульфгидрильная группа) қоршап, белокты, көмірсулы, фосфорлы зат алмасуын бұзуымен байланысты. Ол сүйек майында біраз ферменттерді тежеп, қан құрылу үрдісіне кедергі келтіреді. Сондықтан қорғасынмен уыттанудың ең алғашқы белгісі – порфирин зат алмасуы бұзылуымен бірге орын алатын қан аздығы (анемия).
Қорғасынмен уланудың жалпы белгілері: бас ауруы, себепсіз арықтау, асқа тәбеттің болмауы, іш тоқтауы. Сонымен қатар өзіне тәндік белгілері: іштің бүріп ауруы (свинцовая колика), қан аздығы, көптеген шеткілік жүйкелердің, бауырдың қабынулары.
Ауыз ішіндегі өзгерістердің де қорғасынмен созылмалы уыттануды анықтауда маңызы зор.
Қызылиек жиегі қара-сұр түске боялады («қорғасынды жиек»-«свинцовая кайма»). Ол күкіртті қорғасының қызылиек дәнекер тінінің жоғарғы қабаттарында шөгуі нәтижесінде пайда болады. Бұл кезде ауыз ішінен тәттілеу дәм сезіліп тұрады. Ауыз күтімі нашар адмдарда қызылиектің қатты қабынуымен қатар, «қорғасынды жиектің» қалың және кең орналасқаны байқалады. Уыттанудың ауыр дәрежесі кезінде сұр түсті дақтар қызылиектен басқа аймақтарда да (ұртта, тілде, еріндер жиегінде) орналасады. Егер тұлғаға қорғасынның көп мөлшерде енуі тоқталмаса, дақты аймақтарда өліеттеніп – жаралану үрдісі дамуы мүмкін.
Қорғасынмен уыттану жағдайы қандағы, зәрдегі қорғасын мөлшерін анықтау арқылы нақтыланады. Зәрдегі қорғасынның шектеулі мөлшері 0,04-0,1 мг/л. Егер күмәнді адамның зәрінде қорғасынның мөлшері жоғары болғанмен, уыттанудың ешқандай клиникалық белгілер байқалмаса, ол адам «қорғасын тасушы» (носитель) болып саналады.
Емі. Қорғасынмен созылмалы уыттануды емдеу үшін онымен кешенді құрылымдар құрып, тұлғадан сыртқа бөлінуін жеделдететін дәрілік зат кальций-тетацині (этилендиаминтетрауксус қышқылының кальцийқоснатрийлі тұзы) қолданылады. Бұл препарат тұлғадан қорғасынның сыртқа бөлінуін 100-200 рет жеделдетеді. Сонымен қатар емдеу кешеніне витаминдер жиынтығын, құрамында темір, микроэлементтер бар дәрілік заттар қосқан да тиімді болады.
Бауыр және шеткейлік жүйкелер қабынуларын және басқа да асқынуларды емдеу арнаулы мамндардың қатысуымен жүргізіледі.
Стоматологиялық көмек ауыз күтімін дұрыс қалыптастыру, пародонт, ауыз кілегей қабығы ауруларын, тісжегіні және оның асқынуларын емдеу шараларын қарастырады.
Өндіріс жағдайында уыттанудың алдын алу үшін жұмысшылар ауыздарын негізді ертінділермен (минералды су, натрий бикарбонатының ертіндісі), калий перманганатының ертіндісімен жиі шайып, витаминдер кешенін тұрақты түрде қабылдаулары керек.
