Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурула...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

Ангионеврозды Квинке домбығы

Антигионеврозды Квинке домбығы (ангионевротический отек Квинке – oedema angioneuroticum Quinke) – шұғыл дамыған аллергиялық реакцияға жатады және терінің терең қабатының, немесе кілегей қабықтың жедел домбығуымен сипатталады. Домбық көбіне өз бетімен із-тозсыз жойылып кетеді, кейде жиі-жиі қайталанып тұрады. Ең алғаш ауруды сипаттап жазған неміс терапевті Квинке (1862), Квинке домбы реагиндік типпен дамитын аллергиялық реакцияға жатады. Алдын ала сенсибилизацияланан организмде дамыған аллергиялық реакция кезінде бөлінген биологиялық белсенді заттар (гистамин, серотонин, гепарин және кининдер, простагландиндер) ұсақ қан тамырларын кеңейтіп, өткізгіштігін жоғарылатуы әсерінен сыртқа шыққан қан сарысуы тіндерге сіңіп,домбығу пайда болады. Даму патогенезі бір типтес болғандықтан Квинке домбығуы есекжеммен (крапивница) қатар кездесе береді.

Квинке домбығы әртүрлі тағамдардың, дәрілердің (антибиотиктер, сульфаниламидтер, салицилаттар, иод, бром және б.), стоматологияда қолданылатын пломбылық және тіспротездік материалдардың, косметикалық заттардың, суықтың және шыбын-шіркей шағуы әсерінен дамуы мүмкін. Сонымен қатар аурудың патогенезінде тұқым қуалаушылық, вегетативті жүйке жүйесінің оңай қозғыштығы, организмде созылмалы инфекция көздерінің болуы сияқты факторлар жетекші орын алады.

Клиникалық көрінісі. Ангионеврозды домбық организм аллергенмен қатынасқа түскеннен кейін аз уақытта (5-10 минөт өткен соң) дами бастайды және дененің кез-келген аймағында орналасады. Бет-жақ аймағында орналасқан кезде еріндер, мұрын аймағы, қабақ, тіл, кеңірдек және ауыз кілегей қабығы домбығып кетуі мүмкін.

Домбық кезінде лоқсу, құсу, бас ауруы, домбыққан аймақтың қатты қышуы, ысып-күюі, дірілдеп-қалтырау сияқты ыңғайсыздық белгілері мазалауы мүмкін. Тілдің және ауыз кілегей қабығының домбығуы дәм сезудің төмендеуіне, сөйлеу және ас қабылдау қызметтерінің бұзылуына әкеп соғады. Тері мен кілегей қабық түсі аса өзгермейді, ал кейде қызарып немесе бозғылттануы мүмкін.

Жұмсақ таңдай, таңдай имектері, көмейдің кілегей қабығы домбыққан кезде тыныс алу қиындап, дауыс қарлығып, кейде дыбыс шықпай қалуы мүмкін. Дауыстың қарлығуы-көмей домбығуының ең ерте белгісі. Бұл кезде науқасты шұғыл аурухананың арнайы бөліміне жіберу немесе трахеостомиялау операциясын жасау керек.

Аллергиялық домбықтың өзіндік ерекшелігі – біржақты (ассиметриялы) орналасуы, бір шыққан жеріне қайталап шыға беруі және антигеннің әсері тоқтаған соң бірнеше сағаттан немесе 1-2 күннен кейін өз бетімен толық жойылып кетуі.

Қайталамалы домбық кезінде тіндердегі сарысу толық сорылмай қалуы да мүмкін. Домбық келесі жолы қайталанған кезде сарысу қалдығы тағы қалып қояды да, ұзақ уақыт және толассыз домбығуға ұшыраған коллаген және ет талшықтары фиброздануға ұшырап, жарақат аймағы қалыңдап, тығыздана бастайды. Осының нәтижесінде белгілі-бір аймақтың немесе ағзаның көлемі ұлғаяды (мысалы, еріннің көлемінің ұлғаюы – макрохейлия, тілдің көлемінің ұлғаюы - макроглоссия). бет-жақ аймағында қайталамалы домбық көбінесе созылмалы одонтогендік инфекция ошағы бар адамдарда кездеседі.

Квинке домбығы кезінде науқас адамның қанында аллергенге қарсы «Е» класына жататын иммуноглобулиндер және аздаған эозинофилия анықталады.

Квинке домбығсын (бет-жақ аймағында) Мелькерсон-Розенталь синдромы кезіндегі домбығудан, лимфангиомадан, жақ сүйектер қабығы (периост) қабынуы кезіндегі тіндердің коллатеральды домбыуынан, бет тілмесінен (рожистое воспаление лица) ажырата білу керек.

Емі. Мүмкін болғанша аллергеннің организммен қатынасын жою керек. Домбық пайда бола салысымен антигистаминдік дәрілерді бұлшық етке салып, бірнеше күн (7-10 күн) іштей тағайындау керек, қан тамырларының өткізгіштігін азайту үшін аскорутин және «С» витаминін тағайындайды (аскорутин 0,05 гр күніне 3 рет, аскорбин қышқылын 0,1 гр күніне 3 рет, 15-20 күн шамасында). Натрий тиосульфатының 30% ертіндісін (10 мл) күніне бір рет көктамырға енгізсе жақсы нәтиже береді.

Көмей домбыққан кезде 25-30 мг преднизолон гемисукцинатын бұлшық етке жібереді. Егер артериялық қысым төмендеген жағдай болса, тері астына адреналиннің 0,5 мл 0,1% ертіндісін жібереді.

Алдын алу. Квинке домбығы қайталанбауы үшін аллергия туындатқан аллергенді мүмкіндігінше аластау қажет және организмдегі созылмалы инфекция ошағын жою шараларын қолға алу керек.