Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурула...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы

Аллергиялық аурулардың диагнозын нақтылау үшін аллергологиялық анамнезді мұқият жинап, арнайы сынамалар және зертханалық зерттеулер жүргізу керек.

Аллергологиялық анамнезді жинау арқылы тұрмыс жағдайында және өндірісте адам қатынаста болған, аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін заттарды анықтайды. Сонымен қатар адамның аллергиялық реакцияларға бейімділігі де (тұқымқуалаушылық арқылы немесе жүре дамыған), оның дамуына жағдай тудыратын экзогендік және эндогендік факторлар да (ауа райы, эндокриндік, жалпы соматикалық, психикалық аурулар) ескерілуі қажет. Анамнез жинаған кезде науқас адамның вакцина немесе қан сарысуын еккен кездегі, дәрілер қабылдаған кездегі организмінің әрекетімен, үй-тұрмыс және жұмыс жағдайымен танысқан тиімді.

Кәсіби мамандығына байланысты қандай химиялық заттармен қатынаста болатынын да анықтау қажет. Мұқият жиналған анамнез аллергиялық реакцияның типін, қандай аллерген тудыруы мүмкіндігін анықтауға көмектеседі. Ауруды туындатқан нақтылы аллерген арнаулы аллергологиялық сынамалардың және зертханалық зерттеулердің нәтижесінде анықталады.

Аллергологиялық сынамаларды аурудың беті қайтқан соң 2-3 аптадан кейін жүргізеді (бұл кезде организмнің аллергенге жоғары сезімталдығы төмендейді). Олар: терілік және арандатушы (провокационная) сынамалар.

Терілік сынамалар болжамды аллергенді теріге енгізіп, дамыған қабыну реакциясын бағалауға негізделген. Терілік сынамалардың бірнеше түрі бар: бастырмалық (аппликационная), скарификациялық (теріні жыру арқылы аллергенді сіңіру) терііштік.

Терілік сынамаларды аллергиялық реакциялардың түріне, тексерілетін аллергеннің топтық ерекшелігіне байланысты таңдайды.

Аллергиялық реакциялардың диагнозын нақтылау үшін зертханалық әдістерді де падалануға болады. Олар: базофильді лейкоциттердің дегрануляциялануы (Шелли тесті), лейкоциттердің бласттранформациялануы, нейтрофилдердің зақымдану және лейкоцитолиздену реакциялары. Бұл әдістердің артықшылығы – in vitro жүргізілуі және анафилаксиялық реакциялардың даму мүмкіндігінің жоқтығы.

Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану

Анафилаксиялық естен тану (анафилактический шок – choc anaphylacticus) – даму жылдамдығына және ауырлығына байланысты аллергиялық реакциялардың ең ауыр және өте шұғыл дамитын түрі. Анафилаксиялық естен тану жүйелі аллергиялық реакция ретінде кез-келген аллергенге (дәрілер, тағамдар, шыбын-шіркейдің шаққаны, косметикалық және парфюмерлік заттар) дамиды және дәрілерді адам денесіне инъекциялық әдіспен жіберген кезде (көбінесе көк етке және көк тамырға енгізгенде) жиі кездеседі.

Анафилаксиялық естен танудың патогенезінде тіндердің аллергиялық жарақаттануының I типі немесе реагиндік типі (Джелли және Кумбс жүйесі бойынша) белгілі орын алады.

Стоматологиялық тәжрибеде көптеген дәрілер: анестетиктер, анальгетиктер, антибиотиктер, сульфаниламидтер, витаминдер, антисептиктер, пломбылық материалдар (түбір өзектерін толтыруға арналған эвгенол және формалин негізді қойыртпақтар), акрил пластмассалары қолданылады. Осылардың көпшілігінің (пластмассалар, новокаин, пенициллин) аллергендік қасиеттері жоғары, себебі олар органзим белогымен және басқа макромолекулалы құрылымдарымен тұрақты байланыс құрып, жоғары сенсибилизациялаушы қасиетке ие бола алады.

Анафилаксиялық естен тану организм аллергенмен қатынасқа түскеннен кейін 2 секунд-60 минөт арасында дамиды, кейде 4, тіпті 8 сағаттан кейін де дамуы мүмкін.

Клиникалық белгілерінің күрделілігіне және ауырлығына байланысты анафилаксиялық естен танудың үш дәрежесін (жеңіл, орта және ауыр) ажыратады.

Жеңіл дәрежесі кезінде шамалы қантамырлық жетіспеушілік белгілері байқалады: қан қысымының төмендеуі, жүректің жиі соғуы (тахикардия), сонымен қатар бас ауруы, барлық реакциялардың тежелуі, терінің қызаруы орын алып есекжем бөртпелерінің шығуы мүмкін. Аталған белгілер бірнеше минөттен бірнеше сағатқа дейін сақталып, организмге ешбір зиян келтірмей жойылып кетеді.

Орта дәрежесі кезінде клиникалық белгілер кеңірек өріс жаяды: қан қысымы күрт төмендейді, әлсіздік, бас айналуы, тыныс алудың қиындауы, жөтел қысуы, көру және есту қабылетінің төмендеуі, суық тер басуы, жүрек соғысының жиілеуі, мазасыздану, өлу қорқынышы, кеудеде құрғақ сырыл пайда болуы, лоқсу, құсу, терінің қызаруы мен бозаруы сияқты белгілер орын алады. Науқас адам аяқ-қолы тырысып, есінен танады, теріге есекжем бөртпелері де шығуы мүмкін. Анафилаксиялық естен тану кезінде және оның барысында қанда лейкоцитоз, таяқшаядролы ауысу (25% дейін), анэозинофилия, лейкоциттердің базофильдік түйіршіктенуі, пламоцитоз дамиды. Біраз уақыт өткен соң (5-7 тәулік) эозинофилдердің саны көбейеді (15-19% дейін), перифериялық қан құрамы қалыпқа келеді.

Аурудың ауыр түрі 10-15% құрайды және 0,01% жағдайда өліммен аяқталуы мүмкін. Бұл кезде кенеттен қантамырлық коллапс дамып, науқас есіннен айырылады, тыныс алу ырғағы бұзылып, демалу қиындайды және жиілейді, бейжай күйге түсіп, еріксіз зәр шығарып, нәжіс бөледі. Тамыры қылдай болып, қан қысымын анықтау өте қиынға соғуы мүмкін, көз қарашықтары кеңейеді, жарыққа реакциясы әлсіздейді, кейде болмауы да мүмкін.

Анафилаксиялық естен тану кезінде объективті белгілер де дамиды: тері түсі біресе қызарып, біресе бозарып көкшіл түстенеді, қабақтары, еріндер жиегі, ауыз кілегей қабығы домбығып кетеді. Жүрек-қан тамыр және дем жеіспеушілігі нәтижесінде науқас 5-40 минөт арасында қайтыс болып кетуі мүмкін.

Анафилаксиялық естен танудың ауыр түрінің барысында қан айналымының бұзылуы нәтижесінде тіндерде некроздану үрдісі орын алуы мүмкін. Мұндай өзгерістер көбіне мида, миокардта, ішектерде, бүйректе, өкпеде дамиды.

Аурудың диагнозын анықтауда дәрігердің аса сақ болуы маңызды рөл атқарады, және аллергеннің әсеріне организмнің шұғыл жауабын анықтау қиынға соқпайды.

Сараптамалы диагоностикасы. Анафилаксикалық естен тануды жүректің шұғыл жетіспеушілігінен, миокард инфарктінен, талма ауыруынан ажырата білу керек.

Емі. Анафилаксиялық естен тануды емдеуді оның алғашқы белгілері білінісімен бастау керек және ең алдымен аллергеннің организмге одан әрі енуін және оның сіңуін (егер ол енгізілген болса) тоқтату керек. Ол үшін инъекция жасалған жерден жоғарырақ бұрау (жгут) салу керек (дәрі көктамырға енгізілген жағдайда) немесе сол аймақты айналдыра адреналиннің 0,1% ертіндісін 0,3-0,5 мл мөлшерінде инемен енгізу керек және қажет болса 10-15 минөттен кейін қайталау қажет. Науқасты басын шалқайта арқасына жатқызып, екі аяғын көтеріңкі орналастырады, тілін қозғалтпай бекітіп, тыныс жолдарын кілегейлі сұйықтан тазартады, алмалы протездерді алып тастайды. Мойынын, кеудесін ашып, белбеулерін босатады, таза ауаның келуін қамтамасыз етеді немесе оттегімен демалдырады. Дем алуы тоқтаған жағдайда «ауызба-ауыз» («рот в рот») тәсілімен қолдан дем алдырады немесе өкпені жасанды желдеткіш аппаратын қолданады.

Артериялық қысымды көтеру үшін адреналиннің 0,5 мл 0,1% ертіндісін немесе мезатонның 0,3-1,0 мл 1% ертіндісін бұлшық етке, немесе норадреналиннің 2-4 мл 0,2% ертіндісін (глюкозаның 5% ертіндісінің бір литріне немесе натрий хлоридінің изотониялық ертіндісіне қосылған) көктамырға (тамшылату әдісімен) енгізеді. Анафилаксиялық естен тануды емдеу үшін адреналиннің үлкен маңызы бар: біріншіден ол қантамырлық коллапсты жояды, екіншіден бронхылардың, тарылуын жазық еттердің жиырылуын тежейді.

Адреналинмен қатар көктамырға глюкокортикостероидты препраттарды: 100-200 мг гидрокортизонды немесе 60-120 преднизолонды, болмаса 8-10 мг дексаментазонды 20 мл физиологиялық ертіндіге қосып көктамырға, антигистаминдік дәрілерді (димедролдың 1-2 мл 1% ертіндісі, супрастиннің 2% ертіндісі, пипольфеннің 2,5% ертіндісі) көктамырға немесе бұлшық етке енгізеді.

Бронхылар тарылуын тежеу үшін эуфиллиннің 2,4% ертіндісін натрий хлоридінің 10мл изотониялық ертіндісіне, немесе глюкозаның 40% 10 мл ертіндісіне қосып көктамырға құяды.

Науқастың тынышы кеткен (жүйкесі қозушылық) немесе аяқ-қолы құрысып-тырысып қалған жағдайда нейролептиктер мен транквилизаторлар (тыныштандыратын дәрілер – седуксен, реланиум, триоксазин, тазепам, дроперидол және б.) берген жөн.

Егер анафилаксиялық естен тану пеницилиннен дамыған болса, көктамырға натрий хлоридінің 2 мл изотониялық ертіндісінде ерітілген пенициллиназаның 1.000 000 ЕД енгізеді.

Науқасқа жедел жәрдем көрсете отырып, «жедел дәрігерлік көмек» мәшинесін шақырып, арнайы ауруханаға жібереді.

Аурудың алдын алу үшін стоматологиялық ауруларға дәрілер тағайындау алдында мұқият аллергологиялық анамнез жинау керек. Дәріні енгізер алдында осыдан бұрын осы дәріге туындас топтағы дәрілердің біріне аллергиялық реакция болған болмағанын анықтау қажет. Анамнезінде белгілі бір дәріге аллергиясы бар науқастарға жаңа дәрі енгізер алдында антигистаминдік дәрілер қабылдату қажет.