- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Ауыз кандидозының алдын алу
Алдын алудың ең маңызды шаралары: ауыз күтімін (гигиенасын) дұрыс сақтау, алмалы-салмалы протездерді дұрыс күтіп пайдалану. Ұзақ уақыт антибиотиктермен, антибактериалды дәрілермен, кортикостероидтермен емдеу курсын жүргізгенде, нистатин немесе леворин (тәулігіне 1500.000 ЕД), витаминдер жиынтығын (В1, В2, В6, С, РР) тағайындайды және ауызды негіздер ертінділерімен (сода, бура) шаю, алмалы-салмалы протездерді дұрыс күтіп кію туралы кеңес беріледі.
Аллергиялық аурулар
Қазіргі уақытта аллергиялық аурулар кең тарала бастады және олардың ағымы да күрделене түсті. ДДҰ-ның мәліметі бойынша жершары тұрғындарының 50% артығын аллергиялық аурулар кездеседі және үлкен әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Аллергиялық аурулардың соншалықты жайылуының себебін ғалымдар қоршаған ортаның ластануымен, тұрмыста және өндіресте синтетикалық материалдарды (бояулар, лактар, кір жуатын ұнтақтар, косметикалық заттар) пайдаланудың өсуімен, әртүрлі аурулардың көбеюіне байланысты дәрі-дәрмектерді көп, ұзақ және белгілі жүйесіз пайдаланудың нәтижесімен байланыстырады. Дәрілерге жоғары сезімталдықтың дамуы қатарынан негізсіз көп дәрілерді қабылдау нәтижесінде де туындайды (полипрагмазия).
Аллергиялық аурулардың дамуына әуе-райының қолайсыздығы (аса ыстық немесе суықтық, жоғары ылғалдылық), тұқымқуалаушылық, жалпы соматикалық аурулар, тамақтану ерекшелігі де белгілі үлес қосады.
Аллергия – грек сөзінен алынған термин (allos – иное-басқаша, ergon – действую-әсер етем) организмнің антигендік қасиеті бар заттарға аса жоғары сезімталдығы немесе өзгерген жауабы.
Аллергия терминін 1906 ж. австриялық балалар дәрігері К.Пирке енгізген.
Иммундық жүйенің антигенге жауабы қорғаныс қызметін атқарады және организмнен бөгде заттарды ешбір зиянсыз шығарып тастауға арналады. Ал аллергиялық реакция негізінде тіндерде жарақаттану үрдісі орын алады. әртүрлі ауырлықтағы аллергиялық реакциялар организм антигенмен қайта (екінші рет) жанасқан кезде дамиды және бұлантиген аллерген деп аталады.
Аллергендер екі үлкен топқа бөлінеді: 1) экзоаллергендер организмге сырттан түседі, 2) эндоаллергендер организмнің өзінде пайда болады.
Экзоаллергендердің өзін екі топқа бөледі: инфекциялық (бактериялар, вирустар, қарапайымдар) және инфекциялық емес (дәрілер, химиялық заттар, шаң-тозаң, тұрмыстық заттар, эпидермалды құрылымдар, азық-түлік өнімдері). Экзоаллергендер организмге әртүрлі жолдармен (тыныс, асқорыту жолдары, тері және кілегей қабықтар арқылы) енеді.
Эндоаллергендер әртүрлі жарақаттаушы факторлардың әсерінен (бактериялар, вирустар және олардың уыттары, ыстық пен суық температура, иондаушы радиация) организмнің өзгеріске ұшыраған белоктарынан пайда болады.
Толық антигендермен қатар қарапайым құрылымды заттар-гаптендер де аллергендік қасиетке ие болуы мүмкін. Олар аллергиялық реакцияны организмнің өзгерген белогының макромолекуласымен бірігу нәтижесінде туындатады және иммунологиялық реакция гаптенге қарсы дамиды.
Экзо және эндоаллергендердің алуан түрлілігіне байланысты организмде дамитын аллергиялық реакциялар да көп түрлі болады, бірақ олардың дамуының патогенетикалық механизмі ортақ болады. Аллергиялық реакциялардың дамуының үш кезеңін ажыратады:
1. иммунологиялық кезең аллерген бірінші рет организмге енгеннен кейін дамиды және аллергенге қарсы антидене немесе сенсибилизацияланған лимфоциттер пайда болады (сенсибилизациялану кезеңі). Аллерген екінші рет организмге енген кезде ертеде құрылған андиденемен (реагиндер - IgG) немесе сенсибилизацияланған лимфоциттермен қосылып иммундық кешен құрады. Бұған дейін антиденелер қанда еркін айналып жүрген (базофильдер) немесе нысана клеткалардың (толықша клеткалар) бетіне бекиді.
2. Патохимиялық кезең – нысана клеткалар мен лимфоциттердің белсенділіктерінің артуы нәтижесінде дамиды. Базофилдер мен толықша клеткалар иммундық кешен әсерінен дегрануляциялануға ұшырайды және биологиялық активті заттар немесе аллергия медиаторларын (гистамин, серотонин, брадикинин, простогландиндер, кининдер және б.) бөледі. Ал сенсибилизацияланған лимфоциттер лимфокиндер бөледі.
3. Патофизиологиялық кезең – аллергиялық реакцияның клиникалық белгілерінің даму кезеңі. Бұл кезеңде биологиялық белсенді заттардың жарақаттаушы әсерінен организмде әртүрлі өзгерістер туындайды. Олар жазық еттердің жиырлуы, қан айналымының бұзылуы, қан сарысуының құрамының және ұю жылдамдығының өзгеруі, клеткалардың ыдырауға ұшырауы, ферменттер әсерінен тіндердің, соның ішінде ауыз тіндерінің жарақаттануы және б. өзгерістер.
Даму механизімінің ерекшелігіне қарай аллергиялық реакциялар кезінде тіндердің аллергиялық жарақаттануының 4 типін ажыратады:
Реакцияның I типі атопиялық, анафилаксиялық, реагиндік немесе дереу дамыған аллергиялық реакция деп аталады және JgE және JgG кластарына жататын антиденелердің немесе реагиндердің құрылуы нәтижесінде дамиды. Реагиндер толықша клеткалар мен базофильді лейкоциттер беттеріне бекиді және жауапкер аллергендермен қосылған кезде гистамин, гепарин, серотонин, простагландиндер, лейкотриендер және б. медиаторлар бөлініп, аллергиялық реакцияның клиникалық белгілерін өрістетеді. Бұл типтегі аллергиялық реакциялар аллерген организмге енгеннен кейін дереу немесе 5-20 минөттен кейін дамиды. Бұл типтегі реакцияларға анафилаксиялық естен тануды, Квинке домбығуын, есекжемді (крапивница), демікпе ауруының қозыуын, ауыздың вирустық және дәрілер әсерінен қабынуларын жатқызуға болады.
Аллергиялық реакцияның II типі цитотоксикалық деп аталады. Бұл тип кезінде организмнің өз тіндерінің клеткаларына қарсы JgG және JgM кластағы антиденелер пайда болады және олар комплементтің белсенділігін арттырады. Бұл типтегі реакциялар кезінде антигендер рөлін организмнің клеткалары мен тіндерінің аутоантигендері және клеткалар жарғағына екіншілей бекіген аллергендер (химиялық заттар, дәрі дәрмектер) атқарады. Антиденелер организмнің өзгеріске ұшыраған (вирустар, әртүрлі микробтарды уыттары әсерінен) клеткаларымен қосылған кезде, белсенді комплемент фрагменті клетканы жарақаттайды, тіптен бұлдіріп те жібереді. Бүлінген клеткалар фагоцитозға ұшырайды және организмнен аластатылады. Бұл кезде биологиялық белсенді заттар, лизосомальды ферменттер шешуші рөл атқармайды. Бұл типтегі реакцияларға дәрілер әсерінен қан элементтерінің бұзылуын, ауыздың өліеттене – жараланып қабынуын, ошақты қызыл жегіні жатқызуға болады.
Аллергиялық реакцияның III типі – тіндердің иммундық кешенмен жарақаттануы (Артюс типі немесе иммундыкешенді тип). Бұл типтегі аллергиялық реакция құрамында JgG және JgM класындағы антиденелер бар қанда айналып жүретін иммундық кешеннің құрылуы нәтижесінде дамиды. Бұл кластағы антиденелер антигенмен қосылған кезде преципитат құрады және иммундық кешеннің құрылыуы антигеннің немесе антидененің шамадан көп болуымен байланысты болады. Бұл кезде аллергендер рөлін бактериялар мен тағамдық заттар атқаруы мүмкін. Айналмалы иммундық кешендер (АИК) тіндердің базальды жарғағына шөгуі мүмкін, тромбоциттерді аллергиялап, шағын тромбылар құрылуына үлес қосуы мүмкін. Қанға көп мөлшерде аллерген түскен кезде иммундық кешен миокартд қылтамырларын, бүйректерді, буындарды жарақаттауы мүмкін. Бұл реакцияның патохимиялық кезеңінде комплементтің, лизосомалды ферменттердің (иммундық кешеннің фагоцитозға ұшырауы нәтижесінде бөлінетін) белсенділігі күшейеді. Кининдер қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатып, бронхылардың жазық еттерін жиырып (тырыстырп), лейкоциттердің хемотаксиске ұшырауын жылдамдатады. Гистамин мен серотониннің рөлі аса айқын болмайды.
Бұл типті аллергиялық реакциялар аутоаллергиялық аурулардың (көптүрлі жалқықты эритема, ауыздың қайталама афталы қабынуы, жүйелі қызыл жегі, буынның ревматоидты қабынуы) патогенезінде белгілі орын алады.
Аллергиялық реакциялар кезінде жарақаттанудың IV типі немесе баяу дамыған аллергиялық реакцияның (баяу дамыған жоғары сезімталдық, клеткалық жоғары сезімталдық) дамуында сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер антидене қызметін атқарады. Олардың жарғағында (мембранасында) арнайы антигенмен әрекетке түсетін рецепторлар бар. Клеткалар бетінде орныққан немесе еріген жағдайдағы антигенмен Т-лимфоциттер қосылған кезде лимфокиндер (клеткалық иммунитет медиаторы) бөлінеді. Қазіргі кезде лимфокиндердің 30-дан аса түрлері анықталған. Лимфокиндер макрофагтар мен басқа лимфоциттерді антиген бар аймаққа шоғырландырып, қабыну үрдісін туындатады. Медиаторлардың негізгі қызметтерінің бірі – лимфоцит сенсибилизацияланған антигенді (микроорганизмдер немесе бөгде клеткаларды) жоюға лифоциттерді тарту. Сенсибилизацияланған организмде баяу дамыған аллергиялық реакция организмге аллерген түскен соң 24-48 сағаттан кейін дамиды және ол көптеген вирустық және бактериялық инфекциялардың (туберкулез, мерез, алапес), трансплантаттың ажырап кету реакциясының патогенезінде белгілі рөл атқарады. Қызылша, қорасан кезінде шығатын және қарапайым герпес вирусы туындататын бөртпелер де баяу дамыған аллергиялық реакцияның нәтижесі деуге болады. Мұның себебі-цитотоксикалық Т-киллерлер вирус жұққан клеткаларды жоюға әрекет жасайды.
Қорыта келгенде аллергиялық реакциялардың түрі антигендердің қасиетіне және организмнің реактивтілік жағдайына байланысты болады, ал аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері мен ол кездегі патоморфологиялық өзгерістер тіндердің бірнеше типті аллергиялық жарақаттануы нәтижесінде дамуы мүмкін.
