- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
- •Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
- •Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы
- •Механикалық әсерден зақымдану
- •Созылмалы механикалық зақым
- •Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын созылмалы механикалық зақымдануы
- •Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы
- •Кілегей қабықты үйреншікті тістелеу
- •Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдануы
- •Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы
- •Лейкоплакия
- •Жұмсақ лейкоплакия
- •Кеннон кеуекті ақ невусы
- •Жұқпалы аурулар
- •Вирустық аурулар
- •Қарапайым герпес
- •Ауыздың қайталама герпестік қабынуы
- •Адамның иммунитет тапшылық вирусы (аитв) инфекциясы
- •Капоши саркомасы
- •Спецификалық инфекциялар Туберкулез
- •Колликвативті туберкулез
- •Екіншілік мерез
- •Ауыз кандидозы
- •Кандидозды емдеу
- •Ауыз кандидозының алдын алу
- •Аллергиялық аурулар
- •Аллергиялық аурулардың арнайы диагностикасы
- •Стоматологияда жиірек кездесетін аллергиялық аурулардың клиникалық белгілері Анафилаксиялық естен тану
- •Ангионеврозды Квинке домбығы
- •Дәрілер әсерінен туындайтын аллергия
- •Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergicа)
- •Көптүрлі жалқықты қызарма
- •Ауыздың қайталанба афталы қабынуы
- •Бехчет синдромы
- •Шегрен синдромы
- •Тұлғанның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Қорғасын және оның қоспаларының уытты әсері
- •Сынап пен оның қоспаларының уытты әсері
- •Висмут және оның қоспаларының зиянды әсері
- •Алтын құрамды препараттардың әсері
- •Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Тілдің түлеуі (десквамация языка)
- •Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер
- •Ауыздың кілегей қабығының жүйкелік өзгерістерге байланысты аурулары
- •Глоссалгия (стомалгия)
- •Дәм сезудің бұзылуы
- •Сілекей бөлінуінің бұзылуы
- •Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезіндегі өзгерістері
- •Қызыл жалпақ теміреткі (қжт)
- •Пемфигоид (пемфигоид-penphigoid)
- •Қызыл жегі
- •Жедел дамыған қызыл жегі
- •Тілдің ауытқулары мен дербес аурулары
- •Қатпарлы тіл
- •Тілдің түлей қабынуы
- •Тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
- •Еріндер қабынуы
- •Еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуы
- •Еріннің гландулярлы қабынуы
- •Еріннің актиндік қабынуы
- •Еріннің метеорологиялық қабынуы
- •Еріннің жанаспа аллергиялық қабынуы
- •Еріннің атопиялы қабынуы
- •Еріннің экземалы қабынуы
- •Еріннің ұлғая қабынуы
- •Еріннің созылмалы тілігі
- •Ауыз кілегей қабығының және еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары
- •Боуен ауруы
- •Сүйелеге ұқсас обыралды ісік
- •Ерін жиегінің обыралды шектеле мүйізгектенуі
- •Еріннің обыралды абразивті қабынуы – Манганотти хейлиті
- •Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің факультативті обыралды аурулары
- •Кератоакантома
- •Папиллома, папилломатоз
Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары.
Терапиялық стоматологияның бірден-бір маңызды және күрделі бөлімдерінің бірі – ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары. Бұл аурулар тек дәрігер-стоматологтарды ғана емес медицинаның басқа салаларында қызмет атқаратын маман-дәрігерлерді де қызықтыруы тиіс. Себебі, ауыздың кілегей қабығы организмнің көптеген ағзалары мен жүйелерінің жағдайына байланысты жиі өзгеріске ұшырап отырады.
Ұзақ жылдар бойы ауыз кілегей қабығының аурулары жергілікті ықпалдар әсерінен және ауыз гигиенасын дұрыс сақтамаудан туындайтын жергілікті патологиялық үрдіс деген көзқарастар қалыптасып келді.
Қазіргі кезде ауыз кілегей қабығының аурулары бүкіл организм тұрғысынан қарастырылады. Себебі, тұлғанын маңызды жүйелері мен ағзалары ауруларының, тері жарақаттары және басқа жұқпалы аурулардың алғашқы клиникалық белгілері ауыз ағзалары мен тіндерінде ертерек біліне бастайды. Сондықтан, ауыз кілегей қабығының ауруларына дұрыс диагноз қою үшін, дәрігер-стоматолог басқа аралас медициналық мамандықтан жақсы хабардар, өз ісінің білікті маманы болуы керек. Ол үшн кілегей қабыққа шыққан бөртпелері, олардың орналасу және морфофунционалдық ерекшеліктерін, бөртпені туындатқан аурудың клиникалық ағымын, әртүрлі аурулар кезіндегі патоморфологиялық өзгерістерді жақсы білуі керек.
Ауыз кілегей қабығының ауруларының диагнозын дұрыс анықтап, тиімді емдеу шараларын жүргізу үшін басқа саладағы мамандардың ақыл-кеңесіне сүйенуге тура келеді. Олармен ара-қатынас жоғары деонтологиялық, этикалық деңгейде құрылуға тиіс.
Ауыз ішіне шығатынбөрткендер анықтамасы. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі
Ауыз кілегей қабығы ауруларын тиімді жүйелеудің үлкен маңызы бар. Себебі, жақсы жүйе дәрігер-стоматологтың әрбір ауруға тән клиникалық белгілерді дұрыс жинақтай отырып, оның диагнозын дұрыс нақтылауына, емдеу және алдын-алу шараларын нәтижелі жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
Ертеректе ұсынылған жүйелер әрбір аурудың анатомо-клиникалық, ағымдық, клинико-морфологиялық ерекшеліктеріне, жарақат ошағының тереңдігіне, бөрткендердің табиғатына негізделе құрылған (ДДҰ ұсынған, Е.Е.Платонов, Е.В.Боровский, А.Л. Машкиллейсон, 1984) жүйелер. Дегенмен, олардың әрқайсысы практикалық сұранысқа толық жауап береді деп қорытудан аулақпыз.
Осы уақытқа дейін ұсынылған жүйелердің ішінен ең тиімді деп таңдалып алынған қазіргі кезде ҚазҰМУ-дың терапиялық стоматология кафедрасында кең қолданыс тапқаны – Мәскеудің мемлекеттік медициналық-стоматология университетінде пайдаланылатын жүйе. Бұл жүйе аурулардың этиологиялық, патогенездік және анатомо-клиникалық белгілерінеа негізделе құрылған және төменде келтіріліп отыр.
Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі
I. Жарақаттаушы әсерлерден туындайтын зақымдар:
1. Механикалық зақым;
2. Химиялық зақым;
3. Физикалық зақым;
4. Лейкоплакия.
II. Жұқпалы аурулар:
1. вирустық аурулар (ауыздың герпесті қабынуы, белдеме теміреткі, аусыл, вирустық сүйелдер, тұмау, адамның иммунитет тапшылық вирусы-инфекциясы;
(АИТВ-инфекциясы).
2. Ауыздың өліеттеніп-жаралана қабынуы – Венсан стоматиті;
3. Бактериалық инфекциялар (аурулар): ауыздың стрептококтық қабынуы, пиогенді гранулема, берішке ұқсас пиодермия, туберкулез немесе құрт ауруы
және б.
4. Жыныс жолы арқылы берілетін аурулар (мерез, соз);
5. Саңырауқұлақтар туындататын аурулар (кандидоз, актиномикоз және б.)
III. Аллергиялық аурулар: Квинке домбығы ауыздың, еріннің және тілдің аллергиялық қабынулары, ауыздың, еріннің, тілдің дәріден қабынулары; көптүрлі жалқықты қызарма; ауыздың қайталанба афталы қабынуы және б.;
IV. Экзогендік уыттану кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер.
V. Кейбір жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылысынан туындаған аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер (витаминдер аздығы мен тапшылығы; эндокриндік, асқазан-ішек жолы, жүрек-қантамыр жүйесі, қан құру жүйесі, жүйке жүйесі аурулары; ревматикалық аурулар немесе коллагеноздар).
VI. Тері аурулары (дерматоздар) кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер (күлбіреуікше, герпеске ұқсас Дюринг дерматиті; қызыл жалпақ теміреткі; қызыл жегі)
VII. Тілдің аномалиялары (ауытқулары) мен дербес аурулары (қатпарлы тіл; қара «түкті» тіл, тілдің ромбыға ұқсас қабынуы, тілдің түлей қабынуы.)
VIII. Еріннің дербес қабынулары (еріннің гландулярлы қабынуы, еріннің жапырақтана қабынуы, актиндік, метеорологиялық, атопиялық, экземалы, жанаспалы аллергиялық қабынулары, еріннің ұлғая қабынуы - макрохейлит).
IX. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары (обырға шартсыз және шартты түрде ауысатын) және ісіктер.
