- •Рекреациялық туризм және оның туристік жүйедегі орны
- •Еңбекші халықтың тәуліктік-жиындық уақытының құрылымы
- •Қазіргі туризм жүйесіндегі рекреациялық туризм орны
- •3 Рекреациялық қажеттіліктер
- •2.2 Рекреациялық туризмнің негізгі түрлері мен құрылымы
- •2.3 Халықаралық рекреациялық ағымдардың ерекшеліктері мен тенденциялары
- •Емдік-сауықтыру туризмнің ерекшеліктері
- •Еуропадағы демалыс пен ойын-сауық мақсатындағы туризм географиясы
- •Қорытынды
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыстың негізгі бөлімінде рекреациялық ресурстармен туризм дамуы мен аумақтық ұйымдастырылуы үшін тиімді пайдаланудың ғылыми қамтамасыздандырылуының теориялық және әдістемелік негіздерін жасау болып табылады. Рекреация деген латын тілінен аударғанда –қайта қалпына келу деген мағынаны, яғни адамның қара (физикалық) және рухани күштерін еңбек әрекеті процесінде жұмсалуынан қайта қалпына келтіру, оның денсаулығының және жұмыс істеуінің деңгейін көтеру. Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет. Рекреациялық әрекет белгілі бір территорияның рекреациялық потенциалын анықтайтын рекреациялық ресурстарға негізденеді. Қазіргі кезде жаңа ғылым – туризм (рекреация) қалыптасып келеді. Оның дамуына ең алдымен география, экономика, менеджмент, әлеуметтану, психология, педагогика, медицина, сәулет өнері, қала құру, аудандық жоспарлау, әділеттану және басқа жаратылыстану, гуманитарлық, қоғамдық және техникалық ғылымдар өз үлесін қосуда. Рекреациялық қызметтің ұйымдастырылуы кешенді сипатқа ие, өйткені кез-келген рекреациялық жүйедегі өзара байланысында демалушылардың тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету, өндірістік сала, еңбек ресурстары қатысады. Рекреациялық мәселелердің зерттелуі, ғылыми білімдердің тенденциалардан оның заңдылығына ауысуы және пәннің негізінде пайда болған географияның жаңа мәні «рекреациялық география» дисциплинасының пайда болуына өзінің әсерін тигізді. Сондықтан рекреациялық географияның пәні-территориялық рекреациялық жүйелерді қарастыру болып табылады. Рекреациялық географияда әлеуметтік сипаты бар адамның қызметі қарастырылады. Бірақ сонымен бірге рекреациялық география «шекаралас ғылым» ретінде анықталады, өйткені оның негізі географиямен, экономикамен және мәдениеттанумен байланысты.
Сондықтан рекреациялық география ғылыми танудың барлық құрылымдарда бола алмайды. Ол дамудың немесе дамымағандығының және сонымен бірге басқа әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдардың көрсеткіші емес, ол тек ғана рекреациялық география саласындағы танудың және білудің қажеттілік көрсеткіші болып табылады.
Рекреациялық туризм және оның туристік жүйедегі орны
Еңбекші халықтың тәуліктік-жиындық уақытының құрылымы
Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары болып бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм саналады.
"Бос уақыт" – рекреациялық процестің дамуының керектішарты. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт бір-бірінен өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады:
-үйден жұмыс орнына дейін бару және қайтуға арналған уақыт;
- күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық);
- үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт;
- бос уақыт – демалуға, физикалық және ақыл-ойды дамытуға арналған уақыт.
Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрде және басқа іс-әрекеттерден бос уақытқа. Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады.
Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді іс-әрекетке кетеді. Осылай десек те, бос уақыт демалуға арналған деп айтамыз. "Белсенді іс-әрекет" пен "демалыс" ұғымдары, бір-біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін. Бірақ физиологтардың зерттеулері бойынша, жақсы демалыс – адамның іс-әрекетінің түрінің алмасып тұруы екендігін көрсетеді.
Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар:
- адамның күшін қалпына келтіру функциясы;
- физикалық және рухани даму функциясы.
Қалпына келтіру функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына жататындар: сауықтыру, танымдық, қатынасу.
Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті бос уақытты пайдалану күнделікті үй жұмысы және қала тұрмысымен байланысты.
Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатындар үшін физикалық қысым азаяды. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс– бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті. Демалыс кезіндегі адамның іс-әрекеттерін мынадай классификацияға бөлуге болады :
- Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс-әрекет (серуендеу, спортпен шұғылдану);
- Әуесқой шұғылдану – аңшылық, балық аулау, саңы-рауқұлақ пен жеміс-жидек жинау және т. б.;
- Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражай-ларға сапар шегу), өнер саласындағы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерделеу, және т. б.);
- Интеллектуалдық іс-әрекеттер (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу, теледидарды көру);
- Еркін тақырыпқа әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз табысу;
- Белсенді (ойнау, билеу) немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;
- Көңіл көтеру үшін саяхат жасау.
Демалыс деген түсінікпен қатар, география, социология мен қала құрылысының ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық процестер деген түсініктер де жиі қолданылады. Ол тегін емес. Еңбектің сипаты, бос уақытты пайдаланудың түрі мен құрылымы мүлдем өзгерген шақта, жақсы демалыс – тынығып жату болудан қалып, физиологтар көрсеткендей, ол – адамның іс-әрекет түрінің ауысып тұруы болып өзгерді. Шынында да, ол көбінесе бос уақытта сауықтыруға, түсініп білуге, спорттық және мәдени көңіл көтеруге пайдаланып тұру үшін қолданылады. Мысалы, санаторияда, демалыс үйлерінде, пансионаттар мен демалыс базаларында болған кезде жиі қала сыртына қыдырып, жорыққа, экскурсия мен саяхаттарға шығып тұру жөн. [1-22.б].
Рекреация– бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандырылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбы-лыстар жиынтығы" (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981) . Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге келеді, ал ұзақ мерзімдісі кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация территорияның табиғи зоналарымен (көлікпен немесе бір-екі сағаттық қашықтықты жаяу жүріспен) шектелсе, ал ұзақ мерзімді рекреация тек қана территориямен шектелмейді, функционалдық зонадан басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.
Туризм– (француз сөзі tourіsm– серуендеу, саяхат мағынасына келеді) – бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм деген өте қысқа түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша "туризм" – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе онан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі .
"Туризм" және "экскурсия" деген түсініктер өзара өте тығыз байланысты. Экскурсия барлық маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поезд немесе кемемен саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді экскурсоводтар күтіп тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді, олай болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың тақырыптары қызықты, мазмұнды және әр түрлі болып келеді. Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ, мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытын-дағы іс-әрекеттерінің барлығы да "демалыс" деген кең түсінікке жатады, ал қалғандарының барлығы соған кіреді. Демалысқа адамның үйде де, тыста да айналысатын барлық рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға "рекреация" немесе үйден тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған "туризм" де, "экскурсия" да кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз, демалыс пен рекреацияға қарағанда, өте қысқа түсінік. [1-22.б].
