Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PF-2_boyynsha_t_1241_zhiribelik_da_1171_dylar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
264.19 Кб
Скачать

Есеп № 27

39 жастағы Р. деген науқас ауруханаға ауыр кома алдылық жағдайда жеткізілді. Айқын әлсіздік, апатия, бұлшық еттерде және буындарда ауырсыну сезімі, терінің қышуы, аузынан аммиак иісі байқалған.

Бүйрек ауруымен 26 жасынан зардап шегетіні анықталған.

Обьективті тексеруде байқалған: аяғының, бетінің ісінулері, бауырдың іркілулік үлкеюі. АҚ – сынап бағанасы бойынша 190/120 мм. Қандағы қалдық азот – 148 ммоль/л. Эндогендік креатинин бойынша шумақтық фильтрация - 12,0 мл/мин. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 360 мл болғанда зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,003-1,007.

  1. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігінің қандай түрі және қандай сатысы дамыған?

  2. Науқаста уремия белгілері бар ма?

  3. Қандағы қалдық азот қандай заттар есебінен өскен?

Есеп № 28

Тәжірибеде иттің сол жақ артқы аяғының санының орта тұсынан шонданай нервісін кескен. Операциядан кейін 10 күн өткенде жарақаты толықтай бітіп кеткен. Сол жақ аяғының ұршық буын, тізе буындары бүгілген, бұлшық ет тонуысы төмендеген. Сол жақтан Ахиллов рефлексі шақырылмайды, ине шаншуға реакциясы жоқ.

  1. Итте қандай паралич дамыған?

  2. Нервті кесіп тастағаннан кейін аяқтың қозғалғыш қызметтері қайта қалпына келуі мүмкін бе?

Есеп № 29

Тәжірибеде иттің ІІ – ІІІ кеуде сегменттері деңгейінде жұлынның оң жақтағы бір жақ жартысын кескен.

1. Аяқтарының параличі қай жағында дамуы мүмкін?

2. Бұл жағдайда сезімталдықтың қандай бұзылыстары дамыған?

Есеп № 30

Тәжірибелік жануардың жұлынының ақ затын L1 деңгейінде оң жақ артқы бауы аймағында кескен.

  1. Тәжірибелік жануардың сезімталдығы қалай бұзылады және сезмталдықтың бұзылуының мұндай түрі қалай деп аталады?

  2. Сезімталдықтың бұзылуының бұл түрі қозғалғыштық қызметінің бұзылуының қандай түріне әкеледі?

Есеп № 31

Тәжірибелік жануарда бас миы қыртысын оң жақтағы артқы орталық қатпары аймағында бұзған.

  1. Тәжірибелік жануардың сезімталдығы қалай бұзылады?

  2. Бұл жағдайда сезімталдықтың бұзылуының қандай түрі дамиды?

Есеп № 32

Егер тәжірибеде жануардың chorda tympani кесіп тастаса, онда кескен соң 6-7 күн өткенде айқын гиперсаливация дамиды.

Сілекей бездерін денервациялағаннан кейінгі гиперсаливацияның дамуы немен түсіндіріледі?

Есеп № 33

5 жасар Саша деген бала бальнеологиялық емдеуге жатқызылған. Бір жыл бұрын полиомиелиттің жұлындық түрімен ауырған.

Неврологиялық статусынан анықталғаны: оң жақ аяғының ерікті қозғалыстары толықтай жойылған. Бала тек біреудің көмегімен ғана тұрады, мүлдем жүре алмайды. Оң жақ бөксесі, саны, жіліншігі атрофияланған. Оң жақ аяғы бұлшық еттерінің тонусы төмендеген. Сіңірлік-сүйекқаптық рефлекстері шақырылмайды.

  1. Балада қозғалғыштық қызметі бұзылыстарының қандай түрі дамыған?

  2. Бұл жағдайдағы қозғалғыштық қызметі бұзылысының даму механизмі қандай?

Есеп № 34

37 жасар А. деген науқас нервтік аурулар ауруханасына қайталап ем алу үшін жатқызылған. 22 жасында алғаш рет аяқтарында, әсіресе табанында әлсіздік байқалып, жүрген кезде салбырап, сүйретілетін болған. Содан бері аяқтарының әлсіздігі өрши түскен, балтыр бұлшық еттерінде ауырсыну байқалып, аяғын қозғалтуға қиындық туындатқан. Бірнеше қайталап ем қабылдаған. 2 жылға дейін созылған ремиссиялар байқалған.

Ауруханаға түскен кезде аяқтарында белсенді қозғалыстар мүлдем жойылған. Бұлшық ет тонусы жоғарлаған. Сіңірлік-сүйекқаптық рефлекстері жоғары, рефлексогендік аймақтары кеңейген. Екі жағынан да Бабинский және Россолимо тәрізді патологиялық рефлекстер туындайды.

  1. Науқаста қандай паралич дамыған?

  2. Науқастың қозғалғыштық қызметінің бұзылуына қандай және қай жерде дамыған патологиялық үрдіс негіз болып отыр?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]